Менеджмент жүйесіндегі темперамент

Адамның мінез-құлқын едәуір айқын сипаттайтын тұлғаның даралық ерекшеліктерінің ішінде темпераменттің орны ерекше. Темперамент дегеніміз адамға тән және өмірдегі ықпалдарға тепе-тең жауап беру тонусында және динамикасында көрініс беретінмінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері.

Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністерінің реңін келтіреді, ол эмоция мен ойлау барысының, ерік әрекетінің сипатында көрініс береді, сөйлеу ырғағы мен жылдамдығына ықпал етеді. Сонымен бірге қызығушылықтардың, әуестіктердің, әлеуметтік бағдарлардың, адамгершілік тәрбиесінің темпераментке байланысты емес екендігін де естен шығармау керек.

Темперамент жайлы ілім ежелгі заманда ақ пайда болған. Дәрігерлер Гиппократ кейін Гален адамдар мінез-құлқының даралық ерекшелітерін түсіндіруге тырысқан. Гиппократ (б.з.д. V ғ.) адамдардың денесінде төрт сұйықтық: қан, өт, қара өт, шырын бар деп есптеген. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешеліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын — қан, салқындататын — сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратын — қара өт. Олардың біреуінің басым болуы адам мінез-құлқының типін анықтайды. Қанның пропорциялық мөлшері көп болса — сангвиник (латынша — сангуис); сөл көп болса — флегматик (грекше — флегма), өт көп болса — холерик (грекше — холе) және күшті пропорция қара өтте болса — меланхолик — грекше — мелайнехоле — қара өт) деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды. Сұйықтықтардың атауы бойынша берілген темпераменттердің аты қазіргі күнге дейін сақталған. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттаса да, оларды ғылыми тұрғыда дұрыс түсіндіріп бере алмады.

Қазіргі кезде темпераменттін, сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтері туралы психологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалым Гален (129—199) темпераменттің санын көбейтіп, он үшке жеткізді. Ол темперамент түрлерін Гиппократтан өзгеше, яғни оның физиологиялық ерекшеліктеріне қоса, психологиялық, тіптен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапалармен байланысты деп түсіндірді.

Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілдері темперамент жайындағы ілімді ықшамдап, оның бұрынғы төрт типін сол күйінде калдырды. XVIII ғасырда атақты неміс философы И. Кант (1724—1804) 1798 жылы жарық көрген «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түріне сипаттама беріп, оларды тек психологиялық қасиеттер деп анықтады. Темперамент туралы ілім жаңа дәуірге дейін, негізінен, психологиялық қасиет деп саналып келді. Осы көзқарасқа сәйкес енді темперамент типтері жайындағы түсініктердін, мазмұн-мәнісі де өзгере бастады. Темперамент түрлерін тек физиологиялық қана емес, психологиялық ерекшеліктері тұрғысьнан қарастыруға баса мән берілетін болды. Бұл мәселеге келгенде И.Кант сезім күйінің әрқилы болуымен бірге адам өз іс-әрекетінің белсенділік децгейі арасындағы қатынастарға тәуелді болып отырады деген пікір айтты. Ал XIX ғасырдың соңында әйгілі неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамнық «жан дүние тебіреністерінің күш-қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуелді болады деп есептеді.

Мүндай пікірлер темперамент типтеріне түрліше сипаттама беріп, олардың түрлерін әркім өзінше анықтауға тырысты. Мәселен, Гален темпераменттің төрт түрінің басқа да бірнеше түрі болады десе, өзге зерттеушілер алты, тіпті сегіз типі болады деген пікірлер айтты.

Темпераменттерді адам ағзасының ерекшеліктерімен байланыстырудың сәтті әрекеттері И.П.Павловпен жасалынады. Ол темпераменттің адамның жоғары жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне тәуелді екендігін болжайды. Олар:

1) жүйке жүйесінің күші – жүйке жасушасының еңбекке қабілеттілігі, жүйке жүйесінің үлкен жүктемелерге шыдай алу, яғни жаңа шартты байланыстарды жасай алуы;

2) қозу мен тежелу процестерінің тепе-теңдігі, олардың өзара балансы;

3) қозғалмалылығы – жүйке процестерінің бір-бірін тез алмастырып отыруы. Ол жағдайлардың күрт өзгерістеріне икемделуін қамтамасыз етеді. И.П.Павлов темпераменттің төрт типінің әрқайсысының негізінде жоғары жүйке іс-әрекетінің типі деп аталынған ерекшеліктер мәліметтерінің қайсібір сәйкестігі жатыр.

Темперамент – ерекшеліктері нақты адамның өмір сүру жағдайлары мен іс-әрекетіне тәуелді психикалық күй.

Алайда Павловтың көрнекті шәкірттерінің бірі Б.М.Теплов жүйке жүйесі күйінің үйлесуі ретінде типтің, темпераментпен бір мағыналы қарапайым тәуелділік болуы мүмкін емес. Алайда ол ондай тәуелділіктің мүлде жоқ екендігін де айғақтамайды. Жүйке жүйесінің күйлері мінез-құлықтың ешбір нақты формаларын анықтамайды, бірақ оның бір түрі жеңілірек, келесісі-қиынырақ қалыптасатын негіз құрайды.