Экономикалық саясаттың мақсаттары

 

Ғаламдық деңгейдегі негізгі мақсат Барлық қоғамның қамсыздандырылуын көтеру (абстрактілі сипатқа ие, экономикалық саясаттың нақты мақсаттары мен оған жету жолын талап етеді)
Екінші деңгейдің негізгі мақсаттар тобы 1. Қоғамның еркін дамуы. 2. Құқықтық тәртіп. 3. Ішкі және сыртқы қауіпсіздік.
Қолданбалы талаптардың тобы, олардың біріктірілуі қажетті дәлдікке дейін ЭМР-дің жоғары мақсаттарын көрсетеді. Экономикалық саясаттың жобасы. Қолданбалы мақсаттар: 1. Экономикалық өсім. 2. Толық жұмыспен қамтылу. 3. Ұлттық валютаның нық болуы және бір қалыптылығы. 4. Сыртқы экономикалық тепе теңдік 5. Өзге де макроэкономикалық көрсеткіштер

 

Үкіметтің тікелей құзырындағы немесе оларға жанама әсер ете алатын экономикалық шаралар:

- Бюджетті реттеу (салық, мемлекеттік инвестициялар, несиелер, мемлекеттік қарыздық міндеттемелер шығару және т.б.),

- Қаржы секторын реттеу (есептік ставка, резервтік талап ету, ашық нарықтағы операциялар жүргізу және т.б.),

- Сыртқы экономикалық саясат (тарифтік және тарифтік емес шектеулер, валюта бағамын (курсын) реттеу);

- Нақты секторды реттеу (баға саясаты, субсидиялар, түсімдерді реттеу).

Экономикалық саясат құралдары:

- әкімшілдік;

- институциялдық;

- экономикалық: қаржы және ақша механизмі;

Экономикалық саясат құралдар жиынтығы жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным арасындағы тепе-теңдікке жету үшін қолданылады.

Экономикалық саясатты жүзеге асырудың келесідей нұсқалары бар: кейсиандық және монетарлық.

Дж.М.Кейнс, негізінен, жиынтық сұранымға мемлекеттік трансформациалдық және трансферттік шығындар саясаты, сондай-ақ, мемлекеттік табыстар саясаты арқылы да ықпал етуін ұсынған.

Өндірістің құлдырауы жағдайында кейсиандықтар мыналары ұсынады:

a) жетікіліксіз сұранымның орнын толықтыру үшін: бұл жағдайда бюджет пен инфляция тапшылығынан қорықпай, тауарлар мен қызметтерді сатып алуда мемлекет шығындарын арттыру;

б) инвестицияларды ынталандыру үшін жеке табыс пен пайдаға салынатын салық мөлшерлемесін азайту;

в) мемлекет тарапынан жұмыс орындарын ашу;

г) арзан несие беру және инвестицияны кеңейту мақсатында банк пайызының нормасына ықпал ету;

Экономиканың өрлеуі жағдайында кейсиандықтар мыналарды жөн деп санайды:

a) тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұранымды азайту үшін мемлекеттік сатып алуды қысқарту және инвестиция көлемін төмендету;

б) тұтынушылық және инвестициялық шығындарды қысқарту үшін салықтық мөлшерлемені көбейту;

в) несиені қымбаттатуға шаралар қабылдау;

Дискрециялық емес фискалдық саясат – жанама тұрақтандырғыштар арқылы жүзеге асырылады. Жанама тұрақтандырғыштарға салықтық жүйе, ең алдымен прогрессивті салықтар жатады. Жанама тұрақтандырғыштар – бұл автоматты түрде іске қосылатын нормалар, ол үкімет тарапынан қандай да бір арнайы қадам жасаудың қажетінсіз-ақ күшіне енеді. Жалпы ұлттық өнімнің өсуіне орай өркендеу кезеңінде салықтық түсім автоматты түрде молаяды, ол экономикалық өрлеуді тежейді. Керісінше жалпы ұлттық өнім өрлеу кезеңінде азайса, салықтық түсім автоматты түрде кемиді және бұл азаю экономикалық құлдырауды тежейді, баяулатады. Трансферттік төлемдер бұған тура қарама-қарсы әрекетте болады. Жұмыссыздық бойынша жәрдем ақша, кедейлік бойынша жәрдем ақша, фермерлерге жәрдем ақша төлеу – олрдың бәрі экономикалық өрлеу кезеңінде азаяды және өндіріс құлдыраған уақытта көбейеді. Нәтижесінде экономикалық өрлеу уақытында трансферттік төлемдер арқылы тұтынушылық шығындар тізгінделеді, ал құлдырау уақытында тұтынушылық шығындар жоғары қарай ығыстырылады, ол сұранымды ынталандырады және қосымша қуаттылықты қосуды қамтамасыз етеді.

Жанама тұрақтандырғыштардың ролін ұлғайтуға тура келеді. Тұрақтандырғыштардың жасай алатындары – ол экономикалық ауытқудың құлаш жайып немесе тереңдеп кетуін шектеу болып табылады.

Өндірісті дамыту, инфляция және жұмыспен қамтылу қарқынын айқын сезінерліктей бетбұрыстар ушін дискрециялық фискалдық шаралар қажет, яғни үкіметтік салықтар мен үкіметтік шығындар мен айла-шарғылы акциялар қабылдауға саналы түрде баруына тура келеді.

Дискрециялық фискалдық саясат – бұл ұлттық өндіріс және жұмыспен қамтылудың нақтылы көлемін өзгерту, инфляцияны бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатында саналы түрде бюджетпен айла-амал жасау саясаты. Мұндай шаралардың ішіне салықтық мөлшерлемелердің, салық құрылымдарының және шығындар көлемінің өзгерістері кіреді. Оның мысалы ретінде қомақты сомаға тауарлар мен қызметтер сатып алу туралы үкімет шешімін немесе жалпы өнімнің көлеміне байланыссыз жаңа салықты ендіру ісін атап өтуге болады.

Кейсиандық саясат екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен қолданыла бастады. Нәтижесінде экономикада айтарлықтай жандану жүрді, құлдыру ауқымы азайды және тіпті құлдыраудың өзі сиреді, айтарлықтай дәрежеде жұмыссыздық азайды. Алайда осы жылдар ішінде мемлекеттік шығындардың өсуі нәтижесінде айтарлықтай бюджет тапшылығы жинақталды, ал инфляция 60 ж.ж. аяғында жорғалаудан шорқақтауға айналды. Кейсиандық реттеу әдістерін сынаушылар щықты. Осының әсерінен монетаристік саясат қалыптаса бастады.

Монетаристік нұсқа экономикаға жиынтық ұсыным арқылы ықпал етуді көздейді. 70 ж.ж. инфляцияның тоқтаусыз өсуі жағдайында классикалық тұжырымдамаларды жақтаушылардың кейсиандықтарға шабуылы басталды. Мемлекеттің нарықтық механизмге араласуы инфляцияның өсу қарқынының төмендеуіне басты себеп болды деп жарияланды. Шабуылдың басында Чикаго мектебі мен оның жетекшісі Милтон Фридмен тұрды. Оның теориясының басты идеясы: « Тек ақшаның ғана мәні бар, барлығы елдегі ақша массасының санына байланысты». Фридменнің ойынща ақша шаруашылыққа ықпал ететін барлық импульстардың ішінде басты орын алады.

Фридменді еркін нарық идеясы қызықтырады. Ол сұраным мен ұсынымды ең қуатты экономикалық рычагтар және әлеуетті оң пайдалы деп санады. Экономика үшін мемлекет не істей алады, ең дұрысы - бизнеске тиіспеу керек және нарыққа өз ісімен щұғылдануға мүмкіндік берілуі тиіс. Фридменнің ойынша – бағаның стихиялық механизміне араласпау қажет.

«Баға жүйесі механизмінің анық және тиімді жұмыс істейтіндігі соншалықты, көп жағдайда біз әуелі оның қарекеттері туралы күдіктенбейміз де. Оның қалыпты жұмыс істеуіне бірдеңе кедергі келтіргенде барып, біз оны сонда ғана білеміз, тіпті осы жағдайдың өзінде жанжалдың себебі неде екендігін біз сирек анықтай аламыз. Мұндай жанжалдың айқын мысалы ретінде 1974 ж. ОПЕК елдері мұнайға эмбарго ендірген кезде, онан соң Иран төңкерісінен кейін 1979 ж. Көктемімен жазында қайталанған аяқасты бензинге ұзыннан-ұзақ кезекке тұрудың шыға келгендігін айтуға болады. Екі жағдайда да барлық шатақ шикі мұнайдың шет елден жеткізілуінің күрт үзіліп қалғандығынан шықты. Алайда кезекке тұрудың мұндай көріністері мұнай өнімдерін толығымен және толықтай шет елдерден тартатын Германияда немесе Жапонияда болған емес; бензинге кезекке тұру тек АҚШ-та ғана болды. Мұның себебі біреу ғана: қабылданған әкімшілік шаралардың нәтижесінде баға автожанармай құю станцияларындағы бензиннің мөлшерін тұтынушылар осындай бағамен сатып алуға келісетіндей мөлшерге дәлме-дәл келуіне кепілдік беретін деңгейден төменірек шамада жасанды түрде сақталып тұрған болар еді».

Фридмен мынадай байламға келеді: мемлекеттің экономика мен әлеуметтік сфераға араласуы аз болуға тиіс және ол ақшалай ұсынымды бақылауға әкеліп соғады. Егер мемлекет ақша ұсынымын қатаң бақылайтын болса, қолда бар ақша санының және несие ақшаның күрт көтеріліп кетуін болдырмаса, онда соның арқасында экономикалық дамудың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Инфляциямен күресте монетарлық тұжырымдама айрықша тиімді.

АҚШ пен Ұлыбританияда 80 ж.ж. монетарлық саясат аса дәйектілікпен жүргізілді. Нәтижесінде инфляция қарқыны айтарлықтай баяулады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген шығындық ақшаның айтарлықтай азайтылуы себепті халықтың бір бөлігінің әлеуметтік қанағаттанбаушылығы өсті. Бағдарламалардың бірқатар ережелерін орындау мүмкін болмай шықты, мысалы, бюджет тапшылығын жөнге келтіру мүмкін болмай қалды.

Дамыған елдердегі қалыптасқан экономикалық саясаттың тәжірибесі мынаны көрсетеді: «мемлекеттік реттеу» терминіне қарағанда «экономикалық саясат» терминінің мәні кеңірек. Экономикалық саясатты жүргізе отырып, мемлекет бастаушы, негізгі буын болып көрінеді. Макроэкономикалық реттеу бойынша әрекеттердің табыстылығы – мемлекеттің тоталитарлық үкіметінде емес, жүргізілген саясатқа орай барлық қатысушылардың бірлескен әрекеттерін ұтымды ұйымдастыра білу мүмкіндіктеріне байланысты.