Мұнай және газ шоғырларын контурлау

Жер қойнауының құрылымын зерттеуде, жаңа мұнайгаздылы кәсіптік белдемдерді бһтабуында, сыналауында пайдаланылатын іздеу-барлау ұңғылардан контурлық ұңғылардың айырмашылығы ол мұнайлылық пен газдылық контурларды және мұнай-газ қорының кәсіптік өсімшесін орнату мақсатымен бұрғылайды.

Мұнай шоғырын контурлау кезінде ұңғылардың белгілі бір орналасу жүйесін, өнімді белдемінің және мұнай-газ шоғыр пішінінің құрылысындағы ерекшеліктерді еске алып қабылдайды. Контурлау кезінде әдетте келесідей негізгі ережелерді ұстанады:

1) Контурлау ұңғылары профиль бойымен мұнай (газ) шоғырының созылымына перпендикуляр орналастырады, профиль санын шоғыр өлшеміне сәйкес қаьылдайды (әдетте үштен аспайды);

2) Профильдегі ұңғыларды «белгіліден белгісізге қарай» принципі бойынша бірінен соң бірін бұрғылайды; бұл өсімше қорына байланысты сонымен бірге бұл принципі жеке ұңғылар емес олардың топтарыменен қолдануына болады;

3) Профильдегі ұңғылардың ара қашықтықтарын, жобадағы белгіленген болашақтағы пайдалану ұңғылармен сәйкестендіріп орналастырылады.

Профильдегі ұңғылар арасындағы қашықтықтың кен орындағы геологиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты таңдайды.

Қарапайым бұзылмаған немесе аз бұзылысты құрылымды кен орындардағы мұнай-газ қабаттар қалыңдықтарының тұрақтылық деңгейлері мен коллекторлық қасиеттер анықтамалық факторлар болып табылады.

Ал айтарлықтай бұзылыстары бар кен орындар үшін барлау ұңғылардың орналасуы, ара қашықтықтары тектоникалық құрылымын (жарылысты типінің орналасуы, жыныстардың жату амплитудасы) және тектоникалық жеке-жондарда бекітілген қор мөлшерін анықтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету керек. Кең жәе жайпақ көтерілім құрылымдарына қарасты мұнай шоғырын контурлауын сақиналы жүйемен орындауға болады, кейін шоғыр шегінде ұңғылардың жаңа сақиналары өсімшеленіп, нәтижесінде сақиналы шоғырды батареялы ұңғымалармен өндіреді. Контурлаудың мұндай сұлбасы Волга-Урал мұнайлы облыстың кен орындарында жүргізіледі.

Бірақ мұндай кен орында литологиялық және қалыңдығының кеңінен өзгеруі айтарлықтай болады, сонымен бірге кен орнының көлеміне қарамастан біршама жақын қашықтықта орналасқан ұңғылардың көптеген санымен контурланады.

Ірі кен орындардың барлау тәжірибесі, контурлау екі кезеңде жүргізудің рационалды екенін көрсетті. Ұңғыманы контурлаудың бірінші кезеңінде шоғырдың жалпы өлшемін, ішкі және сыртқы мұнайлылық контурының орналасуын сонымен қатар мұнай қорын бағалауды жақынырақ анықта мақсатында контурлау ұңғыларын бір-бірінен алыс қашықтықта орналастырады. Алынған мәліметтер шоғырды өндіруге бастапқы жобалауына және кәсіптік құрылысқа (контурлаудың екінші кезеңі жалғасқан кезде) кірісуге мүмкіндік береді. Контурлаудың екінші кезеңінде ұңғыларды бір-бірінен жақын қашықтыққа (ұңғыларды ескере отырып) орналастырып, бұл бұрын бұрғыланбаған ұңғылардың сонымен бірге өнімді қабаттың коллекторлық қасиеттерімен қалыңдықтың өзгреуінде мұнайлылық контурын туралайды.

Контурлау кезінде екі-үш жыл көлемінде бұрғылауға пайдалануы үшін ұңғы-нүктелер қорының даярлауын қамтамасыз ететін жұмыс қарқындылығы қажет.

Осылай кен орынды контурлау кезінде жоғарыда көрсетілген тек жалпы принциптерді пайдаланып қана қоймай, мұнайлы белдемінің литологиялық өзгеруін, қалыңдығының өзгеруін, өнімді белдеміндегі линза түрінде жайылуын және қор қажеттілігінен туындайтын жұмыс қарқындылығын ескеру қажет.

Қонтурлаудың қорытындыларды мұнайлы алаңдар мен мұнай-газ қордың өсуі бойынша бағалайды. Мұнайлы алаңды әдетте өндіру жүйесімен бекітілген бұрғылауды пайдалану үшін даярланған ұңғы-нүктелердің санын ескереді. Қордың сапалы сипаттамаларын алу кезінде ұңғылардың келесідей категорияларды ажыратады:

1) Жоғары дебитті – бастапқы тәуелдік дебитімен 25 т жоғары, бір ұңғыма басына;

2) Орта дебитті – 7-25т;

3) Аз дебитті – 7т-дан аз.

Барлау деңгейіне қарай алынған қорлар ГКЗ нұсқауына сәйкес келесідей категорияларға бөлінеді:

А – өндіру мен пайдалануымен қамтылған алаңдардағы қорлар, оларға пайдаланатын ұңғылар, сонымен қатар бұрғылауға пайдалануға беруге барланған және даярланған алаңдардағы қорлар жатады;

В – барлау бұрғылаунымен толық контурланбаған алаңдардағы қорлар, бірақ олардың кәсіптік мұнайгаздылығы барлау ұңғылардың сынамалау мәліметтерімен болмаса шоғырдың геолгиялық құрылымының ескере отырып каротажбен;

С – жоғарырақ категориялы қорлардың алаңдарына қарасты алаңдардағы қорлар және кәсіптік мұнайгаздылығы геологиялық дәлелденген ұқсастықтары немесе бір ұңғымада ғана мұнай келуінің кәсіптілігін растайтын алаңдардағы қорлар.

Газды кен орындарының кәсіптік барлануы жүргізілуі негізінен мұнайлы кен орындарға жазылған әдістердегідей болады, бірақ та газды кен орындардағы шазды шоғырдың қасиеттерін ескеру қажет. Осы газды шоғырдың арнайы қасиеттерімен – мұнай тұтқырлығымен салыстырғандағы газ тұтқырлығының аз болуы, газ тығыздығының аз болуы және серпімділігінің жоғары болуымен сипатталады. Бұл жағдай газды шоғырдағы барлау жұмыстарын, ұңғылардың аз санымен және қысқа мерзімінде жүргізуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

Шоғырдан газды толығымен дерлік алуына байланысты пайдалануды жүргізу кезінде қабатқа ешқандай әсер етілмейді (мысалы, контур артының сулануы), соның нәтижесінде су айдау ұңғыларының жайылу орындарын анықтауда газды шоғырының контр алды бөлігін (контур арты) бөлшектеп барлануы шетте қалады (мұнай шоғырының контурлық сулануын жобалау кезде қажет болады).

Газды шоғырларда газдың тұтқырлығы мен серпімділігінің аз болуына байланысты қабат энергиясын аздап жоғалта отырып, шоғырдың жеке бөлімшелерден пайдаланылатын ұңғыларға жылжу мүмкіндігіне байланысты алаңның бөлшекті барлауды жүргізу қажеттілігі жоғалтады (контур алды зона). Осыған орай жобалауда және газға кәсіптік барлауды жүргізу кезінде, газды берудің мүмкіншілігі мол барлау ұңғылардың саны пайдаланылатын ұңғылар санынан көп болмауына тырысуы керек, өйткені олар шоғырды өндіруде керек болады.

Жоғарыда көрсетілген газдың ерекше қасиетін ескере отырып, барлау ұңғыларының мәліметтерінн шоғырдан алдын-ала бағалануы және газ қрын бағалауда қысымның төменделу әдісін пайдалану үшін шоғырды қысқа мерзімді тәжірибені пайдалануымен толықтыру қажет. Бірақ та, газды шоғырдың тәжірибені пайдаланылуы негізінде алынған газ қорының пайдалану зонасында қабаттық қысымы, бастапқы қысымынан – атмосфера төмендетіп мәндеріне байқап қарау керек. Осындай мәліметтердің негізінде жүргізілген газ қорының бағалануы, шоғырдың орташа болуы, коллектор қабаты азды-көпті біртекті болған жағдайда ғана нақты қорға сәйкес келеді. Ірі газ шоғыры үшін біртекті емес газды коллекторында осындай әдіспен алынған газ шоғырының тәртібі туралы көріністері және қордың мәндері нақты мәндерінен анағұрлым ерекшеленеді.

Сонымен бірге газ шоғырын барла кезінде, газ шоғырының орналасу ерекшеліктері туралы, газдың жапсары туралы жоғарыда көрсетілгендей (3-тарау §4) көріністі алуға көмектесетін гидрогеологиялық мәліметтерін кеңінен қолданылуы қажет.

Өндіру жүйесінің жіктелуі және жалпы ұғымдар

Мұнай (газ) шоғырын өндіру деп қабат бойымен пайдаланылатын ұңғылар түбіне сұйық пен газдың жылжу процесін басқару үшін жүргізілетін жұмыс жиынтықтарын (ұңғылардың орналасуы, олардың санын орнатылуы, пайдалануға беру реттілігі, олардың жұмыс тәртібі мен қабат энергиясының балансы) айтамыз.

Мұнай (газ) шоғырын өндіру жүйесі деп анықталған сұлбамен және қабылданған жоспармен қабатқа әсер ету шараларын ескере отырып, пайдалану ұңғылармен шоғырды бұрғылауды айтамыз.

Кен орнының тұтас өндіруді алдын-ала құрастырылған жоспарымен іске асырады, оның ішінде келесі пункттер болуы тиіс:

1) Кен орнындағы жеке белдемдердің бұрғылау реттілігі;

2) Жеке белдемнің өндіру жүйесінің дәлелденуі және таңдауы ұңғының орналасуы (ұңғылар орналасуының торы және араларындағы қашықтықтары), бұрғылау қарқындылығы және реттілігі, қабатқа әсер ету шаралары;

3) Пайдалану тәсілі және ұңғылардың жұмыс істеу режимі;

4) Шаруашылық техникалық базаның ұйымдастырылуы және экономикалық есептеулері.

Өндіру жүйесін рационалды деп тек қабат энергиясын және жер қойнауынан мұнайды максималды алынуы және қысқа мерзімде минималды шығындалуын қамтамасыздандыратын қабатқа әсер ету шараларын толығырақ қолданған кезде айтады.

Өндіру жүйесінің рационалды жалпыға бірдей нақты жағдайда болмайды. Біздің елімізде берілген мұнай кен орын үшін өндіру жүйесі әлеуметтік шаруашылықтың тапсырыстарына және нақты техникалық-экономикалық, ұңғылардың бұрғылау мен пайдалану талаптарына жауап беруі қажет. Осыған орай өндірудің жоспарланған жүйесінде төмендегілер ескерілуі қажет:

1) Халықшаруашылық, бұрғылауы және өнімді алу жоспарын орындалуы (мұнайдың саны мен сапасына);

2) Кен орыннынң және әрбір мұнайлы қабаттың барлық нағыз өнеркәсіптік және экономикалық ерекшеліктердің толық есепке алуы;

1) Технологиялық көзқарасы бойынша бірлескен қабаттардағы мұнайдың сапалылығы бірдей болуы қажет.

2) Қабаттардың литологиялық-физикалық қасиеттері (литологиялық құрамы, қалыңдығы, кеуектілігі мен өткізгіштілігі) бірдей болуы қажет.

3) Қабаттардың энергиялық қасиеттері, жұмыс тәртіптері, қабаттық қысымдары ұқсас болуы қажет. Бірдей тәртіптегі, бірақ қабаттардың кейбір энергиялық қасиеттерінің көрінуін, қабатқа әсер ету шаралардың мүмкіндіктерін ескере отырып жіберуге болады.

4) Біріктірілген қабаттардың кәсіптік-геологиялық өнімділік көрсеткіштері ұқсас болуы қажет. Негізінен сусыз мұнайлы қабатын, сулы мұнай қабатымен біріктіру кезінде дұрыстығын ескеру қажет, бұл жағдайда сусыз мұнайлы қабаттың сулануына әкеліп соғады.

Жоғарыда қарастырылған жалпы критерийлер кейбір жағдайларда кен орынның геологиялық құрылым ерекшеліктерінің және халықшаруашылық жоспардың мақсаттарына байланысты өзгеруі және нақтылануы мүмкін, бірақ оларды қабаттардың бір пайдаланшы нысандарға біріктірілуі кезінде және өндіру қабаттарын белгілеген кезде негізге алып қолдануға болады. Сонымен қатар екі қабаттың бөлшектелген пайдаланылуын бір ұңғымамен бір мезгілде неғұрлым кең жүргізілуі маңызды мақсаты болып табылады. Осындай пайдалану тәжірибесіне Бакин, Муханов (шығыстағы мұнайлы аудандары), Грозный аудандарының кейбір кен орындарында оң нәтижелерін берген. Бұл сұрақ бұрын бұрғыланған кен орындары үшін маңызы зор, өйткені олардың жоғарғы белдемдерінің қайтарылуына байланысты, төмендегі пайдаланушы нысаналары өзінің мерзімінен бұрын керіштелген, ал оларда мұнай қоры айтарлықтай көп. Оларда жалпы ұңғымамен екі қабаттың бөлшектелінген пайдалану жолын енгізуі маңызды мақсаты болып табылады, ал бұл мақсаттардың шешілуі ескі алаңдардағы ұңғыларға мұнайдың қосымша үлкен көлемдерін беруі мүмкін.

 

Негізгі әдебиеттер: 1[422-427]

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнай мен газды іздеу-барлау жұмыстары

2. Мұнайгазды бассейндер дегеніміз не?

3. Мұнай мен газ жиналуының таралу заңдылықтары

4. Мұнай мен газды болжаудың негізгі мақсаты