ТЕГІН немесе ЖЕҢІЛДІКТІ РЕЦЕПТ – РЕЦЕПТ БЕСПЛАТНЫЙ или ЛЬГОТНЫЙ 5 страница

Àóðóõàíàëûº æ¸íå àóðóõàíààðàëûº ä¸ðiõàíàëàðäà¹û ¼íäiðiñòiê ïðîöåññ ñòà-öèîíàðäà¹û àóðóëàðäû ä¸ðiëiê çàòòàðìåí ºàìòàìàñûç åòóìåí áàéëàíûñòû îðûí-äàëàòûí áàðëûº æ½ìûñòàðäû» æèûíòû¹û áîëûï òàáûëàäû:

· òàëàïòàðäû ºàáûëäàó æ¸íå ðåñiìäåó;

· ûäûñòàðäû ¼»äåó;

· òàçàðòûë¹àí ñóäû àëó;

· ¸ðò¾ðëi ä¸ðiëiê ºàëûïòàðäû æàñàó;

· äàéûíäàë¹àí ä¸ðiëiê çàòòàðäû» ñàïàñûí áàºûëàó;

· äàéûíäàë¹àí ä¸ðiëiê çàòòàðäû ºàòòàó æ¸íå òà»áàëàó;

· ä¸ðiëiê çàòòàðäû ºàáûëäàó æ¸íå ñàºòàó;

· ä¸ðiõàíàäàí ä¸ðiëiê çàòòàðäû ÅÀµ-íû» á¼ëiìäåðiíå áîñàòó;

· àºïàðàòòûº æ½ìûñ;

· ä¸ðiëiê çàòòàðäû åìäåó ½éûìäàðûíà æåòêiçó;

· тұрғындарға дәрілік заттарды босату.

ÅÀµ-íû» ä¸ðiõàíàëàðû ìåí ÀÀÄ-íû» á¼ëìåëåði. Á¼ëìåëåð ñàíû æ¸íå îëàðäû» ñèïàòòàìàñû æ½ìûñ ê¼ëåìiíå áàéëàíûñòû áîëàäû (СанЕмН қараңыз).

 

Өндірістік функцияларының сипатына байланысты шаруашылық есептегі ауруханалық дәріханаларда 4 бөлімді бөлуге болады: рецептуралық-өндірістік; стерильді дәрілік заттар; тауарлар қоры және ақпарат; тауарларды жинақтау жәіне жіберу. Дәріханалардың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті бөлімдердің саны оларға бекітілген емдеу ұйымының төсек санына, фармацевтикалық персоналдардың санына және дәріхананың тауарайналымына байланысты болады.

 

Заттық-сандық есеп жүргізудің тәртібі

Емдеу алдын алу ұйымының дәріханасы мен ауруханааралық дәріханалардағы тауарлық бағалы заттардың есебі, халыққа қызмет көрсететін дәріханаладағы сияқты ақшалық мәнде (барлық тауарлық бағалы заттар есепке алынады), дәрілік заттардың нақты топтары үшін натуралды мәнде (заттық-сандық есеп) жүргізіледі.

ЕАҰ дәріханасы мен ауруханааралық дәріханалардағы заттық-сандық есепке алынады:

· есірткі дәрілік заттар және психотропты заттар және олардың прекурсордары;

· улы заттар.

Ауруханалық дәріханаларда, бұлардан басқа, клиникалық сынауға алынған жаңа дәрілік заттар, тапшы және қымбат тұратын дәрілік заттар, таңу заттары және тара заттық-сандық есепке алынады. ҚР ДСМ 07.04.05 ж. № 173 бұйрығына сәйкес есірткі заттардың, психотропты заттардың және прекурсорлардың есебі арнайы журналдарда жүргізіледі, олар нөмірленеді, шнурланады, фармацевтикалық кәсіпорынның немесе ЕАҰ жетекшісінің қолымен куәландырылады және ұйымның (мекеменің) мөрі қойылады.

 

Формулярлы тізімдерді құру

Экономикадлық жүйенің трансформациялануы кезеңінде ҚР фармацевтикалық нарығын дамыту үшін ЕАҰ дәрімен қамтамасыз етудің заман талабына сай нарықтық әдістерін енгізуге және дәрілік заттар туралы объективті ақпаратты дамытуға бағытталған жоба құрылды. Фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби лексиконында келесідей түсініктер пайда болды: «емдеу стандарты», «дәрілік формуляр». Қазіргі кезде де негізгі ауруларды емдеу және диагностикалау стандарттары, сонымен бірге формулярлық жүйе стандарттары енгізіледі.

Формулярлық жүйе – нақты жағдайларды ескере отырып қолда бар ресурстарды ұтымды қолданумен және медициналық көмекпен максимальды жоғары қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды қолдану және қамтамасыз етудің рационалды, ұйымдастыру жағынан және экономикалық тиімді әдістерімен қамтамасыз ететін басқару әдістемелерінің жиынтығы.

Формулярлық жүйе іс-шараларының қатарына дәрілік заттардың және анықтамалардың, дәрілік препараттарды таңдау алгоритмдері және жанама әсерлерін және дәрілердің қолданылуын бағалау мониторингінің бағдарламалары кіретін емдеу стандарттарының формулярлық тізімдерін жасау және енгізу жатады. Формулярлық жүйенің негізіне медициналық көмектің белгілі бір деңгейінде препараттардың сатылып алынуын және қолданылуын анықтайтын дәрілік заттардың формулярлық тізімдері алынады.

Дәрілік заттардың формулярлық тізімі (формуляр) – ұтымды клиникалық және экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін дәрілерді қолдануды регламенттейтін құжат. Формулярды құрастырудың мақсаты медициналық көмекті рационализациялау; дәрілік заттардың қолдануын негіздеу; жанама әсерлерінің пайда болу жиілігін және дәрілердің дұрыс емес мөлшерде қолданылуын азайту; дәрімен қамтамасыз етуге кететін шығындар мен қол жеткізетін терапевтикалық тиімділік арасындағы қатынасты оптимизациялау болып табылады.

Формулярлық тізімге енгізу үшін препараттарды таңдау кезінде қойылатын негізгі критерилер мен талаптарға келесілер жатады:

· осы препаратқа қажеттіліктің болуына негіздеме;

· тиімділігі (өз тобындағы басқа дәрілік заттарға қарағанда айқын білінетін фармакологиялық әсерінің болуы);

· жақсы қабылдануы, қауіпсіздік деңгейінің жоғары болуы, жақсы зерттелуі;

· отандық және шетелдік дайындаушы-заводтардан сатып алуға жетімді болуы;

· ЕАҰ-да дәрілік заттарды қолдану тәжірибесінің болуы;

· сапасының қанағаттандыруы;

· «құны-тиімділік» қатынасының ұтымды болуы (дәрілік заттың қолданылуы оның құнын ақтайды ма);

· генерикалық атауы.

Формуляр – бұл енгізілген дәрілік заттардың саны бойынша және дәрі-дәрмектерге қатысты ақпарат көлемі бойынша регламенттелген құжат болып табылады. Формулярдың негізіне халықаралық және (немесе) мемлекеттік деңгейде келісілген және қабылданған емдеудің практикалық ұсыныстары (стандарттары), рационалды фармакотерапияны жүргізудің дәлелді-негізделген ыңғайлары, ауру құрылымына мұқият жүргізілген талдау, клиникалық және экономикалық жағынан тиімдірек және қауіпсіз дәрілік препараттар бойынша дәлелді- негізделген мәліметтер, әрбір аурудың емдеу курсының құны және тұтыну деңгейі бойынша зерттеу мәліметтері алынады.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

2. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

3. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

4. Устройство, оборудование и эксплуатация аптечных организаций. Санитарные правила и нормы № 3.01.078.2002.

5. Приказ МЗ РК от 7 апреля 2005 года № 173 «Правила использования в медицинских целях наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан».

6. Приказ МЗ РК от 21 мая 2008 года № 289 «Об утверждении Правил выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры».

7. Приказ МЗ РК от 10 мая 1999 года № 238 «Об утверждении Правил по хранению различных групп лекарственных средств и изделий медицинского назначения в организациях здравоохранения и Правил о порядке хранения и обращения с лекарственными средствами, обладающими огнеопасными и взрывоопасными свойствами, в аптечных организациях и на фармацевтических предприятиях» (внесены изменения и дополнения, утвержденными приказом Председателя Комитета фармации МЗ РК от 23.06.05 № 89).

8. Приказ МЗ РК от 15 декабря 2004 г. № 142 «Правила изготовления лекарственных средств».

9. Приказ МЗ РК от 4 ноября 2002 года № 160 «Инструкция по применению норм естественной убыли при изготовлении лекарственных средств в условиях аптеки».

10. Приказ МЗ РК от 2 июня 2003 года № 85 «Об утверждении Инструкции по контролю качества лекарственных средств, изготовляемых в аптеке».

10. Закон РК от 13.01.04 № 522-II «О лекарственных средствах».

11. Закон РК от 07.07.06 № 170-III «Об охране здоровья граждан Республики Казахстан».

Қосымша:

1. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

 

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

1. Емдеу алдын алу ұйымының дәріханасының және ауруханааралық дәріхананың жалпы сипаттамасы, міндеттері және функциялары, оларды ұйымдастыру тәртібі және рецептураның құрылымы.

2. Емдеу алдын алу ұйымының дәріханасы мен ауруханааралық дәріхананың бөлмелерінің құрамы және олардың өзара байланысы.

3. Емдеу алдын алу ұйымының дәріханасы мен ауруханааралық дәріхананы жабдықтау ерекшеліктері.

4. Организация изготовления лекарств для инъекций и лекарств, требующих асептического изготовления.

5. Әкімшілік-шаруашылық және фармацевтикалық персоналдардың штаты.

6. Емдеу алдын алу ұйымының дәріханасы мен ауруханааралық дәріхананың меңгерушілерінің (меңгерушінің орынбасарларының) құқы мен міндеттері.

7. Медициналық тауарларды қабылдап алу және босату тәртібі.

8. ТБЗ сақтау, есебін жүргізу және аурухана бөлімдеріне босатуды бақылау.

9. Емдеу алдын алу ұйымының дәріханасы мен ауруханааралық дәріханадағы заттық-сандық есеп.

 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Ауруханааралық дәріхана бағынады:

а) Денсаулық сақтау министрлігіне

б) дәріхана басқармасының облыстық бөліміне

в) аурухананың бас дәрігеріне

2. Ауруханааралық дәріхананың штаты келесі көрсеткіштердің негізінде анықталады:

а) тауарайналымы

б) рецептура

в) дәріханаға бекітілген ЕАҰ-ның санына

г) бекітілген ЕАҰ-ғы төсек сандарының саны

д) қол сауда бөлімі бойынша тауарайналымының

3. Науқастарға улы және есірткі заттардың берілуіне және сақталуына кім жауап береді:

а) дәріхана меңегрушісі

б) аурухананың бас дәрігері

в) кезекші дәрігер

г) аға медбике

д) бөлім меңегрушісі

Вариант 2

1. Ауруханааралық дәріханалар қызметін ұйымдастырады және тоқтатады, төмендегілер үшін бекітілген тәртіпте:

а) орталық аудандық дәріханалар үшін

б) шаруашылық есептегі дәріханалар

в) дәріханалық дәріханалар

г) ЕАҰ дәріханалары

2. Ауруханааралық дәріханалардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады:

а) дәріхана басқармасы

б) облыстық денсаулық сақтау бөлімі

в) аурухананың бас дәрігері

г) дәріхана меңгерушісі

д) Қаржы министрлігі

е) Денсаулыөқ сақтау министрлігі

3. Ауруханааралық дәріханадағы «Есірткі және улы заттардың шығынын есепке алу журналы» болу керек:

а) әр бетіне дәріхана меңгерушісінің қолы қойылған

б) әрбір беті емдеу мекемесінің мөрімен куәландырылған

в) әрбір беті шнурланған

г) бас дәрігердің қолымен және мөрімен бекітілген

д) жоғары тұрған ұйымның жетекшісінің қолымен және мөрімен бекітілген

е) шнурланған

Вариант 3

1. Ауруханааралық дәріхана қандай мекеме болып табылады:

а) типтік

б) бюджеттік

в) өзіндік айналымдық заттары бар

г) шаруашылық есептегі мекеме

д) медициналық

2. Дәріхананы жөндеуге немесе инвентаризацияға жабу келесілердің шешімімен жүргізіледі:

а) облыстық денсаулық сақтау бөлімінің

б) дәріхана меңгерушісінің

в) аурухананың бас дәрігерінің

г) бас дәрігермен келісе отырып дәріхана меңгерушісінің

3. Этил спиртінің нақты қалған мөлшерін кітап қалдығымен салыстыру жүргізіледі:

а) күн сайын

б) тоқсанына бір рет

в) әрбір айдың 1-жұлдызына

г) әр жылдың 1-жұлдызына

д) апта сайын

е) 10 күнде бір рет

Вариант 4

1. Ауруханааралық дәріхананың міндеттері:

а) тұрғындардан рецептерді қабылдау

б) рецепт бойынша дәрілік заттарды дайындау

в) қолма-қол есеп айырысуға дайын дәрілік заттарды босату

г) талап бойынша дәрілік заттарды дайындау

д) емдеу алдын алу ұйымдарын ДДЗ қамтамасыз ету

е) тұрғындарға таңу материалдарын, науқастарды күту бұйымдарын және минералды суларды босату

ж) ЕАҰ-рын таңу материалдарымен, науқастарды күту бұйымдарымен және медициналық ассортименттегі басқа да тауарлармен қамтамасыз ету

2. Ауруханааралық дәріхананың жұмыс уақытын белгілейді:

а) республиканың Денсаулық сақтау министрлігі;

б) аурухананың бас дәрігерімен келісе отырып дәріхана меңгерушісі;

в) дәріханамен келісе отырып денсаулық сақтау органы;

г) денсаулық сақтау органымен келісе отырып дәріхана басқармасы.

3. Емдеу мекемелеріне этил спиртін босату қандай құжаттың негізінде жүргізіледі:

а) есеп-фактураның;

б) рецептің;

в) тұрақты сенімхаттың;

г) талаптың;

д) талаптың және бір реттік сенімхаттың;

е) бір реттік сенімхаттың.

Вариант 5

1. Ауруханааралық дәріхана дәрілік заттарды босатады:

а) стационардағы науқастарға

б) тұрғындарға қолма-қол есеп айырысу бойынша

в) тұрғындарға аудару арқылы есеп айырысу бойынша

г) ЕАҰ-на аудару арқылы есеп айырысу бойынша

д) мекемелерге қолма-қол есеп айырысу бойынша

е) мекемелерге аудару арқылы есеп айырысу бойынша

2. Ауруханааралық дәріхананың өндірістік және қосымша персоналдарының саны қандай көрсеткіштердің негізінде анықталады:

а) жалпы тауарайналымының

б) экстемпоральды рецептураның

в) бекітілген емдеу алдын алу ұйымдарындағы төсек асндарымен

г) қол сауда бойынша тауарайналымымен

д) жалпы рецептура

3. Этил спиртін алуға арналған сенімхаттың жарамдылық мерзімі:

а) 5 күн

б) 25 күн

в) ай

г) жыл

д) 3 күн

Вариант 6

1. Ауруханааралық дәріхана орналасу керек:

а) аурухананың бас корпусында

б) тұрғын үйдің подвалды бөлмелерінде

в) тұрғын үйдің 5 қабатында

г) жылы бөлмелерде

д) жақсы желденетін бөлмелерде

е) дәрі-дәрмектердің сақталуын қамтамасыз ететін және СанЕмН талаптарына сай келетін бөлмелерде

2. ЕАҰ дәріханасы мен ауруханааралық дәріхананың жұмыс көлемі анықталады:

а) рецептурамен

б) ЕАҰ-неа бекітілген мекемелермен

в) бекітілген ЕАҰ-ның профилімен және олардағы төсек санымен

г) жылдық сауда-қаржылық жоспарымен

д) дәріхана штатымен.

3. ААД-да келесі дәріханаішілік дайындаулар жүргізілуі мүмкін:

а) кальций хлоридінің ерітіндісі

б) 1% пилокарпин ерітіндісі

в) 2% салицил қышқылының ерітіндісі

г) бриллиант көгінің спиртті ерітіндісі

Вариант 7

1. ААД құрамында келесідей бөлмелер болады:

а) ассистенттік

б) химик-аналитиктің кабинеті

в) материалды бөлме

д) талаптарды өңдеуге арналған бөлме

е) асептикалық блок

ж) емдеу ұйымдарына ТБЗ босатуға арналған бөлме

2. Улы және есірткі дәрілік заттарға арналған талаптар ресімделеді:

а) аға медбикенің қолымен

б) емдеу мекемесінің жетекшісінің және аға бухгалтердің қолымен

в) бөлім меңегрушісінің қолымен

г) кезекші дәрігердің қолымен және жеке мөрімен

д) бас дәрігердің қолымен және емдеу мекемесінің мөрімен

3. ААД-да есірткі және улы заттардың сандық есебі жүргізіледі:

а) күн сайын

б) ай сайын

в) жыл сайын

г) апта сайын

д) тоқсанына бір рет

Вариант 8

1. ААД қамтамасыз етілуі керек:

а) телевизормен

б) құрал-жабдықтармен

в) инвентармен

г) сфигмоманометрмен

д) ақпараттыө әдебиетпен

е) аппаратурамен

2. Құрамында есірткі заты бар дәрілік заттарға жазылған рецептер мен талаптар дәріханада қанша уақыт сақталуы керек:

а) 1 ай

б) 5 жыл

в) 0,5 жыл

г) 3 жыл

д) 3 ай

3. ААД-дан этил спирті босатылатын рецептер мен талаптар сақталады:

а) 1 жыл

б) 0,5 жыл

в) 1 ай

г) 3 жыл

д) 2 жыл

Вариант 9

1. ААД дәрігерлерді ақпараттайды:

а) тауарайналымының жоспарының орындалуы туралы

б) дәріханада бар ДДҚ туралы

в) табыс жоспарының орындалуы туралы

г) дәріханада жоқ препараттардың фармакологиялық аналогтары туралы

д) препараттардың мүмкін болатын жанама әсерлері туралы

е) дәрілік заттардың бағасы туралы

2. Жалпы тізімдегі дәрілік заттарға жазылған талаптар дәріханада сақталады:

а) 0,5 жыл

б) 2 ай

в) 2 жыл

г) 1 жыл

д) 3 жыл

3. Этил спиртінің дұрыс сақталуына, босатылуына, есебін жүргізуге және дәрігерлердің рационалды тағайындауныа кім жауапты болады:

а) бөлім меңегрушісі

б) аға медбике

в) мекеме жетекшісі

г) шаруашылық меңегрушісі

д) дәрігер

Вариант 10

1. ААД-дан бекітілген емдеу ұқйымдарына дәрілік заттар қандай құжаттың негізінде босатылады:

а) сенімхаттың

б) рецептің

в) баяндау хатының

г) емдеу мекемесінің жетекшісінің қолы қойылған рецептің

д) жетекшінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген талаптың

2. Дәріхананың сауда-қаржы қызметі анықталады:

а) рецептура бойынша жоспармен

б) бекітілген ЕАҰ-ның санымен

в) жабдықтау үшін дәріханаға бекітілген ЕАҰ-ғы төсек санымен;

г) жылдық сауда-қаржы жоспарымен

3. ААД-ғы этил спиртінің нақты мөлшерін есеп мәліметтерімен салыстыру жиілігі:

а) жыл сайын

б) күн сайын

в) ай сайын

г) тоқсан сайын

д) 3 айда 1 рет

 

 

ТАҚЫРЫП:АРНАЙЫ ӘСЕР ЕТЕТІН, НОРМАЛАНАТЫН ЖӘНЕ ӘСЕР СПЕКТРІ КЕҢ