Жанама әсер ету факторлары

Жанама әсер ету ортасы әдетте тікелей әсер ету ортасына қарағанда күрделірек болады. Басшылық бұл ортаны талдауда толық емес ақпаратқа негізделеді. Жанама әсер ететін негізгі факторларға: технология, эконосикалық жағдай, әлеуметтік – мәдени және саяси факторлар, жергілікті факторлар өзара байланыста жатады.

Технология бір жағынан ішкі айналымды, екінші жағынан сыртқы факторларға жатады. Жоғары деңгейлі технологиямен тікелей қызмет ететін ұйымдар жаңалықтарды өздігінен жасап, оларды шапшаң игеру қабілетіне ие болу керек.

Экономикалық жағдай. Экономиканың ахуалы барлық енгізетін ресурстар құны мен тұтынушылардың сатып алу қабілеттіліктеріне әсер етеді. Экономикалық жағдай ұйымға өз қажеттілігіне қажет капитал алу мүмкіндіктеріне үлкен ықпал тигізуі мүмкін. Бұл үкіметтің экономиканы салықтар, ақша массасын, пайыз ставкасын реттеу жолымен жүзеге асырылуымен байланысты (инфляция, жұмысбастылық деңгейі, халықаралық төлем балансы, салық ставкасы).

Әлеуметтік-мәдени фактор – құрамына өмірлік құндылықтар, дәстүрлер ережелер жатады. Мысалы, АҚШта контрактіге отыру үшін пара беру, бәсекелестерге кір келтіретін лақаптың таралуы заңға қарсы іс-әрекеттер деп саналады. Бұлай саналмағанның өзінде де бұл іс-әрекеттер этикалық емес алаяқтық деп танылады. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі үміті, қарым –қатынасы мен әдет – ғұрпы жатады.

Саяси фактор. Саяси жағдайдың кейбір аспектілері басшылар үшін ерекше мәнге ие болады. Олардың қатарында бизнеске деген әкімшіліктің, заң органдарының соттардың көзқарасы. Мұндай көзқарастар табыстарға салық салу, салық жеңілдіктерін белгілеу, тұтынушыларды қорғау туралы заңдылық, қауіпсіздік және қоршаған ортаның стандарттары, бағалар мен еңбекақыны бақылау өкіметтің іс-әрекетіне әсер етеді.

Бизнес пен кәсіпкер фирмалары жетекшілерінің саяси процеске белсене қатьысуы ұйым үшін мемлекеттік саясаттың маңызды екендігін көрсетеді. Басшы жергілікті органдардың, үкімет билігінің нормативтік құжаттарын, қаржыландыру үшін ұзақ мерзімге салынған кредиттерін, жұмысшы күшін жалдау жөніндегі шектеулерді және сауда алу мүмкіндігін, сондай - ақ басқа елдерге қарсы бағытталған немесе басқа елдермен жасалған тарифтік және сауда келісімдері қадағалуы тиіс. Үкімет іскерлік мәселелерге тұрақты және белсенді қатысатындықтан, ұйымдар саяси әрекетті мұқият қадағалуы тиіс.

Жергілікті халықпен қарым - қатынастар. Барлық ұйымдар үшін ұйым қызмет ететін жергілікті қауымдастықтың көзқарасы жанама әсер ету ортасының факторы ретінде бірінші дәрежелі мәнге ие болады. Әрбір қоғамда бизнеске қатысты нақты заңдылықтар мен ережелер болады. Көптеге ұйымдар өздері қызмет атқаратын қауымдастықтар мен жақсы қарым-қатынастарды сақтау үшін үлкен күш-жігер жұмсайды.

Орытынды

Фирманың ішкі мүмкіндіктерін игере алатындығын, ал сыртқы мүмкіндіктерді пайдалана білетіндігін, сондай-ақ өзіндегі әлсіз тұстарын айыра алуын анықтаудың маңызы зор. Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп - қатерді пайымдап, соған қарсы күні бұрын әрекет алады. Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжалдау уақытына, кездейсоқ жағдайда жоспар жасау уақытына қауіп - қатер төнген жағдайда күні бұрын ескерту уақытына және стратегияны белгілеу уақытына мүмкіндік береді.

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Осы лекцияны қарастыру барысында ұйымның ішкі және сыртқы ортасына аса көңіл аудару және де әсер ететін факторлардың сипаттарына назар аудару керек.

Дебиеттер

1. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

2. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

3. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

4. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

5. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

6. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

7. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

8. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996