ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін ойындар арқылы дамыту

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да ПДТ оқушылар да сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды пайдаланудың, маңызы зор.ПДТ балалар үшін мектеп қабырғасында ең күрделі пән математика сабағы болып табылады.Ал осы ойынды математика сабағында қолдана отырып, ПДТ балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасай отырып,ПДТ балалардың ойлауына,танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Мысалы, ПДТ балаларды әр түрлі сабақтар барысында сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді.

Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланын жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі. Дайындық сыныптарда сауат ашу сабағында әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалар бірнеше ойын түрлерін ойнайды. Мысалы: «Сөз ойла,тез ойла», «Балықшы», «Сөйлемді жалғастыр», «Жоғалған буынды тап», «Кім тапқыр?», «Кім көп біледі?» т.б.

Бірнеше ойындар ойнатуға болады. «Сөз ойла, тез ойла» ойынында доп лақтырып ойнатылса, «Балықшы» ойынында аквариумнен балықты, магниттік кубиктерді қармақпен аулап (қармақ басында,балықтың астыңғы жағында магнит болады), сонымен балықты алып, ондағы сұраққа жауап беруге болады.

Ойын - тиімді тәсіл.

Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады.

Бүгінгі күн талабы –тек қалыпты балалар емес,сондай-ақ психикалық дамуы тежелген баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Д.Б.Элькониннің айтуы бойынша Балалық дәуір – мектепке дейінгі және кіші мектеп – балалық шақта бірімен-бірі тығыз байланысқан кезең. Шет елдерде балаларда бұл кезеңде (6-7 жас), тек жаңа психологиялық түзілулер пайда болып, дамудың қоғамдық жағдайы ғана өзгеріп қоймайды, сондай-ақ, әрекеттің жетекші түрлерінің ауысуы жүреді: ойын әрекеті, оқу әрекетіне орын береді. Бірақ, мектеп табалдырығын аттаған оқушылар, ойын ойнауды тоқтатуын білдермейді. Ойын олар үшін бұрынғыдай өзінің тартымдылығын жоғалтпайды, және өміршеңділігінде маңызды орын алады, ол біріншіден жаңа әрекет құрамын ойдағыдай игеретін формасы; екіншіден, психологялық жайлылықты қамтамасыз ететін және мектеп жағдайына бейімделуін жеңілдететін, тұлғалықтың эмоционалды тірегі; үшіншіден, қатарластарының ортасында мектеп оқушысының белсенділігі мен емін-еркінділігін байқататын, шығармашылық өз ойының элементі. (О.О.Газман, 1985).

Әрине, кіші мектеп оқушысы ойынының сипатында белгілі және маңызды өзгерістер жүреді: ойынның жетістігімен ойынның мәні өседі, ойын оқу әрекетіне бағына бастайды және т.б. (Л.С.Выготский, Л.Ф.Обухова,С.А.Шмаков, Д.Б.Эльконин).

Оқу және ойын ықыласы, барлық кіші мектеп жасында балаларда бейбіт түрде қатар өмір сүреді, «оқу мен ойын жау емес, біріне – бірі қарама – қарсы және келісілмеген қызығушылықтар мен мақсаттар – бұл, бірін-бірі өзара демейді және бір жолмен жүру керектігін табиғат көрсеткен достар», ол сол нақты шынайлылықпен дәлелденеді. Бастауыш мектеп оқушыларында ойын, мектепке дейінгілердегі сияқты, білім мен сезімнің әртүрлілігін ғана өткізбейді, сондай – ақ, олардың түзілуінде үрдістерді оңтайландыру мақсатында, мықты ойын ресурстарын қолдану үшін, үлкендерге кең мүмкіндіктерді ашатын, негізгі қажеттілік. (Н.П. Аникеева, 1987; Ю.П.Азаров, 1973; Ш.А.Амонашвили, 1988; М.Я.Басов, 1975; Л.С.Выготский, 1966; О.С.Газман, 1985,1989; П.Ф.Каптерев, 1999; А.Н.Леонтьев, 1983; С.А.Шмаков, 1994; Д.Б. Эльконин, 1978).

Қазіргі таңда, ғылыми-педагогикалық және әдістемедік әдебиеттерде, оқытушылардың ойлау ерекшеліктерін оқу іс – әрекетінде ойын элемменттерін қолдану арқылы дамытуға болатындығы дәлелденіп көрсетілген. Ойын элемменттерін оқу іс – әрекетіне енгізудің мәні зор. Өйткені ойын элементтерін қолдану арқылы бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балаларды сабаққа деген ынтасы мен жігерін, белсенділігін оятуға болады және ойын элементтерін қоладану олардың бойында ұйымшылдық, адамгершілік, ұқыптылық қасиеттерін тәриелеуге болады.

Қазіргі кезде бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне көптеген жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай - ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді әдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден - бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді.

Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар,бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушыларды танымдық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту ойындар мен ойлау ерекшеліктерін дамытатын ойындарды жатқызуға болады.

ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарында дене және психикасында кемшіліктері бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізу үшін ойын терапиясыбелсенді дами бастады.

Ойын терапиясы – күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл - күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым - қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру, іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деуге болады. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.

Заманауи сатыда, ойын терапиясы екі формада көрсетілген – бағытталған (дирекивті) және бағытталмаған (директивсіз) ойын терапиясы. Олардың айырмашылығы ойындық терапияның рөлі мен функциясында ерекшеленеді. Егер бағытталған терапия аясында, ол баламен бірге оның сезімін, эмоциясын, ойындармен әрекетін тұжырымдайды, яғни, балаға толық еркіндік беру нұсқасында, белсенді рөлді орындайды; ол ойында өз – өзін, өзінің құндылығын және жеткіліксіздіктерін таниды, өзінің қиындылықтары қамтиды және шиеленістерді жояды.

Сондай-ақ, ойындық коррекциялық әсерді ұйымдастырудың топтық және жеке формасын бөлу қабылданған. Әр нақты жағдайда, басқа және сол форманы қолдану туралы сұрақтары, балалардың тұлғалық және әлеуметтік дамуындағы жетекші мәселелерге байланысты шешіледі. Демек, топтық ойын тарапиясын жүргізу үшін негізгі көрсеткіш, қарым-қатынастың қиындықтары, тәртіп пен әрекетті ерікті реттеу, әлеуметтік инфантилизм, эмоционалдық мәселелер, фобиялық реакциялар (қорқыныштар) болып табылады.

Топтық ойын терапиясы, топтағы баланы жұмысқа дайындауда және өткір симптоматикасын түсіруді қамтаммасыз ететін, оның жеке формасын көрсетуі қажет. ( О.А. Карабанова, 1997; А.С.Спиваковская, 1980).

Сонымен қатар ПДТ балаларды дамытуда дидактикалық ойындырды да қолдануға болады.

Дидактикалық ойындар көп жоспарлы, күрделі, педагогикалық құбылыстарды өз алдына көрсетеді: ол бастауыш мектеп жастағы балаларды оқытудың ойындық әрекеті және оқу формасы, емін-еркін ойындық әрекеті, және баланың тұлғалылығын жан – жақты тәрбиелеу тәсілі болып табылады.

Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындар барысында психикалық дамуы тежелген балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларды оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда, түзете - дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады. «Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі - екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Сөз ойла - тез ойла», «Ойлан, тап», «Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық».

Дидактикалық ойындар, оқытудың ойындық әдісі секілді, екі түрде қарастырылады: ойын – сабақ және дидактикалық ойындар. Бірінші жағыдайда, жетекші рөл тәрбиешіге, логопедке, психологқа тиесілі, ол балаларда сабаққа қызығушылықты көтеру үшін, әр түрлі ойындық тәсілдерді қолданады, ойындық жағыдайды құрады, жарысу эдементтерін енгізеді және т.б. Ойындық әрекеттің әр түрлі компоненттерін қолдану, көрсеткіштермен, түсіндірулермен, нұсқалармен, сұрақтармен ұйқасады. Ойын - сабақтарының көмегімен, үлкендер көріністерді қалыптастырып, белгілі білімді беріп қана қоймайды, сонымен қатар, балаларды ойнауға үйретеді. Балалардың ойыны үшін, заттармен әр түрлі ойындық әрекеттер туралы, ойындық сюжетті құрастыру көріністерін қалыптастыруда негіз ретінде болады. Одан кейін, бұл білім мен көріністерді өзіндік, шығарашылық ойындарға, ойында оқытуға қарағанда, бала өмірінде біраз өлшенбейтін болуы мүмкін меншікті салмағын ауыстыру үшін құрылғаны маңызды. Сондықтанда, ойын – сабақтар әр түрлі ойындық тәсілдерді қолдану мен балаларды тура оқытуға жатады.

Дидактикалық ойындар, балаларды математикаға, ана тіліне оқытқан кезде, қоршаған әлеммен және табиғатпен танысуда, сенсорлы мәдениет пен сөздің дамуында қолданылады.

Дидактикалық ойындар психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын толтырады және белсендендіреді, дыбысты дұрыс шығару қалыптасады, байланысты сөйлеу дамиды, өз ойын дұрыс жеткізу, ойлау, зейін, ес дамиды.Дидактикалық ойындарды шартты түрде бірнеше сатыларға бөлуге болады. Әр біреуі үшін балалық белсенділіктің белгілі бір пайда болуы тән. Бұл сатылардағы білім, ойынның тиімділігін дұрыс бағалауға психолог үшін қажет.

Бірінші сатысы, балада ойнау, белсенді әрекет ету ниетінің пайда болуымен сипатталады. Ойынға қызығушылық тудыру мақсатының әр түрлі тәсілдері мүмкін: әңгімелесу, жұмбақтар, есептегіштер, ойынның ұнамдылығы жөнінде ескертпелер.Мысалы, тәрбиеші балаларға назар аударады: «Вова, осы ойынды ойнағың келедіме?»; «Балалар жаңа ойынды ойнағыларың келедіме?»; «Балалар естерің түсіріңдер, кеше біз қанай ойын ойнадық?». Дұрысы, ол «Спорттық тауарлар дүкені» деп аталады. Бүгін сол ойынды тағыдай ойнайық. Қатарластарымен ойнау ниетінің тәрбиесі – әлеуметтік белсенділікті қалыптастыруда маңызды кезеңі. Осылай, негізінде көптеген сапалар қалыптасатын ара қатынас дамиды: серіктестік, ауыз біршілік, өзара көмек және т.б.

Екіні сатыда, бала ойын ережесі мен әрекетін. Ойындық тапсырманы орындауға үйренеді.Бұл кезеңде, адалдық, нысаналық, табандылық, сәтсіздіктен жапа шегуді сезіну мүмкіншілігі, тек өзінің жетістігіне емес, сондай-ақ серіктестерінің жетістіктеріне қуану икемділігі секілді, осындай маңызды сапалар негізінде жинақталады.

Ойын үлкен және кіші мектеп оқушыларының өмірінде маңызды орынды алады. Ол балалардың біріккен әрекеті мен қарым-қатынас тәсілімен, балалық ағзаның қажеттілігінің табиғи жағдайы болып табылады. Ойын барлық психикалық үрдістер белсенді өтетін, оң эмоциональды бейнені құрайды. Ол баланың жеке мүмкіншіліктерін анықтайды, оның білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Психикалық дамуы тежелген балаларда, ойлаудың барлық формасының дамуында артта қалуы байқалады.Бұл арта қалушылық ойлау құрылымының барлық компоненттерінде пайда болады. ПДТ балаларда мектепке дейнгі жастың соңына дейін, арнайы көмексіз, көрнекi-бейнелi тапсырманы шешу мүмкіншлігі мүлде болмайды. Осындай тапсырмаларды шешуге ұмтылған кезде, оларда сөз бен әрекет арасындағы байланыстың болмауы пайда болады. ПДТ балаларда ойлау әрекетінің негізгі компоненттері арасында әлсіз өзара байланыс байқалады: әрекетпен, сөзбен және тәсілмен.

Дидактикалық ойындар бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларды оқытудың әдісі, оқыту формасы, баланың тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу тәсілі мен өзіндік ойын әрекетін оқыту әдісі болып табылады. ПДТ балалармен дидактикалық ойындар жолында, тәжірибиелік, балалардың өмірлік тәжірибесі және көрнекі-бейнелі ұсыныстар, сондай-ақ, сөздік сөйлеулерде бұл байланыстардың көрінісі, бұл тәжірибені бекітуші және оның нәтежиелерін жалпылаушы қалыптасулар жүреді.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – бастауыш мектеп жасындағы психикалық даму тежелген (ПДТ) балалардың ойлау әрекетінің ерекшеліктері мен сөздік-логикалық ойлау элементтерін қалыптастыруда мақсатты бағытталған коррекциялық жұмысты ұйымдастыру қажеттілігі болып табылады.

ПДТ балаларды оқыту өте қиын, өйткені олардың жоғары психикалық функциялардың қызметі бұзылған, эмоциональді-ерікті сфералары мен танымдық белсенділіктері дамымаған, қимыл - қозғалысы мен сөйлеу тілінде кемшіліктер байқалады. Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың көпшілігінде сөздік – логикалық ойлау операциялары толық қалыптаспаған. Ойлау әрекетінің дамуының артта қалуы ойлау операцияларының барлық компоненттерінде пайда болады, атап айтатын болса:

- ПДТ балаларда танымдық белсенділігі мен танымдық қызығушылығының жеткіліксіздігі байқалады;

- өзінің әрекетін жоспарлай алмайды;

- ойлау үрдістерінің динамикалылығының, серпімділігінің бұзылуы т.б. ПДТ балаларда ойлау әрекетін оңтайландыру, интеллектуалды белсенділікті реттеу, логикалық операциялардың дамуы және өз уақытылы қалыптасуы, мектепке дейінгі балалардың танымдылық ортасын сапалық түрде өзгертеді және әлеметтендіру мен мектептік оқыту үрдісінде білімді ойдағыдай меңгерудің алғышарттарын құрайды. ПДТ балаларда логикалық ортаның дамуы үрдісінің әдістемелік басқармасы, арнайы дамытқыш жұмыс ұйымдары кезінде жоғары тиімді болып табылады. Сабақты ойын формасында таңдау, дамудың жетекші күші ретінде әрекетті анықтайтын, коррекцияның әрекеттік қағидаттарына негізделген. Ойындық үрдіс ПДТ балалар үшін ерекше мәнге ие, себебі мектепке дейінгі балалардың ойынында, өздерінің әрекеттерінің нәтижелеріне танымдылық қызығушылықтың дамуы оңай жүреді, мәселелі тапсырманы орындау үрдісінде сөйлеу белсендендіреді. Бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөздік – логикалық ойлауын дамыту үшін мынандай ойындар жүргізіледі: «Ойыншық өзі туралы не айтады», «Барлық жағынан», «Жазылуы бойынша жауабын шеш», «Жартылай суреттер», «Дүкенде», «Кескінді суреттер» , мазайка, конструкторлы ойындар.

Түзете - дамыта оқыту сыныптарында сергіту ойындарын өткізудің маңызы зор. Олар - оқушылардың шаршамауына, демалуына әсер етеді.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын ұйымдастыру арқылы мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын.
Мұғалім оқушыларға түзете оқу - тәрбие үрдісінде түрлі ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиеттерін дамытып, психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.