Медициналық ұйымдарды аккредитациялау

 

Сапалы медициналық көмек беруді басқару жүйесі мен оны бақылаудың маңызды қырамды бөлігі болып медициналық ұйымдарды болып саналыды. Денсаулық сақтауда аккредитациялау мақсаты болып тиісті көлемде және сапада медициналық көмек алуға азаматтардың құқын қамтамасыз ету болады.

Денсаулық сақтауда аккредитациялау жүйесінің міндеттері болып мыналар жатады:

• медициналық көмек берудің бірегей талаптары мен нормативтерін медициналық көмек берудің сапасын көтеруді, денсаулық сақтауда нәтижелілікті кешенді бағалау арқылы жүргізу;

• медициналық көмек берудің ақаулары мен дәрігерлік қателіктерді бақылайтын тұрақты жұмыс істеуші мониторинг жүйесін жасау және оны жетілдіру;

• медициналық сақтандыру бағдарламасына, сондай-ақ бюджет деңгейінде қаржыланатын басқа да бағдарламаларға қатысу үшін денсаулық сақтауда өнім, жұмыс, тауар мен қызмет жасаушылардың біліктілігін куәландыру;

• ұлттық және халықаралық деңгейде аккредитациядан өткен субъектілерінің жұмыс нәтижелерінің өзара танылуына жағдай жасау;

• денсаулық сақтауда бәсекелестік ортаның болуын ұйымдастыру.

Денсаулық сақтауда аккредитацияның негізгі қағидаларына мыналар жатады:

• еріктілік — аккредитациялау нысандары үрдісті ісшараларды біріңғай ерікті жағдайда өтеді

• бірегейлік — Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінде өлшейтін критерийлердің, қойылатын талаптардың, әдіс-амалдардың және аккредитациялау ережелерінің бірдей болуы;

• бәсекелестік — аккредитациялау органын еркін таңдау, және де аккредитациялау ісшараларын жүргізуде аккредитацияланған субъектілердің бәсекелестігін қамтамасыз ету;

• стандарттау — денсаулық сақтауда стандарттау жүйесі ережелері мен қағидалары негізінде стандарттау субъектілеріне тиісті талаптарды жасау;

• маңыздылық — ғылыми-тәжірибелік көзқарас негізінде қойылатын талаптардың қисынды болуы (маңызды болуы);

• көкейтестілік — ҚР-да денсаулық сақтауда аккредитация талаптаоының ғылыми және материалды-техникалық даму деңгейі ұлттық және халықаралық заңнамалармен сай болуы;

• консенсуальдық — шешім қабылдауды консенс (келісім) қағидалары мен ережелері негізінде қабылдау;

• кешенділік — аккредитаця жүйесінің талаптары мен ісшаралары ресурстар жиынтығын қамтуы;

• тексеру мүмкіндігі — денсаулық сақтауда аккредитация жүйесінің талаптары мен ісшараларын оюбъективті тексеру әдісімен жүргізілуі.

Денсаулық сақтауда аккредитация субъектісі болып денсаулық саласында атқарушы билік билік жүргізетін мемлекеттік орган, аккредитациялау орталықтары (органдары), десаулық аясында сарапшы эксперттер, өнім, жұмыстар, тауарлар өндірушілер мен қызмет жасаушылар.

Аккредитациялау орталықтарына (органдарына) денсаулық сақтау аясында өнім, жұмыстар, тауарлар өндірушілер мен қызмет жасаушылардың белгіленген тәртіп бойынша жұмыс жүргізуін (аккредитациялау) бағалай алатын аккредитацияланған денсаулық сақтудағы аккредитациялау жүйесінің субъектілері жатады.

Денсаулық сақтау жүйесінде сапалылық сарапшысы болып, аккредитация жұмыстарында белгілінген тәртіппен мойындалған тұлға жатады.

Денсаулық сақтау аясында өнім, жұмыстар, тауарлар өндірушілер мен қызмет жасаушылар болып белгіленген жұмыс түрімен өз қызметін жүргізуге лицензиясы бар заңдық тәртіппен атқаратын заңды және жеке тұлғалар болмақ.

Өтініш беруші болып аккредитациялауға үмітті және аккредитациялау органына жазбаша мәлімдеме берген денсаулық сақтау жүйесіндегі субъекті болып саналады.

Аккредитацияланған субъект — сипатта ресми құжаты бар, аккредитациялауға куәлік (аккредитациялау аттестатын) алған денсаулық сақтау жүйесінде аккредитациялау жүргізетін субъектісі болып саналады.

 

 

Өзіндік тексеру сұрақтары:

 

1. Медициналық ұйымды аккредитациялаудың міндеттерін атаңыз.

2. Денсаулық сақтауда аккредитациялаудың негізгі қағидарын көрсетіңіз.

3. Мемлекеттік аккредитациялаудың міндеттерін келтіріңіз.

4. Аймақтық аккредитациялау органдарының негізгі міндет-терін айтыңыз.

5. Аккредитациялау бағдарламасының құрамын көрсетіңіз.

6. Аккредитация үрдісінің кезеңдерін көрсетіңіз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

7. Аккредитациядан өткен субъектінің кәсіби стандарттар талабын орындаудағы инспекциялық бақылаудың қысқаша сипат-тамасын беріңіз.

 

ТАҚЫРЫП