Translate the newspaper article into English. Сотқа деген сенім мемлекетке деген сенім екендігі көптен бері айтылып келеді

Қатаң тәртіп талабы

Сотқа деген сенім мемлекетке деген сенім екендігі көптен бері айтылып келеді. Алайда, бұған нақты қол жеткізу үшін ең әуелі сот жүйесі мемлекет негізінің басты бір құрамдасы ретінде елімізді әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңару жолымен демократиялық дамыта алатын тетіктерінің біріне айналуы қажет. Өйткені, халықтың билікке деген сенімі көбіне осы сот жүйесінің жагдайына байланысты болмақ.

Судьялар одағынын IV съезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев сот билігінің беделі және оның қызметінің тиімділігі судьялардың көсіпқойлығына, олардың шыншылдығына, бұра тартпаушылығы мен еділдігіне байланысты дей келе, "сот шешімдерінің әділдігі — осы бойынша қоғам сот төрелігінің сапасына баға беретін өлшем, ал соттарға деген құрмет бұл. бірінші кезекте — мемлекеттік билікке деген құрмет. Сондықтан да парақорлық, сот бюрократизмі немесе өрескел сот қателіктерінің жейті сотқа ғана емес, сонымен бірге түтастай алғанда мемлекетке деген сенімді өлсіретеді" деген еді. Міне, осы бұлжымас кағиданы басшылыққа алған Жоғарғы Сот Төрағасы Мұсабек Әлімбеков тәртіп, тазалық, біліктілік тақырыбында алғашқы селекторлық кеңес өткізді.

Кеңесті ашқан М.Әлімбеков қазіргі таңда соттардың өз міндетін қаншалықты деңгейде атқарып жатқандығына және алда тұрған маңызды мақсат-міндеттерге тоқгалып өтті. Ал мұндағы негізгі мақсат судьялар қатарына еніп кеткен қолы лас, теріс пиғылды жандардан тез арада арылу болып отыр. Міне, бұл тазару, адалдық таныту қазіргі уақыт үдерісіне сай судьялар алдына қойылатын катаң талаптар. Осыған сай судьялардың бүгінгі қол жеткен биік мәртебесі мемлекет және коғам алдында жоғары жауапкершілікті қажет етеді. Бұл туралы Елбасы еліміздің құкьіқ қорғау және сот органдарының басшыларымен болған кеңесте қадап айтқан еді. Сондықтан сот жүйесіндегі бұрынғы қол жеткен жетістікгерді одан әрі дамыта отырып, әділдіктің туын желбірете түсу қажет. Ол үшін ресгггёлика бойын-ша сот актілерінін өзгертілуі мен бұзылуын зерделеу негізінде зандылықты бұрмалаған судьялардың қызметіне мониторинг өткізіп тұру тапсырылды. Судьяларға қатысты жинақталған мұндай дерекгерден кейін олардың кәсіби біліктілігі де нақты анықталады. Ал ол қорытынды сот жюриіне жіберіледі. Демек, судьялар арасындағы мүндай зерделеу амал-тәсілдерінен кейін кімнің кім екені нақты белгілі болады. Өйткені, олардың қызметіндегі жариялылық, пен шындықты қамтамасыз ету — судьялар қауымдастығының бірден-бір басты міндеті. Демек кәсіби біліктілік жағынан жарамсыздығы анықталған және ар-ожданы таза емес судьялар туралы болашақта ашық айтылатын болады. Сондықтан судья атына лайықты емес адамдар атқарып жүрген лауазымынан босатылып, мемлекет берген барлық, жеңілдіктер мен кепілдіктерден айырылады. Ал бұл олардың ешуақытта ала жіптен аттамауларына үнемі ескерту болмак,-Сөйтіп, судьялармен алғашқы ашық кеңес өткізген М.Әлімбеков ендігі жерде жаңа талап жаңа тәртіпті қажет ететіндігін баса айтты. Жаңа төраға сол тәртіптің судьялар арасында орнайтындығына бек сенімді. Өйткені, заңды бұзған адамға еш уақьітта аяушылық болмай, адал судьялар қатары көбейгенде ғана халықтық билікке деген сенімі де ұлғая түседі.

Unit 11 Marketing

СОӨЖ

Evaluating the success of a relaunch