Дәрістік сабақ конспектілері 5 страница

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (58-69), 4 нег. (39-56), 1 қос. (35-45)

Бақылау сұрақтары:

1. Іріктеу дегеніміз не?

2. Сүзу дегеніміз не?

3. Сүзгіштердің қанша түрлері болады?

4. Іріктеу машиналар неше түрлі болады?

 

12 дәріс тақырыбы:Ауыр түсті металдар металлургиясындағы күйдіру

Мыс металлургиясында күйдіру процесі.Кендер мен концентраттардан мысты бөліп алудың екі әдісі: гидрометаллургиялық және пирометаллургиялық белгілі. Гидрометаллургиялық тәсіл кеңінен көп таралмады, оны тек кедей тотыққын және табиғатта таза күйінде кездесетін кендерді өңдеуге ғана қолданылады. Бұл әдісте пирометаллургиялық әдіспен салыстырғанда мыспен бірге асыл металдарды жолай қосалқы өндіріп ала-алмайды. Ал екінші тәсіл барлық кендерді өңдеуге жақсы жарады, әсіресе бұл алдын-ала кендерді байытқын кезде байқалады. Бұл процестің негізін – қорыту құрайды, сонда балқыған масса екі сұйық қабатқа бөлінеді: штейн – сульфидтер балқымасы және шлак – тотықтар қорытпасы. Балқытуға не мыс кендері, немесе мыс кендерінің күйдірілген концентраттары түседі. Концентрат құрамындағы сульфидтерді тотықтыру, белгілі бір деңгейге дейін күкірт құрамын төмендету және кейіннен айтарлықтай бай штейнді қорыту мақсатында оны күйдіреді. кестеде мыс концентраттарының кейбір түрлерінің химиялық құрамы келтірілген.

Кесте 12.1Мыс концентраттарының химиялық құрамы, %
Концентрат Cu Fe S SiO2 Al2O3 CaO+MgO
Бай сульфидтіКедей сульфидтіБай азкүкірттіКедей азкүкірттіТотыққан 25-3012-1825-4010-1510-20 32-3626-3810-1415-202,5-5 28-4036-4215-2120-25до 1,5 3-56-1516-2520-3240-50 1-24-82-95-1013-20 0,7-1,20,5-11-22-31-3,5

Мыс концентраттарын күйдіру үшін механикалық араластырғыштары бар көптабанды пештер мен қайнау қабатындағы пештерді қолданылады.

Көп табанды пеш 2.1 суретте көрсетілгендей, тік болат цилиндрден тұрады; ішкі жағынан шамот кірпішпен қапталған. Биіктігі бойынша пеш доғал табанды шамотты кірпішпен немесе ыстық жалынға берік бетонмен бөлінген. Табандар жоғарыдан төмен қарай саналады, бірақ ең жоғарғысы (ашық табан) есептелмейді, себебі ол кептіргіш табан болып есептеледі. Болаттан жасалған тік білік күйдіретін материалдарды араластырып тұру үшін ортасынан орналасқан. Әр табан арасында оған қиғашынан екі жалынға берік шойын қалақшалары орнатылған. Табанның тіреуіне бекітілген біліктің төменгі ұшында мотордан редукторлы жетегі бар. Ол минутына 2-3 айналым жасайды, бұл ескектегі қалақшалар табандағы материалды аралсатырып қана қоймай, оларды шетінен ортаға – ортадан шетіне қарай қозғалтып тұрады. Қалақшалар әртүрлі бұрышпен орналасқан себебінен, оң және теріс табандардағы материал қарама-қарсы қозғалады.

Концентраттарды флюс қоспасымен бірге күйдіреді, ол әрі қарай балқыту кезінде керекті құрамдағы шлак алу үшін қажет, мұның нәтижесінде шихта жақсы араласады және сульфид жануынан қызады. Флюс ретінде кварц немесе әктас қолданылады.

Механикалық қоректендіргіштің көмегімен шихта үздіксіз кептіргіш табанның ортасына түсіп тұрады және қалақшалармен біртіндеп келесі табанға түсіріледі. Бірнші табандағы шихтаның қозғалысы сақина тәрізді ойыққа бағытталған, осы тесіктен ол екінші табанға түсіп отырады. Осылайша шихта табаннан-табанға түсіп пеш бойымен жүреді, сульфидтердің тотығуы үшін қабырғаларында орналасқан түндіктер арқылы ауа беріліп тұрады.

Газдар төменнен жоғарыға қарай шихтаға қарама-қарсы пеш бойымен зигзаг тәрізді жылжиды және жоғарыдан, яғни бірінші табаннан газ шығару жолдары арқылы сыртқа шығарылады.

Пешті іске қосқанда ортанғы және төменгі табандарын форсункалар көмегімен немесе уақытша жылытқыштармен қыздырады, кейіннен концентрат жалындағаннан кейін оны тоқтатады.

Күйдіру барысында пештің ортанғы табандарында ең жоғарғы күйдіру температура (850 ºC) болады. Температура бұдан жоғары болуы өте қауіпті, себебі концентрат пісіп және балқып кетуі мүмкін, сонымен қатар қалақшалар да сынып кетуі мүмкін.

Әдетте мыс концентраттарын күйдіру үшін пайдаланылатын күйдіру пештердің он жұмысшы табандары мен бір кептіргіш табаны болады. Бұндай пештің сыртқы диаметрі 6,5 м, ал биіктігі 9,6 м тең болады.

2.1 сурет – Көптабанды күйдіру пеші1 – қаптама, 2 – отқа төзімді футеровка, 3 – табандар, 4 – ортадағы аударып салатын ойық, 5 – шеткі аударып салатын ойық, 6 – білік, 7 – сап, 8 – қалақша, 9 – газ жолы, 10 – жетек, 11 – жұмыс терезелері Күйдіру пешінде концентрат жоғарыдан төменге табандармен баяу жылжығанда келесі реакциялар бойынша бірте-бірте сульфидтердің жалындауы немесе жоғары сульфидтердің қарапайым сульфидтер мен күкіртке ыдырауы орын алатын температурасына дейін қызады: 2FeS2→2FeS+S2 4FeS+7O2→2Fe2O3+4SO2 Cu2S+2O2→2CuO+SO2 2ZnS+3O2→2ZnO+2SO2 S2+2O2→2SO2   Арсенопирит диссоциацияланғанда мышьяк ұшып тотыққан күйде газға ауысады: FeAsS→FeS+As 4As+3O2→2As2O3   Көп табанды күйдіру пештері алып және аз өнімді болып келеді. Өлшемдері жоғарыда келтірілген бір пеш тәулігіне құрамындағы күкірт үлесін 24-25 %-тен 10-12 %-ке дейін төмендетіп, 250 т-ға дейін шихта күйдіреді. Күйген газдардың құрамында 7 % SO2 болады.  
2.2 сурет – «Қайнау қабатында» күйдіру пешімен табанды канал (сопло)1 – тиеуші құрылғы, 2 – табанды канал, 3 – тоңазытқыштар, 4 – ауа таратып тұратын қораптар, 5 – ауа каналдары бар табан, 6 – шығаратын құрылғы Кейінгі жылдары металлургияда едәуір өнімді «қайнау қабатындағы» күйдіруді (ҚҚ) пайдалана бастады. Бұл пештер жоғары өнімділікпен ерекшеленеді және құрамындағы күкірттің мөлшері 14 %-ке жететін SO2 қаныққан күкіртті газын алуға мүмкіндік береді. «Қайнау қабатандығы» пешінің қалпы цилиндр немесе призма тәріздес болып келеді (2.2 сурет). Төбесі мен қабырғалары болатты қаптамамен бекітілген, ішкі жағынан жалынға төзімді бетонмен қапталған. Табанында да болат плита бекітулі, ол да жалынға төзімді бетонмен қапталған. Табанында шахмат ретімен ауа берілетін каналдарға арнайы тесіктер жасалған. Астыңғы жағынан табанға тығыздалып ауа қораптары орнатылған.  
     

Егер ауа түтікшелері бар табанға майда шихтаны төгіп, астындағы ауа қораптарынан ауамен үрлесе, шихта псевдосұйық деп аталын күйге келеді. Шихтаның бөлшектері ауа ағынымен біршама биіктікке көтеріледі, содан кейін төмен түседі. Басқа сөзбен айтқанда, концентраттың майда бөлшектері ауа қысымымен жоғары көтеріліп, суйық заттың қайнағаны сияқты күйе бастайды. Шихтаның бұндай қабатын псевдосұйық деп атайды: ол сұйықтық сияқты жоғарғы деңгейден төменгіге өтуі мүмкін.

Сыртқы түріне қарағанда псевдосұйық қабат қайнап жатқан сұйыққа ұқсайды, сондықтан оны қайнау қабаты деп атайды. Қайнау қабатындағы әр бөлшектер ауа ағынымен қоршалған, сондық-танда сульфидтерді күйдіру процесі жылдам жүреді.

Температураны қажетті деңгейде ұстап тұру үшін, артық жылуды шығарып тұрады. Бұл үшін қайнау қабатындағы аймақта сулы тоңазытқыштар орналасқан. Шихтаны пешке үздіксіз тиегіш воронкадан беріп тұрады, ал пештің қарама-қарсы жағында алынған күйінді маяға түсіп тұрады. Десульфуризация дәрежесі материалдың пеште қаншалықты ұзақ болуына – оның тиелу жылдамдығына байланысты. Шихтаның 60-70 %-ті газдар мен шаң түрінде ұшырылып кетеді, оны шаңұстағыштармен ұстап күйіндімен қосып балқытуға жібереді.

Габариттері бір-біріне жақын болған жағдайда көптабанды пеш тәулігіне 180-330 т шихта, ал қайнау қабатындағы күйдіру пеш тәулігіне 700-1400 т шихта күйдіреді.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (58-69), 4 нег. (39-56), 1 қос. (35-45)

Бақылау сұрақтары:

1. Концентраттарды күйдіру процесі не үшін қажет?

2. Мыс кендері мен концентраттарын тотықтырып күйдірудің теориялық мәні неде?

3. Қайнаған қабатта күйдіру пешінің құрылғысы мен жұмыс істеу принципі.

 

13 дәріс тақырыбы:Агломерация

Агломерация әдісі ірілігі 6-8 мм ден аз ұнтақ фракцияларды кесектендіру үшін қолданылады. Ұсақ түйіршіктерді бірігіп кесектелуі, заттарды қыздыру арқылы пісіргенде жүретін термохимиялық процестің нәтижесінде жүзеге асырылады.

Шихта құрамына негізгі зат (кен, концентрат), отын (кокстың майда түйіршіктері-коксик) және флюс (ұсақ ізбес және ізбес тастары) кіреді. Кейде флюссызда жүргізіледі. Агломерациялау алдында шихта арнаулы қондырғыларда араластырылады.

Негізгі процесс агломерациялау машиналарда жүргізіледі. Олардың өндірісте ең көп тараған түрі таспалы агломашина. Ол үздіксіз жүретін колосник торы орнатылған пісіру арабаларынан тұрады (паллетта). Тордың ұзын бойына биіктігі аз қабырғалар орнатылған. Паллеталар бір-бірімен шарнирлі қосылған. Олар екі даңғараны орала ақырын айналып тұрады. Бункер материалы өткенде тор үстіне қалындығы 250-300 мм біркелкі шихта қабаты салынады.

Шихтаның беткі қабаты газ не сұйық отынмен көрік арқылы тұтатылады да шихтаның құрамындағы қатты отын жанып температура 1200-1400 0С-ға дейін көтеріледі. Жану процесі тиімді жүру үшін шихта қабаты арқылы ауа өткізіледі (1 м2-ге 80-100 м2/сағ). Ауа шихта қабаты арқылы тор астында желдеткішпен вакуум тудыру нәтижесінде жоғарыдан төмен қарай бағытта сорылады. Жану қалыңдығы 20-40 мм қабатта ғана жүреді. Жану қабаты біртіндеп төмен түскен сайын шихта қабатының жоғары жағы қатайып, пісірілген агломерат массасы пайда болады.

Агломерация орташа 10-15 минутке созылады. Агломерация кезінде шихта жартылай балқып кесектеледі. Сонымен қатар S, As, Sв сияқты элементтер тотығып, белгілі мөлшерде газ болып ұшады.Пайда болған агломерат екшеуштен өткізіледі. Ірілігі 5-6 мм-деп кіші фракциялар агломерацияға қайтарылады.

Агломашинаның ең үлкенінің ауданы 600 м2-ге жетеді. Меншікті өнімділігі (1,3-1,5 т/м2).

1 - машина каркасы; 2 - паллеталар; 3 – вакуум камералар; 4 – шихтаны тиеу; 5 – төсенішті тиеу; 6 – жағу қондырғы (горн); 7 – машина жетегі. Сурет 30 – Таспалы типті күйдіру машинасы

Қорғасын металлургиясындағы күйдіру.Металлургиялық өңдеуге негізінен қорғасынның сульфидті кендерін жібереді. Олардың құрамында металл-қоспаларының көп мөлшері болады: As, Cd, Sn, Co, Mo, V, In, Ge, Ta, Au, Ag. Осындай кендер флотациялық тәсілмен жақсы байытылады. Алынатын концентраттардың орташа құрамы, %: 50-70 Pb; 12-14 Zn; 1-4 Cu; 3-7 Fe; 15-20 S % тең болады. Металды қорғасынды алудың негізгі әдісі – шахталы пештерде тотықсыздандырып балқыту. Балқыту алдында концентраттарды агломерациялайды. Агломерациялау процесі концентраттар мен майда кендерді кесектеуге ғана қолданбайды, сонымен қатар ол қорғасын және басқа металдардың сульфидтерін тотықтырудың тиімді тәсілі болып табылады. Сульфидтердің тотығу реакциялары экзотермиялы:

2PbS+3O2→2PbO+2SO2+840 кДж

2ZnS+3O2→2ZnO+2SO2+880 кДж

4FeS2+11O2→2Fe2O3+8SO2+3310 кДж.

Сурьма, мышьяк және мыс сульфидтері де тотықтарға айналады.

Темір кендерінің агломерациясына қарағанда, қорғасын концентраттарын агломерациялауды ауаны жоғарыдан төменге сіңіртпей, төменнен жоғарыға үрлеп жүргізеді. Бұндай әдісте үлкен мөлшерде пайда болатын балқыма пісіру қабатында қалқып қалады. Екіншіден, агломерациялық газда SO2 газының жоғары концентрациясы сақталады, бұл газды өңдеп, одан күкірт қышқылын өндіріп алудың тиімді жолы болып табылады. Бұндай агломашинаның ерекшелігі, оның үстінгі жағы газ жинауға арналған ауа өткізбейтін қақпақпен жабылған және шихта тиеуге арналған екі құрылғысы бар, олардың арасында отынды тұтандыратын горн орналасқан.

Балқытуды ойдағыдай жақсы өткізу үшін агломераттың құрамындағы күкірттің мөлшері 2-7 %-ке дейін болу керек (мыстың мөлшеріне байланысты) . Күкірттің ақырғы мөлшерін реттеу, агломерациялық шихтадағы көміртегі мен қайталама материалдардың шығынын өзгертумен іске асады.

Қорғасынның төмен балқу температурасы (327,4 °C) оны кеннен қарапайым сұлба арқылы өндіріп алуға болатынын көрсетеді: тотықтырып күйдіру→тотықсыздандырып балқыту.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (58-69), 4 нег. (39-56), 1 қос. (35-45)

3 нег. (85-99), 4 нег. (87-95), 2 қос. (59-76)

Бақылау сұрақтары

1. Агломерация дегеніміз не?

2. Концентраттарды күйдіру процесі не үшін қажет?

3. Агломерациялық күйдіру кезінде алынатын өнімдер?

4. Агломерация кезінде қандай газ түзіледі?

 

14 дәріс тақырыбы: Домна процесіне арналған шикізаттарды, шихталық материалдарды дайындау

Табиғи бай кендердің азайуына байланысты қазіргі кезде техника өрістеген заманда кендерді тек байыту арқылы ғана өндіріске қолданылатын болды. Байыту процессінен кейін алынған концентраттар майдаланған түрде болады. Дәстүрлік технологияның талаптары бойынша майда шикізаттарды тікелей металлургиялық процестерге пайдалану тиімсіз. Сондықтан майда концентраттарды өңдеу үшін олардан мықты кесектер дайындау қажет. Концентрат түріндегі шикізаттарды металлургиялық процесспен, әсіресе домна пешінде өңдеу үшін дайындау төмендегі үш түрлі жолмен процесске дайындау керек.

Кесектеудің өндірісте кең тараған түрі – концентраттар мен майда кендерді агломерациялау процессі болып табылады.

Кенді байытқаннан кейін алынған ұсақ концентраттарды одан ары қарай пирометаллургиялық қайта өңдеуге қолдану қиынға соғады. Кесектеу процессінің негізгі мақсаты ұсақ кесектерді ірі кесектерге (20 – 40 мм-ге дейін) айналдыру болып табылады. Кесектеу процессі 19 ғасырдың аяғынан бастап, көбіне кендерді брикеттеу технологиясы бойынша дами бастады. Кендерді брикеттеу процессінің өнімділігі мен тиімділігі жоғары агломерация процессімен елеулі дәрежеде ығыстырылды. 20 ғасырдың ортасынан күйдірілген жентектердің өндірісі, әсіресе темір кендерінің майда ұсақталған концентраттарын кесектеу кең дами бастады. Қазіргі кезде кесектеу келесі тәсілдермен: брикеттеу, агломерация, күйдірілген жентектердің өндірісі, күйдірілмеген жентектерді алу және АРS процессімен іске асырылады.

Агломерациялау процессі. Агломерациялау майда кендер мен концентраттарды қыздырып олардың түйіршектерін балқу температурасына дейін жеткізіп, сұйық фазада тотықтар арасында жүретін реакциялар арқылы жаңа минералдар түзілуін қамтамасыз ететін процесс. Жаңа түзілген минералдар майда түйіршіктерді біріктіріп біртұтас қабат құрайды. Қыздыруға арналған жылуды алу үшін шихтаның арасына 5 – 6 массалық пайыз бойынша майда кокс қосылады. Төселген шихта қабаттарының арасынан ыстық ауа жүргенде кокс түйіршіктері жанады. Жану нәтижесінде жылу шығып, қабатты қыздырады. Жану реакциясы:

СК + О2 = СО2 + Q (2.1)

 

Бөлініп шығатын жылу Q-дің мөлшері шамамен Q = 37700 – 38000 кДж/кг кокс.

Концентрат пен кеннің химиялық құрамында металл емес тотықтырдың ішінде көбінесе SiO2 басым болады. SiO2 – қышқыл тотық болғандықтан, агломератты қорытқан жағдайда шлактың негізділігін B = 1,1 – 1,2 шамада реттеп тұру металлургиялық процесстің негізгі талаптарының бірі болып есептелінеді. Сондықтан да агломерацияның үшінші қажет компоненті – флюс болып табылады. Флюс ретінде барлық жағдайда әктас пайдаланылады, яғни СаСО3. Шихтаны күйдірген кезде ол мынау реакция бойынша негізінен СаО-ны құрайды.

СаСО3 СаО + СО2 (2.2)

 

Агломерациялау процессі үстінде мынандай минерал құрайтын реакция жүреді

 

SiO2 + СаО = СаSiO3 (2.3)

 

SiO2 + 2СаО = Са2SiO4 (2.4)

 

Кальцийлі және екі кальцийліминералдардың құрылуы СаО-ның массалық мөлшеріне немесе негізділікке байланысты. Негізділік өскен сайын Са2SiO4 үлесі көбейеді.

Жалпы алғанда әктастың химиялық құрамы тұрақты мына шамадан тұрады (2.1 кесте).

 

2.1 кесте – Әктастың химиялық құрамы

СаО SiO2 Fe2О3 МgО Аl2О3 S СО2
54,0 1,45 0,25 0,84 0,45 0,01 42,5

 

Қорыта келгенде агломерациялық шихта негізінен үш компоненттен тұрады.

1. Концентрат пен майда кендерден

2. Кокстан

3. Флюстен

Концентрат пен майда кен қоспасын 1 кг деп алсақ оған қосылатын кокстың мөлшері DК=0,06 кг болады.

Флюстің мөлшерін кен немесе концентраттың химиялық құрамына байланыстырып табуға болады. Мысалы SiO2 орта пайызына байланысты. Ең алдымен негізділік коэффициентін қабылдау қажет. Яғни В = 1,1 – 1,2 аралықта. Екіншіден флюстің негіздеуші қабілетін (ФНҚ) анықтау керек.

 

ФНҚ = СаО - В SiO2(ф) (2.5)

 

мұнда, SiO2(ф) – кремнеземнің флюстің ішіндегі пайызы, %.

 

Мысалы: ФНҚ = СаО - В SiO2(ф)= 54 – 1,15 × 1,45 = 52,33

 

Флюстің аглошихтаға жұмсалуын мына формула бойынша анықтауға болады.

 

И = , (2.6)

 

мұнда, SiO2(р), СаО(р) – осы тотықтардың концентрат пен кендердегі орташа пайыздары, %.

Мысалы:

И = =0,108 кг/кг (2.7)

 

Сонда агломерациялық шихтаның құрамы:

1. Концентрат пен кен массасы – 1 кг

2. Кокс – 0,06 кг

3. Флюс – 0,108 кг

Жалпы сипаттамасы 1,168 кг

 

Осылай құрамдалған шихтаны араластырып, оның арасына 5 %-ға дейін ылғал жіберу қажет. Ылғалданып жентектелген агломерациялық шихта колосникті конвейерге қабатталып төселінеді. Оның үстінен 1000 0С температурадағы ауаны үрлегенде шихта беті қызып, оның ішіндегі кокс түйіршіктері жанады. Төңірегінде шихта түйіршіктері қызып балқу температурасына жетеді. Түйіршіктер бір – бірімен қосылып минералдар құрады. Жану біткеннен кейін олар ауаның жүруімен салқындайды да қатты фазаға айналады. Ауа тұрақты жүріп тұрғандықтан қабаттар арасында макро және микро торлар тұрақты орнығады. Сонымен агломерацияланған қатты қабаттар алынды. Бұл қабаттарды ұсақтағыштардан ұсақтап кесектерге айналдырады. Одан ары оларды іріктеп 8 мм-ден жоғары мөлшердегі кесектер домна пешіне жіберіледі де, 8 мм-ден төмен мөлшердегі түйіршіктер агломерацияға қайтадан қайтарылады.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. [б. 20-61]; 15 қос. [б. 4-5].

Бақылау сұрақтары:

1. Шикізатты кесектеу қажеттілігі неге негізделген?

2. Агломерациялық шихта негізінен қандай заттардан тұрады?

3. Шихтаның негізділігі деген не?

4. Күйдірілген және күйдірілмеген жентектердің сипаттамасы?

 

15 дәріс тақырыбы: Мырыш концентраттарын күйдіру

Мырышты концентраттардан алу үшін екі тәсіл қолданылады:

1.Пирометаллургиялық (дистилляциялық).

2.Гидрометаллургиялық (электролитті).

Алдын ала концентраттарды күйдіреді. Күйдірудің екі түрі қолданылады.

1.Ұнтақ алу үшін күйдіру (дистилляция алдындағы күйдірудің бірінші сатысы болып немесе гидрометаллургия үшін өнім дайындау).

2.Агломерациямен қосып күйдіру (дистилляцияның алдында).

Осы тәсіл бойынша күйдіру келесі набойлар арқылы жүргізіледі:

1.8-9% S ұнтақ алу үшін күйдіру және отынсыз пісіру.

2.3-4% S ұнтақ алу үшін толықтау күйдіру және коксик қосып пісіру.

3.Пісіру машиналарда екі сатылы күйдіру.

4.Пісіру машиналарда бір сатылы күйдіру (қайталама материалдардың мөлшері жоғары).

2ZnS+3O2=2ZnO+2SO2+Q

4FeS2+11O2=2Fe2O3+8SO2Q

Осы екі реакциялар процестің отынсыз жүруіне себепші болады.

ZnO+Fe2O3=ZnO∙Fe2O3

2ZnO+S1O2=Zn2S1O4

2Pв+S1O2=Pв2S1O2

ZnS+2O2=ZnSO4+Q

ZnO+SO3=ZnSO4+Q

аз мөлшерде өтеді.

Күйдіру нәтижесінде күкірттің 94 2% -ті газ күйінде ұшып кетеді.

Мырыш күйіндісін сілтілеу. Күйдірілген мырышты концентраттар негізінен металдардың тоқытарынан түзілген. Сонымен қатар олардың құрамында аз мөлшерде металдардың сульфаттары, ферритері, силикаттары, алюминаттары және тағы басқа қоспалары болуы мүмкін. Күйдірілген мырышты концентраттардағы мырыш та осындай қосылыстар түрінде болады.

Күйдірілген мырышты концентраттарды (күйіндіні) сілтілеуге ұшыратады. Бұл процестің негізгі мақсаты: мырышты ерітіндіге өткізу және ерітіндіні оған тұнба түрінде өткен әртүрлі қоспалардан тазарту, өйткені бұл қоспалар мырышты ерітінділердің электролиз процесіне зиянды әсер етеді.

Сілтілеу кезінде пайдаланылатын еріткіш келесі талаптарға сай болуы керек:

1) еріткіш күйіндінің құрамындағы мырыштың барлық қосылыстарын толығымен еріту керек;

2) еріткіштің әсері таңдамалы болуы керек, яғни мырыштан басқа күйіндінің құрамында болған қоспалар ерітіндіге өтпеу керек;



lude $_SERVER["DOCUMENT_ROOT"]."/cgi-bin/footer.php"; ?>