Денсаулық сақтау саласында басқарушылық шешімдер қабылдауға әсер етуші факторлар
Бұрынға айтылған оңтайлы басқарушылық шешім қабылду үрдісін қиын жағдайларда тиімді шешідерді таңдау жөніндегі ұсыныс ретінде қарау керек. Басқарушылық шешімдер қалай болса солай, бос жерде қабылдана бермейді. Ұйымдар күрделі жүйелердің бір бөлігін ғана білдіреді, ал ол одан да күрделі жүйелерді құрайды. Басқарушылық шешімдерді қабылдау күрделі болғандықтан, ал оны қабылдайтын жеке мінездері бар адамдар болғандықтан, баламалы жағдай кезінде түрлі факторларды есепке керек болады. Басқарушылық шешімдерге әсер етуші факторлар болып мына жағдайлар кіреді:
1. Жеке адамның басқарушылық қасиеттері. Әр адамның шешім қабылауына әсер етеін жекеше құндылық жүйесі болады. Сондықтан шешім қабылдау барысында осы құндылықтар жүйесіне құрылған. Сондықтан жеке адамның осы қасиеттеріне байланысты оның шешім қабылдауы әлеуметтік және этикалық жағдайды есеруден көрі, әдетте экономикалық және саяси жағына ауысыңқырайды. Көбінесе бас дәрігерлер жергілікті биліктің айтқанынан шыға алмай, емделушілер мен мединиалық қызметкерлердің мүддесіне қарсы келетін істерді орындайды, аурухананың штатын «қысқыртады» немесе еңбек ақы қорын азайтады. Дұрысы – басшының «ұйымдастырушылық мәдениетін» қалыптастыру, ал бұл дегеніміз шешім қабылдауда ұжымдық тілекті білдіретін мекеменің қызметкерлері мүддесімен сай келуін орындау болмақ.
2. Болар жағдайды сезу. Шешім қабылдағын кезде таңдаған баламалы жағдайлардың қайсысының да қандай қорынтынды беретінін басшы анық біледі.
З. Тәуекелшілік. Тәуекелшілік жағдайында қабылданған шешім кезінде алдағы істің қорытындысы белгісіздеу болады, бірақ оның болу мүмкіндіктері жоғары болып, тәуекелжіліктен келетін қауыпты ескерген жөн және де шешім қабылдау кезінде осының бәрі ескерген дұрыс.
4. Болар жағдайды сезбеу. Шешім қабылдаған кезде болар істі аңғару мүмкін емес. Бұндай жағдай алдағы мәселелер соншалықты жаңа да күрделі болатындығынан, ол туралы қажет объективті ақпараттарды жинау мүмкін емес, сондықтан не болары балгіміз. Шешім қабылдау түрі белгісіздік денсауцлық сақтау саласына да тән. Белгісіз жағдайға кездескенде, басшы екі жолмен жүреді:
· объективті ақпарат алуға тырысады;
· тағы да мәселені талдаудан өткізеді.
5. Уақыт пен өзгермелі орта. Шешім қабылдаған кезеңі мен оны іске асырудың басы аралығында шамалы уақыт керек. Уақыт ағыны жағдайдың жартылай немесе бүтіндей өзгертуі мүмкін.
6. Ақпараттық шектеулер. Дұрыс шешім қабылдау үшін нақтылы ақпарат болуы тиіс, ал ол әрқашанда қолға түсе бермейді немесе қымбат болып шығады. Оның ішіне төлеуден басқа, оны жинауға да біраз уақыт кетеді.
7. Мінез-құлықтық шектеулер. Бастықтың өз бағынышты-ларымен ақпарат алмасу түріне байланысты, соңғыларының мінез-құлықтары өзгеруі мүмкін. Басшы біреудің жеке басының өзіне ұнамағанына, ол бір жобаны тоқтатып тастап, басқа дұрыс көретіндікін қостауы мүмкін.
8. Теріс нәтиженің болуы. Тиімді басқарушылық шешімдердің ымырашылыдықпен болатыны белгілі. Бір жерден ұтсаң, басқа бір жерден ұтылуың мүмкін. Мысалы, еңбек ақыны аз төлеп, аурухананың қоырны толтыруға болады, бірақ медициналық қызметкерлерінің көбісі ьасқа мекемге ауысып кетуі мүмкін ғой, ал бұл дегенініңіз кадрлар мәселесін қиындатып жібереді, сөйтіп науқастар зардап шеге бастайды
9. Шешімдердің бірімен-бірінің байланыстылығы. Мекемеде бір шешім өзінен кейін басқа бір шешім жасауға тірейді. Тиімді жұмыс істейтін басшы барлық қабылдайтын шешімбердің өзара байланысты екенін түснуі керек, сондықтан баламалы жағдайда ең мекемге ең көп пайда әкелетін шешім шағаруға тырысады.
Төменде бір санаттық реттерді білдіретін маңызды деген басқарушылық шешім түрлерінің сипаттамалары беріледі:
1) Мәселенің қайталана беру дәрежесі. Шешілуге тиісті мәселенің қайталана беруіне байланысты, басқару тәжірибесінде кездесе беретін үйреншікті баламалы жағдайға және белгісіз, жаңа шешім қабылдау керек болатын ойдағыдай емес жағдайлар болады.
2) Мақсаттың маңыздылығы. Шешімнің өзі жеке бір мақсат-мүддені көздеуі мүмкің немесе өте жоғары мақсатты іздеуі мүмкін. Осыған байланысты шешімдер стратегиялық, тактикалық және жедел болуы мүмкін.
Стратегялық шешімдер. Әдетте бұл түпкі болып келетін шешімдерге байланысты. Олар басқару нысаны төңірегінде, тіпті одан да жоғары болып, ұзақ уақыт аралығында алдағы маңызды мәселерді шешеді. Мысалы, тұрғындарға медициналық көмек беру сапасын көтерудің бағдарламасыа айтуға болады.
Тактикалық шешімдер. Әдетте бұндай шешідер стратегиялық мәселелерді шешіуге көмектеседі. Уақыт бойынша олар бір жылдан аспайды. Тактикалық мақсат – бұл ортаңқол менеджердің қабылдайтын, мекеменің стратегиялық мақсатына жету жолдарына апаратын жәй мәселелерді шешу.
Жедел шешімдер. Ағымдағы, күнделікті мақсат пен мәселелерді орындайтын шешемдер. Уақыт бойынша олар бір ай мерзімі ішінде орындалады. Жедел түрдегі мақсаттар – төменгі буын басшылары қабылдап, шешетін шаруалар.
3) Әсер ету ауқымы. Шешімдер мекеме жұмысына толығымен әсер ету үшін атқарылады. Бұндай жағдайда ол түпкі болып есептелінеді.Шешімнің нәтижелері мекеменің бөлімшелеріне әсер етуі мүмкін.Онда ол оқшауланған деп есептелінеді.
4) Іске асырудың көпке созылуы. Қабылдаған шешімдер бірнеше сағатқа, күндерге немесе айларға созылуы мүмкін. Егер де шешім қабылдаумен оны орындаудың арасы салыстырмалы түрде аз уақыт алатын болса, онда ол қысқа мерзімді шешім деп аталынады. Сонымен қатар орындалуы ұзаққа созылатын, мысалы бірнеше жылдарға, ұзақмерзімді, болашағы бар шешімдерде болады.
5) Болар нәтижені болжамдауға келетін шешімдер. Басқ-арушылық шешімдердің көбісі іске асыру барысында бір жағдайлармен, мысалы жаңа бір факторлар бойынша, өзгертуді қалайды, яғни түзетілімді шешім ретінде болады. Сонымен қатар, өзгертуге келмейтін шешімдер де болады.
Шешім қабылдау (алгоритмдік) әдістері. Кейбір шешімдерді, әдетте қайталана беретін жағдайлар бойынша, үйреншікті, формалды түрде, яғни алдын ала белгілі бір алгоритмдер арқылы қабылауға болады.
6) Шешім қабылдау түрлері. Көптеген баламалы жолдардың ақырғы шешім қабылдаушы бір-ақ адам болуы мүмкін, соның шешімі соңғы болмақ. Алайда кәзіргі менеджмент тәжірибесінде күрделі жағдайлар мен мәселелер туындап жатады, ал оларды шешу үшін оларды кещенді түрде сараптап, бірнеше топ менеджерлер мен мамандарды тыңдау керек болады. Бұндай бір топ немесе ұжым арқылы шешім қабылдауды алқалы шешімдер деп атайды.
Ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау көптеген бағыттағы жағдайларды шешуде қолданылады. Жағдайлардың көп болуына байланысты алда тұрған мәселелерді шешуге қажет қасиет, ол үйреншіктілік (жағдайға байланысты бейімделу) және сыртан болатын әсерге тұрақтылық болмақ.
Басқарушылық шешімдерге мынадай талаптар қойылады:
• көкейтестілік – басқарылатын жүйенің қажеттіліктеріне жауап ретінде қарау;
• негіздеушілік – барлық жағдайлар мен шарттардың жиынтығын септеу;
• тиімділік – күтетін экономикалық және әлеуметтік ұтымдылықтың шаруаны іске асыруға кетеін шығындарының міндетті түрде ара қатынасы;
• қарама-қарсы келмеушілік – бұрынғы шешімдерден ауытқымау және нормативті-құқылық құжаттарға сай келуі;
• нақтылылық – шешімнің басқару жүйесінің қай бөлігіне жататындығы;
• мазмұнның қарапайымды және анық түрде берілуі;
• бір мәселені әр түрлі түсіндірулерге келмейтіндей болуы.
Қабылданған шешім басқарудың барлық жағдайына әсер етеді.
Басқарудың әр қызмет саласы маңызды болып келетін шешім шығарып, оны іске асыруды көздейді. Бұл мынадай сұрақтардың жауабы болып табылады:
• жоспарлау – қандай мақсатты көздейді, ған жету үшін қандай стратегия мен тактиканы таңдау қажет;
• ұйымдастыру – жұмысты қалай үйлестіру керек, мекенің құрамдық бөліктерін қалай өзгертуге болады, қабылданған қай шешімді бағыныштылардың қайсысына тапсырғсн дұрыс;
• уәждеме – бағынынштылардың қандай мұқтаждары бар, еңбек тиімділігі мен оған қанағаттанушылыққа қалай жетуге болады;
• бақылау жүргізу – атқарылған жұмысты нәтижесін қалай өлшеп білуге болады, оны қалай бағалау керек және т.б.
4.4.3 Денсаулық сақтау саласында басқарушылық