Дәрістер: өзекті (проблемалық), шолу

Тәжірибелік сабақтар: Тәжірибелік жұмыстарын орындау:

- тыныс алу, жүрек және қантамырлар жұмысын зерттейтін арналған клиникалық-физиологиялық әдістерді меңгеру (пульсті есептеу техникасы), бүйрек қызметінің сандық талдауын, несептің жалпы талдауын, тірек-қимыл жүйесінің, тері және тері қосымшаларының қызметін зерттеуде маңызды клинико-физиологиялық тәсілдерді, нерв жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің қызметін зерттеуге, дені сау адамда қалқанша безінің гормондарын және қанда және зәрде қантты тексеру қортындыларын клиникалық-физиологиялық зерттеу әдістерді игеру;

- спирографпен С-100, кестелермен және атластармен (дем алу мен дем шығару механизмдерін меңгеру), электрокардиографпен (элктродтарды қою техникасы, 12 тіркемемен ЭКГ тіркеу, қалыпты электрокардиограмманы жазу, қалыпты жағдайда арақашықтықтармен тісшелердің параметрлері), тонометрмен (манжеттерді салу техникасы, артериялық қысымды өлшеу, қалыпты жағд айдағы көрсеткіштер), фонендоскоппен (жүректі тыңдау нүктелері, бір біріне аускультация жасау), электроэнцефалографпен жұмыс жасау (электродтарды қою йтехникасы, ЭЭГ жазу, қалыпты ЭЭГ талдау, қалыпты жағдйайдағы параметрлер), кестелер мен атластармен жұмыс, тесттік тапсырмаларын, жағдайлық есептер шешу. Шағын топтарда жұмыс, (TBL) командада оқыту, зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамалар толтыру.

ОСӨЖ -алынған нәтижелерді сараптай отырып орындалған жұмыс хаттамаларын толтыру; оқу-әдістемелік әдебиеттерді меңгеру; практикалық жұмыс; атласпен жұмыс; сызбалар жасау.

СӨЖ - әдебиеттермен жұмыс, тестік тапсырмаларға дайындық, MOODLE платформасында дистанциялы.

 

Білімді бағалау критериилері: әр деңгейдегі білімді бағалау критериилері мен шкалалары (ағымдық, аралық, қорытынды), білімнің барлық түрлерін бағалаудың ережелері (аудиториялық, ОСӨЖ, СӨЖ).

 

Таңбалау жүйесі бойынша бағалау Білімді бағалау критериилері
А Жеткілікті толық әрі дұрыс жауап. Бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті студент терең меңгерген жағдайда. Тереңдетіп қиындатылған оқу мәліметтерін еркін түсініп, ұғынады. Спецификалық терминдерді қолданып, мамандықтың негізгі терминдерін терең ұғынып, түсінеді. Алған білімдерін басқа көршілес оқу мамандықтарының білімдерімен ұштастыра алады. Тәжирибе жүргізу дағдыларын игерген (мамандыққа байланысты химиялық және т.б) тәжирибе жасау кезінде алынған мәліметтерді түсіндіріп, талдайды және дәлелді қорытынды жасайды.
А- Толық әрі дұрыс жауап. Оқу бағдарламасының мәліметтері жөнінде студент білімді жүйелі әрі терең меңгерген, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиеттерді терең меңгерген және қосымша әдебиеттермен таныс. Спецификалық терминологияны қолдана отырып, мәліметтерді терең біліп талдайды, алған білімдерін көршілес медико-биологиялық мамандық білімімен ұштастыра алады. Тәжирибе жүргізу дағдыларын игерген (мамандыққа байланысты химиялық және т.б) тәжирибе қорытындысын бекітіп, талдау жасай алады.
В+ Жауап айтарлықтай толық. Студент бағдарламалық мәліметтерді меңгерген, бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиеттермен таныс, спецификалық терминологияны дұрыс қолдана алады, өмірлік іс-әрекеттер процессінде әртүрлі құбылыстардың мағынасы мен ролін өзіне сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді, жауап беру барысынды бірлі-жарым қателіктер жіберіп, оларды өздері түзетуде. Тәжирибе жүргізу дағдыларын игерген (мамандыққа байланысты химиялық және т.б) тәжирибе қорытындысын бекітіп, талдау жасай алады.
В Жауап толық Студент бағдарламалық мәліметтерді меңгерген, бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиеттермен таныс. Спецификалық терминологияны дұрыс қолдана алады, спецификалық терминологияның жүру барысы мен бағытын түсінеді және түсіндіре алады, білімі мен іс-әрекетінде бірнеше жеңіл-желпі қателіктер жіберіп, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары барысында жояды. Өмірлік іс-әрекеттер процессінде әртүрлі құбылыстардың мағынасы мен ролін өзіне сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді, жауап беру барысынды бірлі-жарым қателіктер жіберіп, оларды өздері түзетуде. Тәжирибе жүргізу дағдыларын игерген (мамандыққа байланысты химиялық және т.б) тәжирибе қорытындысын бекітіп, талдау жасай алады.
В- Жауап дұрыс, бірақ толық емес. Студент оқу-бағдарламалық мәліметтерді толық меңгерген, бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиеттермен таныс, спецификалық терминологияны дұрыс қолдана алады, спецификалық терминологияның жүру барысы мен бағытын түсінеді және түсіндіре алады, негізгі механизмдерін айта алады, бірақ түсіндіруде қиналады. Студент жауап беру барысында бірнеше жеңіл-желпі қателіктер жіберіп, мұғалімнің қатысуымен жояды. Тәжирибе жүргізу дағдыларын игерген (мамандыққа байланысты химиялық және т.б). Тәжирибе қорытындысын бекітіп, талдау жасауға қиналады.
С+ Жауап толық емес, жеңіл-желпі қателіктер жіберіп, мұғалімнің бағытталған сұрақтары арқылы жояды. Студент негізгі оқу-бағдарламалық мәліметтердің көлемін меңгерген, бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиеттермен таныс. Спецификалық терминологияны қолдана алады, негізгі механизмдерін айта алады, бірақ оларды кезеңдерімен жаза алмайды, білімін еркін қолдану арқылы нақты мысал келтіру кезінде қиналады. Тәжирибе жүргізу дағдыларын игерген (мамандыққа байланысты химиялық және т.б). Тәжирибе қорытындысын бекітіп, талдау жасауға қиналады.
С Жауап білімін жартылай жаңғыртады, оқу-бағдарламасында қарастырылған, бірлі жарым, жеңіл-желпі қателіктер жіберген, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары барысында жояды. Спецификалық терминологияны қолданып меңгерген, қиын механизмдерді айқындауда қиналады. Тәжирибе жүргізу дағдыларын игерген (мамандыққа байланысты химиялық және т.б). Тәжирибе қорытындысын талдап қорыта алмайды
С- Оқу-бағдарламалық мәліметтердің жартылай жаңғыртылуы. Елеулі, жеңіл-желпі қателіктер жіберіп, мұғалімнің көмегі арқылы жояды. Спецификалық терминологияны дұрыс қолдана алады, бірақ негізгі механизмдерін айқындауды қиналады, формулалар жазуда қателіктер жібереді.Өз білімін басақа мамандықтармен байланыстыра алмайды. Тәжирибе жүргізу дағдыларын игерген (мамандыққа байланысты химиялық және т.б). Тәжирибе қорытындысын бекітіп, талдау жасауға қиналады.
Д+ Жауап толық емес, дәлелсіз. Елеулі, жеңіл-желпі қателіктер бар. Жеке жағдайларда студент спецификалық терминологияны қолданады, механизмдерін айқындауды қиналады, байланыстыра алмайды, мамандық бойынша терминдерді, негізгі түсініктерді толық айқындай алмайды. Тәжирибе жүргізу дағдыларын толық игермеген (мамандыққа байланысты химиялық және т.б). Тәжирибе қорытындысын бекітіп, талдау жасауға қиналады.
Д Жауап көптеген елеулі қателіктермен, мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы да жоя алмайды. Елеулі қателіктер, терминологияны дұрыс қолдана алмайды, терминдердің түсініктерін айқындай алмайды, негізгі заңдарды тұжырымдай алмайды, классификациясын, жайын білмейді. Студент негізгі процестердің мәнін, механизмін түсінбейді, спецификалық терминологияны қолдану арқылы мәліметтерді жазбаша баяндай алмайды. Өрескел қателіктер жібереді. Тәжирибе жүргізудің бірен-саран дағдыларын игерген, тәжирибе қорытындысын бекітіп, талдау жасауға қиналады.
F Студенттін жауап беруден бас тартуы немесе жауап беру барысында студенттің оқу материялы жөнінде білімінің мүлдем болмауы. Тәжирибенің бірде-бір есебі шешілмеген немесе тәжирибелік жұмыс дұрыс орындалмаған

 

· Пән бойынша интегралды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісіҚММУ ағымдағы 2014-2015 оқу жылына бекітілген рейтинг жүйесіне сәйкес толтырылады. (Студенттердің рейтинг жүйесіндегі үлгерім бағаларын положениеден көруге болады Карағанды, 2014)

 

Аралық бақылау бағдарламасы (мазмұны)

«Тыныс алу жүйесі» модулі:

Тыныс алудың негізгі кезеңдері. Тыныс алудың типтері (құрсақ, кеуде, аралас). Минут ішіндегі тыныс алу көлемі, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтығы. Тыныс алу циклы. Тыныс алу жолдары физиологиясы. Сәулелік реттелуі. Өкпедегі ауа алмасу /минуттық, альвеолалық/, әртүрлі мүшелер жүйелеріндегі әркелкілігі. Тыныс алу механизмі. Плевралық қуыстың қысымы, тыныс алудағы оның өзгеруі. Өкпенің және кеуде қуысы қабырғаларының эластикалық құрылымы. Жоғарғы-белсенділік заттар /сурфактант және ұлпалардың ықпалы/. Спирометрия, спирография. Өкпедегі газ алмасу. Тыныс алудағы, тыныс шығарудағы және альвеолалы ауаның құрамы. Анықтаудың әдістері. Қан құрамында еріген газдардың күшеюін өлшеудің әдістері. Өкпеліе мембрана құрылымы. Өкпенің дифузиялық мүмкіндігі. Қан құрамындығы газдардың О2 және СО2 тасымалдануы. Гемоглабиннің түзілуі мен бұзылуына әсер ететін факторлар. Веналық және артерилық қан О2 және СО2 құрамы. Оксигемометрия. Қандағы көмірқышқылдың көлемі. Әртүрлі жағдайлардағы О2 пайдаланылу коэффиценті. Карбоангидразаның маңызы. Қан және ұлпа аралығындағы газ алмасу. Тыныс алудың реттелуі. Тыныс алу мерзімін қамтамасыз ететін ОЖЖ құрылымы. Өкпедегі механорецептарлар, олардың тыныс алу тереңдігі мен жиілігін ретеудегі маңызы. Геринг пен Брейер рефлекстері. Гуморальді реттелу. Фредрик сынымасы. Тыныс алуды реттеудегі гипоталамус, лимбикалық жүйе және үлкен ми сыңарларының маңызы. Тыныс алудың шартты және шартсыз реттелуі. Тыныс алудың тереңдігі мен жиілігіне артериялық қанның рН мен газ құрылымының әсері. Орталық және перифериялық хеморецепторлар, газ гмеостазының қамтамасыз етілуі мен маңызы. Өкпедегі гипоксия мен гиперкапния кезіндегі ауас алмасуының өзгеруі. Физикалық жұмыс, төменгі және жоғарғы барометриялық қысым кезіндегі тыныс алу, тыныс алу жүйесінің резервтік мүмкіндіктері. Тыныс алудың қорғаныштық рефлекстері. Қанның газбен қамтамасыз етілуінің функционалдық жүйесі. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы демі. Тыныс алудың жастық ерекшеліктері.

«Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі:

Қанайналым жүйесінің функционалдық сипаттамасы. Жүректің клапандық аппараты. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық құрылымы. Ұрпақ потенциалы әрекетінің ерекшеліктері, қозғыштығы. Жүрек автоматының градиенті. Балалардағы ерекшеліктері. Жүрек жұмысын физиологиялық-клиникалық зерттеу әдістері. Жоғарғы және жүрек дүмпілі олардың пайда болуы, шектеу, анықтау әдістері. Жүрек жыбысының түзілу механизмдері, тыңдау орындары. Балалардағы ерекшеліктері. Жүрек әрекетінің электрлік пайда болуы. Электрокардиография. Электрокардиограмма қалыпты. ЭКГ-нің физиологиялық негіздері. Балалардағы ерекшеліктері. Гемодинамика. Қантамыр жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің функционалдық сипаттамасы. Қанның қантамырларында таралуын қамтамасыз ететін факторлар. Гемодинамиканың паратерлері. Артериялық қысым оның түрлері (систолалық, диастолалық, пульстік).қан қысымының ұлғаюын анықтайтын факторлар. Артерифлық қан қысымын өлшеу ережелері. Артериялық тамыр соғуын саусақпен сазіну. Мүшелік қанайналым және микроциркуляция. Қанайналымның реттелуі. Қан қысымын қамтамасыз ететін функционалдық жүйе. Қан айналымының гуморальді реттелуі. Балалардағы ерекшеліктері.

«Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары» модулі:

Тірек-қимыл аппаратының жалпы сипаттамасы. Адамның белсенді қозғалысы. Қозғалыс әрекетінің жүйелік реттелуі, локомоцияның реттелуіне ОЖЖ әртүрлі бөлімдерінің қатысуы. Балалардағы ерекшеліктері. Ағзаның сыртқы және ішкі бөлімдерінің бөгелуі (тері, шырыщты қабық, гистогематикалық және гемато-энцефаликалық бөгелу).

«Нерв жүйесі» модулі:

Адамның ОЖЖ функцияларын зерттеудің негізгі әдістері. Үлкен ми қыртысының электрлік белсенділігі. Электроэнцефалография. Ми қанайналымының ерекшеліктері. Реоэнцефалография. Жүйке жүйесінің негізгі рефлекторлық орталықтары. Жұлын. Жұлынның өткізгіштік және рефлекторлық қызметі. Цереброжұлындық сұйықтық: функционалдық маңызы, білімділігі, айналымы, реабсорбциясы. Сопақша ми және варолиев көпіршесі. Ортаңғы ми. Статикалық және статокинетикалық рефлекстер. Ретикулярлық формацияның жоғарғы және төменгі шегі. Мишық. Аралық ми. Қыртыс асты орталықтар. Бас бөліміндегі үлкен ми сыңырларының қыртысы.

Статикалық және статокинетикалық рефлекстер. Балалардағы ерекшеліктері.

«Эндокриндік жүйе» модулі:

Ағзаның әрекетін реттеудегі гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті бездері жүйесінің ролі. Кері байланыс механизмдері. Қалқанша бездерінің жалпы сипаттамасы. Иодталған гормондардың метоболикалық әсері (Т-3,Т-4). Ұйқы безінің эндокринді функциясы және оның реттелуі. Май, көмірсу, ақуыз алмасуына инсулиннің әсері. Көмірсу алмасуына глюкагоның әсері. Бүйрек үсті безінің гормондары, олардың организм функцияларын және зат алмасуды реттеудегі ролі. Жасқа байланысты ерекшеліктері.

«Асқорыту жүйесі» модулі:

Ағзада қоректік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін функциялық жүйе. Асқорытудың типтері, негізгі кезеңдері. Асқорыту реттелуінің принциптері мен механизмдері. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Шайнау, жұту, жұту фазалары. Сілекей бөліну. Сілекейлің құрамы, құрылымы, көлемі. Асқазанның секреторлық әрекеті. Асқазан сөлінің құрамы мен құрылымы. Асқазанның моторлы және эвакуаторлы әрекеті. Он екі елі ішек. Өттің құрамы, құрылымы. Ішек секрециясының реттелуі. Азықтық заттардың қуыстық және мембрандық гидролизі. Тік ішектердің моторлы әрекеті. Тоқ ішектердің асқорытудағы маңызы. Ішектегі микрофлора мен газдың маңызы. Тоқ ішек моторикасы. Дефекация. Асқорыту жүйесінің бөлімдерінде әртүрлі заттардың сіңірілуі және механизмдері. Сіңірілудің реттелуі. Асқорытудың жас шамалық ерекшеліктері. Каналдардағы сүзілу және оның реттелу механизмдері.

«Несептік-жыныстық жүйесі» модулі:

Нефрон – бүйректің функционалдық-құрылымдық бірлігі. Бүйректегі қанайналым оның реттелу ерекшеліктері. Зәр түзілуінің негізгі үрдістері (шумақтағы сүзілу, түтікшелердегі қайта сіңірілу және сөлініс).

Шумақтағы сүзілу мехмнизмі, алғашқы зәр құрамы. Каналдардағы секреторлы жүйе. Соңғы зәр және оның құрамы. Зәр түзілуінің нейрогуморальді реттелуі, гормондардың, жүйке жүесінің ролі (АДГ, альдостерон, катехоламин). Осматикалық қысым мен азоттық баланс қолдаудағы бүйректің ролі. Табақшалы ағаш-астау жүйесінің функциясы, несеп жолы, қуық қалбыршағы, несеп шығару каналы. Несеп шығарылуының рефлекторлық реттелуі. Несеп түзілуі және несеп шығарылуының жас ерекшелік өзгерістері. Зәрдің жалпы анализі. Жыныстық функциясының реттелуі. Жаңғыртудың физиологиялық негіздері. Жыныстық мотивация қалыптасуы және механизмі. Жыныс оралымы кезеңдері. Жүктілік пен босанудың физиологиялық заңдылықтары. Ұрпақ өрбітудің жасқа қатысты ерекшеліктері.

«Қан түзуші жүйе» модулі:

Қан жүйесі (Г.Ф.Ланг). Қанның функциясы. Қанның мөлшері және құрамы. Гемокрит. Қанның физико-химиялық қасиеті. Эритроциттер құрылымы, функциялары. Эритроциттердің мөлшерін санау. Гемоглобин, гемоглабиннің мөлшері, қосылуы. Түрлі-түсті көрсеткіш клиника үшін оның маңызы. ЭТЖ оның анықталуы. Гемолиз түрлері оның механизмдері. Қызыл қанның жастық ерекшеліктері. Лейкоциттер, лейкоциттік формула. Лейкоциттер мөлшері. Әртүрлі жастық кезеңдердегі лейкоциттер көлемінің өзгеру динамикасы. Иммунитет, оның түрлері. Тромбоциттер, көлемі, қызметтері. Қантамырлы-тромбоцитарлық гемостаз. Қанның ұю механизмдері. Қанның ұйығыштық, антиұйығыштық жүйесі. Қансырау уақытын анықтау. Эритропоэз, эритрон түсінігі. Лейкопоэз, тромбопоэз. Ағзадағы қанның түзілуі және қанның бұзылуы. Қанның түзілуі және қанның бұзылуының реттелуі. Қан құрамының патологиялық өзгерістері туралы түсінік.