Леуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің экономикалық саясатының әдістері
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:
v құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;
v қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)
v жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.
Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:
Әлеуметтік кепілдік -мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.
Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.
Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.
Жалақының минималды көлемі – квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.
Зейнетақының минималды деңгейі – нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.
Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:
1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:
- молшылық - жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі;.
- қалыпты өмір - адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;
- кедейшілік – еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;
- жоқшылық - бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.
БҰҰ бойынша өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі құрылған. Оған мыналар кіреді: Өмірге келу; Өмірден кету; Өмір сүрудің санитарлық - гигиеналық жағдайы; Азық-түлікті тұтыну; Тұрғын үй жағдайы; Жұмысбастылық; Білім деңгейі немесе сауаттылық; Мәдениеттілік деңгейі; Демалыс; Көлікпен қамтамасыз етілуі; Адам құқықтарының қорғалуы.
2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедейшілікке ұшыраған тобына, аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ету жүйесін қалыптасыру. Бұл топтар мемлекеттен өмірге қажетті минималды игілктер мен қамтамассыз етілуі тиіс. Ол үшін түрлі мақсаттағы қорлар, арнайы көмектер, тегін мемлекеттік мектептер, тегін медициналық көмек көрсетілу түрлі жеңілдіктер алуға міндетті.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатта міндетті түрде еңбек пен халықты жұмыспен қамту бағытын қамтиды.
Мемлекеттік еңбек нарығы тек құқықты мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол үшін орта және жоғарғы білім беру жүйелері бар минималды жалақы деңгейі белгіленіп, жұмыс аптасының ұзақтығы демалыс уақыты заңды түрде келісім арқылы белгіленеді. Сондай-ақ жұмыссыздықпен күресу шаралары қолданылады. Мұндай бағдарламалармен еңбек биржалары айналысады. Олардың қызметтеріне сонымен қатар төмендегілер жатады:
Ø көші-қон үрдістерін реттеу;
Ø зейнетақы жүйесін жетілдіру;
Мемлекеттің денсаулық сақтау мен әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы рөлі.Бұл бағыт мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек берілуін қамтамассыз етуді көздеуді. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты құрамдас бөлігі – халықтың табыстары және оның құралу көздері. Қоғам мүшелерінің табыс дәрежесі, деңгейі олардың әл-ауқатының басты көрсеткіші, өйткені ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, демалуына, білім алуына, денсаулығын сақтауға, күнделікті тұтыну қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.
Халық табысының мөлшеріне тікелей әсер ететін факторлар:
- жалақы көлемі;
- бөлшек сауда бағасының динамикасы;
- тұтыну нарығындағы тауарлардың саны және т.б.;
Халықтың нақтылы ақшалай табыстарының құрылуының бірнеше көздері бар, олардың негізгілері: трансферттік төлемдер мен жеңілдіктер, банктер, сақтандыру мекемелерінен келетін басқа да түсімдер, еңбекақы, корпоративтік табыс т.б.
Халық табысының құрылуына үлкен әсер ететін түрлі трансферттер мен жеңілдіктер немесе мемлекеттік көмек бағдарламасы. Мұндай төлемдерден зейнеткерлерді қамсызданды-руға, уақытша жұмысқа жарамсыздарды қолдауға әр түрлі жәрдем ақыға қаржы бөлінеді.
Халықтың номиналды табыстарынан мемлекет түрлі міндетті төлемдер алады. Төлемдер мен алымдарды жинақтай отырып, мемлекет өзінің ресурстарын құрайды, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, ақша қаржыларын қайта бөледі, табысы аз азаматтарға көмек көрсетеді.
Табысы аз азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында және әл-ауқат дәрежесін белгілі деңгейден төмендетпеу үшін мемлекет табыстың ең төменгі деңгейін анықтап, одан салық алмайды.
Сонымен қатар халыққа салық салу – табысты бөлудің дербес механизмі, әлеуметтік саясаттың бір бағыты болып табылады. Халықтан алынатын салық пен төлемдердің көлемі табыстың өсуімен көбейіп отырады. Мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табысы аз немесе табыссыз топтары мен өндіріске қатыспайтындарды яғни оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектерді ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып жұмыс істейтіндерді де қорғайды.
Мемлекеттің мұндай қызметі еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т.б) және оған ақы төлеуден, жұмысшыларды жұмысқа алумен босату жөніндегі ережелерден көрінеді.
Кедейшілік сияқты әлеуметтік мәселелерді шешу - мемлекет жұмысының басты бағыттарының бірі.
Халықтың кедейленген топтарын азайту - нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Сол себепті мемелекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негзгі мақаты – тұтынуға қатысты адам арасындағы айырмашылықтарды, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау.
Нарықтық экономикада әлеуметтік мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Ел экономикасында жұмыссыздықтан туындайтын мәселелер еліміздің экономикалық өсуіне кедергі келтіреді. Осы мәселелерді шешумен айналысатын нарықтың бір бөлігі – еңбек нарығы.
Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ҒТП – ті жеделдету негізінде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін көтеруге көмектеседі.
Еңбек нарығына қатысты мемлекеттің міндеті – еңбекшілерге тиімді еңбек етуге қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыздарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды қолдау және қорғау болып табылады. Жұмыссыздықтың пайда болу себептері:
- кәсіпкерлік даярлау жүйесінің халық шаруашылығының нақтылы қажеттіліктерге сай болмауы, әлеуметтік инфра-құрылымның артта қалуы, т.б.,
- әр аймақтың жергілікті ерекшеліктері, Қазақстанның экология-лық қолайсыз аймақтары, оған Семей ядролық полигоны, Арал төңірегіндегі және басқа да халық тұрмысына, денсаулығына зиян келтіретін апаттты аймақтар жатады.
- село, ауылдарда, өнеркәсіпте еңбек тиімділігінің төмен болуы, ауыр қол еңбегінің үлес салмағы көп және т.б.,