Мамандық тілі деңгейі

Мамандық тілі деңгейі лексикалықминимумы шамамен 1800-2000 сөз .

Тыңдалым бойынша бейтаныс түпнұсқа 900-1000 сөзден тұратын кәсіби мәтінді тыңдап, студент:

- берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

- түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар:

- іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы бойынша сұхбат мазмұынын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білу керек.

Оқылым әрекеті бойынша көлемі: 1000-1200 сөзден тұратын мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып, студент: оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.

 

Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұынын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн.

Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс. Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5 болуы тиіс.

Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып бойынша 800-900 сөз аясында таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс.

Лгі

Студенттердің білімін бағалау саясаты мен тәртібі

 

Пәннің емтихандағы бағасы ағымдық бақылау – 60% бойынша үлгерім көрсеткіші мен аралық аттестация (емтихан) – 40% көрсеткіші арқылы 100% болып анықталады, яғни қорытынды баға мына формула бойынша анықталады:

Қ(И%) = Р1+Р2 * 0,6 + E (Э)* 0,4

Р1 – бірінші рейтингтің пайыздық көрсеткіші

Р2 – екінші рейтингтің пайыздық көрсеткіші

Э – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші

Қорытынды баға студенттің ағымдық бақылаудағы білімі мен қорытынды емтихандағы білімінің пайыздық (0-ден 100% -ге дейінгі) көрсеткішімен анықталады.

Төменде кредиттік технология бойынша білім алушылардың білімін бағалаудың көпбалдық әріптік жүйесі берілген.

Студенттердің білімі, қабілеті

келесі кесте бойынша анықталады:

Әріптік жүйе бойынша баға Баллдың цифрлық эквиваленті Пайыздың көрсеткіші Қалыптасқан жүйе бойын- ша баға
А 4.0 95 - 100   Өте жақсы
А - 3,67 90 - 94
В + 3,33 85 - 89   Жақсы
В 3,0 80 - 84
В - 2,67 75 - 79
С + 2,33 70 - 74     Қанағатта нарлық
С 2,0 65 - 69
С - 1,67 60 – 64
Д + 1,33 55 - 59
Д 1,0 50 - 54
Ғ 0-49 Қанағаттан ғысыз

Студенттердің білімін бағалау критерийлері

«А», «А-» («үздік») –егер студент барлық оқу бағдарламасы материалын терең әрі нақты меңгерсе, оның логикалық құрылымын жүйелі әрі сауатты түрде баяндаса, түрлі тапсырмаларды орындау барысында қиындықсыз жауап берсе, қойылған талаптарды еркін орындаса қойылады. Студент монографиялық материал білімін көрсете отырып, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздейді, тәжірибелік жұмыстарды орындауда жан-жақты әдіс-тәсілдер мен түрлі амалдар қолданады, материалды өздігінен қорытындылау және баяндау кезінде өз біліктілігін көрсетеді.

«В+», «В», «В-» («жақсы») –студент бағдарлама материалын толық білсе, оны сауатты баяндаса, сұраққа жауап беруде мүдірмесе қойылады. Студент бұл кезеңде тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында қажетті амал-тәсілдер мен теориялық ережелерді дұрыс қолдана алады.

С+», «С», «C-», «D+», «D» («қанағаттанарлық») –егер студент негізгі материалды ғана меңгерумен шектеліп, материалдың жеке бөліктерін білмесе, қате жіберіп, бағдарлама материалын мазмұндау жүйесін бұзса, сонымен қатар тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында қиындық туған жағдайда қойылады.

«F» - («қанағаттанғысыз») –студент бағдарлама материалының көлемді бөлігін білмесе, қате жіберсе, тәжірибелік тапсырмаларды үлкен қиындықпен орындаса қойылады.

Оқытушы емтихан бағасын қою барысында да осы талап-міндеттерді жетекшілікке алады.

Студенттердің білімі мен қабілеті дәрежесіне сәйкес бағалау «А-»-тан «А»-ға, «В-»-тан «В+»-ке, «D»-дан «С+»-қа дейінгі қозғалыс амплитудасымен анықталады.

 

Апелляция процедурасы

Емтихан қорытындысы белгілі болған соң апелляцияға өтініш келесі үш күн ішінде Тіркеушінің атына жазылған студенттің жеке өтініші бойынша қабылданады. Апелляцияға берілетін өтініштер тіркеу бөлімінде тіркеледі, мұнда студент апелляцияға берілетін сұрақтардың себебін (мазмұнын) көрсетуі керек. Апелляция кафедра меңгерушісі тағайындаған кафедраның пәндік апелляция комиссиясы мүшелерінің қатысуымен студенттердің емтихан жауабын қайта рецензиялау тәсілі бойынша өткізіледі.

Лгі