Тақырып. Мемлекеттік қарызды басқару саясаты

 

Мемлекеттік қарызданудың мәселесінің мәнін түсіну экономикалық ғылым классиктері Адам Смит пен Давид Риккардо еңбектерінен басталады. А. Смит зерттеулерінде мемлекеттік шығындарды несие арқылы қаржыландыру тәжірибесі жағымсыз бағаланады, оның пікірінше, мұндай тәжірибе халық байлығын азайтады, осымен бір мезгілде салық ауыртпалығын тереңдетіп, капитал жинауға едәуір кедергі келтіреді. А. Смит мемлекеттік қарыз мәселесін соғыс уақытындағы мемлекеттік шығындарды қаржыландырумен тығыз байланыста көреді. Соғыстарға орай пайда болған қарыздар бейбіт шақта өз-өзінен жоғалып кетпейді, керісінше, қарызды өтеу және пайыздық төлемдерін қамтамасыз ету проблемаларына байланысты одан әрі өсе түседі, бұл, өз кезегінде, салықтардың артуына әкеледі. А. Смит еңбектерінен тікелей көрініп тұрғандай, ол экономиканы милитарландыру мен соғыс жүргізу үшін тартылған ақша құралдарын тиімсіз пайдалануды сынады, мұндай көзқарасты толығымен әділ деп қабылдауға болады, себебі А. Смит өмір сүрген уақытта мемлекет халықтың негізгі бөлігінің өмірін жақсарту бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігін толығымен мойындамайтын.

Давид Риккардо мемлекеттің экономикалық процестерге монетарлық араласу саясатын барынша қатты сынға алды. Риккардо сынының орталық пункті мемлекеттік қарыздың жинақ капиталды – халықтың негізгі өнімді көзін дамытуға ықпал ету мүмкіндігі болатын. Салықтар да капитал жинақтауға кедергі болғанмен, олардың мемлекет үшін мемлекеттік қарызға қарағанда ауыртпалығы төменірек, себебі соңғысы индивидумдардың қолындағы табыстарын жанама түрде және байқаусыз қысқартады.

Рикардоның теориялық көзқарастарына сәйкес, салық төлеушілер мемлекеттік шығындар мемлекеттік қарыз есебінен қаржыландырылған жағдайда пайыздарды салық есебінен төлеудің келешек міндеттемелерінің нақты көлемін капиталды төмендетуге апаратын ауыртпалық ретінде қарастырмайды және салықтық қаржыландыру жағдайына қарағанда өздерін байырақ сезінеді. Бұл, дегенмен, шындыққа сәйкес келмейді, себебі салықтар мемлекеттік қарыз секілді, Д.Рикардоға сәйкес, тек ғана нысанымен ерекшеленеді, ал олардың экономикалық субстанциясы бірдей. Мемлекеттік қарыз тәжірибесі «біздің үнемділігімізді азайтып, нақты жағдайымыз жөнінде қателесуімізге алып келетін» иррационалды мінез-құлыққа итермелейді.

Экономикалық ойды әрі қарай дамыту көрсеткендей, мемлекеттік қарыз туралы негізгі сұрақ мемлекет қарыз беруші ролін атқаруы керек пе дегенде емес, ол келесі сұрақтарға жауап іздеуге шоғырландырылады: мемлекет қандай мақсаттармен және қандай көлемде қарыз ала алады, сонымен қатар макроэкономикалық тепе-теңдік үшін қандай салдарлармен түсйіндескен.

Дегенмен мемлекеттік қарызданудың оңтайлы шегінен асу, демек, қарызға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынның артуы ХХ ғасырдың 70-жылдарында Кейнстің экономикалық рецептерінің тиімділігінің төмендеуіне және дамыған нарықтық экономикалы елдердің үкіметінің мемлекеттік реттеудің теориялық базасын қайта қарауына алып келді. Монетаристік ілімнің ғылыми аренасына шығу барысында мемлекеттік қарыз проблематикасы монетаристер мен кейнсиандық мектеп өкілдері арасындағы жаңаша пікірталастардағы едәуір дау-дамайлы сәттердің біріне айналады.

Монетаристердің пікірінше, бюджеттік-салықтық саясат жүргізуден ұзақ мерзімді де, қысқа мерзімді де әсерді күтуге болмайды. Егер мемлекет өз қажеттіліктерін капитал нарығында қарыз алу есебінен қаржыландырып отырса, онда бұл әдетте пайыздық қойылымды өзгерту есебінен жүреді, бұл жеке инвестицияларды итеріп шығаруға әкеледі, ал егер мемлекет осы мақсатқа эмиссиялық банк несиелерін пайдаланатын болса, онда ақша массасының сәйкес ұлғаюына байланысты инфляциялық қысымнан қашу мүмкін емес. Монетаристер экономикалық өсу құралы ретіндегі «басқарылушы инфляцияның» принципиалды жақтаушылары болып табылады.

Осылайша, негізгі экономикалық мектептердің мемлекеттік қарыздану ролі, мәні және қызметі туралы принципиалды қарама-қайшы көзқарастары «мемлекеттік қарыз» ұғымының мазмұнына, мемлекеттік қарыздың экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының жүйесіндегі орнына, оның сапалық және сандық құрамына және басқа да параметрлерге деген пікірлердің кең спектрін туғызады.

Сыртқы экономикалық қолайлы конъюктура, ішкі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен орта мерзімді экономикалық стратегия шараларын жүзеге асыру 2003-2007 жылдары ең маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпінін сақтап қалды. ЖІӨ көлемі 2007 жылдың 01 қаңтарында жедел деректер бойынша ағымдағы бағалармен 9 738,8 млрд. теңгені құрады. Нақты ЖІӨ-нің 2006 жылдың 01 қаңтарымен салыстырғанда 10,6% болды. ЖІӨ 2006 жылдың 01 қаңтарымен салыстырғанда нақты көрсеткішпен 80,6% ұлғайды жəне қолайлы жағдайлар болған жағдайда ЖІӨ екі еселеу міндетіне 2008 жылдың өзінде-ақ қол жеткізуге болады.

1990-жылдардың басында Қазақстан экономикасын түрлендіру кезеңі ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық реформалары мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуді қаржыландыру үшін қажетті жеткілікті меншікті қаржы ресурстарының болмауымен сипатталады. Бұл несие капиталының ішкі және сыртқы нарықтарында мемелекеттік қарызға алуды тарту қажеттілігі мен ҚР-ның мемлекеттік қарызының түзілуіне себепші болды.

Республиканың жалпы сыртқы қарызының (ЖСҚ) өсуі тез қарқынмен жалғасып отыр жəне 2007 жылдың екінші тоқсанының аяғында тоқсан ішінде 10,1 млрд. долл. ұлғая отырып, 92 млрд. АҚШ долл. (бұдан əрі – долл.) астам болды. 2.11-суретте ЖСҚ динамикасы Қазақстан экономикасының секторларыбойынша бөлініп көрсетілген. Суретте көрсетілгендей, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында «Басқа секторлардың» сыртқы міндеттемелері көлемінің «Банктер» секторының (екінші деңгейдегі банктер жəне «Қазақстан Даму Банкі» АҚ кіретін) көлемінен тұтастай алғанда асып түсуі болды». Егер «Мемлекеттік басқару» секторы бойынша (ҚР Үкіметі) 2005 жылдың аяғынан бері сыртқы қарыздың деңгейі 1,5 млрд. долл. жуық болса, онда «Ақша-кредиттік реттеу органдары» секторы бойынша (ҚР Ұлттық Банкі) 3,1 млрд. долл. дейін өсу болды.

Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша автор әзірлеген

ҚР-ның секторлар бойынша жалпы сыртқы

қарызының серпіні, млн.долл.

 

Бұл жұмыста сыртқы қарызды талдау елдің экономика секторлары бойынша ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік бергенсыртқы қарыз бөлігіндегі сыртқы қарызға талдау (ҚР Үкіметінің, Ұлттық Банктің жəне республика кəсіпорындарының мемлекеттік кепілдігі бар кредиттері бойынша сыртқы берешегінен тұратын) жəне мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарызға талдау жасалған.

Кепілдік берілмеген қарыз бөлігінің артуына, ең алдымен, мұнай мен газды барлау, өндіру, қайта өңдеу мен тасымалдау жөніндегі ірі жобаларды қаржыландыру себепші болды.

Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша автор әзірлеген

ҚР-ның жалпы сыртқы қарызының құрылымы

 

Суретте заемшылар салаларыбойынша есепті кезеңнің басындағы ЖСҚ құрылымы келтірілген. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың айтарлықтай қарыз алуының, сондай-ақ ҚРҰБ сыртқы міндеттемелері нəтижесінде «Қаржылық қызмет» саласы көшбасшы болуын жалғастыруда. Шетелдік инвесторлардың Қарашығанақ жобасы бойынша шығындарының орны толтырылуына жəне «Өңделмеген мұнай жəне табиғи газ өндіру» саласына жатқызылған басқа кəсіпорындардың негізгі қарызының өтелуіне байланысты, бұл саланың міндеттемелері төмендеп, 2006 жылғы 8,9 млрд. долл. салыстырғанда 2007 жылдың маусымының аяғында 8,2 млрд. долл. құрады. Үкіметтің сыртқы қарызы «Мемлекеттік басқару» саласына жатқызылды. Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша автор әзірлеген

Жұмсалымдардын негізгі салалары бойынша жалпы сыртқы қарыз, 01.01.2014

 

Сырттан қарыз алу көлемінің өсуі нəтижесінде оған қызмет көрсету бойынша шығыстар,əсіресе сыйақы, комиссиялар жəне төлем балансының ағымдағы шотында көрсетілетін өзге де ілеспе төлемдер бөлігіндегі шығыстар ұлғаюда. Кестеде ЖСҚ-ға тек ұзақ мерзімді борышбөлігіндегі ғана қызмет көрсету көрсетілген.

 


 

2003-2007 жылдардағы ҚР-ның ұзақ мерзімді сыртқы қарызына қызмет көрсету мен өтелуі

(млн. АҚШ долл)

Көрсеткіштері 4 тоқ. 4 тоқ. 4 тоқ. 4 тоқ. 1 тоқ. 2 тоқ.
1. Негізгі қарызды өтеу және қайта ұйымдастыру 4539,6 7246,1 9355,5 9297,5 2709,7 5476,3
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз 280,1 680,2 1 088,1 197,9 125,2 394,0
Мемлекет кепілдік бермеген қарыз 4 259,5 6 565,9 8 267,4 9 099,6 2 584,5 5 082,3
2. Сыйақыны (мүдені төлеу және комиссиондық төлемдер) 719,1 939,2 1 698,3 3 639,0 1 183,2 1 286,7
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз 186,8 188,2 170,6 91,8 16,2 20,3
Мемлекет кепілдік бермеген қарыз 532,3 751,0 1 527,7 3 547,2 1 167,0 1 266,4
Барлығы 5 258,7 8 185,3 11 053,8 12 936,5 3 892,9 6 763,0
Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

 

Сырттан қарыз алу көлемінің айтарлықтай өсуінен елдік орта-ұзақ мерзімді болашақтағы төлем қабылеттілік индикаторлары ретінде дəстүрлі қаралатын сыртқы қарыздың салыстырмалы өлшемдері нашарлады. Атап айтқанда, ЖСҚ-ның ЖІӨ-ге соңғы жылдары жеткілікті дəрежеде жоғары болып, 2006 жылдың аяғында 91% асқан қатынасы, 2007 жылдың 2 тоқ. аяғында 101,1% болды. ЖСҚ-ның тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортына қатынасы да ұлғайды жəне 2006 жылғы 178,1 салыстырғанда 198,4 % болды

Тұтастай алғанда елдің борыштық құралдардағы сыртқы активтері 69,7 млрд. долл. бағаланды жəне осылайша елдің таза сыртқы қарызы 30.06.07 жылы 22,4 млрд. долл. құрады (31.03.07 ж. 20,1 млрд. долл.).

Мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздың серпіні кестеде берілген.

 

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздың серпіні

 

(млн. АҚШ долл)

Көрсеткіштері 4 тоқ. 4 тоқ. 4 тоқ. 4 тоқ. 1 тоқ. 2 тоқ.
Мемлекеттік қарыз: 3 073,2 2 499,6 1 582,4 2 572,0 3 557,7 4 566,7
- Үкімет 3 073,2 2 496,1 1 478,9 1 495,2 1 476,5 1 422,5
- Ұлттық Банк 3,5 103,5 1 076,8 2 081,2 3 144,2
Мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз 549,4 633,3 592,5 552,6 565,2 531,6
Барлығы 3 622,6 3 132,9 2 175 3 124,6 4 122,9 5 098,3
Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

 


 

2007 жылдың екінші тоқсаны ішінде үкіметтік заемдар бойыншаигеру 39 млн. долл. болды. Өтеуді жəне бағамдық ауытқуларды қоса есептегенде, мемлекеттік басқару секторының заемдар түрінде тартылған сыртқы қарызы 3 млн. долл. өсті. Сонымен қатар 2007 жылдың мамырда мемлекеттің еурооблигациялар бойынша міндеттемелері толық өтелді, мемлекеттік басқару секторының сыртқы қарызы 2007 жылдың 2 тоқ. аяғында 1422,5 млн. долл. құрады.

Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздың құрылымы

 

Банктер қаралып отырған кезеңде де АМК заемдары мен еурооблигациялары түрінде басымдықпен белсене қарыз алуды жалғастырды жəне 2007 жылғы екінші тоқсанның аяғында олардың сыртқы берешегі 46 млрд. долл. жуық болды. 2007 жылғы 2 тоқсанда резидент еместерден несиелер бойынша сыртқы берешектің өсімі тұтастай алғанда 6,6 млрд. долл. астам болды.

Ескертпе–Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

Құралдардың түрі бойынша Банктердің сыртқы берешегі, 2007 жылдың 2 тоқ.

 

Қазақстандық банктердің негізгі резидент емес кредиторларымынадай қаржы ұйымдары болып табылады: шетелдік банктер (Morgan Stanley Bank International Limited, Standard Bank Plc, Deutsche Bank AG London Branch, банктердің əр түрлі синдикаттары), Халықаралық қаржы ұйымдары (ЕБРР, АБР) жəне басқа да институционалдық инвесторлар (оның ішінде АМК шығарған еврооблигациялардың түпкілікті ұстаушылары болып табылатындар). Тұтастай алғанда, Банктер үшін негізгі кредитор елдерүлестеріне 45,9 млрд. долл. жалпы берешек сомасының 50 % тиесілі Нидерландия жəне Ұлыбритания - 17,8 % болып табылады.

Банктердің кредитор елдер бойынша сыртқы қарызы, 2007 жылдың 2 тоқ.

Ескертпе–Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

 

Жан басына шаққандағы сыртқы қарыз (фирмааралық берешекті қоспағанда) суретте көрсетілген. Қарастырылған көрсеткіш 2003 жылы 731,4 АҚШ долларынан 2004 жылы 1063,9 АҚШ долларына дейін өскен, ал 2007 жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткіштің деңгейі 4294,4 АҚШ доларын құраған (2006 жылы- 3151,1 АҚШ долл.). Жан басына шаққандағы сыртқы қарыздың деңғейін 2003-2007 жылдар аралығында қарастырсақ, онда бұл көрсеткіш күрт өскенін байқауға болады, яғни 5,9 есе көтерілген.

Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

Жан басына шаққандағы жалпы сыртқы қарыз (фирмааралық берешекті қоспағанда), АҚШ долл.

 

Жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы (фирмааралық берешекті қоспағанда) суретте көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 35,5 мөлшерінен 2005 жылы 42,4-ке дейін өсті, ал 2007 жылдың екінші тоқсанында 71,5-ке дейін көтерілген. Сөйтіп, зерттеу кезең аралығында жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 2,0 есе жоғарлаған.

Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

Жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы (фирмааралық берешекті қоспағанда), %-бен

 

Суретте жалпы сыртқы қарыздың ТҚЭ-ге қатынасы (фирмааралық берешекті қоспағанда) берілген. Қарастырылған көрсеткіш 2003 жылы 73,2 мөлшерінен 2005 жылы 79,3-ке дейін өсті, ал 2007 жылдың екінші тоқсанында 141,6-ға дейін көтерілді. Жалпы бұл көрсеткіш 2003-2007 жылдар аралығында 1,9 есе жоғарлаған.

Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

Жалпы сыртқы қарыздың ТҚЭ-ге қатынасы (фирмааралық берешекті қоспағанда), %-бен

Сөйтіп, Қазақстандық экономиканың осалдығын талдау, ЖСҚ-дың серпіні, ең алдымен, кепілдік берілмеген сыртқы қарыз есебінен тұрақты үрдісі бар екенін көрсетті. Мұның үстіне, жыл сайын мемлекттік қарыздың салыстырмалы көрсеткіштері өсуде. Мемлекттік сыртқы қарыздың құрылым еврооблигацияларды шығару, экспорттық несиелерді тоқтату, екі жақты мемлекеттік қарыз алу үлесін арттыру арқылы жүзеге асырылатын қарыз алудың өсуінен туған несиегерлер құрамының өзгеруімен сипатталады. Жалпы сыртқы қарыздың салыстырмалы параметрлерін табалдырықты көрсеткіштермен салыстыру қарыздың жеке көрсеткіштерінің дағдарыстық мәнінен асып кеткені жөнінде қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұдан әрі, егер сыртқы қарыздың өсуінің жоғары қарқыны сақталатын болса, сырттан қарыз алу экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік бермейді, яғни қызмет көрсету мен сыртқы қарызды өтеуде қиын мәселелер пайда болуы мүмкін.

Мемлекеттік қарызды басқарудың классикалық үлгісі қарызқорлық және ақша-кредит саясатының байланысы жөнінде мәселені қозғамайды. Ол мемлекет активтеріне қарызға алу мен жұмсалымдар көмегімен тұрақты салықтарды уатыты бойынша қайта бөлгенде оңтайлы серпінді салық салу үдерісін сипаттайды. Егер қазыналық өкіметтін салықтық жүктемені таңдап алудың нақты мүмкіндігі болғанда, бұлай қойылу заңды. Шындығында, онымен бірге өтпелі экономикаларда ғана емес, тұрақты салық салу деңгейі қазыналы өкімет тарапынан тиімді әсер ету объектісі бола алады. Бұл, дұрысы, көрсеткіш, ол қоғамдық таңдап алу тетіктерінің іс-қимылымен анықталатын немесе лоббистік мүдделер тобының ойын нәтижесі болып табылатын саяси-экономикалық тепе-теңдікті сипаттайды. Бұл секілділер айтарлықтай шамада мемлекеттік шығынды қалыптастыру деңгейіне де жатады. Сондықтан салық жүктемесі деңгейін тек шарттылықтың үлкен дәрежесімен мемлекеттін макроэкономикалық саясатының құралы ретінде қарастыруға болады.

Осыған орай қарызды басқару міндетін қою баламалырақ көрінеді, онда бюджет профициті көрсеткіштерінің тізбектілігі экзогенді берілген. Мұнда мемлекет тапшылықты инфляциялық қаржыландыруға жол беретін, бірақ ұзақ уақытты ысырапты мейлінше азайтатын қарызқорлық саясатты таңдап алады.

Мемлекеттік қарызды басқаруды талдауға мұндай тәсіл инфляция мен қарыздың өзара байланысына ерекше назар аударады. Біз қарыздың уақытша және валюталық құрылымын таңдап алу проблемасынан дерексіздендірілеміз, сондықтан ақша эмиссиясын қазыналық саясаттың негізгі құралы ретінде қарауымызға болады. Егер инфляциялық өктемдіктің басқа бағыттарын, мысалы, өндірісті ынталандыру әрекеттерін немесе банк секторын қолдауды есепке алмасақ, онда инфляцияға мұндай тәсілді қолдану құқыққа сәйкес болады.

Ресми үлгіні құру үшін мынадай жағдайды қарастырайық. Айталық елдің шетел валютасымен көрсетілген D0 кейбір базалық қарызы болсын. Бұл қарыз бойынша негізгі бөлімнің пайызы мен өтеуін қоса жыл сайынғы төлемдердің кестесі белгіленген. t=0 уақыттың нөлдік кезеңінен бастап және T ақырғы кезеңге дейін, төлем мөлшері δt құрайды. Қарызды басқарумен шұғылданатын қазыналық билік органы бар. Ол әрбір кезеңде нарықта қосымша қарызға алуды іске асырады. Қазыналық биліктің міндеті экономикаға ең аз экономикалық жүктеме кезінде барлық төлемдерді кесте бойынша қамтамасыз етуде.

Ресми түрде сөз болжалды дисконтталған атқарым шығынын мейлінше азайту жөнінде болуға тиіс. Мұндай ретінде квадарттық атқарым қарастырылады, ал қарызды басқару міндеті мынадай түрде болады:

T

min Eoβ t mt2,

{mt , bt} t=1

(1)

 

 

m t + b t = d t + ( R t / G t ) b t-1 , (2)

 

t=1, …, T үшін;

bT ≤ b* , (3)

 

мұндағы mt – ақша базасының нақты өсуі немесе сеньораж, β – дисконттаушы көбейткіш, R t нақты пайызы, G t- ЖІӨ-нің өсу қарқыны, b t - нақты өрнекте t кезең аяғына қосымша таза қарызға алу (дегенмен b0 =0); dt бастапқы қарызға қызмет көрсетуге байланысты t кезеңіндегі бюджет тапшылығы. Барлық сандық айнымалы шамалар сәйкес жылдың ЖІӨ-нің үлестерінде берілген. Бюджеттің нақты тапшылығы dt= xt δt – st,мұндағы xt- доллардың нақты бағамы, st бюджеттің бастапқы профициті.

(1) өрнек - бұл тапшылықты инфляциялық қаржыландырудан болжалған дисконтталған ысырапты көрсететін қазыналық биліктін мақсатты атқарымы. Ысыраптың квадраттық атқарымы ақша эмиссиясының ЖІӨ үлестерімен теріс әсер етуін сипаттайды. Мұндай әсер ету, ең алдымен, трансакцияға салық ретінде инфляциялық салықтың бұрмалануымен шарттасылған. Берілген өрнектегі Е0 бастапқы ақпаратпен шарттасқан математикалық болжауды білдіреді. (2) теңдеу уақыттың түрлі кезеңіндегі қарыз бойынша төлемдерді байланыстыратын серпінді бюджеттік шектеулердің тізбектілігін сипаттайды. Rt нақты пайызы Gt экономикалық өсу қарқынына түзетіледі, өйткені қарыз ЖШӨ үлесімен өлшенеді. bt қосымша қарызға алу бастапқы қарызға қызмет көрсету және өтеу мақсатымен сыртқы немесе ішкі нарықта іске асырылады. Егер bt < 0 болса, онда мемлекеттің қосымша активтері міндеттемелерден артады. (3) теңсіздігі мемлекеттік міндеттемелердің T ақырғы сәттегі шектік шамасын шектейді.

Біздің мақсатымыз қарызды оңтайлы басқару жөнінде сапалы қорытындылар алу. Сондықтан талдауды оңайлату үшін кейбір болжам жасайық. Атап айтқанда біз қарыздың мерзімдік және валюталық құрылымынан жалпылаймыз, сондықтан қосымша таза қарызға алуды бір кезеңді деп түсінуге болады. Бұдан әрі, біз нақты пайыздың ЖІӨ қарқынының өсуіне қатынасы дисконттау көбейткішіне кері үйлесімді деп болжаймыз, Rt/Gt = 1/β. Мұндай болжау Эйлердің жалпы тепе-теңдіктің серпінді үлгісіне арналған тепе-теңдіктен келіп шығады және өсудің тұрақты тәртібін сипаттайды. Бұдан әрі біз арақатынасқа пайызды, өсу қарқыны мен дисконттаушы коэффициентті байланыстыратын арақатынасқа кездейсоқ көбейткішті енгізіп бұл болжамды әлсіретеміз.

Жоғарыда аталғандай, қарыз бойынша төлеу кестесі берілген деп са- налады, сондықтан δt барлық мәңдері уақыттың алғашқы кезеңінде белгілі деп саналады. Қарыз шамасы b* кезең ақырына сондай-ақ белгілі. Бұл параметр D0 базалық қарыз бойынша T сәтіне өтелмей қалған міндеттемелердің есебінсіз рұқсат берілген жүктемені көрсетеді. b* терминалдық қарызды мемлекеттің ұзақ мерзімді қарызқорлық саясатының мақсаттық бағдары ре-тінде қарастыруға болады. Мұндағы Xt және st экзогенді кездейсоқ шамалар ретінде қарастырылады, бұл нақты айырбас бағамы мен бастапқы профициттің табиғатына әбден сәйкес болады. Төменде біз бұл шамалардың серпінін талдауға толығырақ тоқтаймыз.

Талдауды оңайлату үшін біз сондай-ақ ақша айналымы жылдамдығының өзгеруінен жалпылаймыз және сеньораждың теріс еместігіне шектеу енгізбейміз, mt ≥0. Мұндай шектеу қазнашылық билік Ұлттық банкі алдындағы өзінің қарызын өтемейді дегенді білдірген болар еді. Алайда оның ресми есебі бұдан арғы қорытындылардың мәңін өзгертпейді, өйткені, төменде көрсетілгендей, өкіметтің оңтайлы тәртібінде қусырылған ақшаға келу қажеттілігінің мәңі жоқ.

Жоғарыда келтірілген нәтижелерді оңтайлы ақша эмиссиясын есептеп шығу үшін қалай пайдалануға болатынын қарастырайық. Бұл үшін кездейсоқ үдерістерді доллардың нақты айырбас бағамы мен бюджеттің бастапқы профициті үшін айрықшаландыру қажет. Доллардың нақты айырбас бағамы ортаншасына қайтарылатын үдеріс болады деп есептейміз:

 

xt = ax xt-1 + (1-ax )x* +εxt,

мұндағы ax – автокемімелі коэффициент, x* - теңгенің нақты бағамының ұзақ мерзімді деңгейі, εxt – 0 математикалық болжамы бар кездейсоқ айнымалы шама. Уақыттың бастапқы кезеңі үшін x0 = 1 мөлшерлеу шарты пайдаланыла-ды, сондықтан t жылындағы базалық қарыз бойынша төлемнің бастапқы сәтіндегі болжауы мынаған тең:

 

E0 δt xt = δt [axt + ( 1- axt )x*].

 

Бастапқы профициттің серпіні үдеріске бағынады деп санаймыз, оған E0 st, t = 1,…,T бастапқы болжамы белгілі. Бұл мәңдерді сценарий түрінде береміз: қолайлы, біркелкі қолайсыз және қолайсыз. Мұнда біз сыртқы қарызға өтеу мен қызмет көрсету нақты кестесін пайдаланамыз. Біз ЖІӨ-нің жылдық қарқынының 3% -ға тұрақты және тең өсуін болжаймыз. Біз 245 млрд. долл. өрнекпен базалық 2000 ж. ЖІӨ-нің бағалануының өсуіне сүйенеміз. Ақырында, x* долларының нақты бағамының мәңі 0.59 тең, ал автокемімел коэффициенті а = 0.8 тең деп қабылданады. Барлық бастапқы және есептік мәңдері сәйкес жылдың ЖІӨ-нің пайызында берілді.

Қазақстан Республикасының жалпы және мемлекеттік қарызының дамуына жүргізілген зерттеу, неғұрлым жинақталған сыртқы қарыз ауыртпалықты болса, соғұрлым үлкен шамада оның қызмет көрсетуі бүкіл ұлттық экономиканың және оның қаржы саласының атқарылымдығымен өзара іс-қимылға тартатындығын көрсетті. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік бюджетке, ақша-несие жүйесіне, елдің несиені өтеу қабілетіне әсер етеді.

Мемлекеттік бюджет үшін сыртқы қарыздың шамадан тыс өсуінің қолайсыз салдарлары негізінен оның өтеу кезеңімен байланысты. Ағымдағы бюджеттік кезең үшін жаңа қарыздар, керісінше, салық және басқа әдеттегі кіріс көздеріне түсетін жүктемені азайту мүмкіндігін дәмелендіреді, бюджеттік үдерістің барлық кезеңдерінде икемдірек оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сол уақытта сыртқы қарыз жөніндегі төлемдер кестесі қолайсыз болуы мүмкін. Кез келген жағдайда өзара іс-қимылдың дәрежесі мен салдарлары негізінен жинақталған сыртқы қарыздың салыстырмалы шамасына байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Экономикалық саясат: лекциялар Д.Қ. Қабдиев., Т.Қ. Оралтаев., А.Б. Темірбекова., Ә.Е. Ескендіров., С.Қ. Бекмолдин., Б.Х. Хабибуллин., А.Т. Белеков.-Алматы: Экономика.2002-170 бет.

2. Байгісиев М. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу.-Алматы: Раритет, 2010.-240 бет.

3. Ұлттық экономика Оқулық/А.В. Сидоровичтің., Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялануымен. – Алматы: Экономика, 2010.-528 бет.

4. Ускенбаева А.Р.Экономическая политикаУчебно-практическое пособие. – Караганда, 2004. – 278 с