ДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

 

МАҚСАТЫ

Тұрғындарға фармацевтикалық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерімен студенттерді таныстыру.

 

ЖОСПАРЫ

1. Фармацевтикалық көмек концепциясы.

2. Фармацевтикалық көмектің негізгі компоненттері.

3. Фармацевтикалық көмекті көрсету кепілінің заңды-құқықтық негіздері.

 

Фармацевтикалық көмек концепциясы

Фармацевтикалық көмек концепциясын қалыптастыру көздері өте ертеден бастау алады және ол Египеттің фармаки (аудармасы-«айығуды немесе қауіпсіздікті сыйлайтын») және гректің фармакон (аудармасы –«дәрі») деген сөздерінен құралған.

«Фармацевтикалық көмек» түсінігін (ағылш.-pharmaceutical care) алғаш рет шетелдерде ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында ауруханалар мен клиникалардағы фармацевтердің қызметінің мазмұнын сипаттау үшін қолдана бастады.

Фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілеріне келесілер жатты:

· дәрігер – фармацевтикалық қызметкер – пациент тізбегіндегі қарым-қатынастың жаңа типі «терапевтикалық өзара қарым-қатынас»;

· жоғары фармацевтикалық білімі бар маманның емдік процесті басқаруына қатысуы, атап айтқанда: қажетті дәрілік препаратты таңдауды негіздеу, пациенттерге кеңес беру және үйрету, дәрілік терапия нәтижелеріне мониторинг жасау және бағалау;

· оптимальды экономикалық шығын жұмсай отырып клиникалық нәтижелерге қол жеткізу;

· дәрілік препараттарды бөлу жүйесін жетілдіру (сапаны толық басқару, әлеуметтік фармация және т.б.);

· дәрілік препараттар туралы халыққа арналған ақпаратты оптимизациялау (тұтынушыларға арналған ақпараттағы, этикеткадағы олардың формасын және мазмұнын жетілдіру).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша фармацевтикалық көмек деп көп деңгейлі денсаулық сақтау жүйесінің бірінші буыны ретінде дәріханада пациентпен және қоғаммен қарым-қатынас жасау тәжірибесінің философиясын түсінеді. Осы қарым-қатынастың принциптері 1996 жылы Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ассамблеясында бекітілген тиісті дәріханалық практика концепциясының негізіне алынған.

Фармацевтикалық көмектің мазмұны көп жағдайда құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және сыртқы ортаның басқа да шарттарымен анықталады. Фармацевтикалық көмектің сапасын бағалау үшін қолданылатын негізгі критерилерге дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қолданудан болатын тиімділік (тиімділік, қауіпсіздік, өмір сүру көрсеткіштерін жақсарту және т.б.); фармацевтикалық сала мамандарының біліктілік деңгейі; өз уақытында болуы; тауарлар ассортиментінің болуы және бағасы бойынша жетімділігі жатады.

 

 

Фармацевтикалық көмекті көрсетудің заңдылық-құқықтық негізін құрайтын республикалық институттар

Фармацевтикалық көмекті көрсету кезіндегі фармацевтикалық нарық субъектілерінің өзара әрекеті белгілі бір институционалды шеңберде (схема) өтеді.

Институттар – бұл шектеулер түрінде берілген ереже, оны адамдар экономиканың альтернативті мүмкіндіктерінің жиынтығын анықтай отырып өзара қарым-қатынас жасау үшін қабылдайды. Институттар қалыптасу сипатына қарай біртекті емес, сондықтан оларды шартты түрде 2 үлкен топқа бөлуге болады: формальды және формальды емес.

Формальды ережелерді құру иерархиясы ерекшелендіреді. Иерархиялық сатының жоғарғысын өзгерістерге сирек ұшырайтын және төмендегілерге ережені анықтау үшін альтернативаны анықтайтын маңызды ережелер алады. Мұндай маңызды ереже ретінде ҚР Конституциясы алынады.

ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, бірақ ол құқықтық акт қан емес, сонымен бірге біздің қоғамымыз үшін әділдіктің негізгі танымдық бағдары болып табылады. Біздің елімізде алғаш рет халықтың денсаулығын қорғаудың құқықтық нормалары жасалған

Азаматтардың денсаулығын қорғау – бұл әрбір адамның физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, оның белсенді өмірінің ұзақтығын қолдауға, денсаулығын жоғалтқан жағдайда медициналық көмекті көрсетуге бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медициналық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы сипаттағы іс-шаралардың жиынтығы.

ҚР Конституциясына сәйкес, халықаралық құқықтық жалпы танылған ережелері және нормаларымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі приницптері анықталған:

· денсаулық сақтау саласындағы адам және азаматтың құқын қорғау және соған байланысты мемлекеттік кепіл құқықтарымен қамтамасыз ету;

· профилактикалық шаралардың приоритеті;

· медициналық-әлеуметтік көмектің жетімділігі;

· денсаулығын жоғалтқан жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы;

· денсаулығын қорғау саласындағы азаматтардың құқын қамтамасыз етудегі мемлекеттік билік және басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер миен ұйымдардың (меншік формасына қарамастан) жауапкершілігі.

 

ӘДЕБИЕТ

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

3. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Фармацевтикалық көмек концепциясы.

2. «Дәрілік заттардың айналымы» түсінігінің анықтамасы.

3. «Азаматтардың денсаулығын қорғау» түсінігінің анықтамасы.

4. ҚР азаматтардың денсаулығын қорғаудың негізгі приницптері.

 


 

ДӘРІС 2

ТАҚЫРЫП:ҚР ТҰРҒЫНДАРЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ