Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері

Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді.

Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Ф. Тейлор кәсіпорынды басқару тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Менеджмент – бұл, басқарудың экономикалық әдістерін қолдану арқылы материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолымен белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған, кәсіби қарекетінің дербес түрі қарастырады:

- кәсіпорынның нарықтық сұранысы мен қажеттіліктеріне, сұранысы бар өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру және белгілі тұтынушылардың талаптарына бағытталуын;

- өндіріс тиімділігін арттыруға, аз шығындарымен оңтайлы нәтижеге жетуге тұрақты талаптануын;

- кәсіпорын мен оның бөлімдер әрекетінің соңғы нәтижелеріне жауапты тұлғаның шешім қабылдау еркіндігін қамтамасыз ететін шаруашылық тәуелсіздігін;

- нарық жағдайларына байланысты бағдарламалар мен мақсаттарына тұрақты түрде түзетім енгізуді;

- нарықтағы айырбас процесіндегі кәсіпорын мен оның бөлімдері әрекетінің соңғы нәтижесін шығаруын;

- оңтайлы шешімдерін қабылдау кезінде көп нұсқалы есептеулер жүргізу үшін компьютерлік техника мен қазіргі заманғы ақпарат базасын қолдану қажеттілігін.

 

“ Менеджмент” термині “ басқару” терминіне мағынасы жағынан ұқсас болып келеді. Демек, “ басқару” термині “ менеджментке” қарағанда кеңірек ұғымды білдіреді. Себебі, ол адам әрекетінің көп түрлілігіне ( көлік құралдарын басқару); әр түрлі әрекет ету сфераларына ( мемлекетті басқару); басқарудың әр түрлі органдарына ( қоғамдық пен мемлекеттік ұйымдарын, сонымен қатар кәсіпорын бірлестіктеріндегі басқару ) байланысты көптеген мағыналарда қолданылады.

«Менеджмент» тек қана пайда (кәсіпкерлік табыс) алу мақсатында өз қарекетін іске асырушы кәсіпорындар санаттарына байланысты қолданылады. Менеджмент тек қана өндірістік кәсіпорындар қарекетін емес, сонымен қатар банктердің, сақтандыру қоғамдардың, туристік агенттіктердің, көліктік компаниялардың, қонақ үйлерінің , өндірістік кәсіпорындар қарекетінің дербес экономикалық суъектілері ретінде, нарыққа қатысушы басқа да шаруашылық бірліктерін қамтиды.

Менеджмент- бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі.

Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез- келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.

Белорусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент- бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана, жеңе білу қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Э.А. Уткин Менеджмент – бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджментің әлеуметтік- экономикалық механизмінің түрлі принциптері мен қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.

А.А. Радугиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасын қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент – бұл әрі өнер, әрі ғылым.

Бір анықтама екінші бір анықтаманы дамытады, өйткені олардың бәріне ортақ нәрсе- менеджмент – бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының жүйесі. Менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.

П. Друкер менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау деп түсіндіреді.

Менеджменттің түрлері:

Үкімет.Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

Мемлекеттік менеджмент.Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

Бизнес менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

Мемлекеттік меншіктегі менеджмент.Бизнес менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Менеджменттегі басты нәрсе- кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою.

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

- жоспарлау және болжау;

- ұйымдастыру;

- ынталандыру;

- бақылау.

Менеджмент әдістері –бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі.

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

-кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әректін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгі- ленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;

-ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;

-алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

Менеджмент әдістері –бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедурала- рының жүйесі.

Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей әдістер қолданылып, лоар ғылыми тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын шешімдер сапасын арттырады.

Біріншіден, ойын териясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.

Екіншіден, имитациялық модельдендіру тәсілі.Бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады.Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын модельдейді, бәсекелесінің кей кездегі экономикалық іс-әрекетінің экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, «бұтақты ағаш тәрізді шешімдер» тәсілі қолданылады. Бұл тәсілде мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.

Төртіншіден, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тәсілін қолдану.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі: өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті,инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б.

Қазіргі менеджмент олардың дәстүрлі, жүйелі және жағдайлық тұрғы- сын ескере отырып құралады.Мамандардың айтуынша, басқарудың дайын түрлері болған емес, яғни менеджменттің біркелкі моделі жоқ.