Денсаулық сақтау жүйесіндегі әкімшілік үрдістің маңыздылығы және негізгі элементтері

Денсаулық сақтау жүйесі деп түрлі денсаулық мекемелері арқылы тұрғындарға медициналы-санитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін жүйені айтамыз. (сурет 1)

Басты басқарушы орын ретінде денсаулық сақтау министрлігі мыналарды орындайды:

- денсаулық жүйесіндегі барлық емдеу-алдыналу мекемелерінің дұрыс жұмыс істеп, олардың өркендеуін қамтамасыз ету;

- бірегей денсаулық сақтау жүйесі аясында олардың қызметін үйлестіру;

- төтенше жағдай болып қалғанда жедел шаралар қолдануды қамтамасыз ету;

- тиісті басқару орындарының қарауына сала аралық сипаттағы бағдарламалар мен олардың шешу жолдарын жасап, ұсыну;

- тұрғындардың денсаулық жағдайын зерделеп, оны жақсарту шаралары жасап, оларды іске асыру;

- тұрғындарға Ата заңда көрсетілген медициналық көмек көрсету көлемін олардың қолы жететіндей және кепілдеиген түрде қамтамасыз ету;

- жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын үйлестіріп, оларды іске асыру;

- саланың келешеклегі жағдайын жоспарлауды іске асыру.

Емдеу-алдыналу мекемелері (ЕАМ) барлық тұрғындарға қызмет көрсетеді. Олар диагностикалық және кеңестік көмек беріп, әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстарымен айналысады.

«Әкімшілік үрдіс» атауы жөнінде арнайы тоқталып кеткен дұрыс, себебі ол әртүрлі мамандармен барынша жиі де төтенше жағдайларда қолданылғанымен, бір беткей қабылдана бермейді. Әкімшілік үрдіс – алдына қойған міндеттер мен мақсаттарына жетуде жекеленген құрылымдық бөлімдер арқылы іс жұзінде бекітілген технологиялар мен әдіс-амалдардың өз ретінде күнделікті атқарылатын бірегей ұйымдар (мекемелер) жүйесінің шаралар жиынтығы.

Денсаулық сақтау жүйесінде әкімшілік үрдісті құрайтын қызмет түрлерінің тізімін жалпы түрде мынаған келтіруге болады:

- медициналық мекемелер түрлеріне байланысты емдеу-алдыналу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;

- кадрлармен жұмыс істеу;

- жоспарлау-экономикалық және қаржылық жұмыстар;

- тұрғындарды аруханаларға жатқызуды және емдеу-диагностикалық үдерісті ұйымдастыру;

- санитарлы-эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық тәртіпті өткізу және оны ұйымдастыру;

- шаруашылық жұмыстарды ұйымдастыру;

- ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Медицина мекемелерінде әкімшілік үрдіс аясында басқару жұмыстарының негізгі бағыттарын мынадан байқауға болады (1-ші кесте):

1-ші кесте

Медицина мекемелерінде басқару жұмыстарының негізгі бағыттары

Мекеме қызметін Адамдарды Сыртқы мекемелермен байланысты Басшы-лықты жетілдіру жолын
басқару жұмыстары:
жоспарлауды бірге қызмет жасауды билік құрамдарымен жұмыс істеу мекеме қызметін
мәселе қоюды кадр саясатын әріптестермен жұмыс істеу адамдармен
жұмысты өлшеу жүйесін оқытуды ұсынушылармен жұмыс істеу байланыс түрлерін
бақылауды ақпараттандыруды бағынышты қырамдармен  
  уәждемені қоғамдық ұйымдармен  

Көрсетілген бағыттардағы жұмыстарды үйлестіру үшін ҚР денсаулық сақтаудағы басқару ісін жетілдіре отырып, менедқе ментке басты назар аудару қажет.

 

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1. Денсаулық сақтаудағы ұйымдастырудың экономикалық үлгілерінің ерекше айырмашылықтарын сипатта. ҚР денсаулық сақтау жүйесі тәжірибесінде осы экономикалық үлгілердің құрамдық элементтерін анықта.

2. Денсаулық сақтаудағы әкімшілік үрдістің мазмұны жөніндегі түсінікті атап көпсет.

3. «Әкімшілік үрдіс» пен «басқару үрдісі» түсініктері арасы қалай байланысады?