Емдеу-профилактикалық көмекті поликлиникада және диспансерде ұйымдастыру
Поликлиника – бұл келген ауруларға, сондай-ақ үйдегі ауруларға медициналық көмек көрсететін емдік-алдыналу мекемесі (ЕАМ). Тізім бойнша поликлиникалар үшке бөлінеді:
1) Ұйымдастыру жұмыстары жағынан – стационармен біріккен және бірікпеген (дербес) болып.
2) Аймақтық жағынан – қалалық және ауылдық болып.
3) Бейіні бойынша – ересектерге немесе балаларға қызмет жасайтын жалпы поликлиника, стоматологиялық, кеңестік-диагностикалық, физиотерапялық, емсаялық (курорттық) болып.
Поликлиникалардың негізгі құрамдық бөлімшелері:
· Анықтамалық стөлі бар тіркеу орны;
· Алдыналу бөлімі.
· Емдеу бөлімшелері: бөлімдер (терапиялық, хирургиялық, неврологиялық, тағы басқалар.), кабинеттер (кардиологиялық, ревматологиялық, эндокринологиялық, тағы басқалар), ісшаралық кабинет.
· көмекші-диагностикалық бөлімшелер: рентгенологиялық бөлім (кабинет), қызметтік диагностика бөлімі (кабинеті), есеп-қисап және медициналық статистика кабинеті, әкімшілік-шаруа бөлімі, тағы басқалар.
Басшылардың шешімімен поликлиникада басқа да бөлімшелер, оның ішінде ақылы медициналық қызмет көрсететін және шаруашылық есептегі бөлімшелер: денсаулық орталықтары, әдеттегі емес емдеу әдістері бөлімі, тағы басқаларды ашуға болады.
Қалалық поликлиника өзінің жұмысын үлескілік-аймақтық қағидамен – ауданда тұратын тұрғындарға амбулаториялы-поликлиникалық және цехтық (өндірістік) қағидамен – кәсіплрындарда, құрылыс орнындарында және көлік мекелерінде тіркелгендерге көмек көрсетеді.
Аймақтық терапиялық үлестің көлемі тұрғындар санымен есептегенде бүгін 1700 адам, цехтік – 1600.
Поликлиниканың мақсаты – қызмет көрсететін тұрғындардың денсаулығын сақтау және бекіту.
Поликлиниканың негізгі міндеттері:
1. Тұрғындарға білікті де мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
2. Бірінші және шұғыл көмек көрсету.
3. Ауршаңдықты алдын ала ескерту және азайту шараларын жүргізу.
4. Ерте анықталған науқасі.
5. Сау және ауру жандарды диспансеризациялау.
6. Тұрғынды санитарлы-гигиеникалық тұрғыда тәрбиелеу жұмысын белсенді жүргізу.
Поликлиникада мынадай шұғыл-еспетік құжатнамалар жүргізіледі:
· «Амбулаториялы аурудың медициналық картасы».
· «Амбулаториялы, стационарлы аурудың медициналық картасының көшірмесі».
· «Қорытынды (анықталған) диагнозды тіркеуге қажет статистикалық талоны».
· «Дәрігерге қаралуға қажет талон».
· «Дәрігерді үйге шақыруды жазатын кітап».
· «Поликлиника (амбулатория), диспансердің, консультация дәрігерінің күнделігі»
· «Диспансерлік бақылаудың тексеру картасы».
· «Мезгілмен қаралып тұруға жататындар картасы».
· «Мақсатты медициналық қаралып тұруға жатаындар тізімі».
· «Еңбекке жарамсыздық парағы».
· Рецепт (ересекке; балаларға; есірткісі бар дәрі-дәрмек алуға; құнының 50%, 20% төлейтін дәрі-дәрмек алуға) және басқалары.
Поликлиника жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып: тұрғындардың науқастылығы, дәрігердің жүктемесі, үлескерлік, тұрғындарды медициналық қараумен қамту, ауруларды диспансеризациямен қамту, диспансерлік есепке уақытылы алу, диспансеризация тиімділігі (арудың асқынуының болуы немесе болмауы, ЗВУТ қарқындылық көрсеткіші, диспансерлік есепте тұрған аурулардың мүгедектікке шықан көрсеткіші, денсаулықтарының өзгеруі – сауығып кеткендердің, жақсарғандарды, өзгеріссіздердің, нашарлап кеткендердің, қайтыс болғандардың үлесі).
Поликлиникада тіркеу жұмыстарын ұйымдастыыру
Поликңлиникаға және үйдегілердің келушілер ағынын ұйымдастыратын және реттейтін поликлиниканың негізгі тіркеуші құрамдық бөлімше болып есептеледі.
Тіркеу орнының міндеттері:
· Тікелей поликлиникаға болсын, немесе телефонмен хабарлассын ауруларды дәрігер көмегіне жазуды ұйымдастырады.
· Дәрігерлеге біркелкі үстеме болуына аурулардың ағынын реттейді.
· Дәрігер кабинетіне медициналық құжатнаманы сақтап, уақытылы іріктеп және жеткізеді.
Тіркеу орны жұмысын меңгеруші басқарады. Оның қарамағында дәрігерге келушілерді жазып отыратын, дәрігерді үйге шақыруды тіркеп отыратын медициналық тірекуші болады және ол дәрігерлер жазып берген еңбекке жарамсыз парақты тіркеп отырады.
Тіркеу орны жанында поликлиниканың барлық бөлімшелерінің жұмыс тәртібін ақпараты бар стенд іліп қойған дұрыс.
Тіркеу орнында үлестерге, көшелерге, үйлерге әліпби тәртібімен топтастырып қойған «Аурудың амбулаториялық медицина карасы» сақталады.
Дәрігер қабылдауына жазылудың үш әдісі бар:
1. Талонды жүйе. Арулардың алғашқы рет қаралатындар тобы үлестік тіркеу орны арқылы өтеді. Келушілер алдан ала кезек нөмерін, дәрігердің аты-жөнін, кабинет нөмерін және қабылдауға келу уақытын көрсеткен талон алады.
2. Дәрігер қабылдауына өзін-өзі жазуы. Келушілер өздері арнаулы параққа өзінің төлқұжаттық мәліметтерін оларға ыңғайлы қабылдау уақытын көрсетіп жазып қояды. Бұл үшін поликлиника залында 5 күн бұрын өзі жазатын парақшалары бар папкаға дайндаған столшалар қойылады.
3. Аралас әдіс. Өзін-өзі жазу парағана тек бірінші қаралуға келген аурулар ғана жазылады. Қайталанған жағдайда дәрігер тіркеу орнында талонға ауыстырылып алатын келесі қабылдау күнін және уақытын көрсеткен арнаулы «фишка» береді.
Емдік-алдыналу көмегін стоматологиялық поликлиникада ұйымдастыру
Стоматологиялық поликлиника – бұл тұрғындарға білікті және мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсететін ЕАМ. Стоматологиялық поликлиникалар мынадай болып бөлінеді:
1. Қызмет көрсету деңгейі бойынша: республикалық (областық), қалалық, аудандық. городские, районные болып.
2. Бағынуына қарай: аймақтық, ведомстволық болып.
3. Қаржылану көзіне край: бюджеттік, шаруашылық есептегі (коммерциялық) болып.
4. Деңгейіне қарап: қуатына байланысты бір ауыстырылым (күн) уақытында келушілер санына бойынша .
Стоматологиялық поликлиника әдетте мынадай бөлімшелерден тұрады:
1) Тірку орны.
2) Бөлімшелер: стоматологиялық терапия, стоматологиялық хирургия, тіс техникасы зертханасы бар ортопедиялық стоматология.
3) Алдыңғы қарау кабинеті.
4) Шұғыл стоматологиялық көмек көрсететін кабинет.
5) Физиотерапия кабинеті.
6) Рентгендік диагностика кабинеті.
Бұлардың сыртында поликлиникада аруларға стоматологиялық көмек беретін жеке мамандандырылған бөлімшелер мен кабинеттер ұйымдастырылуы мүмкін: парадонтологиялық кабинеттер, аллерго-логиялық кабинеттер, қызыметтук диагностика кабинеті және басқалары.
Поликлиникада істейтін дәрігер-стоматологтың негізгі жұмыс бағыттары:
· Қаралуға келгендерге емдік-алдыналу көмектерін беру.
· Басқа мамандағы дәрігерге кеңес беру.
· Кейбір стоматологиялық арулар тобына диспансерлік бақылау жүргізу.
· Тұрғындардың белгілі бір құрамына ауыз қуысын ажоспарлы тазарту (санация) жүргізу.
· Санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Стоматологиялық поликлиниканы бас дәрігер және бас медициналық мейірбике басқарады.
Ерекше көңілді ортопедия бөлімі жұмысын ұйымдастыруға бөледі. Стоматологиялық ауруларды емдеп, жоспарлы санация жүргізгеннен соң қорытынды кезеңнен кейін барып тіске протез салады.
Ортопедиялық бөлімнің өзінің тіркеу орны, қарайтын кабинеті, протезші-діпігері, тістехникалық зертханасы, тіпті ортодонта-дәрігері де болады.
Стоматологиялық поликлиника қажет болған жағдайда аймақтық поликлиникасының дәірігерін шақыруы бойынша үйде де көмек бере алады.
Жедел стоматологиялық көмек поликлиника істейтін уақытта стоматологиялық жедел көмек беру кабинетінің стоматологімен көрсетіледі, ал түнгі уақытта – бірнеше қалалық поликлиникаларда ұйымдастырылған жедел стоматологиялық көмек орындарында.
Стоматологиялық поликлиникада стоматологиялық аруларды диспансеризациялау жұмыстарын жүргізу көп орын алады. Диспансерлік бақылауда тіс жегісі (кариесі) ауыр өтетін аурулар, парадонт аруымен шалдыққандар, беттің және ауыз қуысында қатерлі ісіктері барлар және басқа аурулар болады. Ауруларды медициналық тексеру және жоспарлы санация кезінде, стоматологке қаралу барысында анықталғандардан іріктеліп алынады.
Стоматологиялық поликлиникада мынадай құжатнамалар жүргізіледі:
♦ «Стоматологиялық аурудың медициналық картасы.
♦ «Стоматолог-дәрігердің, стоматологиялық поликлиника, бөлім, кабинет тіс дәрігерлерінің күнделікті жұмыс парағы».
♦ «Стоматолог-ортопед-дәрігерінің күнделікті жұмыс есебінің парағы».
♦ «Стоматолог-ортодонт-дәрігері жұмысының есебі күнделігі».
♦ «Стоматолог-ортопед-дәрігері жұмысының есебі күнделігі».
♦ «Ауыздың ішін алдынала қараудың есебі жорналы».
♦ «Диспансерлік бақылаудың бақылау картасы».
♦ «Кеңес ауға және қосалқы кабинеттерге жолдама».
♦ «амбулаторилық операцияларды жазу жорналы».
♦ «Клиника-сараптық қорытындыларды жазу жорналы».
Стоматологиялық поликлиника жұмысы мынадай Көрсеткіш-термен бағаланады:
1. Жоспарлы санация кезінде анықталған аурулар үлесі.
2. Ауыз қуысына және тістерге санации жүргізу.
3. Ауруды диспансерлік тексерудің толықтығы.
4. Бір дәрігер-стоматологқа шаққанда күніне келушілер саны.
5. Бір жұмыс күнінде дәргер-стоматологтың салатын бітеменің (пломба) орташа саны.
6. Санация кезінде келушілердің орташа саны.
7. Бір бітемеге шаққанда келушілердің орташа саны.
Диспансерде емдік-алдыналу көмегін ұйымдастыру
Диспансер – бұл жұмысы ауруларды белсенді түрде анықтайтын, оларды есепке алып, қарқынды емдейтін және уақытылы маманданған емдік-алдыналу көмек шараларын жүргізетінмекеме.
Диспансерлердің бірнеше түрлері болады: кардиологиялық, онкологиялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық, дәрігерлі-физмәдениеттік эндокринологиялық.
Диспансерлер өз құрамында дәл және толық диагноз арнаулы қоятын апараттамен, жабдықтармен жарақталған поликлиника мен стационарлар ұстауы мүмкін. Диспансер анықталған ауруларды есепке қойып, оларды жүйелі түрде емдеп және бақылап отырады.
Диспансерлер жалпы медициналық мекемелермен сондай-ақ жұртшылықпен, кәсіпорындармен және мекемелермен тығыз байланыста болады. Бұл ұйымның, кәсіпорынның және мекемелер ұжымымен жалпы сауықтыру шараларын орындап тұруға мүмкіндік береді.
Диспансерлер санитарлы-ағарту жұмыстарын кең жүргізіп тұрады. Жалпылама жұмыстың қағадалары мен әдістерінен басқа диспансердің әр түрі өзінің ерекше жағдайы болады.