Пәнді оқытудың жоспары

СИЛЛАБУС

 

ОД1. КВ1.2. ЕТР 2112 Еуразияшылдық: теория және практика

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

 

Барлық мамандық студенттеріне арналған

 

 

Астана

 

 

1. Пән оқытушысы: Абдрахманова Гаухар Сатыбалдиновна, т.ғ.к., доцент Тел.: 8 702 852 97 50

2. Пәннің аты- ОД1. КВ1.2. ЕТР 2112 Еуразияшылдық: теория және практика, 2-кредит

3. Оқу пәнінің жүргізілу уақыты мен орны- сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиты и постреквизиты) тарих, археология, этнология, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, аймақтану.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы Аталған пәнде еуразияшылдық идеясының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері толық қамтылады. Сондай-ақ, Қазақстанның еуразияшылдық идеясының мән-маңызы мен жүзеге асырылу жолдары қарастырылады.

5.1. Оқу пәнінің бағыты. Еуразияшылдық идеясының туындауының тарихи кезеңдері, әртүрлі ағымдары, қоғамдық-саяси ой-пікірлері туралы және еуразияшылдыққа қатысты қазақстандық жоба жайында оқытылады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: еуразияшылдық идеяның тарихын және оның қазіргі замандағы тәжірбиелік мәнісін зерттеу.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

1.Еуразияшылдықтың теориясы мен практикасы және осы идеяға қатысты қазақстандық жоба туралы жүйелі білім игеру.

2. Еуразияшылдық туралы алған іргелі білімдерін ғылыми зерттеулерде қолдану.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны.Еуразияшылдық: теория және практика курсы еуразияшылдық идеясы мен оның қайнар көздері хақындағы басты тұғырнамалар турасында ең негізгі және қажетті мәліметтер беру мақсатындағы дәрістер мен практикалық сабақтар беруді көздейді. Еуразияшылдық идеясы бұған дейінгі түрлі еуразиялық зерттеулер бағытында – негізінен орыс қоғамдық – саяси ғылыми ойының жемісі болып табылатын ойлар жүйесі мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық жаңа жобасы негізінде жаңа үрдістер мен түрленулерге ие болды.

5.5. Пәннің пререквизиттері.Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Философия, Саясаттану.

5.6. Пәннің постреквизиттері.Әлем тарихы,Орта Азия халықтарының мәдениеті, Еуразия халықтарының тарихы, Көшпенділер өркениеті, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

Пәнді оқытудың жоспары

№ апта Тақырып аттары Сағаттар санымен оқытуды ұйымдас-тырудың нысандары СӨЖ үшін тапсырмалар
дәріс семинар  
Кіріспе. Еуразия географиялық түсінік ретінде. Қазақстандық еуразияшылдық идеясының эволюциясы. Курстың мақсат-міндеттері. Пән бойынша әдебиеттер картотекасын жасау.
Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтыруы. Түркі өркениетінің ерекшеліктері. Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті. Реферат-баяндама жазу.
ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамдық ой-пікір еуразияшылдық контексінде. Алаш қозғалысының қалыптасып, дамуы. Алаш идеологиясы еуразияшылыдқ идея контексінде.   Реферат-конспект, Тарихи эссе жазу.
Еуразияшылдық идеясының қалыптасу кезеңдері. 1920-1930 жж. еуразияшылдық идеясының дамуы. КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы.   Конспект жазу. Тест сұрақтарын жасау.
Н. Я. Данилевский еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы. П.И. Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты тарихи тұжырымдамасы Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі. П.И. Савицкийдің творчестволық және өмір жолы. Кесте-конспект жасау.
Г.В. Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы. Н.С. Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясы қалыптасуына қосқан үлесі Г.В. Вернадскийдің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі. Н.С. Трубецкойдың өмірі және ғылыми еңбектері. Реферат-баяндама жазу.
Л.Н. Гумилевтің түркі көшпелі өркениетінің ерекшеліктері мен еуразияшылдық идеясын дамытудағы рөлі. Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі түркі халқы тарихының зерттелуі. Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдық идеясын қалыптастыруға қосқан үлесі. Реферат-конспект жазу. Түсініктер мен терминдер сөздігін жасау.
О. Сүлейменов еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы. О. Сүлейменовтың «Аз и Я» еңбегіндегі еуразияшылдық идеялары. Тарихи эссе жазу.  
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық тұжырымдамасы. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы. Президенттің 1997 жылғы Жолдауындағы Еуразияшылдық идеясы Баяндама әзірлеу.
ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызы. ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызы. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия доктринасының жаңа кезеңі. Конспект жазу. Салыстырмалы талдау жасау.  
Қазақстан және еуразиялық интеграция. Қазіргі кездегі еуразиялық интеграция лық үрдістер. ЕурАзЭҚ. Реферат-түйіндеме жазу. «1991-2012 жж. аралығында еуразиялық интеграциялық ұйымдар» хронологиялық кесте құру.
  Барлығы: 30 сағат