Оғам дамуының экономикалық трансформациясы

Ғылыми – техникалық революция (ҒТР) - өндіріс күштерінің даму динамикасындағы және құрылымындағы сапалы жылжу, ғылыми білім жүйесіндегі бұрынғы жағдайдан жаңа сапалы жағдайға ауысу. ҒТР мазмұнын келесі үш ерекшелік арқылы көрсетуге болады:

- ғылыми және өндірістегі интеграция;

- білім алу жүйесінде және мамандарды даярлаудағы революция;

- өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудағы революция;

ҒТР басы ХХ ғасырдың ортасындағы басты ғылыми ашылулар мен жетістіктермен байланысты: ЭЕМ - нің шығуы (АҚШ), автокөлік поршендерін өндіруден бірінші автоматтандырылған заводтың ашылуы (КСРО), генетикалық код ДНК - ның шешілуі жасанды серігін жіберу (КСРО). Бұл адамзаттың ашқан жаңалықтары мен жетістіктерінен кейін ғылымды пайдалану мен өндірістік техника дамуында күрделі өзгерістер болды. 70-жылдардың ортасында әлемнің индустриялы даму мемлекеттерінде ҒТР-ның жаңа кезеңі басталды, ол - Ғылыми – Технологиялық Революция (ҒТР). Бұл кезең роботатехника мен микроэлектрониканы (микропроцессор) пайдаланумен байланысты.

ҒТР-ның қазіргі даму кезеңінің ерекшеліктері:

- ғылымның өндірістік күшке айналуы;

- өндірістік күштердің барлық элементтерінің сапалық өзгерісі – еңбектің, өндіріс құралының және жұмысшының өзгеруі;

- барлық өндіріс процесінің өсу интенсификациясы, өнімнің материалдық сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы мен еңбек сыйымдылығының төмендеуі;

- алдын ала құрылған сипаттама негізінде жасанды материалдар мен жаңа энергия шығару;

- әлеуметтік және экономикалық тұрғыда ақпараттың маңыздылығының жоғарылауы;

- жалпы және арнайы білім мен мәдениет деңгейінің өсуі;

- барлық адамзат қызметін интернационалдандыру;

Ғылыми – техникалық прогресс (ҒТП) ғылым мен техника дамуының өзара байланысын анықтайтын және екінші жағынан ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер техника және технология деңгейінде, ғылыми зерттеуде жаңа приборлар мен қондырғыларды өндірісте пайдалану болып табылады.

ҒТП басты екі формада жүзеге асады – эволюциялық және революциялық. Эволюциялық формадағы ҒТП бір ғылыми – техникалық принципке негізделген техника немесе технологиялық процестің дамыған түрінде өндірісте пайдалану. Ал революциялық формадағы ҒТП жаңа сапалы ғылыми – техникалық өндірісте пайдалануына ауысу.

Қазіргі кезеңдегі ҒТП-ның негізгі бағыттары:

а) өндірісті кешендік автоматтандыру, компьютерлендіру, электроникаландыру;

б) аз қалдықты және қалдықсыз технологияның пайда болуы, аз операциялы технологияның шығуы;

в) әр түрлі қасиеттері бар жасанды және синтетикалық материалдардың шығуы, еңбек құралдарының түпкілікті өзгеруі;

г) атом энергиясын игеру;

д) жаңа технологияны – лазерлік, химиялық, биологиялық т.б. пайдалану;

е) өндіріс жүйесінде адам орнының ауысуы;

ж) еңбек және өндірісті ұйымдастырудағы радикалды өзгерістер;

Постиндустриалды экономика әлеуметтік сферадағы маңызды өзгерістермен көрсетіледі, әсіресе жұмысшы жағдайы:

- ауырлық орталығы жұмысшының ақылдылық қабілеттілігін пайдалануға ауысады;

- жұмысшы күшінің жалпы біліктілік деңгейі жоғарылайды;

Біріккен жұмысшы құрылымындағы маңызды өзгерістер:

- «ақ жағы» маңыздылығы өсті (сауда, зергерлік, техникалық қызыметкерлер мен басқарушы жұмысшылар) және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер;

- жұмысшылардың біліктілік құрамы ауысады-жоғары мамандандырылған жұмысшылар саны өседі;

- экономика саласындағы жұмысшылар саны өзгереді – материалды өзгерісте жұмысшылар саны төмендейді де, ал қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер саны өседі;

Индустриялды дамыған мемлекеттер – жоғары эффективті өндірісі, жан басына шаққандағы ЖҰӨ (ЖІӨ) жоғары көрсеткіші бар, құрылған нарықты экономикасы бар ондық мемлекет. Оған АҚШ, Германия, Жапония, Канада, Франция және т.б. кіреді.

Бұл мемлекеттердің негізгі мәселелері:

- тауар мен қызметті қайта өндіру, ол оның өтімділік мәселесіне әкеледі;

- халықтың қайта өндіруге үйренбеуі, туудың төмендеуі халықтың қартаюы, яғни зейнеткерлер санының өсуі;

- табиғи ресурстардың шектеулігі;

- экологиялық дағдарыс, қоршаған ортаның ластануы, жануарлар мен өсімдік әлемінің жоғалуы, өндірістік зиянды қалдықтар т.б.;

Постсоциалистік елдердегі түрлендірулер. ТМД елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары. КСРО-ның экономикалық дамуының кезеңдері

КСРО-дағы социализмді үлгілеудің кезеңдері мынадай болады:

- 1918-1921 жылдар-маркстік идеяларды жүргізуге талпыныс, әскери коммунизм;

- 1921-1929 жылдар – маркстік идеяларды социализмді тұрғызудың бастапқы тәжірибесімен ескеретін лениндік жөндеулер, жаңа экономикалық саясат (ЖЭС);

- 1929 - 1953 жылдар – «казармалық социализмнің» сталиндік үлгісі;

- 1954-1964 жылдар - хрущевтік «жылыну» кезеңінің социализмді құрудың лениндік жоспарын сталиндік сұмдықтан тазарту;

- 1965-1985 жылдар - «тоқырау» кезеңі;

- 1985-1991 жылдар – гумандық және демократиялық қоғамға бағытталған қоғамдық құрылғыны қайта құру.

КСРО-да жүргізілген социализм – ол мемлекеттік, ұлттық түрде болды. Ол өндіргіш күштерді бөлуді реттеуші ретіндегі нарықты және нарықтық бағаның ықпалын жоққа шығарды. Оның басты сипаттары:

- социализм шаруашылықты директивтік біртұтас мемлекеттік жоспар бойынша жүргізеді;

- социалистік қоғам өндірістік шығындарды тек бір түрде ғана - еңбек шығыны түрінде мойындайды, бұл шығынның саны уақытпен өлшенеді;

- экономикада қоғамдық немесе мемлекеттік меншік ғана үстемдік етеді;

- басшылық етуші орталық бөлінбейді, яғни мекемеде өндірілген кез - келген өнімнің абсолютті монополиялық меншіктенушісі;

- әрбір адамның өз мамандығына сәйкес бүкіл мемлекет бойынша бір деңгейлі еңбекақысының болуы;

- еңбекке зорлап тарту шаралары - қоғам идеологиясы, саяси репрессия;

- социалистік (әлеуметтік) экономика ұдайы жетіспеушілікті арқау ете отырып, көлеңкелі экономиканы қолдайтын «қара нарықсыз» жұмыс істей алмайды;

Мемлекетсіз социализмнің негізгі қайшылықтары:

- экономикалық қатынастар мен өндірістік күштер арасындағы қайшылықтар, яғни мемлекеттік меншік қатынастары өндіргіш күштердің өсуін және дамуын тежейтін болды;

- жалпыланған өндірістің шынайы деңгейі мен мемлекеттік меншіктің абсолютті үстемдігі арасындағы қайшылықтар;

- еңбекшілер ынтасы мен олардың еңбегінің нәтижесін иемденетін мемлекеттік үкіметтің ынтасы арасындағы қайшылық;

1991 жылғы желтоқсанның басында КСРО - РСФРО, Белоруссия, Украина, елдері Белоруссия астанасы – Минскіде 1922 жылдағы КСРО-ның құрылуы туралы Келісімшарт күшін жойғанын жариялап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру келісіміне қол қойды. 1991 жылы 13 - желтоқсанында Орта Азия және Қазақстан басшылары Ашхабадта жиналып, Минскіде қабылданған шешімдерді қабылдайтынын айтты. 21 - желтоқсан да Алматыда он бір елдің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қоюды. Дәл осы уақыттан бастап КСРО тіршілік етуін тоқтатты және одақтас республикалар дербестігін алды. Дербестік алумен қатар алдағы даму жолдары, нарықтық қатынастарды қалыптастыру сұрақтары туындады.

Экссоциалистік елдердің тәжірибесі әміршіл-әкімшіл жүйеден нарықтық экономикаға трансформациялаудың негізгі екі нұсқасын көрсетеді. Біріншісі – нарықтық институттарды бірте-бірте құрудың эволюциялық жолы. Екіншісі – сілкініс терапиясы.

Көрсетілген нұсқалардың арасындағы айырмашылық тұрақтандыру шараларын және жүйелік түрлендірулердің жүргізу мерзімі мен нарықтық тетіктердің халық шаруашылығын қамту деңгейінде және мемлекеттің реттеушілік функцияларының көлемінде болды.

Нарықтық экономикаға эволюциялық өтудің негізгі белгілері:

1. Реформаның бастамасы тұтынушылық нарықтағы динамикалық тепе-теңдік жүйесін орнатумен, оның ішінде икемдірек баға жүйесі көмегімен ғана емес, ең алдымен жеке меншік секторда тұтынушылық тауарларды өндіру мен қызметтерді көрсету және олармен нарықты қамтамасыз етудің тез дамуына байланысты болады.

2. Нарықтық қатынастар алдымен өндіріс сферасын және тұтынушы салаларға, сосын инвестициялық салаларға таратылады.

3. Бағалардың босатылуы реформаның келесі сатыларында жүргізіледі, оның ішінде күшті монополиялық тенденциясы бар салалардағы бағаларға бақылауды мемлекет жиірек жүргізеді.

4. Жоғары инфляцияны болдырмау мақсатында қатаң қаржылық саясат жүргізіледі.

5. Нарықтық инфрақұрылым белсенді түрде қалыптастырылады.

«Сілкініс терапиясы» шегінде жүргізілетін негізгі іс-шаралар:

1. Жиынтық сұранысты шектеуде, тауарлар кедергілерімен кездесуде, халықтың ақша жинақтарын азайтуда нарықтық талаптарға сай, бағалардың рационалды қатынастарын қалыптастыру мақсатындағы оны босату.

2. Инфляцияның өсуін болдырмау үшін және өндіріс шығындарын азайту үшін жалақы мен кірістердің өсуін тоқтату.

3. Қорғаныс қажеттілігіне берілетін мемлекеттік демеу – қаржылар мен траттардың көлемін азайту жолымен үкімет шығындарын қысқарту және тұрақтандыру.

4. Дефициттік қаржыландыруды азайту мен салықтарды көтеру көмегімен жиынтық сұранысты шектеу.

5. Несие беру шарттарын қатаңдату, айналымдағы ақша массасының көлеміне бақылау жүргізу, шынайы орталық банк құру.

6. Ақырында тұрақты айырбас мөлшерлемесіне өту және оны айырбастауды жасау үшін отандық валютаның өзгермелі айырбас бағамын тұрақтандыру арқылы әлемдік нарыққа қатысты ұлттық экономиканың ашықтық деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету.