Тпелі экономика кезіндегі макроэкономикалық процесті мемлекеттік реттеу мәселелері
Өтпелі экономика кезінде мемлекеттік реттеудің объектілеріне - экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе антициклдық саясат, ақша айналымы, инфляция, мемлекеттік бюджетті бақылау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясаты жатады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей тәсіл – мемлекеттік экономикалық бағдарламаны жасау мен өткеру арқылы жүргізіліп, қысқа, орта, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге ат салысады. Бұдан басқада, қалыпты және төтенше бағдарламалар жасалады.
Бұған ұқсас бағдарлама ретінде, соғыстан кейін Оңтүстік Кореядағы экономиканы орнынан тұрғызуға қабылданған төтенше бағдарламаны, ал Жапонияда «Автомобиль жолын салудағы төтенше шаралар» заңын айтуға болады.
Жалпы қабылданғандай, қазіргі жағдайда мемлекеттің кез-келген реттеушілік шараларының негізіне ақша айналымы жатады. Өтпелі экономикада ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы керек. Бұл макроэкономикалық деңгейіндегі мемлекеттің ең маңызды реттеуші қызметі болып табылады. Бұл жағдай «экономикалық құлпырыс» жасаған мемлекеттер – Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань – тәжірибесімен расталады.
ҚР нарыққа өту кезеңінде (1990 ж) бастапқы шарттар басқаша түрде болды. Республика экономикасы осы кезде КСРО халық шаруашылығы кешенімен тығыз интеграцияда болды. Ақшалай табыстың өсуі өндіріс құлдырауына қарағанда тауар массасымен (мөлшерімен) қамтамасыз етілмеді.
Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны ендіргеннен бастап жүргізе бастады, шын мәнінде 1994 жылдан бастады.
Қазақстан Үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы (1993-1995 жж.) және (1994-1995 жж.) өндіріс құлдырау мен инфляциялық процестің дамуын тоқтата алмады. Макроэкономикалық тұрақтандыру мен өндірістің құлдырауын тоқтату үшін ҚР Үкіметі қаржы-бюджеттік және ақша-несие саясатын қатаңдау ұстап, сыртқы экономикалық қызметті либерализациялауда салық жайлы жаңа заңдар шараларын қабылдады. Меншікті жекешелендірудің батыл түріне көшіп, экспорттық сектордағы кәсіпорынды шетел фирмаларының басқаруына берді және келесі кезеңде кәсіпорынның бақылау пакет акциясын оларға сатады.
Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жету үшін мемлекеттің де, жеке сектордың да күш-жігері қажет. Жалпы белгіленгендей, мемлекет ыңғайлы-қалыпты жағдай жасауы керек, себебі жеке инвесторлар (отандық және шетелдік) Қазақстанда қолдау саласын тапқаны дұрыс.
Осы мақсатта 1991 жылдың басында ҚР «Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданып, «Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Шетел инвестициясы жайлы» заң отандық және шетелдік инвесторлар үшін өте ыңғайлы-қалыпты жағдай жасауға көмектесті.
Біріншіден, инвесторлар үшін жеңілдіктер анықталған. Жеңілдіктер мөлшері тікелей инвестиция көлемі мен экономика секторының басымдылығына байланысты.
Екіншіден, жобаны жүзеге асыру үшін импорттық жабдықтарды, шикізат пен материалдарды кеден баж салығын толық немесе жекелей босатылуын заң құптайды. Өнеркәсіпті құрылымдық жағынан қайта құруда да мемлекеттің рөлі өте зор.
Қазақстанның өтпелі экономикасы үшін Жапония мен Оңтүстік Кореяның өнеркәсіпті құрылымдық жағынан қайта құру, тәжірибесі өте маңызды. Өндірісті құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың Оңтүстік Корея моделіне сүйене отырып, салалардың басыңқы бағыттарының алты критерийі қолданылады:
Біріншіден, саланың экономикалық әлеуеті бағаланады, яғни ұлттық экономиканың салыстырмалы артықшылығына сүйеніп, тезірек экспортты қарқындату мүмкіндігі.
Екіншіден, ішкі нарықта сала өніміне сұранымның өсуі.
Үшіншіден, осы саланың дамуы, елдің ең жоғарғы индустриалды кезеңге жеткендігіне сай болу керек.
Төртіншіден, саланың дамуы шикізат пен энергия импортының минималды тәуелділікке жүзеге асуы керек.
Бесіншіден, елдегі сауда балансы тапшылығы минималды қысқарту мүмкіндігі бағаланады.
Алтыншыдан, басыңқы бағыт салаларының дамуы қаншалықты ыңғайлы қосымша эффект беруге қабілетті, яғни басқа сектор мен экономика саласында өндіріс тиімділігін қамтамасыз етеді.
ҚР стратегиялық даму шеңберіндегі 1993-ші жылдың басында қабылданған, кезек күттірмейтін дағдарысқа қарсы шаралар мен әлеуметтік-экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасында басым бағыттарға экономиканың мынадай салаларын жатқызды: энергетика, металлургия, халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік өндірісінің салалары және коммуникация (байланыс пен темір жол транспорттар) саласы.
Құрылымдық қайта құру саясатын жүзеге асыруда, мемлекеттің кәсіпкерлік бастамасы ерекше орын алып, ол кәдімгідей өзінің нәтижесін береді. ҚР-да 1996 жылдың аяғында өндірістің құлдырауы тоқтатылды. ҚР Үкіметі өзгеріп отырған жағдайға белсенділікпен қарап, кәсіпкерлік бастаманы қолға алды. Құлдыраудың жиегінде тұрған ірі энергетика, металлургия кәсіпорындарды көтеру үшін шетелдік инвесторлардың тікелей инвестициясын тартты.