Басқару: ғылым және өнер
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Басқару: ғылым және өнер
Психологиялық менеджменттің пәні
Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
Басқару: ғылым және өнер
Басқару бір уақытта көне өнер және жаңа ғылым болып табылады. Ғылым ретінде басқару біртіндеп толықтырылып отыратын білімдер мен оларды алу әдістерінің жиынтығы ретінде анықталады. Психологиялық менеджмент адамның басқа адамға, топтың тұтастай қоғамға тигізетін ықпалының механизмдері мен оны жетілдіру тәсілдерін түсініп, түсіндіру мақсатында оның табиғаты жайлы мәліметтерді іздестіруде.
Психологиялық менеджменттің тек өзіне тән зерттеу пәні бар, ол басқару процесін ұйымдастыру заңдылықтарын және адамдардың арасында сол процестің барысында туындайтын қатынастарын зерттейді, зерттеу обьектісінің ерекшілігіне сәйкес келетін әдістемелік негіздерді анықтайды, басқару обьектісіне деген белсенді ықпалдың жүйесі мен әдістерін құрастырады, сондай-ақ зерттелінген процестерді алдын ала болжау тәсілдерін анықтайды. Психологиялық процестердің сипатталуы және олардың жүйеге келтірілуі, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды құрастыру үшін олардың арасындағы себепті байланыстардың анықталуы және заңдылықтардың ашылуы психологиялық менеджменттің ғылым ретіндегі негізгі міндеті болып табылады. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде басқару жүйесіндегі қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқарушы іс-әрекеттің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін талдайды.
Басқару процесі басшылардың іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады. Онда төмендегідей негізгі бағыттар ерекшелінеді: ұйымның басқарушы жүйешесінің күйі мен өзгерістерін айқындау мен болжау, қоластындағылар іс-әрекетінің бағдарламасын қалыптастыру, басшының іс-әрекетін жетілдіру.
Психологиялық менеджмент басшы тұлғасының ерекшеліктерін де зерттейді: яғни оның басқарушы қажеттіліктері мен қабілеттерін, дара басқару тұжырымдамасын, , басқару ережелері мен ұстанымдарын зерттейді. Сондай-ақ, психологиялық менеджмент иерархиялық тұрғыда тізілген басқару жүйесіндегі басшылардың өзара әрекеттесу тәсілдерін зерттейді.
Алайда басқару әрдайым танымның дедуктивті және экспериментті әдістеріне арқалана бермейді, өйткені зерттелінетін құбылыстарды көптеген факторлардың ықпалынан шеттеуге болмайды. Басқару тағы бір ерекше құрал – ішкі сезімге (интуиция) арқау етеді. Әрине ішкі сезім зерттелінген құбылыстың эмпирикалық және теориялық білімдерге негізделеді, алайда дұрыс шешімге әкелген ой процестерінің сезілместігі, ішкі сезім механизмінің күттірмей пайда болатындығы, нақты әдістері бар ғылым мен әсершілдікке ие өнердің тығыз байланысын дәлелдеуде. Жақсы басшы орынды мінез-құлықты рационалды анықтау немесе дұрыс шешімді қабылдау қиынға соққан жағдайлардың өзінде де оны дұрыс шешімге итермелейтін басқарушы сезімге ие.
Барлық рангтегі басшылар өзгермелі әлеуметтік ортамен және әртүрлі адамдармен тұрақты қатынаста болғандықтан дербес тәжірибесі мен ішкі сезіміне арқау етіп, кездейсоқ құбылыстар мен нақты жағдайларды ескере отыра шешімдерді қабылдауға міндетті. Жағымды, әдеттен тыс шешімді шығармашылық іздеу әрекеттері басқаруға өнерге тән бітістерді таңады. Сонымен бірге, Г.Кунц, С.О'Доннел сияқты ірі ғалымдар басқарудың бірінші кезекте өнер екендігін дәлелдейді. Олар: «басқару процесі мәні ғылымды (басқару саласында ұйымдастырылған білімнің негіздерін) кез келген жағдайдың ақиқатында пайдаланудан құралған өнер болып табылады», - деп тұжырымдайды (Арская Л.П. Япония: наука и исскуство управления. М., 1998. 108 б.). Ал ол «Басқарудағы іс-әрекет – өнер болса да, онымен айналысатын адамдар сол өнердің негізіндегі ғылымды түсініп, пайдалана алса, ежәуір жоғары нәтижелерге жетер еді. Топтық ынтымақтастықтың нәтижелілігі мен тиімділігінің маңыздылығы кез келген қоғамда мойындалады, басқарудың бүкіл өнердің ең маңыздысы екендігін сенімді айтуға болады» (Арская Л.П. Япония: наука и исскуство управления. М., 1998. 120 б.).
Адам іс-әрекетінің барлық саласында өнер мен ғылым бір-бірін жоққа шығармай, өзара толықтырып отырады. Топтық іс-әрекеттің нәтижесінде туындаған кез келген шешім жеке адамдар ұсынған нұсқалардан ерекшелінетін басқаруда ең аз шығынмен орынды ымыраға келу іскерлігі басшы өнерінің көрінісі болып табылады.
Басшы қарым-қатынас өнерін шебер меңгерген, сендіре алатын, ұшқыр да ерекше ақылға ие, білімнің көптеген аумақтарына қанық қайталанбас тұлға болуы тиіс. Алайда ол бірінші кезекте адамдармен жұмыс жасайтындықтан «адам инженериясының» барлық қырларын білуге әрі ізгілендіруші және психологиялық білімдерді меңгеруге міндетті.
Кең мағынада «өнер» термині кез келген жұмыс технологиялық әрі эстетикалық мағынада іскерлікпен, шебер орындалғанда адам іс-әрекетінің кез келген аумағында пайдаланылады. Өнер шығармашылық қабілеті, білім мен ішкі сезімнің жеке элементтерін жаңа бейтаныс комбинацияларға біріктірудің жоғары іскерлігі ретінде анықталады. Сондай-ақ ол шығармашылық қиялды дамытады, тұлғаның өзін адами анықтауы мен санасезіміне ықпал етеді, эстетикалық татымдар мен идеалдарды қалыптастырады. Егер де өнер бізді қоршаған әлемді зерттеуге және бейнелі модельдеуге бағытталған іс-әрекет болса, басқару өнері сол қағидаға сәйкес келеді, өйткені басшы туындағана шынайы жағдайларды тұрақты зерттеуі және қабылданған басқарушы шешімнің кез келген нұсқаларын шығармашылықпен модельдеуң тиіс. Алайда бұл ерекше өнер, өйткені ол өзіне психологияның, логиканың, шеберлік өнерінің, этиканың, философияның, құқықтың, сондай-ақ тұлғаға ықпал ету әдістерінің әлемдік жетістіктерін сіңіруде.
Басқару кадрларын кәсіби даярлау мәселесі жоғары рентабельді салымдардың бірі болып табылады, өйткені біз осы міндетті орындауда жоғарғы экономикалық жетістіктер мен әлеуметтік проблемаларды шешу деңгейіне көтеріле аламыз.
Осылайша тиімді басқару үшін оның теориялық негіздерін білу қажет, практикалық тәжірибеге ие болып, теория мен тәжірибені шығармашылық тұрғыда қолдана білу керек, яғни ғылым мен басқару өнерін меңгеруі тиіс.