ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін айнала әлемі сабағында ойындарды қолдану арқылы қалыптастыру


Тақырыбы:
"Нан қасиетті тағам"
Мақсаты
1.Оқушыларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру
"Ас атасы – нан"екенін түсіндіру,
2.Дүниетанымын, ой-өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін ояту және дамыту.
3.Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, сөзжұмбақ, тірек сөздер, кесте
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Психологиялық тренинг. "Жаңа күн"
Оқушыларды топқа бөлу.
"Нан – қасиетті тағам"
Тыңда ерлер түлетті
Тың адамды үйретті
Нан үшін олар тер төкті
- Нан қайдан шығады?
- Нан қандай болады?
- Білгілерің келе ме?
Ас атасы- нан деп айтуымыздың себебі нансыз адам өмір сүре алмайды. Нан бізге үлкен еңбектің арқасында келеді.
-Ендеше балалар наубайханаға саяхат жасап көрейік. Ең алдымен тұқымды көктемде жерге себеді. Ол егілген дәнді жаз бойы адамдар суарып, баптап күтеді. Уақыты келгенде өсіп өнген астықты жинап алады. Астықты жинау үшін комбайн қажет. Ол жиналған бидайды диірменге апарып тартады. Одан ұн шығарады. Ол ұнды наубайханаға апарып, нанның түрлерін пісіреді. Нанның түрлері өте көп және дәмді болады. Олар: тоқаш, торт, печенье, вафли т.б.
Нан өнімдерінің түрлері сан алуан. Көрдіңдер ме, балалар, нан қандай зор еңбекпен келеді.
«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»- деген мақал бар.
Кім? Не істейді?
1. Тракторшы
2. Диқаншы
3. Комбаиншы
4. Жүргізуші
5. Диірменші
6. Наубайшы
7. Дүкенші
Бұл көріністен біз нанды дайындаудың жолы өте ұзақ әрі қиын екенін білдік.
- Нанды дайындаудың жұмыс тәртіптері қандай? 6-слайд
- дән себу
- астық жинау
- диірменге әкелу
- нан пісіру
- егістікті күту
- ұн тарту
- дүкенге әкелу
- жер жырту
- элеваторға әкелу
- нан илеу, ашыту.

«Жалғастыр»ойыны.Нан сөзіне ары қарай сөздер жазу:

Тоқшы лық
Береке
Дәмі тәтті

 

 


Молшы лық

 


Қасиетті ас

 

Достық

 


ІІІ. Сергіту сәті.
Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайн,
Жүргізуге мен дайын.

IV.Сабақты бекіту.«Сөз ойла,тез ойла»ойыны.Балалар көп нүктенің орнына тез арада керекті сөздерді қойып,мақалды оқиды

1.Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – (нан)
2.Дастарханында наны жоқтың
Тамағының .... жоқ.(дәмі)
3.Нан болса, болады.(ән)
4.Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда ...(білесің)
5.Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса (баспаңдар)


V.Сабақты қорытындылау.
Жұмбақтар шешу.

1.Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.
(Бидай)

2.Асты-тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас.
(Таба нан)

«Артығын тап» ойыны


VI.Бағалау:Мақтап-мадақтау

Тақырыбы:Мен және менің отбасым
Мақсаты:
1.Отбасы туралы түсінігін кеңейту,отбасы мүшелерінің атауларын үйрету.
2.Танымдық,есте сақтау,ойлау,сөйлеу дағдыларын дамыту,отбасына деген қарым – қатынасты қалыптастыру,зейінін шоғырландыру.
3.Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке,үлкендерді құрметтеуге үйрету.
Көрнекіліктер:магниттік тақта,суреттер,сюжетті суреттер, пирамида, желім, отбасы мүшелерінің фото суреттері.
Сабақтың түрі:аралас,топтық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
Балалардың назарын сабаққа аудару,құрал-жабдықтарын дайындау
ІІ.Психологиялық дайындық:
Атамнан басталар, Бір туған ағам бар,
Әжемнен қосталар Бір туған апам бар...
Отбасым мынылар: Бәрін жақсы көремін,
Ең жақын адамдар- Еркелеймін,еремін!
Әкем мен анам бар,
ІV. «Нұрға бөлену»релакциялық ойын
Балалар бәріміз жайғасып отырып,көзімізді жұмып,өзіміздің отбасымызды,яғни тату тәтті жанұямызды көзіміздің алдына елестетейік. Бәріміз демалыс күні үйдеміз.Отбасы мүшелері түгел үлкен дастархан басында(ата,әке,ана,әже,іні,қарындас,әпке,сіңілі)деп ойлайық.Бәріміздің жүзімізде қуаныш,бір – бірімізге сүйіспеншілікпен,сыйластықпен қарайық. Біздің қуанышты сәтімізге ортақтас күн сәулесі де үй ішін жылы шуаққа бөлейді.Қандай тамаша,қандай қуанышты күн!
Ал, енді балалар,көзімізді жайлап ашып,өзіміздің ойымызды, жүрегімізді, сезімдерімізді бөлісейік.(Балалардың жауаптары сұралады).Ал енді бар ойымызды жинақтап,мына суретте кімдер бейнеленгенін атайық.Мысалы ,мынау ата,.........
- Сен анаңа кім боласың?(қызы,баласы)
- Ал,атаңа кім
боласың?(немере)

> «Менің отбасым» ойыны
Балалар пирамиданың дөңгелектерін кіргізе отырып,өз отбасы мүшелерін атайды.
Мынау менің атам
Мынау менің әжем
Мынау менің әкем
Мынау менің анам т.с.с.Ал балалар, отбасы мүшелеріңді біледі екенсіңдер, енді пирамида дөңгелектерін атап шығайық және түстерін атап кетейік.
V.Сергіту сәті:
Саусақ гимнастикасы
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық үшеуміз
Бас бармағым әкем
Балан үйрек анам
Ортан терек ағам
Шылдыр шүмек әпкем
Кішкентай бөбек мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

VI.Сабақты бекіту:«Кім не істейді»(суреттерді сәйкестендіру арқылы отбасы мүшелерінің іс-әрекеттерін көрсету).Әжем тоқыма тоқиды,інім ағаш отырғызды,анам тігін тігеді.

«Суретшінің қателігі»ойыны. Балалар тақтада ілулі тұрған суреттерден қателіктерді тауып,оларды өз орындарына сәйкестендіре білуі тиіс.

VII.Сабақты қорытындылау:«Асықпай ойлан»ойыны
Мақсаты –дыбыстық талдау жасау және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

· «Ата»сөзінің соңғы дыбысынан басталатын отбасы мүшесін ата (ана,аға,апа)

· Әке сөзінің бірінші дыбысынан басталатын отбасы мүшесін ата (әже,әпке)

· Сіңлі сөзінің екінші дыбысынан басталатын отбасы мүшесін ата(іні)

Жүректен жүрекке:
Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін ойлана отырып, білдіреді.
- Менің отбасым ең тату отбасы.
- Менің отбасы ең үлкен.
- мен атам мен әжемді жақсы көремін.
- Менің анам ең ақылды адам.
- Менің отбасым аман болсын.
- Менің отбасымда қуаныш көп болсын.
- Менің отбасым қонақжай.
- Менің отбасым көңілді.
- Менің отбасым мейірімді.
- Менің отбасым ең бақытты.
- Мен өз отбасымды жақсы көремін.
VIII.Бағалау:Мақтап-мадақтау

 

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»
Мақсаты:
1. Қазақстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар, өсімдіктер, құстарға тоқталып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру;
2.Табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар, «Қызыл кітап» туралы түсініктерін дамыту;
3.Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
Түрі: дәстүрлі
Типі: аралас
Көрнекілігі: интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, буклеттер, қима қағаздар
Әдіс–тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, баяндау, әңгімелеу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Салемдесіп,сыныпты сабаққа әзірлеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.
Қай жануар адамға пайдалы екенін сызбаға түсіргендерін тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
- Балалар, ендеше, мына сөзжұмбақты шешейік. Сөзжұмбақтың ортасындағы ерекшемен белгіленген сөзді оқиық. Қандай сөз шықты? (жануар)
Ендеше, бүгінгі сабағымыз өткен тарауда оқып, танысқан жануарларды қорғау туралы болмақ.

Өсімдіктер
Жабайы жануарлар
Үй жануарлары
Тақтадағы көрсетіліп тұрған суреттер қай топқа жатады?Ол үшін әрбірін «Өз ұяшығына орналастыр»ойынын ойнайық.

 

IV. Жаңа сабақ
Ребусты шешейік. Егер дұрыс шешсек, бүгінгі тақырыбымызға байланысты сөз шығады. Ребустың шешуі: «қызыл кітап»

қызыл түс нені білдіреді?
- Қызыл түс қауіп сақтанудың белгісі.
- Қызыл кітап не үшін керек деп ойлайсың? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).
- Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.
Шағын видео көрсету.

Сергіту сәті. Қызыл кітапқа енген жануарды естіген кезде қол шапалақтаймыз:жылқы,құлан,аю,дуадақ,ит,арқар,сиыр,аққу,түйе,барыс.

Дәптермен жұмыс. «Сыңарын тап ойыны»
Дәптерге Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді теріп жазамыз.Олардың алғашқы буындары берілген,қалған бөлігін табу керек:
Жануарлар: ақ+қу, дуа+дақ, құ+лан.
Өсімдіктер: шыр+ша, тау+сағыз, қыз+ғалдақ

V. Сабақты бекіту. Шығармашылық жұмыс:
Табиғатты сақтаңдар,
Құстарды атпаңдар.
Гүл жайнаған жерімді
Аялаңдар, сақтаңдар.

VI. Сабақты қорытындылау.
Табиғатты қорғау, оны сақтау туралы мақалдар, нақыл сөздер айту.
Мақалдар
«Бір тал кессен, он тал ек»
«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Жылап жүріп арық қазсаң,
Күліп жүріп су ішерсің»

Нақыл сөздер
«Туған жерге туыңды тік»
«Мың шыбық шаншып өсірсең -
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның -
Өзіңе қорған салғаның»

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!
Келешек сендердің қолдарыңда!»
VII. Үйге тапсырма:
Өсімдіктер мен жануарлардың “Қызыл кітабы” тақырыбын оқу
“Мен табиғат жанашырымын” тақырыбында сурет салу
VIII. Бағалау.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары.
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық:Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру.

3. Тәрбиелік:Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.

Сабақтың көрнекілігі:Әтеш, балапан, тауықтың суреттері, жұмыртқа, үнтаспа.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу!
Мұғалім: - Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім: Үш топқа құрастырғыш қағаздар таратылады.
- Балалар, сендер нені құрастырдыңдар?
Яғни балалар, білгендерін атап өтеді.
Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй құстары»
Мұғалім: Балалар үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық балапан, қаз, үйрек,күркетауық ( суреттерін тақтаға іле отырып атау).
Үй құстарының барлығына сипаттама беріп таныстырып, бір-бірімен салыстыра отырып оқушыларға таныстырады.
Оқушылар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды.Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
Мұғалім: - Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін - ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)
Мұғалім: - Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме? Жұмыртқадан шыққан -

балапан жылап тұр екен.

- Балапан, сен неге жылап тұрсың?

Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.

- Балапан адасып қалыпты оның мамасы ким?

- Оның анасы тауықты шақырады, Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт!
Тауық: - Балалар, не болды, менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге көп рахмет.

Мұғалім: - Тауық, біз балалармен сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік. Тауық: - Рахмет, балалар! Менің балапанымның қарны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып беріңдерші.
Мұғалім: - Тауық бізде жем де, тары да бар. Бірақ менің тапсырмаларымды орындасаң ғана беремін.
Тауық: - Ендеше, балалар, сендер маған көмектесіңдерші.
Балалар: Жарайды, көмектесейік.
1 - тапсырма: Жұмбақ шешу.
Басында айдары бар,
Иегінде сақалы бар. (Әтеш)
2 – тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?
(қаз, тауық, әтеш, үйрек)
Тауық: - Балалар, сендер маған көп көмектестіңдер.

Рахмет, енді мен сендермен қоштасайын.

(Тауық балапанын алып кетіп қалады)

Мұғалім: - Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.
құстарға ұқсап қимыл жасайықшы.
Сергіту сәті:Үнтаспадан «Құстар әні» орындалады.
Дидактикалық ойын: «Анасын тап»
Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп беру. Балалар анасын балапанымен жұптастырады.

Мұғалім: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалар: - Қаз, тауық, үйрек,күркетауық.

Мұғалім: - Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?
Балалар: - Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.

Мұғалім: - Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!
Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығымыз өте жақсы қатыстық.
Мадақтау: (жұлдызшалар тарату)

Үй тапсырмасы:

 

Сабақтың тақырыбы: Дала құстары
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жалпы құстарға деген қызығушылығын, белсенділігін, білім деңгейі, ой-өрісін дамыту.

Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой-өрісін кеңейту. Танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Туған жер табиғатын аялауға, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, саусақ жаттығулары, құстар дыбысы
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу ,оқушыларды түгелдеу.Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Уйге берген тапсырманы сұрап бағалау: ?
- Үй құстарын атап бер?
- Олардың қандай пайдасы бар?
Жаңа сабақ :
Құстардың түрі өте көп. Олардың біз үлкен екі топқа бөлеміз?
1.Жабайы құстар
2.Үй құстары.
Жабайы құстар –табиғатта өз алдына тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп .Олар табиғаттың байлығы ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады.Құстар бір орныда тұрмайды.Олардың бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді.Барлық құстарға ортақ қасиет-ұшады,қанаттары , мамықтары ,тұмсықтары болады.Олар жұмыртқалайды,балапан басады.
Құстардың тұмсығы қоректену ерекшелігіне қарай түрліше болады.Мысалы:бүркіттің тұмсығы өткір,қатты болады.Себебі, олар түрлі тышқандармен, ұсақ жануарлармен қоректенеді.Өсімдік дәндерімен, жемістермен қоректенетін құстардың тұмсығы үшкір, жерден іліп алуға икемді болады. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Кейбір құстарды құсбегі аталарымыз аң аулауға пайдаланған. Құстар көктемде жылы жақтан келеді. Жылы жақ Африка, Оңтүстік. Ең алдымен тырна келеді. Сосын су құстары, қарлығаш. Оларды жыл құстары дейміз. Бұлардың көктемгі тіршілігіндегі ерекшелігі туған жерге оралуы, ұрпақ қамы, ұя салуы, жұмыртқа салып, балапан шығаруы.
Қай құс қалай дыбыстайды, соны табыңдар(ауызша)
Қарға шырылдайды.
Сауысқан сайрайды.
Торғай қарқылдайды.
Бұлбұл шаңқылдайды.
Бүркіт шықылықтайды.

Саусақ жаттығуы:«Құстар қанат қағады»

Балалар, барлығымыз қолымызды үшбұрыштап жоғары ұстаймыз. Біз құстарға ұя саламыз, құс ұядан басын шығарып жан - жағына қарайды.(Қосылған алақандарын жан - жаққа бұрады.) Құстың ұшқысы келді,(алақандарын ашады, алақандарын қимылдатады) ұша алмады, құс ұшу үшін қанаттарын жаттықтырды. Алақанымызды өзімізге қаратып жайып, ашып - жұмайық, бір, екі, үш, кері қарай санаймыз үш, екі, бір. Енді, басбармағымызды қозғалтайық. Алақанымызды өзімізге қаратып жайып, екі басбармақты айқастырамыз. Алақанымызды құс қанатын қаққан секілді қозғалыстар жасаймыз. (Бірнеше рет қайталау)


Жұмбақ шешу ойыны.
«Ұшты-ұшты» ойыны
Ұшты-ұшты, қарға ұшты.
Ұшты-ұшты, арба ұшты.
Ұшты-ұшты, үйрек ұшты,
Ұшты-ұшты, бүйрек ұшты.
Ұшты-ұшты, қыран ұшты,
Ұшты-ұшты, жылан ұшты.
Ұшты-ұшты, қарлығаш ұшты,
Ұшты-ұшты, қарындаш ұшты.
Ұшты-ұшты бүркіт ұшты,
Ұшты-ұшты іркіт ұшты.
Ойын: «Қанатты достарымыз»
Тақтаға аққу, үкі, қарға, торғай, қарлығаш, көгершін, суреті ілінеді. Балалар таңдаған құсы туралы әңгіме құрастырады.

Тиым сөздер
1.Құстың ұясын бұзба,
Жұмыртқасын жарма.
2.Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.
3.Аққуды атпа.

Ойын: « Екі бірдей құсты тап ойыны»

Сипаттама: Балаға суретте екі бірдей құстарды табу ұсынады

 

 


Қорыту:Балалар сендер ойынға өте жақсы қатыстыңдар. Біз бүгін түрлі ойындар ойнап,қарлығаш,шымшық,аққу,қарға үкі туралы біліп, олардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін ажырата білдік. Енді біз барлығымыз құстарға қамқор болып жүрейік. Құстар біздің досымыз.
Мадақтау:

 

Тақырыбы:«Балаларға көлік түрлері туралы түсінік беру»

Мақсаты:

1.Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде,суда,әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету;

2.Көлік бөлшектерін ажырата білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ұғындыру;

3.Ойлау қабілетін,қиялын жетілдіру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Әдіс – тәсілі:түсіндіру, сқрақ – жауап, саяхат, ойын.

Көрнекілігі: тақырып мазмұнына байланысты суреттер, компьютер.

Пән аралық байланыс: тіл дамыту,математика,құрастыру,сурет

Сабақ барысы:

І. Мотивациялық қозғаушы (шаттық шеңбері)

Ауадан қуат алайық (алу)

Алақанға салайық (салу)

Жерден нәр алайық (алу)

Алақанға салайық (салу)

Күннен шуақ алайық (алу)

Алақанға салайық (салу)

Күн шуағын бір – бірімізге сыйлайық (алақандарына үрлеу)

 

ІІ. Ұйымдастырушы – ізденушілік.

Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?

Балаларға ерте заманғы көлліктер туралы қысқаша түсінік беру. Слайд бойынша әңгімелеу (1,2,3,4 слайдтар).

Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған.Атқа, түйеге, өгізге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.

 

Балаларды оқу іс – әрекетінің тақырыбымен таныстыру. Балалар қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында көлік түрлері өте көп.

Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді. Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т.б жатады (5 слайд).

Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады ( 6 слайд).

 

Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран жатады ( 7 слайд).

Тосын сәт: «Телефон шырылдайды».

Телефонмен сөйлесіп, балаларға қонжықтың қиын жағдайға тап болғанын, оған көмек керек екенін айту.

- Балалар қонжыққа көмектесеміз бе?

- Ол үшін алдымен барар жолды қарайық.

 

«Машинаны гаражга кіргіз» ойыны Балалар, қараңдаршы пойыз жолға машиналар кептеліп қалыпты. Оларды гаражына апарайық. Гаражға түстес машиналарды гаражға әкелу (түстерді сәйкестендіру).

Тапсырма: «Суретті толықтыр ойыны»

Қонжық: Балалар енді сендер менің бір өтінішімді орындаңдаршы.Мен сүйікті ойыншықтарымды сындырып алдым, соларды жөндеуге көмектесіңдерші (8 слайдта екі бөлікке бөлінген ойыншық мотоцикл, жүк машинасы, тікұшақ суреттерінің жетіспейтін бөліктерін құрастырып, бүтіннен бөлшек құрайды).

- Рахмет сендерге балалар! (қонжық кетеді).

 

Сергіту сәті:

Қане, кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық,

Пш-пш жүреміз,

Астанаға кетеміз.

 

Дидактикалық ойын «Не қайда жүреді»

Слайд арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Сұрақ – жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс-әрекетінде алған білімдерін бекіту. Слайд арқылы жер,су,әуе көліктері туралы білімдерін бекіту.

ІV.Бағалау

Балаларды шеңберге тұрғызып, оқу іс-әрекетіне белсене араласқан балаларды мадақтап, мақтау.

 

 

Пәні: Айналадағы әлем

Сабақтың тақырыбы:«Жемістер»

Сабақтың мақсаты:

1.Өткен сабақта өткен көкеністер туралы білімдерін кеңейту, жемістер тақырыбымен таныстыру.Көкөністер мен жемістердің айырмашылығы мен пайдасын түсіндіру;

2.Табиғатты қорғауға, оның әсемдігін,әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.Ұқыптылыққа, зейінділікке баулу;

3.Сөздерді дұрыс және анық айтуға жаттықтыру.Сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету.Жемістерден көкөністерді ажырата білуге,заттарды салыстыра білуге дағдыландыру,есту,көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Көрнекіліктер:ағаш,аула,бақша суреттері ,жемістер мен көкөністердің суреттері

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,ойын жаттығулар,сұрақ-жауап

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды таңымыз,

Жарқырайды даламыз.

Салеметсіздер ме!

Оқушылармен сәлемдесіп, орындарына отырғызу. Оқушыларды түгелдеу.

- Қане балалар бүгін қандай күн?

- Қазір қандай мезгіл?

ІІ.Үй жұмысы өткен сабақтарды еске түсіру. Өздерің жақсы көретін көкөністердің суретін салу және оларды сипаттап келу.

ІІІ.Жаңа сабақ: «Жемістер»

Алма,алмұрт,шие,апельсин,өрік - бұлар жемістер. Олар ағашта өседі.Жемістердің адамға тигізер пайдасы зор.Олардың құрамында адам ағзасына керекті дәрумендер болады. Біз жемістерді пайдалану арқылы өзімізге күш – қуат аламыз.Жемістерді кептіріп,қақ жасауға болады, әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды (Суреттері көрсетемін). Жемістер жақсы өсіп мол өнім беру үшін, адамдар жеміс ағаштарын күтеді. Балалар айтыңдаршы сендердің үйлеріңде қандай жеміс ағаштары өседі?

Балаларға әр жемісті түсіндіру арқылы олардың түсін, пішінін және көкөністерден айырмашылығын айтып отырам.

Балалардың «Жемістер» тақырыбын қаншалықты дәрежеде меңгергенін анықтау үшін «Ретімен қой»ойынын ойнатамын.

Балалар «Ғажайып дорбадан» алынған жемістер мен көкөністерді ретімен қойып санайды. «Сол» жаққа жемістерді, «Оң» жаққа көкөністерді жинайды.Балалар жемістер мен көкөністерді санап, түрі мен түсін салыстырады.

V.Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.



1187;ға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.