Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы

Экономика құрылымы деп енбекті жалпы бөлуді сипаттайтын, сондай-ақ, өнімдердіңайналымын сипаттайтын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары және ұдайы өндіріс үдерісін көрсететін, оның түрлі салаларының қатынастары түсініледі.

Экономика құрылымы – ЖІӨ -дегі (ВВП) (салалық тәсіл) кейбір салаларының үлесі.

Егер нарық экономикасының әр түрлі кесіндісін қарасақ, онда аумақтық, атқарымдық, әлеуметтік құрылымын бөліп көрсетуге болады.

Атқарымдық құрылым әр түрлі қажеттіліктегі ЖІӨ - ді (жеке тұтыну, мемлекеттік тұтыну), өндіріс факторының кесіндісінде бөлуді сипаттайды.

Әлеуметтік құрылым әлеуметтік секторға - жеке, корпоративтк, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді көрсетеді.

Салалық құрылым үш денгейден тұрады - макроэкономикалық, салааралық және өндірістік.

Дағдарыс жағдайында үйлесім құрылымына мемлекеттік ықпал етудің барлық әдістері пайдалануы тиіс. Шартты түрде оларды жанама және тікелей деп атауға болады.

Қаржылық және ақшалық реттеудің жанамаәдістері өзіне салықтық және кредиттік саясатты қосады.

Салықтық саясат басты назарды салықты жинауға, өтелім сая-сатына (өтелім мөлшерін белгілеу, өтелім аударымын индекстеу, тездетілген өтелім) бағыттайды. Кредит саясаты - мөлшер есебін, кредитті шектеу немесе өктемдік беру, мемлекет кепілдігін реттеуге бағытталады.

Одан басқа кеден саясаты, бағаны реттеу маңызды рөл аткарады.

Әзірленген инвестициялық бағдарлама туралы айтсақ, онда инвестор тек мұнай-газ және тау-металлургиялын ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа да саласына шын көңілмен қолайлы жағдай жасауға бағытталған салым салуды бастайды.

Мемлекеттік инвестициялық қолдау өзара байланысты және өзара тәуелді өндіріс топтарына керсетілетін болады.

Кластер ағылшын тілінен аударғанда -«ұйысқан» деген , мағынаны білдіреді. Кластерлер — бұл аз аумағының шағындығына қарамастан, халықаралық еңбек бөлінісінде алдыңғы жайғасымда орналасқанын және экономикалық маманданғанын көрсете отырып, өзінің жақын орналасуын пайдасына шешетін, бәсекелестікке қабілетті компаниялардың және жеке салалар шеңберіндеші кәсіпорындардың өзара байланысты топтары.

Қазакстанға кластерлік өндірістік жүйені қалыптастыру мақсатында экономика құрылымын талдау мәселесі тұр. Мемлекет экономиканың бәсекелестік қабілетінің өсуінің катализаторы ретінде көрінеді және өндірістің, осы міндетке сәйкестігін құруды ұсына отырып, маңызды рөл атқаруы тиісті.

Бір ел экономиканың барлық аясында мамандана алмайды, және оны бастау үшін әлем рыногынде көрсете алатын сол брендтерді анықтауы қажет. 2004 жылдың шілдесінде «Қазақстан экономикасын экономиканың мұнай-газ шығаратын саласындағы кластерді дамыту арқылы әртараптандыру» жобасының басталуына негіз жасалынды. Жобаның тапсырысшысы – республиканың үкіметі болса, осындай стратегияны жүзеге асыруда тәжірибесі бар, «JE Austin» және «Econmic Competitiveness Qroup» (ЕСQ) американдық консалтингтік компаниясы орындаушы болды. Жобаның басты мақсаты - өндірісті өсіру мен қосымша құнның үлкен үлесімен өнімдерді экспорттауға басымдылықты кен шығарушы саладан кен шығармайтын саланы ығыстыруы және соңғы саланың өнімділігін арттыру.

Сарапшылар қазақстандық экономиканың жүзден астам секторындағы рынокты, сұранысты, ұсынысты және даму болжамын тартымды көзқарас тұрғысынан талдады. Қорытындысында, жеті басымды бағыт таңдалды: туризм, мұнай-ғаз машина құрылысы; тамақ өнеркәсібі, жеңілөнеркәсіп, көлік, металлургия, құрылыс материалдарын шығару. Бұл рыноктың сараланымы «шикізаттық салада елдің экономикасының ұзак мерзімді мамандануын анықтайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Экономикалық саясат: лекциялар Д.Қ. Қабдиев., Т.Қ. Оралтаев., А.Б. Темірбекова., Ә.Е. Ескендіров., С.Қ. Бекмолдин., Б.Х. Хабибуллин., А.Т. Белеков.-Алматы: Экономика.2002-170 бет.

2. Байгісиев М. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу.-Алматы: Раритет, 2010.-240 бет.

3. Ұлттық экономика Оқулық/А.В. Сидоровичтің., Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялануымен. – Алматы: Экономика, 2010.-528 бет.

4. Ускенбаева А.Р.Экономическая политикаУчебно-практическое пособие. – Караганда, 2004. – 278 с