М Кашқаридың жазуынша оғыздар құрылды: 24 тайпадан

М.Қашғари, Ж.Баласағұни еңбектері жазылды: араб тілінде

472.М.М.Сперанский әзірлеген қазақ өлкесін басқарудың жаңа жүйесінің атауы: «Сібір қырғыздары туралы Жарғы»

Мал шаруашылығы мен жер өңдеушіліктің жылдам дамуы негізделді: әлеуметтік еңбек бөлінісіне

Маңғыстау түбегінен табылған ежелгі адамдардың тұрағы: Шақпақата

Мезолиттің хронологиялық шеңберін көрсетіңіз: Б.з.д. 12-5 мың жылдық аралығы

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған уақыт: 2004 жыл

Мемлекеттік билікті алғаш рет үш тармаққа бөлуді жариялаған құжат: «Қазақ КСРМемлекеттік егемендігі туралы» Декларация

478.Моғолстан мемлекетінің астанасы: Алмалық

Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған: Тоғылық Темір

Моғолстанның негізін салған: Тоғылық Темір

Монғол империясы бөлінген кезде Шығыс Дешті Қыпшақ кірген ұлыс: Жошы

Монғол империясында әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін халықтан жиналатын салықтың аты: тағар

Монғол империясының саяси өмірінде маңызды рөл атқарған жиын атауы: құрылтай

Моңғол шапқыншылығынан Отырар қаласын қайсарлықпен қорғаған қала билеушісі: Қайыр хан

Мұсылмандарды қудалауымен танымал болған, монғол шапқыншылығының қарсаңында Қарақытай еліне қашып барған: Күшлік

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегіндегі Қазақ хандығының құрылған уақыты:1465-1466 жылдар

487.Мұхаммед Хорезмшах 1216 жылы қыпшақтарға қарсы жорығында Торғай даласына жеткен кезде қақтығысып қалған әскерлері: Шыңғыс ханның

Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Жеке басқа табынушылықты әшкерелеу» туралы баяндамасы баспасөз бетінде жарық көрген жыл: 1989 ж.

Нан дайындау мен тарату монополиясы қаңтар айында азық-түлікпен қамтамасыз етуде (продразверстка) толықтырылды: 1919 ж.

Нарын құмындағы Жасқұс алқабында Жәңгір ханның тұрақты ордасының құрылған жылы: 1827 жыл

491.Ноғай ордасы ыдыраған соң, оның бір бөлігі құрамына өтті: Кіші жүздің

492.Ноғай Ордасының деректердегі атауы: «маңғыт жұрты»

Ноғай ордасының құрамында басым болған тайпалар: маңғыттар

Ноғай Ордасының негізін салушы: Едіге

Нұралы ханның биліктен кетуін және Кіші жүзді үш бөлікке («негізгі ордалар») бөлу туралы мәселе қараған Кіші жүз старшындарының съезі өтті: 1785 жылы

О. Игельстром өз «реформасын» жүзеге асыру барысында тыйым салды: Жайық казак әскерлеріне қазақ ауылдарына шапқыншылық жасауға

Оғыз мемлекетіндегі әскер басшысының дәрежесі: сюбашы

498.Оғыз мемлекетінің бірнеше тайпалары екі фратрияға бөлінді: бұзұқ және ұшық

Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты: IX-XI ғғ.

Оғыздар мемлекетінің астанасы: Янгикент

501.Олжас Сүлейменовтың 1975 жылы жарық көрген кітабы: «Аз и Я»

Омбы бекінісінің негізі қаланды: 1716 жыл, 20 мамыр

Орбұлақ шайқасы болған жыл: 1643 жыл

Орта Жүзді Ресей құрамына алу туралы орыс патшайымының Жарлығы шыққан жыл: 1734 жыл

Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясына ант берді: 1740 жылы

Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясына ант берді: 1740 жылы

Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай хан Ресей империясына ант берді: 1740 ж.

Орта қола дәуірінің хронологиялық кезеңі: Б.з.д. XY-XIII ғғ.

Ортағасырдың басында солтүстіктегі «Сәйгүліктер патшалығы» аталған: Түрік қағанаты

510.Ортағасырлық авторлардың пайымдауынша бұл ханның тұсында Қазақ хандығының халқы 1 млн.-ға жетті:

Орталық Азияда Түрік қағанаты саяси үстемдікке жетті: 553-572 жж.

Орталық Қазақстанда зерттелген қола дәуірінің 50 ескерткіші табылған мәдениет: Беғазы-Дәндібай

Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан кесенесі жатады: XIV-XV ғғ.

Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан археологиялық экспедициянының жетекшісі: Әлкей Марғұлан

Орталық Қазақстанның кейінгі қола дәуіріне жататын мәдениет: Беғазы-Дәндібай мәдениеті

516.Орхон өзенінің бойында керейттердің ордасы орналасқан қала: Қатын-Балық

Орынбор губернаторы барон Игеольстромның Кіші жүзде жүргізген реформасының нәтижесі:реформа толығымен жүзеге аспай мүлдем алынып тасталды

Орынбор губерниясы қысқартылды: 1775 жыл

Орыс жылнамаларында қыпшақтар аталды: половцы

П.Северский басшылығымен Железинск бекінісінің негізі қаланды: 1717 жылы

Петропавл бекінісі қаланды: 1752 ж.

Полковник М.Г.Черняев Мерке мен Әулие-Ата бекінісін басып алған жыл: 1864 жыл