Тақырып. Бюджет – салық (фискалдық) саясаты

1. Мемлекеттік бюджет жүйесі. Қазақстанның мемлекеттік қаржы бюджетінің құрамы

2. Фискалды саясаттың мәні. Салық және салықтық жүйе. Салық түрлері.

3. Фискалды саясатты жетілдіру бағыттары

Мемлекеттік бюджет– бұл мемлекеттік шығындардың және оларды қаржылық жабу көздерінің жылдық жоспары. Ол ұлттық табыстың бір бөлігінің қайта бөлуге жататынын көрсетеді және есептік кезеңдегі табыстар мен шығындардың балансы түрінде жасалады.

Әкімшілік аумақтық басқару құрылымына байланысты елдің бюджеті орталықтық, провинциалдық және жергілікті болады.

 

Қазақстанның мемлекеттік қаржы бюджетінің құрамы.

Мемлекеттік бюджет –экономикалық саясаттың шоғырландырылған түрі.

Бюджеттік жүйе–барлық деңгейдегі бюджет жиынтығы. Мемлекеттік бюджет құрылымы бюджеттің табыстары мен шығындарының құрылымын көрсетеді.

· Бюджеттік табыстар – мемлекеттік қазынаға түсімдер. Олар салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен құралады.

· Салықтық түсімдер –міндетті салықтар түрлері және тұрғындардан, кәсіпкерлерден және мемлекеттік кәсіпорындардан алымдар.

· Бюджетке салықтық емес түсімдер –мемлекеттік меншікті және мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сыртқы экономикалық қызметтен, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, мемлекеттік қарыздан, роялтидан түседі.

· Бюджеттік шығындар – бұл экономиканы дамытуға әлеуметтік аяны, қорғанысты, мемлекеттік борышты жабуға және т.б. қажеттіліктерге бағытталатын қаржылық ресурстар.

Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.

Бюджетаралық қатынастар -мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме -дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай- ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.

Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі проблемалары:

- аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы;

- қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық.

 

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Бюджеттік шығындардың қызметі. Бюджеттік шығындардың негізгі қызметіне саяси, әлеуметтік және шаруашылық жатады.

Саяси қызметі әлеуметтік экономикалық құрылысты қолдау және өзіне мемлекеттік басқаруды, әскерді, қауіпсіздікті, сыртқы саяси қызметті, БАҚ қолдаудан тұрады.

Әлеуметтік қызметі елдегі әлеуметтік экономикалық жағдайды тұрақтандырудан, әр түрлі табыс топтарының өмірлік деңгейі және табыстардың айырмашылық деңгейін жұмсартудан, әлеуметтік қызмет көрсететін салаларды қолдаудан тұрады.

Экономикалық қызмет төмендегіден тұрады:

  • Экономикада бәсекелестікке қабілетті нарықтық ортаны қалыптастыру;
  • Ең маңызды мәні бар, кейбір салаларды қолдау жолымен экономиканы құрылымдық қайта құру;
  • Отандық өндірушілерді сыртқы нарыққа шығаруға көмектесу;
  • Ішкі және сыртқы борышты төлеу бойынша міндететемелерді орындау.

Бюджет тапшылығы – мемлекеттік шығындардың табыстан көп болуы. Бюджет тапшылығын жабу тәсілдері:

  • ішкі мемлекеттік қарыздар –мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, сыртқы бюджеттік қорлардан қарыз алу;
  • сыртқы мемлекеттік қарыз –жеке кәсіпкерлерден, мемлекеттерден және халықаралық қаржылық ұйымдардан қарыз алу.
  • Мемлекеттік белгілерді шығару.

Мемлекеттік бюджетті әзірлеу және қабылдау тәртібі. Мұнда мемлекеттің табыстары мен шығындарының заңмен белгіленген қалыптасқан үдерісі бар.

Бюджетті әзірлегенде оны дайындаушылар белгілі бір экзогендік межеленген жағдайдан шығады. Мұндай жағдайда әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен ішкі және сыртқы экономикалық шектеулер ұлттық экономиканың дамуы ретінде көрінеді.

Мемлекеттік бюджетті әзірлеуге енетіндер:

1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары:

- халықтың жекеленген азаматтарына көмек;

- әлеуметтік аяны ұстау;

- өндірушілерді талғамалы қолдау;

- ғылыми және қорғаныс әлеуетін қолдау.

2. Экономиканың дамуына сыртқы экономикалық шектеу:

- экспорттық мүмкіндіктер;

- импорттық мүмкіндіктер.

Мемлекеттік бюджетті әзірлеу және жүзеге асырумен айналысатын институттарға - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Қазынашылық бас басқармасы, Санақ палатасы, биліктің заң органдары кіреді.

 

4. Фискалды саясаттың мақсаты елдің экономикасының өнімділігі мен әртараптандыру көтеру мақсатында салық-бюджет саясатының механизмдерін жетілдіру болып табылады.

Фискалды саясат- ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды. Яғни, үкімет шығындары салықтары мемлекетпен байланысты жүйеленеді. Үкімет шығындары арқылы мемлекеттік сектор, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, сатып алу қызметтері жүзеге асады. Яғни ұлттық табыстың барша халыққа тиетін үлесі үкімет шығындары арқылы көрінеді:

Мемлекеттік сатып алу 2- түрде болады 1) мемлекеттік ішкі, сыртқы қажеттілігін орындауға арналған. 2) нарықты реттеуге арналған.

Бюджет тапшылығы халық шаруашылығының қаржылық қайшылықтарына әкеледі. Мүмкін сол себепті мемлекет шығындарының тиімділігін арттыруға әлеуметтік-экономикалық дамуға тұрақтылықты қамтамасыз етуге оларға реттеушілік қызмет беру маңыздыболып есептелінеді. Фискалдық саясаттың екінші маңызды құралы болып салық табылады. Экономиканың мемлекеттік реттеуде ол 2- рөл атқарады.

1)үкімет шығындарының толықтыру көзі және бюджет саясатының материалдық негізі.

2)ол экономиканы реттеу құралы яғни ынталандыру бөлу және бақылау функциясын атқарады. Сол себептен кез-келген мемлекет әлеуметтік-экономикалық дамуында өзінің іс-қимылы үшін қажетті фискалдық саясат жүргізуі. Фискалдық саясаттың негізгі міндеті: нарықты жалпы сұраным мен ұсынымға бейімделген ықпал арқылы нарық өзгерісіне сәйкес кемшіліктерін түзетуге есептелінеді. Фискалдық саясат оның экономикалық жағдайларының өзгерісін ескере отырып екі бөлімге бөлуге болады. 1)дискрециондық саясат – ол үкімет саясаты, оның шешімдері негізінде іске асырылатын саясат. Оның құралдары болып түрлі бағыт саладағы бағдарламалар және салық мөлшерін өзгерту шешімі жатады.

2)Құрылған стабилизаторлар саясаты- ол өзін-өзі реттеу жағдайында жұмыс жасайтын механизмдерді пайдалану олар экономикадағы өзгеріс түрлерін мемлекет шешімдерінсіз өздігінен ескеріп отырады. Олардың қатарына салық төлемдеріндегі автоматты өзгерістер әлеуметтік және жұмыссыз кездегі төлемдерді жатқызуға қалады.

Фискалды саясаттың әлеуметтік – экономикалық дамудың басым тапсырмаларын, атап айтқанда Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық модернизациясын жеделдетуге бағытталған елдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін шешу үшін фискалды құралдарын тиімді пайдалану болып табылады.

Сондықтан да Қазақстан Республикасы 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалды саясатының негізгі мақсаты жеделдетуге мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен жеделдетуге жәрдемдесетін, шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады деп атап көрсетілген.

Осы жағдайды есепке ала отырып Қазақстан Республикасында фискалды саясатты дамытудың Үкімет қарастырған негізгі мәселелері одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Орта мерзімді фискалды саясат бюджеттік саясат, кіріс саясаты, шығын саясаты, бюджеттік несиелеу, бюджетаралық қатынас, мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқаруды қамтитын болғандықтан, осы бөлімдердің қызметінің тиімділігін көтеру бойынша біршама жетілдірулер ендіруге болады.