Нім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындарМС есептеледі.

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.

Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

1. МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,

Q Q = өндірілген өнім саны.

2. АС = ТС ,

Q АС – орташа жалпы шығындар.

3. АҒС = ҒС . АҒС- орташа тұрақты шығындар.

Q

4. АVС = АVС – орташа өзгермелі шығындар.

Q

Фирма тұрақты шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.

Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма өндірісті кеңейте береді.

Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисығы U формада болады, бұл қысқарманы табыстылық заңымен байланысты еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларында қолданылады. Оны төмендегі қисықтан көреміз

Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабының эффектісімен байланысты. МС, АС және АVС қисық сызықтарының тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады.

 

Яғни MC=minAC

Егер нарықтық баға (Р) фирма белгісімен және оған өндіріс көлемі сәйкес деп есептесек, онда ол өнімді Qont оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіруге болады. Одан ары өндіру тиімсіз.

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал жабдықтарының шығындарынан тұрады. Фирма өндіретін өнім бірлігі – зат немесе құн түрінде өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды.

Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

 

1. Жалпы табыс – ТR = PxQ

2. Орташа табыс – АR = TR = P

Q

3. Шекті табыс – MR = ТR

Q

Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар

Еңбек нарығы және жалақы.

Капитал және процент.

Жер нарығы және жер рентасы.

Мақсаты: Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен пайыз, жер рентасы. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Абсолюттік рента; Дифференциальды рента; Еңбек нарығы; Жалақы; Лоренц қисығы; Нақтылы мөлшерліме жалақы; Несие пайызы; Номинальды мөлшерліме жалақы; Рента

Дәріс мәнмәтіні

Табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны білу қажет.

 
 

 


Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

- еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

- жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

1. Номиналды жалақыға.

2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы саны;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.