Денсаулық сақтаудағы менеджменттің ерекшеліктері

 

Денсаулық сақтаудағы менеджмент – емдік-алдыналу мекемесінде тиімді жұмыс істеуге бағытталғын басқару ғылым.

Денсаулық сақтаудағы менеджменттің мақсаты – ол жалпылама аурушаңдықты, мүгедектікті және шетінеуді азайтуға бағытталғын қоғамдық денсаулықты күшейту болып саналады.

Денсаулық сақтаудағы менеджментінің міндеттері – медицина мекемелерінің ресурстарын ұтымды пайдалау және медициналық көмек сапасын арқылы мақсатқа ең тиімді жолмен жету.

Менеджменттің нысаны – медициналық мекемелер (ұйымдар) болмақ.

Денсаулық сақтау саласында басқару нысандарына қарап бас қызметтік менеджмент болып екіге бөледі.

Бас (жалпы) менеджменттің қызметі мединалық мекемелерді түгелімен басқару.

Денсаулық сақтаудағы қызметтік (арнайы) менеджмент – медициналық мекемелердің белгілі бір саласын басқару: қаржылық, инновациялық, клиника-диагностикалық, алдын-алу жұмыстарын, маркетингтік, әкімшілік-шаруашылық , т.с.с. жұмыстарын.

Медициналық мекеменің бас менеджменттік страте-гиясына көп жағдайда тұрғындарды денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік саясат, географиялық орналасу жағдайы, білікті медициналық қызметкерлердің болуы, мекеменің техникамен жарақтануы, қаржылық мүмкіндік, ауыршаңдық деңгейі, тұрғын-дардың жас мөлшері мен жыныстық үлестері және т.с.с. әсер етеді.

Инновациялық менеджмент жаңа технологияларды іске кіргізіп және оларды сынаққа қаржы құйумен байланысты.

Қаржылық менеджмент түрлі көздерден түсетін қаржы мүмкіндіктеріне байланысты.

Жекеше (кәсіби) менеджмент медициналық қызметкерлерге төленетін еңбек ақы көлеміне, экономикалық ынталандыру мен біліктілік көтеру мүмкіндіктеріне, ұжымдағы әлеметтік-психологиялық ахуалға байланысты. Клиникалық менеджмент – бұл медициналық мекеменің ресурстарын басқарудағы ғылыми, тәжірибе және өнер болып есептелінеді.

Клиникалық менеджмент деп медициналық көмекті барынша аз шығындармен жоғары деңгейге жеткізу мақсатында клиникалық басқарудың емдеуді, диагностиканы, арудың алдын алуды, медициналық көмектің көлемі мен құрамын тиімді болуы ушін жасалатын бағдарламалар кешенін айтады.

Клиникалық басқарудың элементтері

Құрамдық басқару қызметі үш негізгі элементтерден тұрады:

· басқару субъектсінен – бұл есебі басқарушылар;

· басқару нысандары – бұл нені немесе немен басқаруды білдіреді;

· басқару технологиясы – бұл субъектілердің насандарға әсер ету жолдары.

Басқару субъектілері:

· стратегиялық деңгейде,

· тактикалық деңгейде

· Жедел деңгейлерде болады.

Басқару нысандарына:

· емдік-диагностикалық үдеріс,

· медициналық мекеменің ресурстары жатады.

Басқару технологиялырына:

· ұйымдастыру құрамы,

· басқару үдерісі және

· басқару тетіктері кіреді.

Басқарушы субъект – бұл үш деңгейден тұратын кезкелген медициналық нысанның басқару жүйесі:

Медициналық мекеменің бас дәрігерін білдіретін басқару-дың стратегиялық деңгейі қызметіне ұйымның ресурстық мүмкіндіктерін ескере отырып оның басқарушылық шешімдерін жасау және қабылдау жатады. ЕАМ-ның басқару субъектісінің стратегиялық міндетеріне жататындар:

• жоспарланған көлемде және белгіленген уақытта қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ету;

• медициналық мекеменің және бірінші кезекте клиникалық тәжірибе қызметін жетілдіру;

• тәжірибеге ұйымдастырушылық, экономикалық және меди-циналық технологиялардыжасау және іске ендіру.

Қызмет аяларына сай клиникалық басқарудың күрделі жүйесін өздері бір-бір жүйе болатын құрамдарға бөлуге болады. Жүйенің бұл бөліктері жүйешелер деп аталады. Мұндай қызметтік жүйешелер клиникалық басқаруда ұйым (өндіріс), қаржы, персонал, маркетинг, инновациялар т.с. болып келеді. Бұлардың әр қайсысына жоспарланған нәтижелерге және өзінің әдістеріне жетуге мақсатты айқындайтын басқару құралдары керек.

«Маркетинг» жүйесінде:

· нарықта медициналық қызмет көрсететін медициналық мекеме жағдайының диагностикасы;

· нарықта медициналық қызмет көрсететін медициналық мекеме жағдайының сараптамасы;

· медициналық қызмет көрсететудің жаңа түрлерін және өткізудің жаңа нарық қажеттілігін анықтау;

· маркетингтің қағидалар жасау және басқалар.

«Персонал» жүйесінде:

· қызметкерлерді басқару жүйесін сараптау және қалыптастыру;

· жұмыс күші қажеттілігін жоспарлау;

· қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру;

· медициналық қызметкерлердің өлмеуді ұйымдастыру;

· Іскерлік мансапты басқару т.с.с.

«Ұйым (өндіріс)» жүйесінде:

· сенімділікті сараптау;

· сапалылықты бақылау;

· факторлық сараптау;

· функционалдық сараптау;

· статистика;

· сарапшылық бағалаулар;

· еңбекті, материалдарды, жабдықтарды пайдалануды бақылау;

· операцияларды зерделеу: бағдарлама жасауды, шығын барысын бақылауды жоспарлау;

· Шығындардың есебі және басқалар.

«қаржы» жүйесінде:

· баланстық әдіс;

· табыс көзін талдау;

· шығындарды болжау;

· тиімділік;

· өтімділік көрсеткіштері;

· рентабельділікті (тиімділікті, пайдалылықты) есептеу жолдары және басқалар.

Емдік-диагностикалық үдерісті негізгі бес топтың қарым-қатынастары қарауға болады:

• «емдеуші дәрігер – емделуші»;

• «емдеуші дәрігер – бөлім меңгерушісі»;

• «емдеуші дәрігер – ұйым»;

• «бөлім меңгерушісі – ұйым »;

• «бас дәрігер – ұйым».

Келтірілген қарым-қатынастардың тиімді болмауының негізгі себептері:

· піспеген ақпараттық орта;

· басқарудың экономикалық әдістерінің болмауы;

· ресурстардың жетіспеуі;

· емдік-диагностикалық үдерістің алгоритдемуінің болмауы.

Клиникалық басқару жүйесінің элементтерінің болып сондай-ақ медициналық мекеменің қрамдық бөлімшелері жатады

Қазіргі кезде дәрігерлер мен басқару ісінің мамандары арасында қайшылықтар бола бастады, себебі басқарып жүрген дәрігерлер басқарудың теориясы мен тәжірибесін біле бермейді, ал кәсіби менеджерлер денсаулық сақтау саласының және клиникалық тәжірибенің ерекшеліктерін толығымен таныс емес.

Медициналық мекемені басқару ісі пікірлес жандардың — клиникалықтар мен қосылған әрекеттері болуы тиіс. Клиникалықтар кәсіби медициналық менеджерлердің медициналық мекемелерде істеуіне қарсы көзқарастарын өзгертулері тиіс және өздерінің емдік-диагностикалық үрдісті басқару аясында өз білімдерін көтерулері керек.

Қазіргі кезде Қазақстанда көбінесе дәрігерлер көпжылдық клиникалық тәжірибеден кейін басқару ісінде еш дайындықсыз әкімшілік жұмыстарды атқарады. Алайда жарқын клиникашыл және ұтымды бас дәрігер – бұлар, өкінішке қарай, көбінесе бір мәнді бере бермейді. Медициналық мекеме, әдетте, жақсы емшіні жоғалтып, орташа ғана басшыға ие болады.