Халықтың табыстары және оның құрылу көздері

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты тізбегіндегі басты буын халық табысын құру саясаты. «Табыс» деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің керсеткіші. Экономикалық әдебиетте «Табыс» дегенді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өңдірілген құнның оны өндіруге жұмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеуметтік топтың немесе жекелеген адамның өндірілген өнімдегі үлесі, оны иемдену мағынасында түсінеді.

Қоғам мүшелерінің табыс дәрежесі, деңгейі олардың әл-ауқатының басты көрсеткіші, өйткені ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, демалуына, білім алуына, денсаулығын сақтауға, күнделікті тұтыну қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді. Халық табысының мөлшеріне тікелей әсер ететін факторлардың ішінде, жалақының көлемінен басқа бөлшек сауда бағасының динамикасы, тұтыну рыногын тауарлармен толтыру және т. б. бар.

Халық табысының деңгейі мен динамикасын сараптау үшін номиналды қолдағы және нақтылы кірістерінің көрсеткіштері қолданылады.

Номиналды табыс (НТ) - жекелеген адамдардың белгілі уақытта алған ақшасының саны.

Қолдағы табыс (ҚТ) - жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс. Қолдағы бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасына кем болады.

Нақтылы табыс (НақтыТ) - белгілі бір уақытта қолдағы бар табысқа сатып алған қызмет пен тауарлардың саны, ол баға деңгейінің өзгеруімен түзетіліп отырады.

Халықтың нактылы ақшалай табыстарының құрылуының бірнеше қайнар көздері бар, олардың негізгілері: факторлық табыстар, қоғамдық тұтыну қорларынан берілетін төлемдер мен жеңілдіктер; қаржы жүйесі арқылы келетін (банктерден, жинақ кассаларынан, сақтандыру мекемелерінен және т. б.) және басқа түсімдер. Жалақы, кәсіпорындардағы, кооперативтердегі жалақы тектес табыстар; өз шаруашылығының табыстары және басқалар. Еңбек факторына ақы төлеудің тенденциясын талдау, бұл табыс түрінің болашақта да жалпы ақша табыстарының келемін құруда жетекші рөл атқаратынын көрсетеді.

Халық табысының құрылуына айтарлықтай әсер ететін жай қоғамдық тұтыну қорынан (ҚТК) берілетін төлемдер мен жеңілдіктер немесе мемлекеттік көмек бағдарламасы. Осылардан зейнеткерлерді қамсыздандыруға, уақытша жұмысқа жарамсыз-дарды қолдауға әр түрлі жәрдем ақыға (балаларды күтуге, дәрігерлік қамту, табысы аз отбасыларының балаларына, жұмыссыздарға жәрдем беру) қаржы бөлінеді.

Халық табысында трансферттік төлемдер мен жалақы үлестерінің арақатынасы жеке адамның экономикалық мүдделілігі мен еңбекке ықыласын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Жалпы табыстар сомасындағы жалақының басым болуы кәсіпкерлік, жаңашылдық, іскерлік сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Қоғамдық тұтыну қорынан берілетін телемдерді күшейту (немесе мемлекеттің көмек бағдарламасын) өндірістік қызметке қатысу деңгейін темендетіп, біреуге арқа сүйеушілік, масылдық психологияны тәрбиелейді.

Қаржы — несие жүйесі арқылы алатын халықтың ақшалай табыстарымынадай түрде көрінеді:

- мемлекеттік сақтандыру төлемдері;

- жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жас отбасыларына шаруашылық заттарын алуға, бау-бақша серіктестіктеріне және т.б. техника, инвентарь сатып алуға берілетін қарыз;

- жинақ кассаларындағы салымдарға жыл аяғында қосылатын пайыздар;

- акция кұндарының өсуінен, облигация мен заемдардан түсетін табыстар;

- лотерея ұтыстары;

- тауарларды несиеге сатып алудан құралатын уақытша бос қаржылар;

- әр түрлі қайтарымдар (компенсация);

Басқаша ақша түсімдеріне комиссиондық және сату дүкендерінен, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудан түскен кірістер жатады. Халықтың номиналды табысына атап өткеніміздей олардың таза табыстарымен қатар міндетті төлемдері де жатады. Төлемдер мен алымдарды жинақтай отырып, мемлекет өзінің ресурстарын құрайды, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, ақша қаржыларын қайта бөледі, табысы аз азаматтарға көмек керсетеді. Табысы аз азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында және әл-ауқат дәрежесін белгілі деңгейден төмендетпеу үшін мемлекет табыстың ең төменгі табалдырығын анықтап, одан салық алмайды. Сонымен қатар жоғары табысқа үдемелі салық ставкасын тағайындайды.

Сонымен халыққа салық салу - табысты бөлудің дербес тұтқасы, әлеуметтік саясаттың бір бағыты. Халықтан алынатын салық пен төлемдердің көлемі табыстың өсуімен көбейіп отырады. Салық түсімдерінің ішінде шешуші ролді табыс салығы алады, сонымен қатар жеке табыстан, мұрагерліктен, ауыл шаруашылығынан, отбасы шағын азаматтардан, сатудан және т. б. салық алынады.