Лекцияға әдістемелік нұсқаулар. Осы лекцияны қарастыру барысында менеджменттің басқару түрі ретінде анықтамасына аса көңіл аудару керек

Осы лекцияны қарастыру барысында менеджменттің басқару түрі ретінде анықтамасына аса көңіл аудару керек. Менеджменттің мақсаттары мен мәселелерін қарастыру барысында оның құрылуының тарихи аспектілеріне, сонымен қатар, менеджменттің ғылыми дисциплина ретінде құрылуының стадияларына талдау жасау қажет.

Дебиеттер

1. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

2. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

3. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

4. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

5. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

6. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

7. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

8. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996

 

 

Тақырып 2 - Менеджмент эволюциясы

 

Мақсаты: Басқарудың даму тарихын хронологиялық тәртіпте қарастыру. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуының негізгі себептерін ашу. Менеджменттің қазіргі концепцияларының негізгі постулаттарын қарастыру.

 

1. Ғылыми басқару мектебі

2. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі

3. Адамгершілік қарым-қатынас мектебі

4. Бихевиористік мінез-құлық мектебі

 

1. Ғылыми басқару мектебі (1856-1920)

Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915) – “ғылыми менеджмент атасы”.

Басты еңбектері:“Фабриканы басқару” (1903), “Ғылыми менеджмент принциптері” (1911), “Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету”(1912).

Мектеп өкілдері:

• Ф.У.Тейлор

• Анри Файоль

• Г.Эмерсон

• Л.Урвик

• Макс Вебер

• Генри Форд

Ф.Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты:

  1. Нормалау
  2. Уақыт пен міндетті зерттеу
  3. Ұдайы сұрыптау және баулу
  4. Ақшалай ынталандыру

Тейлор концепцияларының негізгі қағидалары:

  1. Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыда зерттеу: басқаруда да көпір салу секілді асқан дәлдік керек.
  2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.
  3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу әкімшілік пен жұмысшыдар арасындағы ынтымақтастық.
  4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

ХХ ғасырдың 20 жылдары Тейлордың көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары: Генри Гантт, Фрек Б.Гилберт, Лилиан Гилберт, Хрейс Хеэуй, Сенфорт, Харригон, Эмерсон, Г.Форд және т.б.

Тейлор жұмысындағы басты қорытынды жүйе:Жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін және де осыған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру.

Г.Эмерсон - “өнімділіктің 12 принципінің” авторы

• Дәл тұжырымдалған мақсат

• Әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу

• Білікті кеңес беру

• Тәртіп

• Қызметкерлерге әділ төрелік

• Жедел, толық, сенімді және дәл, тұрақты есеп

• Диспетчерлік жұмыс

• Нормалар мен жұмыс кестелері

• Уақыт, күш қуат және өзіндік құнның үйлесімділігі

• Операциялар нормасы (уақытты белгілеу және кезекпен орындалу)

• Жазбаша стандартты нұсқаулар

• Еңбек өнімділігі үшін сыйлық ақы төлеу

 

Макс Вебер әр түрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш түрлі кезеңдерін ажыратады.

Харизматикалық- басшының ерекше ұйымдастырушылық қабілеті болған жағдайда пайда болады;

Дәстүрлі- жетекшінің орны табиғи түрде алмастырылып, ұжым мүшесі қалыптасқан дәстүрге сәйкес бұрынғы жетекшінің орнын басқан адамға бағынады;

Идеалдық (бюрократтық)- билікті арнайы бөлуге негізделеді де, ұйым басшысының жетекші болуы қамтамасыз етіледі

Г.Фордтың басқаруды ұйымдастырудың принциптері:

• Барлық өндіріс процесін дәл есептеу және жоспарлау

• Жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау

• Шикізаттарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу

• Өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру

• Өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру