Азақстан Халық Банкі» АҚ акционерлері үшін ақпараттық хабарлама

04.03.2016

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі 2016 жылы 22 сәуірде сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ., 109 «В», жиналыс залы мекенжайы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді деп хабарлайды.

Күн тәртібі:

1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2015 жылғы жылдық қаржы есептілігін бекіту.

3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на 2016-2018 жылдары аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.

4. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2015 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бір қарапайым акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту.

5. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы қызметі туралы есебін қарау.

6. «Қазақстан Халық Банкі» Директорлар кеңесі мүшесінің уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату.

7. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау және оның уәкілеттік мерзімін анықтау.

8. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның орналастырылған артықшылықты акцияларын және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарапайым акцияларына айырбасталымды артықшылықты акцияларын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарапайым акцияларына айырбастау, осындай айырбастаудың талаптары мен тәртібін анықтау.

9. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жарияланған қарапайым акцияларының санын арттыру және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның орналастырылмаған жарияланған артықшылықты акцияларының түрін өзгерту.

10. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту.

11. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту.

12. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту.

13. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында сатып алу барысында акциялардың құнын анықтау әдістемесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту.

14. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері сыйақысының мөлшері және құрамы туралы хабардар ету.

15. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің өтініш-шағымы және оларды қарастыру нәтижелері туралы мәселені қарау.

16. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ есептік комиссиясының сандық құрамы мен уәкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау.

Артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын беретін жағдайларды анықтайтын Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы заң») 13-бабы, 4-тармағының талаптарын басшылыққа ала отырып, осы арқылы, акционерлер - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның артықшылықты акцияларының және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарапайым акцияларына айырбасталымды артықшылықты акцияларының меншік иелері алдағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібінің сегізінші, оныншы және он үшінші мәселелері бойынша дауыс беруге қатысу құқығы бар деп хабарлаймыз.

Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлер тізімі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі 2016 жылғы 22 наурыздағы жағдайға сәйкес деректер негізінде жасалады.

Акционерлік қоғамдар туралы заңның 43-бабы, 1-тармағының қағидаларына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне ірі акционер (Банктің дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызы (жиынтық түрде) тиесілі бір акционер немесе өзара жасалған келісім негізінде әрекет етуші бірнеше акционер) немесе директорлар кеңесі толықтыру жасай алады, бұл жағдайда енгізілетін толықтыру туралы қоғам акционерлері жалпы жиналыс өткізілетін күннен кемінде он бес күн бұрын немесе Акционерлік қоғамдар туралы заңның 43-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен хабардар болуға тиіс.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерін акционерлердің жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу және оның күн тәртібі бойынша ақпаратпен және материалдармен мына телефондар арқылы танысуға болады: 8 (727) 259 07 77, 8-8000 8000 59.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталады (Алматы уақыты бойынша). Тіркеу сағат 10:45-те аяқталады (Алматы уақыты бойынша). Тіркеу акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін жерде жүргізіледі.

Акционердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек. Акционерлердің өкілдері сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынуға тиіс.

Заңды тұлға – акционерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабы, 5-тармағының бірінші бөлігіндегі талапқа сәйкес өз акционерлері (қатысушылары) тіркелген елге қатысты талаптың орындалуы туралы өтінішті тапсыруға тиіс. Өтініш нысаны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: http://www.halykbank.kz/.

Жиналым болмаған жағдайда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің қайталама жылдық жалпы жиналысы Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы, 109 «В», жиналыс-залы мекенжайы бойынша 2016 жылы 25 сәуірде сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша) өткізіледі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Директорлар кеңесі

 

Халық» Тобының 2016-2018 жж. кезеңге арналған негізгі стратегиялық даму мақсаттары АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен оның еншілес ұйымдары (бірлесіп – «Халық» Тобы) бүгінгі күні белсенді, қарқынды дамушы қаржылық топ, Қазақстан Республикасының қаржы қызметтерінің барлық негізгі нарықтарында байқалатын ойыншысы болып табылады. Топ өткен жылдары 2013-2015 жж. арналған корпоративтік стратегияны жүзеге асыру аясында көптеген жұмыс жасады – қаржылық жағдай едәуір күшейді, бизнес технологияланып, клиенттер үшін ыңғайлы болды, тұрақты ұзақ мерзімді өсу үшін негіз жасалды.

2013–2015 жж. кезеңіне Топ өз алдына шамданушылық мақсат қойды – қаржылық қызметтер нарығы сегменттерінің барлығында көшбасшылық орынды сақтау мен нығайту және соның нәтижесінде негізгі бәсекелестермен салыстырғанда бизнестің артықшылық берілген бағыттарында барынша жоғары өсім қарқынын сақтау.

2013-2015 жж. кезеңге арналған корпоративтік стратегияны жүзеге асыра отырып Топ бизнестің тиімділігін арттыру мен сапалы өсуіне назар аударды – таза табыстың тез өсуінің есебінен активтердің пайдалылығы мен капиталдың пайдалылығы ұлғайтылды, бұл ретте тәуекелдің құнын төмендету және пайыздық маржаны тұрақтандыру арқылы сапаны бақылап, сондай-ақ шығыстардың тиімділігін арттыра отырып. Банктің дамуының негізгі артықшылықтары ретінде 2013-2015 жж. кезеңге арналған корпоративтік стратегияның аясында анықталған мақсаттардың көбісі шешілген болатын.

Банк жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырды, NPL 90+ деңгейі мен резервілеу мөлшерлемесі төмендетілді (ҚЕХС), проблемалы кредиттермен жұмыс жөніндегі ҚАБҰ «Халық-Жоба» ОУСА арнаулы еншілес ұйымы өзін толық көрсете білді. Бүгінгі таңда кредиттік портфельдің сапасы ол жақсы провизияланғандықтан ешқандай қауіп тудырмайды.

Fitch Ratings және Standard&Poor’s агенттігінің Банк рейтингтерін көтеруі Топ үшін стратегиялық маңызды оқиға болды, бұл Топтың командасы жүзеге асырып отырған стратегияның тиімділігінің растамасы. Жоғары халықаралық рейтингтер сондай-ақ Қазақстан мен басқа елдердің қаржы нарықтарында жұмыс істейтін Банктің еншілес ұйымдарында бар.

2014 ж. бірегей мәміле жасалды – отандық банк ісінің тарихында алғаш рет қазақстандық банк ірі халықаралық HSBC Bank plc конгломератымен оның еншілес қазақстандық банкін сатып алу бойынша мәміле жасады, ол банк ребрендингтен кейін жаңа атау алды – «Altyn Bank» Акционерлік қоғамы («Қазақстан Халық Банкі» Ақ-ның Еншілес банкі).

Банк UnionPay International (UPI, Қытай) төлем жүйесімен бірлесіп Халық Банкінің Altyn жергілікті төлем жүйесі мен UnionPay халықаралық төлем жүйесінің брендтерін біріктірген бірегей ко-брендтік Altyn UnionPay және Altyn UnionPay Gold төлем карталарын шығару бойынша халықаралық жобаны іске қосты.

Халық Тобы – американдық қаржылық-экономикалық Forbes (Forbes Global 2000) журналы құрастырған әлемнің екі мың ірі көпшілік компаниялардың жыл сайынғы ауқымды рейтингісіне кірген жалғыз қазақстандық компания, 2015 жылы «Халық» бренді нарықтық капитализациясы 2,1 млрд., активтер 15,4 млрд., ақшалай түсім 1,7 млрд. және табысы 637 млн АҚШ долларымен 1608 орынға ие болды.

2013-2015 жж. кезеңге арналған корпоративтік стратегияны орындау барысында Топ болашаққа шамданушылық стратегиялық мақсаттарды сақтауға және жаңа стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруға Топтың назарын аударуға мүмкіндік беретін елеулі оң нәтижелерге қол жеткізді. Команданың сәтті жұмысының арқасында Топ 2014 ж. отандық қаржы секторының көлемінде таза табыстың теңдессіз көрсеткішіне – 114 млрд. аса теңгеге қол жеткізді. Осы нәтижеге негізгі үлесін «Халық» Тобының ұйытқысы болып табылатын Қазақстан Халық Банкісі қосты.

Сонымен қатар 2013-2015 жж. кезеңге арналған корпоративтік стратегия мақсаттарының кейбіреулері толық көлемде жүзеге асырылмады. Алдымен бұл бәсекелестердің агрессивті өсуінің аясында орташа бағаның құрылуын қолдану шешімімен шартталған, кредиттер мен салымдардың нарығында Банк үлесінің төмендеуіне қатысты.

Дегенмен 2013-2015 жж. кезеңге арналған корпоративтік стратегияның аясында іске асырылатын іс-шаралар әрі қарай өсу үшін мықты базаны қалады. Бүгінгі таңда күшті жақтарды қолдануды шектеуге мүмкіндігі бар қауіптерге қарамастан, Топта оларды қолдануда Топ жаңа стратегиялық мақсаттарға жету үшін назар аударуы тиіс, жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін қажетті артықшылықтар болады.

Топтың дамуының жаңа стратегиялық кезеңінің аясында әлсіз жақтарды өсу мен даму шектеуішінен жаңа мүмкіндіктерге ауыстыру, ал жаңа мүмкіндіктерді артықшылықтың көзі ету үшін, жаңа шақыруларға жауаптар табу қажет.

Бизнесті жүргізу моделін және оның бейімділігін ауыстыру арқылы, ең алдымен клиенттердің жоғары сервиске, қызмет көрсетудің ыңғайлы жағдайларына, жоғары технологиялық қаржылық қызметтер мен өнімдерге қол жетімділікке өскен талаптарын қанағаттандыруға Топ позицияларын қорғау мен жақсарту, Топтың 2016-2018 жж. кезеңде шешуі қажет мақсаттарының негізіне кірді.

 

Тендерлер RSS

Соңғы тендерлер

· 03.03.2016

2016 жылы 16 наурызда Бас банктің бөлме-жайлары мен аумағында кешендік жиыстыру бойынша қызметтер жеткізушісін таңдау бойынша ашық тендерді жүргізу туралы хабарлама

 

· 03.03.2016

2016 жылы 17 наурызда электрондық сауда-саттық жүйесі арқылы үздіксіз қуат көздерін сатып алуға ашық тендерді жүргізу туралы хабарлама

 

· 03.03.2016

2016 жылы 18 наурызда электрондық сауда-саттық жүйесі арқылы радиостанциялар толқынында жарнама уақытын, және де медиажоспарлау қызметтерін сатып алу бойынша ашық тендерді жүргізу туралы хабарлама

 

· 01.03.2016

2016 жылы 15 наурызда Банктің облыстық/өңірлік филиалдарының қызметкерлері үшін жеке қорғаныс құралдарын (бронежилеттер, бронешлемдер) сатып алу бойынша ашық тендерді жүргізу туралы хабарлама

 

· 22.02.2016

2016 жылғы 9 наурыз күні электрондық сауда-саттық жүйесі арқылы облыстық (өңірлік) филиалдар мен еншілес ұйымдар үшін банкнот есептегіштерді сатып алуға ашық тендер өткізілетіні туралы

 

· 22.02.2016

2016 жылғы 4 наурыз күні электрондық сауда-саттық жүйесі арқылы «Cisco» компаниясынан өндірілген жабдықтарды және жылдық техникалық қолдау қызметтерін сатып алуға ашық тендер өткізілетіні туралы

 

· 11.02.2016

2016 жылы 23 ақпанда Банк үшін дискілік массивтерді, оларды құрастыру және орнату бойынша жұмыстарды сатып алуға ашық тендерді жүргізу туралы хабарлама

Лауазым орындары

Ұжымда жұмыс істей алу, сергек көніл-күй және жұмысқа творчестволық баппен қарау - бұл Халық Банкінде жұмыс істегісі келетін талапкерлердің қасиеті.

Жұмыс шарттары:

· Жұмысқа алу тәртібі: Сынау мерзімімен/мерзімінсіз 1 жылдық мерзімге жұмыс келісімі.

· Жұмыс кестесі: 9:00-ден 18:00-ге дейін – дүйсенбі-жұма

· Демалыс: 26 календарлық күн.

· Лауазымдық жалақысы: жұмысқа қабылданатын сәттегі Банкте бекітілген еңбекақы төлеу схемасына сәйкес белгіленеді

· Оқу және біліктілігін арттыру мүмкіндігі

 

 

Әлеуметтік пакет:

· Банктің үлестік негізде қатысуы арқылы қызметкерді науқастану жағдайынан ерікті сақтандыру;

· Қызметкерлер өмірін сақтандыру;

· Қызметкердің жеке басына қатысты оқиғаларға байланысты материалдық көмек көрсету;

· Жеке басына қатысты оқиғаларға байланысты қосымша ақылы демалыс;

· Қызмет атқарған (еңбек сіңірген) жылдары үшін көтермелеу ақысы;

· Банктің өз ішінде және оның еншілес ұйымдары арасында қызметкердің басқа өңірге жұмысқа ауыстырылуына (қабылдануына) байланысты өтемақы төлеу;

· Қызметкердің жетістіктерін тану (мойындау) бағдарламасы;

· Корпоративтік іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу: