Стационарлық және амбулаториялы-поликлиникалық қызметтегі мейірбике жұмысының құқығы мен міндеттері

 

ЕАМ-нің бас медициналық мейірбикесінің қызметтік нұсқаулары

Жалпы бөлім

1. Бас медициналық мейірбике қызмет орны штаттық кесте бойынша қаралады.

2. Бас медициналық мейірбике қызметіне «Мейірбиелік іс» мамандығы бойынша жұмыс стажына талап қоймастан жоғары медициналық білімі бар мейірбике тағайындалады.

3. Бас медициналық мейірбикені жұмысқа алатын және одан босататын ЕАМ-нің бас дәрігері.

4. Бас медициналық мейірбике бас дәрігердің және оның мейірбике бағынады.

5. Бас медициналық мейірбикеге ЕАМ-нің барлық мейірбикелері, орта және кіші медициналық қызметкерлер бағынады.

6. Бас медициналық мейірбике өз жұмысында жоғары ұйымдардан, бас дәрігердің және оның жұмыстары бойынша орынбасарының берген ЕАМ-нің ережесімен, бұйрықтарымен, жарлықтарымен, нұсқаулармен жетекшілік етеді.

Құқы

Бас медициналық мейірбике құқығы:

1. Орта және кіші медициналық қызметкерлерді жұмысқа алуына және босатуына қатыса алады.

2. Бас дәрігерге орта және кіші медициналық қызметкерлерді мамандықтарына, біліктіліктеріне және қабылетіне қарай пайдалану туралы ұсыныс бере алады.

3. ЕАМ-нің барлық бөлімдеріндегі мейірбикелердің, орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмыс сапасын тексеріп тұрады.

4. Бас дәрігерге орта және кіші медициналық қызметкерлерді марапаттауға, әкімшілік айып салуға ұсыныс алады.

5. Орта медициналық қызметкерлерге біліктілігі жөнінде қарайтын аттестация комиссиясына қатыса алады.

Міндеттері

Бас медициналық мейірбике міндетті:

1. Жаңа әдістер мен технологияларды пайдалана отырып орта және кіші медициналық қызметкерлерінің жұмыс ұйымдастыру шараларын өткізіп түруға.

2. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің семинарлар, конференциялар, сабақтар өткізу арқылы кәсіби біліктілігін көтеру шараларын жасауға және орындауға.

3. Мамандану және біліктілікті көтеру жөніндегі циклдер уақытылы өтуін қабағалауға.

Стационар бөлімінің бас медициналық мейірбикесінің қызметтік нұсқаулары

Жалпы бөлім

1. Бас медициналық мейірбикені жұмысқа алатын және одан босататын емхананың бас дәрігері.

2. Бас медициналық мейірбике қызметіне орта медициналық білімі бар және осы бөлімде мамандығы бойынша стажы 5 жылдан кем болмайтын, аттестациялық бірінші санаты бар немесе жұмыс стажына қарамастан жоғары дәрежелі орта медициналық білімі бар мейірбике тағайындалады.

3. Стационар бөлімінің бас медициналық мейірбикесі тек аурухананың бас медициналық мейірбикесіне бағынады.

4. Бас медициналық мейірбике бөлімнің меди­циналық мейір-бикелерін және кіші медициналық қызметкерлерінің жұмысын басқарады, дәрігерлік нұсауларды уақытылы және сапалы орындаға жауап береді, бөлімнің санитарлы-эпидемиологиялық тәртібін және аурулардың күтімі ережелерін сақтайды.

5. Өз жұмысында бас медициналық мейірбике бөлімнің Ережелерін, қызметтік нұсқауларды және басқа да ресми құжаттарды, сондай-ақ жоғарғы қызметтік тұлғалардың үкімі мен нұсқауларын орындайды.

Атқаратын қызметтері және міндеттері

Бас медициналық мейірбике міндетті:

1. Медициналық мейірбике мен кіші медициналық қызметкерлерді басқарады.

2. Орта кадрладың және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысын ұтымды пайдаланады және олардың жұмыс істеу кестесін жасайды.

3. Заманауи ғылымның және техниканың жетістіктерін падйлана отырып кіші медициналық қызметкерлер еңбегін ұтымды ұйымдастыру шараларын іске асырады.

4. Бөлімді медициналық құралдармен, аппаратурамен, медика-менттермен, орайтын материалмен, ауруды күтетін заттармен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын, жұмсалуын және пайдалануын қадағалайды.

5. Бөлімнің санитарлы-эпидемияологиялық жағдайын және қызметкерлер жұмыстарының ішкі тәртібін мен аурулардың режимін сақтауды қамтамасыз етіп оларды ылғи қадағалап тұрады.

6. Бөлім меңгерушісінің нұсқауыменауыр халдегі ауруларға жекеше орындар ұйымдастырады.

7. Аурулардың тамақтануының сыбағалық парақтарын тол-тырып, астың сапалы болуын және дұрыс таратылуын қадағалайды.

8. Аурулардың түскен және шыққан есептерін жүргізеді, бөлімшелер арасында аурулардың қозғалыс үлгілерін жасайды және құжатнамалардың сапалы толтырылуын қадағалайды.

9. Ауруларға келген таратуларды тексереді.

10. Ауруларды емдеу және күту жөнінде берген нұсқауларын медмейірбикелердің уақытылы және дәл орындалуын қадағалайды.

11. Аурулардың емдік-сақтау режимін ұйымдастырады және оның орындалуын қадағалайды; жаңа келіп түскен аурылармен күнделікті әңгіме жүргізеді.

12. Бөлімді күнделікті қарап шығады және медмейірбикенің кезек ауысуына қатысады.

13. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің ауруларды түскен және шыққан тәртіптерін орындауларынг қадағалайды.

14. Бөлім меңгерушісінің басқаруымен орта және кіші медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтерудегі жоспарын жасайды және оның орындалуын қадағалайды, мейірбикелердің конфе­ренциялары мен тәжірибелік сабақтарын өткізеді.

15. Аурухана ішінде инфекция болдырмауын алды ала зетханалық бақылау жүргізеді.

16. Бөлім қызметкерлерінің алдыналу медициналық тексеру-лерін уақытылы өтуін ұйымдастырады.

17. Бөлімде инфекциялық ошақтары пайда болған жағдайда тиісті орындалатын шараларды ұйымдастырады және оның орындалуын қадағалайды.

18. Жұмысқа алынғаннан кейін және одан соң жылына ең кемі 2 рет қызметкерлердің қауыпсыздык техникасынан нұсқаулар жүргізеді.

19. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің жұмысқа алынғаннан кейін өз қызметтік міндеттерін зерделеуді ұйымдастырады.

20. Өз біліктілігін ұдайы көтеріп тұрады, Ауруханалық медициналық мейірбике кеңесі жұмысында және ғылыми -тәжірибелік конференцияларға қатысады.

 

Құқы

Бас медициналық мейірбикенің құқылары:

1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажет ақпарат алуға.

2. Бас медициналық мейірбикенің қызметіне байланысты мәселелерді қарайтын мәжілістерге қатысуға.

3. Бөлім медициналық мейірбикелерін марапаттауға, еңбек тәртібін бұзғандарға және өз міндеттерін сапасыз орындағандарға жаза қолдануға.

4. Медициналық мейірбикелер мен санитаркаларға нұсқау беруге.

Жұмысты бағалау және жауапкершілігі

1. Бөлімнің бас медициналық мейірбикенің қызметін ЕАМ-нің бас медмейірбикесі бағалайды.

2. Заңнамамен сәйкес бас медициналық мейірбике сапасыз жұмыстарға және қате жасалған ісшараларға және сондай-ақ өзінің біліктілішіне кіретін ісшара жүргізбеген және шешім қабылдамаған жағдайларда да жауапкершілік көтереді.

Әр жеке жауапкершілік істер тұрған заңнама бойынша анықталады.

Ісшаралар кабинетінің медициналық мейірбикесінің қызметтік нұсқаулары

Жалпы тәртіп

1. Ісшаралар кабинетінің медициналық мейірбикесі қызметіне «Мейірбиелік іс» мамандығы бойынша базалық денгейі бойынша орта медициналық білімі бар мейірбике тағайындалады.

2. Ісшаралар медициналық мейірбикесі бөлім меңгерушісінің ұсынуымен және аурухананың Ісшаралар медициналық мейірбике бас дәрігермен қабылданып және одан босатылады.

3. Ісшаралар медициналық мейірбикесі толығымен бас медициналық мейірбикеге бағынады.

4. Ісшаралар медициналық мейірбикесі қарамағында бөлімнің тек кіші медициналық қызметкерлері ғана болады.

5. Ісшаралар медициналық мейірбикесі бас медмейірбике жасап, бөлім меңгерушісі мен аурухананың бас дәрігердінің орынбасары бекіткен және аурухананың кәсіподақ комитеті мақұлдаған кестемен жұмыс істейді.

6. Өэ жұмысында ісшаралар медициналық мейірбикесі қызмет-тік нұсқаулар, бұйрықтар, кабинет жұмысын ұйымдастыруға бағыталған нұсқаулар негізінде жұмыс істейжі.

7. Ісшаралар медициналық мейірбикесі болмай қалған уақытта оның орнына бас медмейірбике осы жұмысты жақсы меңгерген бөлімнің басқа бір медициналық мейірбикесімен ауыстырады.

Міндеттері

Ісшаралар медициналық мейірбикесінің негізгі міндеті ісшаралар кабинеті жұмыстарының дұрыс істеуін және аурудың тағайындалған ісшараларының орындалуын жүргізу. Осыған байланысты ісшаралар медициналық мейірбикесі мыналарды орындауға міндетті:

1. Айла әрекеттерді тек дәрігердің нұсқауымен ғана орындау.

2. Жұмысты кабинет ісшараларды атқаруға және құралдарды пайдалануға дайындап алып барып бастайды.

3. Асептикалар және антисептика талаптарын қатаң орындаған жағдайда ісшаралар өткізіледі.

4. Жұмыс уақыты бойы қажетті тәртіпті, жұмыстың тиісті мәдени болуын және санитарлыққ жағдайдың дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді.

5. Әтүрлі ісшаралардың және айла әрекеттердің технологиясын қатаң сақтайды.

6. Айла әркеттердің және ісшаралардың орындалу барысында болған асқынулардың дәрігерге хабарлайды; дәріерге дейінгі көмек әдістерін игереді.

7. Ісшара кабинетінің құжатнамасын сапалы түрде жүргіеді.

8. Дәрігердің нұсқауларының берген ісшаралар парағын күнделікті толтырып отырады.

9. Кабинеттің санитарлы-эпидемиологиялық режимін қатаң сақтайды, ісшара кабинетінің қойған талабына сай арнаулы киімдерді киеді.

10.Кабинетті жұмыс істеуге керекті құралдармен, дәрі-дәрмектермен, медикаменттермен, қанның тобын анықтауға қажет сарысулармен және де басқа материалдармен толтырып тұрады.

11. Жасырын қан сынамасын қоюді, құралдарды дезинфи-циялайтын және жуатын құралдардан тазартатын технологияларды меңгереді.

12. Шұғыл жәрдем көрсетуге қажет көлемде дәрі-дәрмепктің дәрі қобдишасінда бар екенін күнделікті қадағалап отырады.

13. Санитарлы-эпидемиологиялық тәртібі нұскауларын, қолды жұмысқа дайындау әдістерін және с.с. уақытылы өзгертіп отырады.

14. Ісшара кабинетінің санитарының жұмыстарын бақылап отырады.

15. Құрғақ ыстық шкафта зарарсыздандыру жөніндегі талаптарды орындайды және тиісті құжатнамаларды жүргізеді.

16. Кабинет аспаптарын оңтайлы жұмыс істеуін бақылайды; іске жарамайтын медициналық жабдықтарды құралдарды уақытылы ауыстырып отырады.

17. Дәрі-дәрмектің, ерітінділердің және сарысулардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді.

18. Жұмыс орнында ішкі тіртіпті, қауіпсідік техникасын, өртке қарсы қауіпсідік шараларын сақтайды; бөлімнің бас медициналық мейірбикесінің ұлықсатынсыз жұмыс уақытында басқа жаққа шығуға болмайды;үйге кетерді ісшара кабинетін кілтке жауып кетеді; кілтті кабинет жұмысына кешкілік немесе түнгі уақыттарда жауапты медициналық мейірбикесіне тапсырады.

19. Арнаулы әдебиет оқу арқылы, бөлімдегі өндірістік оқуға, жалпыауруханалық мейірбике конференциясына, дәрістерге қатысу арқылы өзінің ылғида машықтандырып отырады; ең кемі 5 жыл сайын мамандану және жетілдіру курстарына циклдар өтеді, бөлім мейірбикесін ісшара кабинетінде жұмыс істеуге дайындайтын оқуға қатысады.

Құқы

Ісшара кабинетіндегі медициналық мейірбикенің құқы:

1. Жұмыс істеуге өзіне қажет ақпарат алуға.

2. Ісшара кабинетінің жұмысын жетілдіруге ұсыныс беруге.

3. Күндізгі болсын, не түнгі болсын, ісшара кабинетінің жұмыс тәртібін бұзған медициналық қызметкерлерге ескертпелер беруге; осы ескертулерді бас мейрбикеге жеткізіп тұрады.

4. Біліктілік санатын алу үшін аттестациялаудан (қайта аттестациялаудан) өтеді.

5. Ісшара кабингетінің санитаркасын марапаттаға және айыптауға ұсыныс жасайды.

6. Ісшара кабинетін тексерген актлермен танысуға және онымен келіспеген жағдайда өзінің ескертулері мен ұсыныстарын келтіреді.

7. Ісшара медициналық мейірбикелерге өтетін мәжілістерге қатысуға.

Жауапкершілігі

Ісшара кабинетінің медициналық мейірбикелері мынадай жауапкершіліктерді көтереді:

1. Ісшара кабинетінің жұмысын дұрыс ұыйыдастыруды.

2. Дәрігердің ісшара жүргізу нұсқауларын уақытылы орындайды.

3. Өз орнында санитарно-эпидемиологиялық режимді сақта-уға, асептики пен антисептика тәтібін сақтауға.

4. Кабинетті қажетті дәрі-дәрмекпен, инвентарлармен, аспап-тармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге және олардың сақталуына.

5. Кабинеттің құжатнамасын сапалы жүргізуге және ісшара-лардың орындалғаны туралы жазып лотыруға.

6. Санитарлық кабинет жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына.

 

Стационар бөлімінің палаталық медицина мейірбикесінің қызметтік нұсқаулары

Жалпы жағдайы

1. Стационар бөлімі палаталық медицина мейірбикесі қызметіне «Мейірбиелік іс» мамандығы бойынша базалық дейгейі бойынша орта медициналық білімі бар мейірбике тағайындалады.

2. Палаталық медицина мейірбикесі қызметіне бас медицина мейірбикесінің ұсынуымен алатын және босататын аурухананың бас дәрігері.

3. Палаталық медицина мейірбикесі тікелей бөлімнің бас медицина мейірбикесіне бағынады. Палаталық медицина мейір-бикесіне тікелей бағынатын санитаркалар.

4. Бөлімнің палаталық медицина мейірбикесі бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, кәсіпорын комитеті мақылдаған бас медицина мейірбикесі жасаған кесте бойынша жұмыс істейді. Кестені өзгерту тек қана бас медицина мейірбикесі және бөлім меңгерушісі ғана өзгерте алады.

Міндеттері

Бөлімнің палаталық медицина мейірбикесі мынаоарды орын-дауға міндетті:

1. Боймшеге кейп түскен науқасты қабылдау.

2. Ауруларды педикулез барлығына бақылайды (аурухананың қабылдау бөлімін тексереді), аурудың гигиенасын сақтау шараларын жүргізеді (ваннаға түсіру, іш киімдерді ауыстыру, тырнақтарын алу, т.с.с)

3. Ауруларға бөлмелердің орналасу тәртібін және ішкі тәртіп жағдайын, күні бойғы режимді, стационардағы жекеше гигиеналық тәртіпті түсіндіреді.

4. Дәрігерлердің берген барлық нұсқауларын (орта медициналық қызметкерге ұлықсат етілген) дәл және анық қылып орындайды және медициналық айла амалдарды атқарады.

5. Аурулардан зертханалық зерделеуге материалдар жинайды (несіп, зәр, қақырық т.б.) және оларды уақытылы зертханаларға жібереді.

6. Уақытылы зерделеу қорытындаларын алып, оларды ауру тарихына тігіп қояды.

7. Дәрігердің нұсқауы бойынша ауруларды клиниалы-диагнос­тикаға, функционалдық зерделеуг, операцияға, таңуға іберіп тұрады және қажет болған жағдайда кіші медицина қызметкерімен қоса жібереді.

8. Дәрігер-ординатор немесе кезекші дәрігермен бірге ауруларды қарап шығаді; аурулардың денсаулығында болған өзгерістерді оларға жеткізеді.

9. Аурулардың қызуын күндіз және кешкілік, ал дәрігедің нұсқауымен бсқа да уақытта өлшеп тұруға, өлшеу қорытындысын қызу парағына жазып тұруға, қажет болған жағдайда тамырының сөғу жиілігін және демалу барысын өлшеп, олардыауру тарихына жазып тұруға.

10. Ауыр науқасқа күтім ұйымдастырады.

11. Аурудың дәрігер берген тамақтану режимін бақылап тұруға, туыстардың әкелген тағамдардың сай болуын қадағалауға; Күнделікті палатадағы шкафшалардың, тоңазытқыштың жағдайын тексеріп түруға.

12. Кіші медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылауға.

13. Аурулар мен тұрғындар арасындарда санитарлы-ағарту тақырыптарына қоладанатын шараларға тікелей қатысуға: ауруды күтім ережелерін сақтауға, аурудың алдын алуға, салауатты өмір сүруге және басқаларға арналған.

14. Аптасына ең кемі 1 рет ауруларды редикулез барлығына тексеруге, оны тиісті құжатқа жазып қойуға, қажет болған жағдайда педикулезге қарсы шаралар қолдануға.

15. Күнделікті ертесімен бас медмейірбикеге өз орнына қажетті дәрі-дәрмектердің, ауру күтіміне керек заттардың тізімін бруге.

16. Қабылдау бөліміне анықтама бюросына беру үшін аурулардың тізімін түнделікті жасап қойуға.

17. Бөлімнің бас медмейірбикесі жасаған кестесі бойынша бекітілген палаталарды, басқа бөлмелерді кварцтейді.

18. Аурудың жағдайы асқынып кеткен, шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмек беруге.

Жауапкершілігі

Палаталық медицина мейірбикесі тікелей мынадай жауапкер-шілікті көтереді:

1. Емдеуші және кезекші дәрігердің нұсқауларын уақытылы жане сапалы орындаға.

2. Аурудың күтімін ұйымдастыруға.

3. Өз жұмыс орнында медициналық құжатнаманы дұрыс жүргізуге.

4. Өз міндетін орындау кезінде санитарлы-эпидемияға қарсы режимді сақтауға.

5. Аурудың дәрі қабылдау ережесін, өз орнында дәрі-дәрмектің есебінің, оны сақтаудың шарттарын сақтауға. .

6. Медициналық айла әрекеттер жасау барысында ауру жағдайының күрт нашарлап кеткендігі туралы ақпаратты емдейтін немесе кезекші дәрігерге жеткізуге.

7. Дәрігер қойған нұсқауларды аурудың сақтауына.

8. Ауруды сапалы және уақытылы түрлі зерделеулерге, ісшараларға, операцияларға дайындауға.

9. Қойылған диагноз бойынша және аурудың жағдайына қарап бөлім ішінде дұрыс ауыстыруға.

10. Медициналық құпияны сақтауға.

11. Бекітілген орындағы санитарканың өз міндетін дұрыс атқаруына.

12. Медициналық және шаруашылық инвентарларды сақтауға.

13. Аурудың, келушілердің ішкі тіртіпті сақтауларына.

 

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1. Стационарлық медицина көмегінның ерекшеліктерін анық-таңыз.

2. Стационарлық медицина көмегін атқару кезінде әкімшілік үдеріс үшін қажет құжаттарды сипаттаңыз.

3. Амбулатория-поликлиникалық көмек көрсетудің қандай ерекшеліктері бар?

4. Стоматологиялық поликлиника қызметінің ерекшеліктері неде?

5. Диспансерлік көмектің ерекшеліктері қандай?

6. Әр санаттағы мейірбике қызметкерлерінің жұмыстарын сипаттаңыз.

 

БӨЛІМ