Экономикалық саясат теориялары. В. Ойкеннің экономикалық тәртіп теориясы

В. Ойкеннің зертеулеріне сәйкес экономикалық ғарышты мынадай кесте түрінде көрсетуге болады.

 

Экономикалық процестердің жиынтығы. Экономикалық тәртіптің әртүрі. Экономикалық саясат.

 

Бір жағынан өндірістің дамуы, қолданбалы және нақты ғылымдардың жетістігі, екінші жағынан, экономикалық тәртіптің жағдайы, тарихи белгісі болғандай, өзара теңсіздік қалыптасқан, бір жағының қалыс қалуы көп ретте қалыпты нәрсе ретінде қабылданады.

Экономикалық тәртіп дегенді В. Ойкен нарықтық шаруашылықтың қапталды (рамочные) шарттары деп түсіндіреді. Нақтырақ айтатын болсақ: шаруашылық жүргізуші субъектілер қандай да бір іс әрекеттерді жасау үшін қажетті деректер жиынтығын жасайды. Ойкен құрама мәліметтердің алты жиынтығын атап көрсеткен: адамдардың қажеттілігі, табиғи жағдайлар, жұмыс күшiнiң жағдайы, тауарлық қорлар, технологияның деңгейi және техникалық өнер-бiлiмдер, заңға сүйенген және әлеуметтiк тәртiптер. Алтыншы факторы түсінігінде заңдар, дәстүрлер, салттар, және рухани көңіл күй. Аталған шаруашылық жүргізу әрдайым орынды және табысты бола бермейді.

Шаруашылық тәртіп мемлекеттің қандай дәрежеде экономикалық дамуды реттейтінін көрсетеді және шектелген ресурстарды пайдалана отырып, шаруашылық тәртіпке енгізілген есептеуіш машинасы ретінде қатысады. Экономикалық тәртіп институттар құрамына сонымен қатар, ережелер мен шарттар құрайтын кәсіптік одақтар, кәсіпкерлер одағы кіреді.

Тарихи тәжірибені жүйелей келе, В.Ойкен экономикалық саясаттың мынадай типологиясын ұсынады: laissez-faive (іс әрекет еркіндігі), орталықтандырылған саясат, толық немесе ішінара экономиканы басқару, орта жол саясаты, бәсекелік тәртіптік саясат және нүктелік саясат.

Орталықтандырылған саясатқа келер болсақ, (Германияда жеке меншіктің сақталуымен, Ресейде оны қысқартып, ұжымдық меншікті енгізуімен) оның ыдырайтындығы күмән тудырған жоқ. Жоспарлы-орталықтандырылған жүйе – тоталитаризмның экономикалық көрінісі. Ал соңғысына келетін болсақ, идея «Республика» утопиялық жобасын ұсынған Маркиз де Садқа тиесілі. Қызығушылықты аталған тәртіптің құрылу формасы туындатады. 30 жылдары бұл тақырыпты талдап, зерттеген автор, отралықтандырылған жүйенің күйреуінен кейін қалатын кәсіпорындарды мұз көшкіні жүріп өткеннен кейін қалған қойтастармен теңеген. Мәселелі сұрақ, оның ойынша билік туралы болып табылады. Орталықтандырылған шаруашылық кезінде басқару өз еркімен әрекет ететін топтан құралған, олар өздерінің қызығушылықтарын, өз еркін жүзеге асырады.

«Орта жол» саясаты нарықтың экономикаға әр түрлі дәрежеде мемлекеттің араласуын білдіреді және жоспарлы саясат пен нарық арасында белгілі бір келісімге келуін білдіреді. Бұған жататыны: таратушылық мақсатпен араласу, «толық жұмыспен қамту» саясаты, коньюктураны реттеу.

Бәсекелестік тәртіп кезіндегі мемлекет жасайтын шектеулер бәсекенің дамуына барынша ықпалын тигізеді. Ағымдағы экономикалық саясаттың міндеті экологиялық зардаптарға әкелетін экономикалық саясаттың (монополизацияның процестерi) немесе нарықтың өзге де формаларының күшін шектеу.

Нүктелік экономикалық саясат нақты жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған, нақты саланың қызығушылықтарын қорғауға бағытталған саяси-құқықтық іс-әрекетті қамтиды. Бұл жерде кері әсер экономикалық тәсілдің бүтіндігінің, кешенділіктің бұзылуы болуы мүмкін. Бұл жағдайда жекелеген қабаттарды немесе салаларды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканың кіріс саясаты, жиынтық төлеу қабілетінде қиғаштықтар туындатуы мүмкін.

Я.Тинберген концепциясы

Экономикалық саясаттың базалық (негізгі) теориясы ретінде 50 жылдары экономика саласында (1969 ж.) бірінші Нобель сыйлық иегері болған голландық экономист Ян Тинберген (1903-1994) ұсынған тұжырымдаманы атауға болады. Оның «Экономикалық саясаттың теориясы» (Теория экономической политики) (1952 ж) және «Экономикалық саясат: қағидаты және құрылымы» («Экономическая политика: принципы и построение») (1956 ж) оқулықтары 60-70 жылдардағы экономистер үшін үстел үстінен түспейтін кітаптар болды. Жалпы алғанда Тинбергеннің тұжырымдамасын нормативтікке жатқызу керек. Тинбергеннің теориясына сәйкес экономикалық саясаттың құрылымын келесілер құрайды:

1. Әл-ауқаттылықтың көрсеткіші (макроэкономикалық көрсетікіштер жиынтығы);

2. Үкіметтің құралдары, төрт топқа бөлінген: фискалды (тергеуші) (бюджеттік-салықтық), ақша (ақшалай-несие), сыртқы (валюта бағамымен манипуляция жасау) және реттелетін кірістер;

3. Саяси іс-әрекеттердің тиімді ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін мақсаттар мен құралдарды байланыстыратын үлгі;

Тинберген Нидерланды үшін жоспарлау мен болжаудың әдістемесін ойлап тапты, дамушы елдерде қолдануға болатын экономикалық жоспарлаудың үлгісін ұсынды. Тинбергеннің қолдаушылары оның тұжырымдамасына толықтырулар енгізді. Генри Тейлор әл-ауқаттың оңтайлы функциясын және ысыраптарды азайтудың функциясын жасады; бір құралдарды пайдаланудан екіншісіне көшу кезендегі шығындардың үлгісін қосып қарастырды.

Экономикалық саясаттың одан әрі дамуында Роберт Манделланың жұмыстары өз үлесін қосты. Автордың есептеуінше, саяси құралдар диверсификацияланған және әр түрлі мемлекеттік органдардың құзыретіне берілген (Экономика, Қаржы министрлігі, Орталық банк және т.б.). Осы жағдайларға байланысты нарықты тиімді жіктеуді талап етеді. Әрбір жағдайда рет құрылады – мақсаттың көрсеткіші – құралдар – орган (аталған мақсат қай органга берілген). Мақсат берілген орган артықшылықты әсер ету құзыретіне ие болады. Мысал ретінде, ақша айналымының тұрақтылығына жауапты ретінде Орталық Банкті айтуға болады.

Саяси бағдарламаны әзірлеу кезінде ең күрделісі елеулі әлеуметтік ысырап әкелетін экономикалық динамиканы қудалайтын белгісіздік болып табылады. Белгісіздік жағдайында мемлекеттер мақсатты көрсеткіштерге бағытталған мемлекеттің әрекеттері қандай нәтижеге әкелетінін білмейді. Белгісіздіктер көптүрлі болып келеді. Олардың қатарында белгілі бір экономикалық қауіптіліктің туындауы мен шешім қабылдау және экономикалық әсер етудің арасындағы уақыттық аралықтар, экзогендік сипатқа ие күтпеген естен тандыратын жағдайлар бар. Осы жағдайға байланысты ақша-несие құралдарына деген үнемді қарау үшін қолданылатын саяси әсер етудің құралдарын таңдау кезінде тиімділікті ескеру қажеттілігі туындайды.

Р. Лукастың сыны

Тинбергеннің үлкен эконометрикалық үлгісі жиырма жылдан астам уақыт бойына экономикалық саясаттың үлгісі болып келді. Бірақ 70 жылдардың ортасына қарай экономистер Тинберген теориясының кемшіліктері туралы көптеп жаза бастады, оның ішінде белгісіздіктерге баса назар аударды. Біздің назарымызды осы тұрғыдан алғанда тиімді таңдау теориясының бір өкілі, «Лукас сыны» ерекше аударады. Америка экономисті, Чикаго университетінің профессоры Роберт Лукас 1976 жылы «Экономикалық саясаттың эволюциясы» («Эволюция экономической политики») аталатын монографиясымен ұсынды. Тинбергеннің экономикалық саясат моделінде экономикалық айнымалылар мен саяси әрекеттерді байланыстыратын коэффициенттер анықталған. Дегенмен, саясат пен экономикадағы өзгерістер бұл коэффициенттерді сенімсіз етеді. Экономикалық көрсеткіштердің өздері саяси әрекеттердің нәтижесі болғандықтан дұрыс емес, сондықтан әрі қарай талдау жасау күтпеген нәтижеге әкелуі мүмкін.

Лукастың назарында болашақтан күтілетін нәтиже болды. Әдетте оны шамалап, өткен тәжірибеге сүйене отырып жасайды. Лукастың ойынша мұндай механикалық экстраполяция теріс. Саяси өзгерістерге деген әсерді өткен тәжірибе сүйене отырып анықтауға болмайды. Мысалы, ақша ұсыну мен өнім шығарудың арасында сызықтық байланыс бар, бірақта ақша санының кенет өсуі болжамды күтілген ақша массасының өсу ырғағын өзгертуі мүмкін немесе өзге мысал: Т.Филлипс доктринасында негізделген жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс 60 жылдары негізсіз болып қалды? Тағы бір жерде Лукас салықтық саясаттың өзгеруіне байланысты болатын әсерді бағалауға сілтеме жасайды. Ол әсер салықтық өзгерістер тұрақты ма, уақытша ма және сәйкесінше оларды салық төлеушілер қалай бағалайтынына байланысты болады.

Өткен тәжірибеге сүйенетін және өзгермелі жағдайларды есепке алмайтын саясат сәтсіздіктер мен қателіктерге жолығады. Лукас сын пікірінің нәтижесі күтілетін нәтиже факторын есепке алатын біршама жетілдірілген макроэкономикалық модельдерді жасап шығаруға түрткі болды.

Енді экономикалық саясаттың неоклассикалық теориясын ұсынатын ортақ позицияларды жүйелеп көрелік. (Р. Лукас, Дж. Бьюкенен, К. Эрроу, У. Нордхаус). Саясаттың соңғы мақсатын әлеуметтік ысырапты азайту деп анықтауымызға болады. Бірақ ол үшін көп ретте тексерілген саяси іс әрекеттен бір қадам да ауытқымау қажет. Электорат тарапынан сенімді жаулап алып, жақсы қарым қатынаста болу керек. Алдын ала белгіленген жоспардан ауытқу биліктің әрекет қабілеттілігіне деген сенімді жоғалтады, сонымен қатар саяси акцияларға деген сенімсіздік үкіметтің әлеуметтік ысырапты азайтуға бағытталған іс әрекетіне электорат тарапынан енжарлықты туындатады. Ал бұл өз кезегінде саналы экономикалық саясатты жүргізуге кедергі келтіреді. Неоклассикалық саясатқа қатысты ортақ ескертпе, ол позитивтік және нормативтік (құқықтық) жақтардың өзара байланысты болуы. Теорияның позитивтік жағы саяси институттар, іс әрекеттің болжамды түрлері, сонымен қатар саяси бәсекелестіктің еркіндігін шектейтін немесе жеңілдететін заңнамалық актілерді, сайлаушылардың экономикалық сауаттылығын көтерудің жолдарын қарастыру жатады.

Нормативтік саяси әсер ету кең таралған болып табылады. Ол келешек сайлауға әсер ету шарасы болып табылуы мүмкін. Саяси ұстамдылық әдетте сайлаудан кейін болады. Көбінесе бизнес өкілдерін кіналайтын экологияны құртатын «болашақты дисконттаудан» мемлекетте кенде емес. Олар өзінің басқару кезеңіндегі экономиканы ғана ойлайды, көп ретте бұл болашаққа әсерін тигізбей қоймайды (қарыздардың көбеюі, болашақ ұрпаққа көшіріледі, жаңармайтын ресурстарды реттелмеген түрде жұмсау және т.б.)