Жайық өзендегі бекіре балықтардың азаюы

Жайықтың балық байлығы – Атырау өңірінің ғасырлар бойы негізгі

табиғи қоры. Қызыл балықтың кейбір түрлері осы Каспий – Жайық – Еділ алабынан басқа жер шарының өзге еш жерінде кездеспейді.

Қызыл балықтардың өсуіне, оның қорының сақтауына «браконьерлер» (зиянкес балықшылар) өте үлкен кесел келтіруде. Қызыл балық көтерілетін Жайық суының бойында, теңіз жағалық өңірінде қыл тұзақ, қармақпен қаруланған, тіпті моторлы қайық мінген зиянкестер базалы балықты тонналап ұстауда. Балық қорғау инспекцияларының бақылау шаралары бұл әрекетке тосқауыл қоя алмай отыр. Өте құнды кәсіптік маңызы бар қызыл -балықтың 70-80% осында ауланады. Мысалы, 1977 жылы 10,4 мың тонна қызыл балық (бекіре, шоқыр, пілмай, т.б.) ауланды. Бұл бүкіл дүние жүзі бойынша ауланған осы балықтардың 38 % - іне тең еді. Ал қазіргі кезде қызыл балықтың қоры тағы да азайып, 1996 жылы тек бір мың тонна мөлшерінде ғана ауланды. 2003 жылы 6 мың тонна балық ауланды. Балықтың осынша азаюының негізі себебі – Жайық өзені суының төмендеуі және оның түрлі қоспалармен ластануының негізінде Жайық өзенін мекендейтін қызыл балықтардың арасына аурудың пайда болуы.

1999 жылдан бастап теңіздің балық мекендейтін тайыз ең құнарлы жеріне бұрғы түсті. Күн сайын оңдаған кеме теңіз бетін тілгілеп жанармай, мұнай скважиналары зиянды қалдықтармен теңіз суын ластануда. Нәтижесінде қоршаған ортаның табиғи жағдайы айтарлықтай бұзылып отыр. Мысалы, атмосфера, теңіз табаны, фитозоопланктон, ихтиофауна, су жәндіктері, құстар мен итбалықтар физикалық және химиялық өзгерістерге ұшырауда. Теңізден мұнай өндірудің қаншылықты зиян келтіріп отырғаның біздің облыстық табиғат қорғау мекемелері шын мәнінде дәлелдей алмай отыр. Ұзындығы жағынан Еділ мен Дунайдан кейінгі үшінші орынды иемденетін сулы да нулы Жайық өзенінің ең байлығы сарқылып, экожүйесі жылдан жылға нашарлап барады. Бүгінде Жайықтың мақтанышына айналған бекіресі жойылып, тайдай тулаған жайыны мен шортаны, сазаны мен көксеркесі де азайып қалған. Бұл өзен шамадан тыс ластануынан және экологиялық органдардың жиі реформалауға ұшырауынан туындаған жағдай. Жалпы өзен жағалауын жайлаған балықшылардың айтуынша балықтың азаюына бірден – бір басты себеп. Ол Жайықтың және Еділ сағаларының Каспий теңізіне құяр сағасы бітеліп, Жайыққа басқа да өзендердің бойына балықтардың еркін кіруіне кедергі жасауы. Су тайыздаған соң үйір – үйірмен уылдырық шашуға тұщы суға ағылатын бағалы балықтар да бұл күнде Жайыққа, Қиғаш пен Шаған өзендеріне кіруді азайтқан. Бағалы қызыл балықтар енді теңіз жағасындағы тұщы да тайыз суларды мекендеуге, сол жерлерге уылдырық шашуға бет алған. Ал ол жерлерде енді мұнай мұнаралары көптеп бой көтеріп, олардың тыныш жүзіп уылдырық шашуына бөгет жасауда. Сонымен қатар қысты күндері судағы мұздың қалың болып қатуы салдарынан балықтарда оттегі алмасу нашар жүреді екен. Бұл де балықтардың азаюына себепші. Судың лайлылығы өте маңызды көрсеткіш. Әсіресе, көктемде балық уылдырық шашқан кезде. Көп мөлшерде уытты емес заттардың – топырақ, құм, слюда, темір тотығының су көзіне түсуі өте үлкен зиян келтіруі мүмкін. Жұзгіндер судың лайлылығын көбейтіп, күн көзі сәулесінің төреңдікке түсуін төмендетеді. Бұл фотосинтез құбылысын нашарлатып, алғашқы өнімнің төмендеуіне және оттегінің тапшылығына әкеледі. Су көзі тұнбаларының көбеюі, су шашылған уылдырықтың тұншығып өлуіне себеп болады. Ал бекіре – өте көне балық. Оның пайда болғанына 100 млн астам уақыт өткен. Дегенмен Жайықтың қазіргі апатты жағдайы осы өзендегі бекіре балығының құрып кету қаупін төндіріп тұр. Бұған заңсыз балық аулаушылардың шектен шыққан ерескел қылықтарын қосыңыз. Осы іспен айналысып жүрген белгілі мамандардың айтуынша, аулашылардың кесірінен қазір Жайықта 7 еркек бекіре балығына 1 аналық бекіре балығы қалыпты. Аналық балықты уылдырығына бола ұстайды екен. Бекіре балығының дамуына, өсіп – өнуіне басты тосқауылдар мыналар уылдырық шашатын аналық балықтардың жағдайының күрт төмендеуі, өзен ағасының өзгеруі, суының азаюы.

Бекіре балық түрлерінің ихтиофаунаның биологиялық бірегейлігін өскере отырып, Каспий теңізінің қазақстандық солтүстік бөлігі акваториясы, Жайық және Қиғаш өзендерінің дельталары қорық ретінде жарияланды. Негізгі мақсат – бекіре балықтарын және олардың уылдырық шашатын орындарын қорғау болып табылады. Егер өзеннің экожүйесін қалпына келтіру мен бекіре балықтарын жасанды жолмен көбейту жұмыстары жүзеге асырылса, Жайық бұрынғы солтүстік жартышардың ең балыпты өзені атағына қайта иемденер еді.

Бір қуантарлығы, біздің өңірімізде ғылыми – зерттеу институты ашылды. Қазір мұнда 200 – ге тарта балық өсірілуде. Бірақ әр шабақты есепке алған ғалымдар бұл санды да аздық ететінін айтады. Қазір мұнда бекіре тұқымының бірнеше түрі өсіріледі. Мақсат белгілі олардың тіршілігіне тыңғылықты зерттеу.

Сипаттама Жылдар
  2003-2007
Су тасқыны басталған күні 5.04 15.04 2.04 5.04 27.03 14.04
Орал су орны бойынша судың максимальды деңгейі, см
Толқынның көтерілу ұзақтығы, тәуліктер 2.06 15.05 18.05 1.06 15.06 22.05
Су тасқынының ұзақтығы, күндер
Жылдық ағын, м3 10,7 8,5 12,5 8,4 8,6
Уылдырық шашу температурасының басталған күні 26.04 6.05 3.05 26.04 17.04 25.04
Мұз қату күні 10.12 2.12 6.12 26.11 22.11 -
Мұз қалыңдығы, см -
Мұзды жару күні 29.02 1.04 23-25.02 1.03 22.02 -
Мұз қату ұзақтылығы, күндер 75-77
Бекіре шабақтары саны, дана
Бекіренің жалпы саны, мың. дана 60.5(1) 79.1 81.4 82.4 109.6 110.3

Сурет-4