Дәріс. Тауарлы мұнай сапасының көрсеткіштері және нормалары.
Қазіргі кезде Қазақстан кен орындарында тауарлы мұнайды дайындау дәрежесі бойынша 1.1- кестедегідей топтарға бөлу қарастырылған.
1.1- Кесте.Мұнайдың сапалық топтары
Көрсеткіштер | мұнай топтарының нормасы | |||
1А топ | 1 топ | 2 топ | 3 топ | |
1. Судың массалық үлесі,% | 0,5 | 0,5 | ||
2. Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3 | ||||
3. Механикалық қоспалардың массалық үлесі , % | 0,05 | |||
4. Қаныққан будың қысымы, кПа немесе (сынап бағанасы бойынша мм) | 66,7 (500) | 66,7 (500) | 66,7 (500) | 66,7 (500) |
Мұнай өңдейтін зауыттардың технологиялық процесі мен жабдықтары осы сапаға есептелген. Мұнай өндірісі мекемелерінің жұмысшылары сапалы мұнай өткізуге көңіл қояды, өйткені өткізу бағасы оны дайындау топтарына байланысты.
Мұнай кенорындарын игеру 30 жылға және бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тәсілі өзгеріп отырады.
Өнімді жинау және дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:
1. өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;
2. әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;
3. ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау және есептеу;
4. өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;
5. технологиялық қондырғылардың беріктігі және толық автоматтандырылуы;
6. негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;
7. күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары және металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;
8. жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау.
Экспортқа шығарылатын мұнай үшін 1.2- кестесіндегідей талаптар қойылады.
1.2- кесте.ТУ 39-1623-93.
Экспортқа шығарылатын ресей мұнайы. Техникалық шарты
Көрсеткіш атаулары | Түр нормасы | ||
І | ІІ | ІІІ | |
1. Күкірттің массалық үлесі, % артық емес 2. 20 °С кезіндегі тығыздық, кг/м3 3. Фракциялардың шығу көлемі, % артық емес 200 °С температураға дейін 300 °С температураға дейін 350 °С температураға дейін 4. Парафиннің массалық үлесі, % артық емес 5. Ауыр металдардың концентрациясы, (ванадий, никел, темір т.б.) мг/кг, артық емес 6. Күкіртсутегінің концентрациясы, мг/кг, артық емес меркаптан, этилмеркаптан 7. Судың массалық үлесі, % артық емес 8. Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3 артық емес 9. Механикалық қоспалардың массалық үлесі, % артық емес | 0,6 0,5 0,05 | 1,8 0,5 0,05 | 2,5 - - - - - - - 1,0 0,05 |
Қазақстан республикасының мұнай кәсіпшіліктерінде және шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ және суды бірге жинау қарастырылған.
Бақылау сұрақтары
1. Нормативке сәйкес тауарлы мұнайдың сапасын қандай көрсеткіштер сипаттайды?
2. Өнімді жинау және дайындау жүйесіне қандай талаптар қойылады.
Дәріс. Мұнайдың химиялық құрамы және оның негізгі физикалық-химиялық қасиеттері. Элементтік, фракциялық және топтық құрамы.
Мұнай мен газ жанғыш пайдалы қазбалар қатарына жатады. Олар құрамында көмірсутегі емес қосылыстары бар әртүрлі құрылымдағы көмірсутектерінің күрделі қоспаларынан тұрады.
Мұнай құрамы өте күрделі және әр түрлі болып келеді. Ол бір кеніштің өзінде де өзгеріске түсуі мүмкін.
Жер жүзінде 23 мыңнан астам кенорны болса, оның ішінде Қазақстанда 200-ге жуық мұнай кенорны бар. Әр кен орнының мұнай құрамы ерекше және қасиеті де әр түрлі.
Мұнайдың қасиеті өндіру барысында, мұнайдың қабат бойымен қозғалысында, ұңғыда және жинау мен тасымалдау жүйесінде өзгеріп отырады.
Мұнайдың құрамына метанды немесе парафинді (Сп Н2п+2), нафтенді (Сп Н2п) және ароматты (Сп Н2п-6) көмірсутектер кіреді.
Метанды немесе парафинді көмірсутектері метаннан (С2Н4) бастап, пентанға (С5Н12) дейін қалыпты жағдайда, яғни (Р=0,1 МПа және Т=273 К) газ күйінде болады. Ал пентаннан бастап гептадеканға (С17Н36) дейін - сұйық түрінде, ал одан да жоғарғысы - қатты заттар (парафиндер) күйінде кездеседі [18]. Мұнайдың парафинді көмірсутектерінің жартысы қалыпты құрылымға, ал қалған бөлігі тармақталған құрылымға ие екені белгілі. Изоалкандар - бензин мен майдың, олардың пайдаланылу сапасын жақсартатын бағалы компоненттер болып табылады.
Нафтенді көмірсутектер (циклоалкандар). Моноциклді нафтендер мұнайда циклопентанды және циклогександы көмірсутектермен кең танымал болып келеді. Нафтенді көмірсутектері - моторлы жанар және жағар майлардың ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Нафтенді көмірсутектері парафинді көмірсутектеріне қарағанда асфальтендер мен шайырларды өте жақсы еріту қабілетіне ие.
Ароматты көмірсутектері бензолдық қатардың циклді шексіз көмірсутектеріне жатады. Мұнайдың тығыздығы, химиялық тұрақтылығы, улылығы және басқада сипаттамалары ароматты көмірсутектерінің алатын үлесіне және құрамына байланысты. Мұнайдың ароматты көмірсутектері басқа қосылыстармен салыстырғанда асфальтты-шайырлы (смолалы) заттарды өте жоғары дәрежеде еріте алады.
Мұнайдың құрамы элементтік, фракциялық және топтық деп жіктеледі [2], [4].
Мұнайдың элементтік құрамы деп, ондағы әртүрлі химиялық элементтердің бірлік үлестегі немесе пайыздағы массалық құрамын айтамыз. Мұнайдың негізгі элементі көміртегі (С) мен сутегі (Н) болып табылады.
Көбінесе мұнайда көміртегінің пайыздық үлесі - 83-87%, ал сутегінің үлесі - 12-14% құрайды. Ал басқа элементтер - күкірт, азот, оттегі және тағы басқалары 3-4% аралығында кездеседі.
Күкіртті қосылыстар (меркаптандар, сульфидтер, күкіртсутектері) металдарды қатты коррозияға ұшыратады және мұнайдың тауарлық сапасын төмендетеді. Еркін күкірт мұнайда сирек кездеседі және күрделі күкіртті қосылыстарға ыдырайды. Зияндық (улы) қасиеті бойынша барлық осы аталған күкіртті қосылыстардың ішінде күкіртсутегі ең қауіпті болып табылады.
Мұнай құрамына кіретін, оттекті құрамды компоненттерге - нафтенді және майлы қышқылдар, фенолдар және т.б. жатады. Нафтенді қышқылдың құрамы бірнеше пайызға дейін жетуі мүмкін. Нафтенді қышқылдар тез жағымсыз иіс шығаратын аз ұшатын сұйықтар болып келеді, олар суда ерімейді, бірақта мұнай өнімдерінде жеңіл ериді. Сілтілі металдары бар қабат суларымен әрекеттескен кезде түзілетін нафтенді қышқыл тұздары - эмульгаторлар болып табылады.
Азоттық қосылыстар мұнай құрамында аз мөлшерде кездеседі (0,5% дейін).
Асфальтты-шайырлы заттар жұқа беттегі мұнайдың түсін анықтайды (сарыдан, қоңырдан бастап қараға дейін). Олар күрделі қоспалар болып келеді. Оларда көміртегі, сутегі және оттегі атомдарымен қатар күкірттің, темірдің, магнидің, никельдің және т.б. заттардың атомдары болады. Шайырлар сілтілер мен қышқылдарда ерімейді, бірақ жеңіл мұнай дистилляттарында толық ериді. Шайырлардың тұтқырлықтары өте жоғары, тығыздығы шамамен 1,0-ге тең. Асфальтендер - жеңіл бензиндерде ерімейді, бірақта бензолда, хлороформде жақсы ериді. Ол морт сынғыш, әдетте қара түсті болып келетін қатты зат. Олардың тығыздығы 1-ден артық. Мұнайдағы асфальтендер мен шайырлардың жалпы мөлшері 20-25% дейін жетуі мүмкін. Бұл заттар - сумұнай эмульсиясының негізгі табиғи тұрақтандырғышы, олар мұнайдың көбіктенуіне жағдай жасайды.
Мұнайда аз мөлшерде металдар - ванадий, никель, хром, темір, магний және т.б. кездеседі.
Мұнайдың фракциялық құрамын, айыру барысындағы әртүрлі қайнау температурасымен олардан шығатын фракциялар арқылы анықтайды. Мұнай фракцияларының қайнау температурасы:
30-205 °С - бензин; 200-300 °С - керосин;
120-240 °С - лигроин (аралық фракция);
300 ° С –тан астам температурада мазуттар алынады.
Айдау барысында алынған өнімдерді, егер олар 350 °С-қа дейін қайнаса - ашық фракциялар деп, ал егер қайнау шегі 350 °С және оданда жоғары температурада қайнаса - қара фракциялар деп атайды.
Мұнайларды былай бөледі:
- ашық фракциялардың шығуы бойынша түрлерге
(қайнау температурасы 300 °С дейін)
І түрі - ашық фракциялардың шығуы 45%-дан жоғары
ІІ түрі - 30-45% аралығында
ІІІ түрі - ашық фракциялардың шығуы 30%- дан төмен
- құрамындағы күкірт мөлшері бойынша кластарға
І класты - аз күкіртті (күкірт 0,5%-дан көп емес)
ІІ класты - күкіртті - 0,51-2% аралығында
ІІІ класты - жоғары күкіртті - 2%-дан жоғары
- қүрамындағы парафиннің мөлшері бойынша
аз парафинді - 1,5 %-дан төмен
парафинді - 1,5 - 6% аралығында
жоғары парафинді 6%-дан жоғары
- шайыр мөлшері бойынша
аз шайырлы - 18%-дан төмен
шайырлы – 18-35% аралығында
жоғары шайырлы - 35%-дан жоғары
Мысалы Өзен кен орнының XVІ қабатының мұнайының құрамында 19,3% парафин, 0,2% күкірт, 16,8% шайыр, 31,3% ашық түсті фракция бар десек, онда І-класты аз күкіртті, ІІ-түрге жататын ашық фракциялы, жоғары парафинді және аз шайырлы болып жіктеледі.
Мұнайдың тығыздығы - мұнайдың тауарлық сапасының негізгі көрсеткішінің бірі. Стандарттық жағдайда (20 °С және 0,1 МПа) мұнайдың тығыздығы 700-1000 кг/м3 аралығында болады. Жеңіл мұнайлар (880 кг/м3-ке дейінгі) моторлы жанармай өндірісі үшін бағалы шикізат қызметін атқарады. Мұнайдың тығыздығын ареометрмен немесе пикнометрмен анықтайды.
Мұнайдың тығыздығы, оған кіретін компоненттер құрамына, қысымға, температураға, мұнайда еріген газ мөлшеріне байланысты болады. Мұнайдың тығыздығы, оның жату тереңдігіне байланысты, мұнайдың жатқан тереңдігі өскен сайын, оның тығыздығы азая түседі.
Айрылған мұнайдың тығыздығы температураға байланысты, мұнайдың термиялық ұлғаю коэффициентінен шығара отырып есептеледі [4]:
; (2.1)
мұнда - 20 °С және t -температурасы кезіндегі айрылған мұнайдың тығыздығы;
- тығыздыққа байланысты мұнайдың термиялық ұлғаю коэффициенті:
егер , онда ; (2.2)
если , онда ; (2.3)
Құрамында еріген газы бар мұнайдың тығыздығын мына формула бойынша анықтайды:
; (2.4)
мұнда b- мұнайдың көлемдік коэффициенті;
rм , rг - айрылған мұнай тығыздығы мен стандарттық жағдайдағы мұнай газының тығыздығы, кг/м3 ;
Г0 - стандарттық жағдайдағы газ факторы, м3/м3.
Мұнай мен мұнай өнімдерінің тығыздығын әдетте 20 °С кезінде анықтайды және 4°С кезіндегі судың тығыздығымен салыстырылады. Тығыздықты кез-келген температурада анықтап, одан соң түзетулерді қолдана отырып мына формула бойынша қайта есептеуге болады
; (2.5)
мұнда b -көлемдік ұлғаю коэффициенті, мұнай үшін 0,0005-0,0009 кг/(м3К) құрайды.
Қабаттағы мұнайдың тығыздығы тазартылған мұнайдың тығыздығынан аз болады.
Мұнайдың маңызды қасиетінің бірі, оның тұтқырлығы. Тұтқырлық дегеніміз - сұйық бөлшектерінің қозғалыс кезінде бір-біріне қатысты орын ауыстыруындағы көрсеткен кедергілерін сипаттайтын сұйықтың қасиеті. Ол вискозиметр аспабының көмегімен анықталады. Мұнайдың тұтқырлығы мұнай құрамына, мұнайда еріген газ мөлшеріне, қысымға, температураға байланысты болады. Құрамында шайырлардың, асфальтендердің және парафиндердің болуы мұнай тұтқырлығына үлкен әсер етеді. Мұнайдың тұтқырлығы, оны өндіру, жинау және құбырлар арқылы тасымалдау кезінде қосымша энергия шығынын талап етеді.
Ньютон тұтқырлығының жалпы заңы (2.6) формуласымен өрнектеледі. Мұнайдың тұтқырлығы динамикалық тұтқырлық коэффициентімен - mсипатталады [2].
Егерде мұнай ішінен бірдей S- аудандарға ие және бір-бірінен h- қашықтықта орналасқан екі параллелді жазықтықты ойша бөліп қарастырсақ, онда олар w- салыстырмалы жылдамдықпен өзара орын ауыстырған кезде ішкі үйкеліс күшін жоюы қажет:
; (2.6)
мұнда, m- динамикалық тұтқырлық коэффициенті, оның өлшем бірлігі Па×с.
Тазартылған судың тұтқырлығы 20 °С кезінде 1 мПа×с (10-3 Па×с)
Жоғары құрамды парафині бар мұнайлар аномалды тұтқырлық қасиетіне ие, сондықтан ньютондық сұйықтарға жатпайды.
Кері динамикалық тұтқырлықтың шамасын аққыштық деп атайды және былай белгілейді:
Мұнай тұтқырлығын сипаттау үшін кинематикалық тұтқырлық кең түрде қолданылады, бұл m-динамикалық тұтқырлықтың r-тығыздыққа қатынасымен сипатталады:
, оның өлшем бірлігі м2/с.
Тұтқырлығы жоғары мұнай және мұнай өнімдерін сипаттау үшін қолданылатын шартты тұтқырлық (ШТ) - бұл 20 °С кезінде 200см3 судың ағын уақыты мен берілген шарттағы сондай мұнай көлеміне қатынасымен өрнектеледі. Шартты тұтқырлық Сейболт секунды және Редвуд секундтарымен өрнектеледі (Сейболт пен Редвуд вискозиметрлерінде өлшенеді).
Тұтқырлық температураға тікелей байланысты (тәуелді) болғандықтан, әрқашан оны анықтау температурасы көрсетіледі (көбінесе 20°С және 50°С).
2.1-кесте.Қазақстанның бірқатар кен орындарындағы газсыздандырылған мұнайдың құрамы мен қасиеті
Кен орны, қабат | тығыздық кг/м3 | тұтқырлық мПа×с | күкірт % | парафин % | шайыр, асфальтендер, % |
Жетібай ІІІ V VІ VІІІ ІX X | 47,2 58,6 60,5 19,8 21,4 14,1 | 0,23 0,13 0,17 0,13 0,09 0,23 | 19,1 20,2 21,3 18,6 21,2 | 16,95 15,7 15,12 14,53 10,2 9,15 |
2.1-кестенің жалғасы.
XІ XІІ XІІІ тауарлы мұнай | 14,5 11,5 10,3 | 0,12 0,31 0,28 0,18 | 24,2 19,4 20,5 | 8,5 8,78 7,31 13,8 | |
Құмкөл Ю-І+Ю-ІІ Ю-ІІІ Ю-ІV Борлық | 823,4 817,3 | 11,7 14,2 8,5 22,4 | 0,11 0,2 0,06 0,68 | 11,7 11,9 12,7 16,5 | 5,9 6,1 5,9 7,02 |
Теңіз | 1,5 | 0,6 | 4,5 | 0,1 | |
Қарамандыбас ІX X XІІ | 10,4 16,5 30,5 | 0,23 0,2 0,17 | 20,7 18,4 20,3 | 14,7 18,3 16,39 | |
Доссор, юралық | 13,41 | 0,134 | 0,61 | ||
Құлсары, юралық пермотриастық | 2,61 1,76 | 0,1 0,1 | 3,42 5,5 | 3,04 1,81 | |
Прорва, юралық | 7,46 | 1,25 | 3,16 | 24,19 | |
Тереңөзек, Альб-сеноман Неоком | 25,88 215,5 | 1,44 1,22 | 0,92 0,46 | 37,09 35,9 | |
Мартыши, апт-неоком | 100,812 | 0,37 | 2,6 | 27,35 | |
Камышитовый, аптский | 11,27 | 0,08 | 1,2 | 9,98 | |
Шұбарқұдық, пермотриастық | 56,71 | 0,47 | 2,14 | 36,9 | |
Кенқияқ, юралық пермотриастық төменгітриастық | 170,7 18,18 | 0,63 0,4 0,45 | 2,98 4,48 | 37,72 26,32 73,43 |
2.1-кестенің жалғасы.
Жаңажол, К-ІІ Тауарлы мұнай | 6,9 | 0,6 0,67 | 6,7 3,3 | 8,5 5,7 | |
Қаламқас, тауарлы мұнай | 1,62 | 3,15 | 14,18 | ||
Өзен, XІІІ XІV XV XVІ | 13,37 9,72 9,48 23,5 | 0,17 0,13 0,16 0,19 | 29,4 28,6 19,3 | 12,64 10,7 11,51 16,88 |
Қазақстанның бірқатар кен орындарындағы мұнайдың физика-химиялық қасиеті 2.1-кестесінде келтірілген [7], [14].
Барлық кен орындары үшін газсыздандырылған мұнайдың тұтқырлығы 20 °С температураға, ал Өзен мен Қарамандыбас кен орындары үшін 50 °С температураға арнап келтірілген.