Пәнді оқытудың міндеті

Лгі

АЗТҰТЫНУОДАҒЫ

АРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

БЕКІТЕМІН Бірінші проректор - оқу - әдістеме жұмысы жөніндегі проректор э.ғ.к., профессор Бұғыбаева Р.О. ________________________ «____»_______________2010г. КЕЛІСІЛГЕН Жаңа технология және дистанционды оқыту жөніндегі проректор п.ғ.д., проф.Ибышев Е.С. ___________________________ «____»_______________2010г.

 

СИЛЛАБУС

БАКАЛАВРИАТ

 

Пән K (R) Yа 1102 Қазақ тілі

Мамандық 5В030100 «Юриспруденция»

5В030400 «Кеден ісі»

5В090200 «Туризм»

5В050511 «Маркетинг»

В073200 «Стандарттау, метрология және

сертификаттау»

Кафедра Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті

 

Барлығы 6 кредит (еңбек сыйымдылығы 270 сағат)

Практикалық сабақтар 90 сағат

СӨЖ 120 сағат

СОӨЖ (СРСП) 60 сағат

Арағанды - 2010

2 үлгі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі (Алматы 2007ж.) қазақ тілі курсының типтік бағдарламасы (жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған) мен ҚҚЭУ-МИ-85-04.01-2007 пәндерінің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде силлабусты жасаған К.Ж.Исабекова - доцент, Б.Қ.Билял - оқытушы.

 

Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының отырысында қаралған.

«___»___________2010ж. Хаттама № ______

 

Кафедра меңгерушісі К.Т.Қабатаева

Оқытушылар туралы мәлімет:

Исабекова К.Ж.– доцент, публикациясы –94,6 б.т.

Оқитын пәндері: Қазақ тілі, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, Іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас

Билял Б.Қ.-оқытушы, филология ғылымдарының магистрі, публикациясы – 20,82 б.т.

Оқитын пәндері:Қазақ тілі, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, Іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас

Қарағанды экономикалық университеті

Офис:Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы, оқытушылар аудиториясы №263

Мекен – жайы:Қарағанды экономикалық университеті

Қарағанды қаласы

Академическая көшесі, 9-үй

инд: 470032

тел: 44-16-32 (148)

Факс:____________

Е-mail ___________

3 үлгі

Пәннің мінездемесі

Пәнді оқытудың мақсаты.Оқу - әдістемелік кешенде қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту кезеңінде функциональды – жүйелік әдісті қолдану мақсат етілген.

Бұл – белсенді коммуникативтік (қатысымдық), практикалық бағыт, сөйлеу әрекетінің барлық түрін өзара сабақтастыра оқыту, тілдік материалдарды функционалды (қолданымдылық) жүйемен іріктеп, ыңғайлап меңгерту, жеңілден күрделіге қарай принциптерін жүзеге асыру, ең бастысы заман талабына сай мамандыққа бағыттап оқыту.

«Қазақ тілі» пәнінің коммуникативтік мақсаты: студент қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет, дағдыларын қалыптастырулары тиіс.

Танымдық мақсаты: мамандыққа сәйкес білімді игеріп, дүниетанымдық ой-өрісін дамытуды қазақ тілінде меңгеру.

Тәрбиелік мақсаты: студенттің жалпы тұлғалық әдебін, мәдени деңгейін көтеру, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшелігіне мән беріп, құрметтеуге бағыттау.

Пәнді оқытудың міндеті.

А1 - А2 – негізгі деңгей; В1-В2 – кәсіби бағдарлы деңгей; С1-С2 – мамандық тілі деңгейі:

А1 – күнделікті қарым-қатынаста өзі туралы, отбасы, университеті туралы айтады, сұрақтар қоя алады, шағын мәтіндерді түсінеді.

А2 – өзіне қатысты тақырыптар бойынша жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Өз елі, тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы, мақсаттары туралы әңгімелей алады. Осы тақырыптағы мәтіндерді оқып, негізгі ақпаратты түсіне алады.

В1 – кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойды түсінеді, БАҚ-тағы күнделікті жаңалықтан кәсібіне қатысты ақпараттарды түсінеді. Өз мамандығы бойынша жалпы тақырыптарға ойын жаза алады, өз мамандығы, болашақ қызметі туралы баяндай алады.

В2 – мамандығы бойынша таныс тақырыптардағы баяндамалар мен дәрістерді тыңдап түсінеді. БАҚ-тан берілетін өзіне қажетті ақпараттарды толық түсінеді. Тіл несімен дайындықсыз сұхбаттаса алады. Өз мамандығы бойынша пікірталасқа қатысады, өз көзқарасын дәлелдей алады. Өз саласына байланысты негізгі ұғым, түсініктерді сұхбат барысында қолданады.

С1 - өз мамандығына байланысты тілдік бірліктерді орынды қолданады. Кәсіби сөйлеу жағдаяттарында қатысымға түседі. Өз саласы бойынша мәтіндерді, ғылыми еңбектерді оқып түсінеді. Хабарлама, жоба т.б. жазғанда ойын мейлінше жүйелі, дәлелді бере алады.

Пререквизиттер: Қазақ тілі курсын сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін сабақтастыра, деңгейлетіп, мамандыққа бағыттап оқыту.

Постреквизиттер:Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу.

Пәннің методологиясы: іскерлік қарым – қатынас, сөз мәдениеті.