Макроэкономикалық жоспарлау

Макроэкономикалық жоспарлау-калыптасқан экономикалық жағдай-лардың, қойылған экономикалық мақсаттардың және оларды жүзеге асыру құралдарының жиынтығы.

Макроэкономикалық бағдарламалар экономикалық дамудың аналитикалық бағдары ретінде құрылуы немесе пайда болған мәселелерді шешу үшін жасалуы мүмкін. Макроэкономикалық бағдарламалардың мақсаттарына байланысты жіктелуі:

- Ағымдағы бағдарлама – мемлекеттің макроэкономикалық дамуының орта мерзімді жоспарлау немесе болжау бағдарламасы.

- Қалыптастыру бағдарламасы-экономиканың құрылымдық мәселелерімен терең байланысты емес, ауытқушылықтарды жоюға бағытталған 1-1,5 жылдық бір реттік бағдарлама.

- Құрылымдық түзетулерге арналған ұзақ мерзімді бағдарлама–әдетте жекешелендіру және демонополизация экономиканың реттеу әдістерін өзгерту шараларын құрайтын, экономикадағы терең құрылымдық ауытқушылықтарды (диспропорция) түзетуге бағытталған 3-4 жылдық бағдарлама.

Макроэкономикалық бағдарламалар сипатына қарай:

- Белсенді (активті) бағдарлама – қойылған мақсаттарға жету үшін үкіметтің орындауға міндеттенетін шаралар жиынтығы.

- Пассивті бағдарламалар – қойылған мақсаттарға жетуге қалаулырақ болатын экономикалық саясаттың жоспарланған және ағымдағы шараларының бағалауы.

Пассивті бағдарламалар әдетте экономикалық коньюктурасы тұрақты елдерде жоспарланады және билік өкілдерімен экономикалық дамуды ағымдағы мониторинг жүргізу үшін және жоспарланған шаралар туралы қоғамды хабарландыру үшін пайдаланылады. Активті (белсенді) бағдарламалар бүгінгі күннің жедел шараларын шешуге бағытталған. Активті бағдарламаларды жүзеге асыру үшін әлемдік қаржы нарығында қандай да бір формада айналымдағы жүрген ресурстар пайдаланылады. Әр түрлі макроэкономикалық бағдарламалардың ара қатынасы 1.2 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1.2.

Әр түрлі макроэкономикалық бағдарламалардың ара қатынасы

 

Макроэкономикалық бағдармалалардың түрлілігі
Бағдарлама түрлері Активті (белсенді) Пассивті (белсенсіз)
Ағымдағы   х
Қалыптастыру х  
Даму бағдарламасы х  

 

Тәжірибе жүзінде ешқандай бағдарлама нақты бір түрге таза бөлінбейді. Көбінесе үкімет ағымдағы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде шұғыл қалыптастыратын шараларды талап ететін іс шараларды қолданатын жағдайлар кездеседі. Макроэкономикалық бағдарламаларды құру экономикадығы өткен жылдардағы және ағымдағы жылда болып жатқан жағдайларды талдау арқылы, солардың негізінде алдыңғы жылдарға және бірнеше жылға алдын ала болжау жасауды қамтиды.

Болжау (прогноз) – ағымдағы және тарихи мәліметтер негізінде болашақ экономикалық тенденцияларды есептеу және болжау.

Болжау-техникалық қателіктерді болдырмайтын реттелген әдістемеге негізделеді және жаңа мәліметтер келуі бойынша үнемі жаңарып тұруға негізделген макроэкономикалық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Макроэкономикалық бағдарламалар мына элементтерден құралады: мақсаттар, уақыт шегі, стратегияны анықтау, реттеу құралдары, оларды пайдалану реттілігі және орындауды қадағалау. (кесте 1.3).

 

Кесте 1.3.

Макроэкономикалық бағдарламаның элементтері

 

Макроэкономикалық бағдарламаның элементтері
Мақсаттары Зерттеме басталғанға дейін нақты анықталуы керек. Олар анық, нақты және қолда бар құралдармен жүзеге асыру мүмкін болатындай болуы тиіс.
Уақыт шегі Бағдарламаның нақты уақытын (ұзақтығын) анықтау.
Стратегияны анықтау Теориялық негізін анықтау (сұранысты, ұсынысты бақылау немесе олардың комбинацияларын бақылау үшін қандай шаралар қабылданады).
Құралдары Үкіметтің құзырында тікелей немесе жанама түрде әсер ете алатын экономикалық әсер ету шаралары.
Реттілігі Жағдайды қалыптастыру үшін тек қана құралдар жиынтығы емес, сонымен қатар олардың пайдалану реттілігі де маңызды. Бірақ бұл жерде нақты бір тәсіл жоқ. Реттілік елдегі нақты саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты болады.
Бағдарламаның орындалуын қадағалау Үкімет, парламент және президенттік құрылымдар жүзеге асырады. Егер халықаралық ұйымдардың қаражаты пайдаланылатын болса, тек халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлестікте жүзеге асады.

 

Макроэкономикалық жоспарлау шарасы нақты бар теңсіздікті жоюға және инфляциялық емес өсімдердің бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта макроэкономикалық түзету (корректировка) қолданылады – ашық экономиканың әсерінен экономиканың өзгерген сыртқы және ішкі бейімделу процесі, сонымен қатар белгілі бір экономикалық саясатты жүзеге асыруға бағытталға шара.