Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты
СИЛЛАБУС
Патологиялық анатомия бойынша
Пәннің коды РА 3207
Мамандығы 5В130200 - Стоматология»
Дәрістер 18 сағат
Тәжірибелік сабақтар 90 сағат
СӨЖ 54 сағат Емтихан V
Барлығы 162 сағат
3 курс
V семестр
Астана, 2013 ж.
1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:
1. Манекенова Кенжеқыз Боранбаевна, патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының докторы, ғылыми атағы – профессор.
Жоғары квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 23 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Сот-морфологиялық зерттеулер», «Жасушалық трансплантация».
2. Омаров Талғат Маратович, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.
Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.
Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 14 жыл
Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Жасушалық трансплантация».
3. Смайлова Гульзира Құлыбековна, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.
Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.
Екінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 12 жыл
Қазақ тілінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Ғылыми қызығушылығы : «Плацентология»
4. Дүкенбаева Бибажар Абаевна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.
Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 17 жыл
Қазақ және орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Ғылыми қызығушылығы : «Кенеттен дамыған өлімнің морфологиясы»
5. Досмамбетова Жанара Құдайбергеновна,патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.
Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 11 жыл
Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Ғылыми қызығушылығы: токсикалық заттардың әсерінің патоморфологиялық зерттеулері.
«Токсикоманиялық заттар мен никотиннің бірлескен токсикалық әсері кезіндегі бүйректердің патоморфологиясы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын аяқтауда.
6. Попова Марина Романовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.
Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 11 жыл
Орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология»
7. Сулейменова Айгүл Жолдасовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.
Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 18 жыл
Қазақ және орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Ғылыми қызығушылығы: «Сот медицинасындағы патоморфологиялық зерттеулер»
8. Перадзе Манана Николозовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 6 жыл
Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.
Орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Ғылыми қызығушылығы: «Онкологиялық патология»
9. Сакипова Айнагүл Қанапияновна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 10 жыл
Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.
Орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Ғылыми қызығушылығы: «Онкологиялық патология»
10. Иманмадиева Индира Мухамедкалиевна -патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.
Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 9 жыл
Қазақ және орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Ғылыми қызығушылығы: «Иммунопатологиялық процестердің морфологиясы»
1.7 Байланыс мәліметтері:
Астана қаласы
Сары-Арка көшесі 33
«АМУ» АҚ
Патологиялық анатомия кафедрасы, тел. 8-717-2-237554
Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты
Патологиялық анатомия бойынша сабақтар Сары-Арка көшесі, 33үй мекен-жайында орналасқан «АМУ» АҚ оқу корпусының 3 қабатында, сонымен қатар Астана қаласының «Патологоанатомиялық бюросының» және «РНХҒО» АҚ ПАБ негізінде өткізіледі.
1.8 Пәннің саясаты:
Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)
1. Бірінші сабаққа студент өзімен дәріске арналған бір қалың дәптер, тәжірибелік сабаққа арналған альбом, түрлі түсті қалам, халат, медициналық қалпақ, ауысымдық аяқ киім әкелуі міндетті.
2. Кафедраның негізгі талаптарының бірі - тәжірибелік сабақтарға жүйелі қатысу. Себепсіз жіберілген сабақтар қайта оқылады, бірақ журналға 0 балл қойылады.
3. Сабаққа 15 минут кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді, және оны себепсіз жіберген сабақ ретінде өтейді.
4. Академияның мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда (аудитория столы, орындықтар, макропрепараттар, микропрепараттар, микроскоп және т.б.) сәйкес көлемде айып пұл төленеді.
5. Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау бойынша академиялық қарыздар себепті түрде жіберілген болса – 4 апта аралығында, егер де себепсіз жіберілген болса – 2 апта барысында тыпсырылуы тиіс.
6. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда: ұялы телефонмен қолдануға, сабақтан тыс тақырыпқа әңгімелесуге тиым салынады.
7. Емтихан түрінде өтетін білімді қорытынды бағалауға 2 кредитті аяқтаған және тәжірибелік сабақтар, СӨЖ бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі.
Айып шаралары:
1. Тәжірибелік сабақтарды жіберіп өтемеген студенттер аралық бақылауға жіберілмейді.
2. Студенттің аралық бақылауларды дер кезінде өткізбегені үшін қорытынды рейтинг балы 10 баллға төмендетіледі.
3. Тәжірибе сабақтар себепсіз жіберілген жағдайда журналға 0 балл қойылады.
4. Дәрісті себепсіз жіберген жағдайда жіберу рейтингісі әр дәріс үшін 1 баллға төмендетіледі.
5. Егер студенттің рейтингі қорытынды бақылауға дейін 50% пайыздан кем болса, студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді, және пән бойынша ақылы қайта оқу курсын өтеді. Сонымен қатар, жіберген тәжірибелік сабақтарын қайта оқып өтемеген студенттер емтиханға жіберілмейді.
6. Емтиханнан қанағаттанарлық емес баға алып, оқушының пән бойынша жалпы бағасы «қанағаттанарлық» бағаға жетпей қалған жағдайда, студент пән бойынша академиялық қарыздары бар деп саналады да ақылы негізде қайта оқу курсын өтеді.
Бағдарлама
Кіріспе
Патологиялық анатомия пәнінің бағдарламасы «Стоматология» мамандығына арналған. Ол іргелі теориялық білім беруді қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық жєне биологиялық ғылым салаларының міндетті түрде қолданылатын және маңызды орын алатын қазіргі жетістіктері негізінде құрастырылған. Патологиялық анатомияның өркендеуі гистология, биохимия, қалыпты физиология, адам анатомиясы, физика, математика мен информатиканың заманауи жетістіктерімен тығыз байланысты. Бұл пән клиникалық пәндердің іргетасы болып табылады. Өйткені аурулардың бейнесі мен ақырын дұрыс пайымдау үшін жалпыпатологиялық үдерістердің негізін біліп, патологиялық үдерістердің макроорганизмнің бүкіл тіршілік әрекетіне әсерін терең түсіну қажет.
Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді. Ол теориялық медицина мен дәрігердің күнделікті жұмысына тікелей қатысы клиникалық пән.
Патологиялық анатомияның теориялық және ғылыми мәні жасушалық патологияның, стереотипті патологиялық үдерістер мен аурулардың жалпы заңдылықтарын зерттеу барысында айқындала түседі. Жалпы патологиялық анатомия курсының мазмұны да тап осы мәселелер.
Аурулардың құрылыстық негізін зерттеу организмдік, жүйелік, органдық, тіндік, жасушалық, субжасушалық және молекулалық құрылым деңгейлерін қамтиды. Бұл мәселені толық қамтып, кешенді зерттеу үшін табиғаттану саласы пәндерінің бүгінгі жетістіктеріне негізделген электрон микроскопы, иммуногистохимиялық, цитохимиялық және ауторадиографиялық тәсілдер кең қолданылады. Аурудың әр даму кезеңіндегі бейнелерді клиника-морфологиялық тұрғыдан саралай отырып, студент клиника-анатомиялық талдаудың жүйесіне машықтанып, аурулардың диагностикалық нышандарын бір-бірімен сабақтастыра пайымдауға негізделген клиникалық ойлау талаптарын игереді. Ал мазмұны мен міндеті клиника-анатомиялық талдау жүйесіне негізделгендіктен де патологиялық анатомия клиникамен үнемі тығыз байланыста. Осының бәрі терең білім қалыптастырып, алуан түрлі істі дұрыс атқарып, жан-жақты машықтануға толық мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаты
Аурулардың құрылымдық негізі, морфологиялық бейнесі, асқыну зардаптары, ақыры мен дифференциалдық диагностикасы жайлы білім қалыптастырып, болашақ стоматолог-дәрігерге алған білімін науқастардың жас шамасына байланысты ерекшеліктерді ескере отырып, күнделікті жұмысында қолдануды игерту.