Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

  Тақырыптың аталуы Жүргізу түрі сағ
  Жүрек - қан тамыр жүйесі
  Жүректің қақпақшалық құралының зақымдануы: себептері, даму тетіктері. Балалардағы ерекшеліктері. Атеросклероз: этиологиялық жайттары, патогенезі. Коронарлық жеткіліксіздіктің патофизиологиясы. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, жүрек жеткіліксіздігін үлгілеу немесе фильм көру, тестілеу
Біріншілік артериялық гипертензиялардың этиологиясы мен патогенезі Жүректің қауырт және созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. Аралық бақылау Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
СОӨЖ Жүрек қантамыр жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру   Аралық бақылау Тәжірибе жасау (Мартине сынауы) кейс-стади, патогенездік сызбанұсқа құрастыру, СӨЖ талқылау. Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау  
Тыныс алу жүйесі
  Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Ұяшықтық гипо- гипервентиляция. Ұяшықтық-қылтамырлық мембрананың диффузиялық қабілеті төмендеуінің патогенездік тетіктері. Кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, тестілеу
  Тыныс алудың орталық реттелуінің бұзылыстары. Жаңа туылғандар мен балаларда тыныс бұзылыстарының ерекшеліктері Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу  
3 СОӨЖ Тыныс алу жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру   Аралық бақылау пневмограммаларды сараптау, кейс-стади Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау
Асқорыту жүйесі
  Асқорыту жүйесінің бұзылуының патогенезі және жалпы этиологиясы. Асқазан мен ішек қызметінің бұзылуы. Балалардағы ерекшеліктері Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
  Ұйқы безі секрет бөлу қызметінің бұзылысы. Бауыр патофизиологиясы, балалардағы ерекшеліктері. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
3 СОӨЖ Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру     Аралық бақылау кейс-стади, асқазан сөлі көрсеткіштерін сараптау, тәжірибе (өттің бақа организміне әсері) нәтижелерін сараптау, «мылқау» кестені толтыру, сөзжұмбақ шешу Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау  
Эндокриндік жүйе
  Эндокриндік бұзылыстардың негізгі түрлері. Гипо- және гипертиреоз, гипо- және гиперкортицизмнің патофизиологиялық механизмдері. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, тестілеу
2 СОӨЖ Аралық бақылау Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау
Несептік-жыныстық жүйе
  Несеп шығару жүйесінің қабынулық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Обструктивті уропатиялар. Зәр синдромының патогенезі Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
  Бүйрек дерттерінің әртүрінің патофизиологиялық сипаттамасы (қауырт және созылмалы гломерулонефриттер, нефроздық синдром). Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің ерекшеліктері Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
3 СОӨЖ Несеп-жыныс жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру Аралық бақылау кейс-стади, тәжірибені сараптау, кестені толтыру Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау    
Тірек-қимыл құралы жүйесі. Тері және оның қосалқылары.
  Тірек-қимыл құралының қабынулық және дистрофиялық зақымдануларының патофизиологиясы. Терінің біртектес дерттік үрдістердің жалпы этиологиясы мен патогенезі Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, бейнекөрініс көру, патогенездік сызбанұсқаны толтыру, патогенездік сызбанұсқаны құрастыру, тестілеу
СОӨЖ Аралық бақылау Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау
Қан жүйесі
Анемиялық синдромның патогенезі Лейкоцитоз, лейкоцитопениялар Тақырып сұрақтарымен пікірсайыс, лейко – және гемограмманы сараптау
  Миело- және лимфопролиферативті синдром кезіндегі шеткері қанның жасушалық құрамы мен қан өндіруінің патофизиологиялық негіздері. Геморрагиялық синдромның патофизиологиясы Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, гемограмманы сараптау, тестілеу
3 СОӨЖ Қан жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру Аралық бақылау Қан жағындысын зерттеу, кейс-стади, оқыту бағдарламасымен жұмыс Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау    
Жүйке жүйесі
Милық артериялардың тығындалуы және миға қан құйылу кездеріндегі милық қанайналым патофизиологиясы. Қалтырау жағдайлары, олардың түрлері және механизмдері. Эпилепсияның даму жайттары және патогенезі Менингиттің патогенезі. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, «мылқау» кестені толтыру, тестілеу
СОӨЖ Жүйке жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру   Аралық бақылау тәжірибені сараптау (камфорлық эпилеп-сияны үлгілеу), «мылқау» кестені толтыру тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау    
  БАРЛЫҚ сағаттар: 30 сағ тәжірибелік сабақ + 36 СОӨЖ