Дәріс сабақтарының тізбесі. Гуманитарлық фкаультет

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия кафедрасы

 

 

«Бекітемін»

Гуманитарлық фкаультет

деканы

_______ Аубакирова Х.Ә.

«_____» _________2013ж.

 

Пән бағдарламасы

(Силлабус)

 

 

Пән: Философия

Бағыты: бакалавриат

Мамандығы:

философия пәні міндеттелген барлық

мамандықтарға арналған.

 

Астана 2013ж.

 

 

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) негізінде құрылған

______________________________________________________________

______________________________________________________________

(Пәннің типтік бағдараламасының атауы, қашан және кіммен бекітілген)

жоғары оқу орындары мамандықтары үшін бағыттағы

______________________________________________________________

(код және атауы)

мамандықтың жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген

«_____»________________20__ж.

 

Бағдарлама_________________________________кафедрасының мәжілісінде (хаттама №____ «____» ____________200_ж) қаралды.

 

Кафедра меңгерушісі___________________ ________________

қолы (атағы, ғылыми дәрежесі) (аты-жөні)

«_______»______________________200___ ж.

 

Бағдарлама___________________________________факультетінің

оқу-әдістемелік комиссиясында (хаттама№____ «____»__________200_ж) қаралып, мақұлданды.

 

Әдістемелік комиссия төрағасы___________ _______________

қолы (атағы, ғылыми дәрежесі) (аты-жөні)

«____»________________20_ж.

 

 

Силлабус құрылымы

1.Оқытушы туралы мәлімет

Лектор: Кенжеев Асқар Абдуллаұлы

Кеңес күндері: кафедраның жұмыс кестесі бойынша

 

Пән туралы мәлімет

Пән: философия 3-кредит

дәріс-15 сағ., машықтану -30сағ., СОӨЖ -30 сағ., СӨЖ-60 сағ.

 

ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Семестр апта лары   Барлығы
  Дәріс тер
  Практика
СОӨЖ  
  СӨЖ
  Барлы ғы

 

Пререквизиттер

Бұл пән барлық пән атаулының алғашқы бастауына және адам болудың негіздік көзқарастарына қатысты болғандықтан, түрлі саладағы білімнің мол болуы қажетті. Әсіресе, үйренуші мен ізденуші психология, әлеуметтану, жаратылыстану, тарих, мәдениеттану, қазақтың рухани мұрасы пәндерінен бірегей білімі болуы керек.

 

Постреквизиттер

Философия пәні бойынша алған білім студентке адам болудың неден дерек беретінін үйретеді, саясаттану, әлеуметтану, психология пәндерін меңгеруге көмектеседі, дүниетанымында оң өзгерістер тууына жәрдемші болады, парасатты ойлау әдісін игеруге септігі тиеді.

 

Курстың қысқаша мазмұны

Философия пәнінің барлық мамандықтарға қажетті пән екені әлемдік педагогикада дәленлденген. Оны оқыту адамды өз тар шеңберінен шығып, дүниеге жаңа да, ізеністі көзбен қарауға, тұлға болып жетілуге, түрлі мағанасыздықтар мен өнімсіздіктерден арылуға тәрбиелейді. Құндылықтар бағытының өзгеруі, рухани құндылықтың құлдырауы кезеңінде адамгершілік пен имандылықтың көзі ретінде философия пәнін алуға болады. Пән құрылымы мен мазмұны филсофиялық тарихи кезеңдерге, таным, болмыс, құндылықтар жүйесіне жаңа көзқараспен қарап, теориялық - философиялық артықшылығын көрсетеді. Пәнді оқып – үйрену мыңдаған ғасыр жалғасып келе жатқан саналы ойлау, мәселені саралай білу, рухани дүниенің кемелденуіне әсер етеді.

Бұл пәннің міндеті - студенттің ұлттық философиялық құндылықтардың жетістіктері және әлемдік философиядағы орнын көрсете отырып, отансүйгіштік, өзіндік шығармашылық ой жүйесін қалыптастыру. Курсты оқу барасында студент философия пәнінің тарихи кезеңдері дүниегекөзқарастық, адамгершілік қасиеттеріне көңіл аудара отырып, ғылыми және көркемдік әдебиетпен жұмыс істей білу, ғылыми теориялық баяндамалар жасау, мәселені талдау және талқылай білу, өзіндік жеке көзқарасын дәлелдеу қасиеттерін меңгере білуі керек.

Ардақты студенттер, философияны оқу барысында сіздер философиялық ой тарихымен, ұлттық философияның жетістіктерімен танысасыздар. Философиялық мәселелер тақырыбында философиялық ұғымдарды, категорияларды қолдана отырып, семинар сабақтарында әртүрлі пікірталастар, өз пікірлеріңізді, көзқарастарыңызды дәлелдеуге мүмкіндіктеріңіз бар және де түрлі тақырыптарда баяндама жазу арқылы дүниетанымдық көзқарастарыңызды кеңейтесіздер.

 

Курстың мазмұны

Дәріс сабақтарының тізбесі

Тақырыптар атауы Көлемі, сағ. Әдебиет тер Ағымды бақылау, балл
1.Философия пәні: ұғымы мен ерекшелігі. Философия пәні туралы қилы түсіндірулер, философиялық ойдың негізгі ережесі. Философия дүниетаным ретінде. Мәдениет дүниесіндегі философияның мәні мен мағынасы. Философияның негізгі қызметтері және оның қазіргі әлемдегі рөлі. Философия әдістеме ретінде. Философиялық әдістер. Н.Ә.1,2,3,4,5,6,7,11,12 Қ.Ә.1,2,3,13,14,15 0,3
2.Көне Үнді философиясы. Көне үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философияда қалыптасуы мен мен дамуына әсер етуі. Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептердің негізгі ерешеліктері мен бірлігі. Буддизмнің іргелі идеялары. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,13,14,15 0,3
3.Көне Қытай философиясы.Қытайлық философия қарсаңының («Ши цзин», «Шу цзин», «И цзин» шығармалары) негізгі мазмұны. Көне Қытай философиясының негізгі мектептері және оның көрнекті өкілдері. Конфуцийшылдық философияның қытайлық мәдениет пен қоғамындағы маңызды рөлі. Даостық философия және дүние-әлемінің суреті. Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық доктрина ретінде. Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері. Н.Ә.1,2,3,4,5, 10,11 Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
4.антикалық философия. антикалық философияның қалыптасуы мен дамуы. Философияның онтологиялық және эпистемалогиялық негіздері (милет және элей мектептері). Саяси-этикалық және антропологиялық сұрақтардың қойылуы (софистер және сократ). Платонның объективті идеализмі. аристотель философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. Антикалық философия адамның дүниеге рационалдық қатынасының қалыптасуына әсері. Н.Ә.1,2,3,4,5, 9,11 Қ.Ә.1,2,3 0,3
5. Ортағасырдағы батысевропалық және арабтық-мұсылмандық философия. Философия және дін: теоцентризм философиялық ой кешудің түрі ретінде. Христианшылдық және антикалық философия: неоплатоншылдық. схоластика және патристика философиясының даму кезеңі ретінде. Универсалий мәселесі:номинализм және реализм.Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексі. «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі. Құрандағы білім тұғырнамасы. Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен ролі. Түркі тілдес философияның қалыптасуы. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
6.Ренессанс философиясы. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Жаңа космология мен философиялық пантеизмнің қалыптасуы. ренесанстық гуманизмнің мәні. Ренесанс философиясы және оның эксперименталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы маңызы. Реформация философиясы. Протестанттық этика. философия және әлеуметтік утопия. Н.Макиавеллидің саяси философиясы. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
7.Жаңа дәуір және ағартушылық философия. ХУІ-ХУІІ ғ.ғ. философия мен ғылыми революция. ғылым философиялық рефлекциялар пәні ретінде. Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрдің пайда болуы. Таным әдістері мәселесі. метафизикалық онтология: субстанция мәселесі.ХУІІІ ғ. еуропадағы ағартушылық философия. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
8.Неміс классикалық философиясы. Философиядағы «Коперникандық төңкеріс». Канттық трансценденталдық философиясы таным теориясы ретінде. Категориялық императив. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлекция. Диалектикалық ойлаудың категориялық сипаты. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Дилектикалық дамудың заңдары. Гегельдің «Логика ғылымы». Фихтенің өзіндіксана туралы ілімі. Шеллингтің трансценденталды идеализмі. Фейербахтың антропологиялық ілімі. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
9.ХІХ ғ. батысеуропалық философия. ХІХ ғ. жаңа философиялық жүйедегі рационализм дәстүрлері мен инновациясының әлеуметтік және ғылыми алғышарттары. Неокантшылдықтың негізгі мектептері. Тарихты материалистік түсінудегі маркс ілімі. Позитивизмнің туындауы. Позитивизмнің даму кезеңдері: махизм, неопозитивизм, посттпозитивизм. ХІХ ғ. иррационализм концепциялары. А.Шопенгауэрдің «өмірге ерік» мәселесі. Ф.Ницщенің «өмір философиясы». С.Кьеркегордың экзистенциалдық идеялары. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
10. Орыс философиясы. Орыс философиясының қалыптасуы мен даму ерекшелігі. ХІХ ғ. орыс философиясы:славянофильдік және батысшылдық. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы рационализм мен иррационализм. Г.Плеханов орыс марксизмінің өкілі ретінде. Н.Бердяевтің персонализмі. В.Соловьевтің «жалпытұтастық» ілімі. П.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы. Орыс космизмі. Қазіргі орыс философиясының дамуындағы негізгі бағыттар. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
11. Қазақ философиясы. Қазақ философиясының қалыптасу жолдары мен қайнар көздері және әлеуметтік-мәдени алғышарттары. Дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық аспектілер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық аспектілер. Қазақ философиясындағы экзистенциалдық сарындар. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық көзқарасттарындағы антропоцентризм және гуманизм мәселелері. А.Құнанбаевтың дүниетанымындағы адам мен құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Ш.Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. Қазіргі отандық философияның дамуындағы негізгі бағыттар мен ерекшеліктер. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
12.ХХ ғ.-ХХІ ғ. мәдениеті контексіндегі батыстық философия. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыру. Э.Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениеттің дағдарысы туралы. Экзистенциализм адам өмір сүруі мен болмысы туралы (М.Хайдеггер, К.Ясперс, А.Камю, Ж.П.Сартр). Аналитикалық философия: Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері. Психоанализдегі сана мен санасыздық коллизиясы. Структуралистер мен постструктуралистер арасындағы философиялық идеялар. Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия ретінде. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
13.Болмыс пен таным философиясы.Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні мен ерекшелігі. «Адам-дүние» қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс және болмыс емес мәселесі. Монистік, дуалистік, плюралистік философиядағы субстанция, субстрат, татерия категориялары.Гносеологияның іргелі ұғымдары: білім, таным, ақиқат, адасу, түсіндіру және түсіну. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі. Сезімдік және рационалдық таным. Таным және шығармашылық. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
14.Адам мен қоғам философиясы.Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Микрокосм және макрокосм. Антропоцентризм феномені. Философиялық антропология ХХ ғ. бағыты ретінде. Адам өмірінің бірегейлігі. Адамның әлеуметтік бірдейлігі. Еркіндік құндылық ретінде. Еркіндік адамгершіліктік императив ретінде. Жеке бас еркіндігі идеясы. Әлеуметтік философия түсінігі және негізгі принциптері. Антропосоциогенез ұғымы. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт. Қоғамның әлеуметтік құрлымы. ашық қоғам. Жабық қоғам. Бұқаралық қоғам. Индустриалды және постиндустриалды қоғам. Ақпаратты қоғам феномені. Қазақстандық қоғамның дамуының жолдары мен перспективалары. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3
15.Философиялық білімнің қазіргі мәселелері. Мәдениет және өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Қазақстанда мәдениет дамуының күйі мен перспективалары: мәдени-философиялық аспектілер. Глобальды мәселелер философиясы. Глобальдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде. Глобальдық сана қалыптасуы мәселесі. Н.Ә.1,2,3,4,5. Қ.Ә.1,2,3,4 0,3