Дәріс. Ұңғы өнімдерін жинау, тасымалдау және дайындаудың технологиялық процестерін автоматтандыру жолдары.
МДҚ -дейінгі үлкен қашықтыққа көп мөлшердегі сұйықты тасымалдау үшін өндіру ұңғыларының сағасындағы қысым жеткіліксіз болса, онда кен орнының аумағынан (территориясынан) сығымды сорапты станцияларын (ССС) тұрғызады.
12.1. Суретте ССС сұлбасы келтірілген.
12.1.Сурет. Сығымды сорапты станцияның негізгі сұлбасы. 1-гидроциклонды айырғыштың басы; 2- айырғыш тұрқы (тұлғасы); 3-сүзгі; 4-ортадан тепкіш сорап; 5-электромагнитті манометр; 6- сұйық шығынын өлшегіш; 7-реттеуші клапан; 8-ысырма; 9-мұнай жинау коллекторы. |
ССС (ДНС) алаңында қатты рамаға бекітілген, зауытта жасалып, пісіріліп қосылған екі блок орнатылады: оның бірі сораптары бар - мұнай айдау блогы және екіншісі гидроциклон типті айырғыштары бар - айыру қондырғысының блогы. ССС келесі түрде жұмыс істейді: мұнай-газ ағыны гидроциклон басы - 1 арқылы айырғыш тұлғасына- 2 келіп түседі де, ол жерден сүзгіге- 3 бағытталады, онда ол механикалық қоспалардан тазартылып, әрі қарай сығымды электр сораптарының қабылдауына келіп түседі; сораптардан кейін мұнай шығынөлшегіш (расходомер) - 6, реттеуші клапан - 7 және ысырма тиек - 8 арқылы мұнай жинау коллекторына - 9 бағытталады.
Сораптар-4 үздіксіз жұмыс істейді, ал оларды реттеу айыру қондырғысының өнімділігіне байланысты айырғыш ыдысының төменгі жақ бөлігінде орналасқан қалқымалы деңгей реттегішімен байланысқан клапанның - 7 көмегімен ағынды дроссельдендіру арқылы орындалады.
Кейбір жағдайларда (ұңғы өнімінің сулануы өскен кезде) ССС алаңдарында мұнай мен газды судан бөлуге арналған үш фазалы айырғыштар орнатылады, олар үлкен қашықтықтарға суды тасымалдауға кететін энергия шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
12.2.Сурет. Автоматтандырылған блокты сығымды сорапты станция 1-мұнай-газ-су қоспасын енгізуге арналған құбырша; 2-үш фазалы айырғыш; 3-“өзіне дейін” қысым реттегіші; 4-газ шығынын өлшегіш; 5-атқарушы механизм; 6-буферлік сыйымдылық; 7-мұнай шығынын өлшегіш; 8-ортадан тепкіш сораптар; 9-электромагнитті манометрлер, 10-су айдау сораптары; 11-деэмульгаторларға арналған сыйымдылық; 12-мөлшерлік сорап; 13-қалқымалы деңгей реттегіші; 14-тамшы түзушілер. |
Мұнай-газ-су қоспасы жинау коллекторынан құбырша- 1 арқылы үш фазалы айырғышқа- 2 келіп түседі. Газ сұйықтан бөлініп шыққан соң “өзіне дейін” қысым реттегіші- 3 және ДП-610 шығын өлшегіші-4 арқылы газ құбырына барып түседі де өз қысымының әсерінен ГӨЗ-на тасымалданады. Мұнай эмульсиясы бастапқыда тамшы түзгішке- 14 келіп түседі, содан соң айырғыштың екінші бөлімішесіне (отсекке) ағып өтеді, онда ыдыстан- 11 мөлшерлеп беру сорабымен- 12 тиімді деэмульгаторды беру есебінен эмульсияның бөлінуі жүреді. Су, атқарушы механизм- 5 арқылы буферлік ыдысқа- 6 келіп түседі, одан әрі сораптармен-10 БШСС-на жіберіледі, ал сусыздандырылған мұнай көлемдік түрдегі шығынөлшегіш- 7 арқылы ортадан тепкіш сораптардың -8 қабылдауына барып түседі де, 10 км дейінгі арақашықтықтағы МДҚ-на тасымалданады.
Сораптар үздіксіз жұмыс істейді, оларды реттеу айыру қондырғысының өткізу қабілетіне байланысты және “мұнай-су” қалқымалы деңгей реттегішімен - 13 байланысқан атқарушы механизмнің - 5 көмегімен жүзеге асырылады.
Автоматика жүйесінде сорапты агрегаттардың кезекпен жұмыс істеуін, жұмысшы агрегат істен шыққан кезде резервтегі сораптың автоматты түрде қосылуы, сонымен қатар сұйық беру тоқтаған кезде сору сораптарының автоматты түрде тоқтауы қарастырылған. Барлық осы операциялар іске қосу құрылғыларымен байланысқан электромагниттік манометрлер - 9 және жергілікті автоматика аспаптарының көмегімен жүзеге асырылады.