Лабораториялық жұмыс. Мырыш күйіндісін сілтілеу

Тапсырма – лабораториялық жұмысты жүргізу барысында мыналарды есептеу қажет: а) мырышты кектердің шығуын, олардың химиялық және фазалық құрамын; б) күйіндіні сілтілеу кезінде алынатын бейтарап ерітіндінің мөлшерін; в) сілтілеу кезінде шығындалатын күкірт қышқылының шығындарын толтыру үшін күйіндідегі сульфатты күкірттің мөлшері жеткілікті ме; г) сілтілеу процесіне қажетті берілген концентрациядағы күкірт қышқылының мөлшері. Есептеулердің нәтижелері бойынша сілтілеу процесін жүргізу, алынған фильтратты мыс пен кадмийден тазарту, мырыштың ерітіндіге бөлініп алынуын анықтау.

Берілген концентрациядағы күкірт қышқылының есептелген мөлшері арнайы ыдысқа құйылып, 60 °C-қа дейін қыздырылады. Қажетті температура жеткеннен кейін күйіндінің өлшенген мөлшері салынып, араластырғышты қосады. Сілтілеуді бір сағат аралығында тұрақты араластыру жылдамдығы мен температурада жүргізеді. Еківалентті темірді тотықтыру үшін ерітіндіге күйіндімен бірге аз мөлшерде калий перманганаты енгізіледі. Сілтілеу процесі аяқталған соң пульпаны сүзеді, алынған фильтратты мырышты шаңның көмегімен цементация арқылы мыс пен кадмийден тазартады (тазарту үшін қажетті мырышты шаңның мөлшерін стехиометриялық қажеттіден 300 % қылып алады). Тазарту операциясын алдында қолданған ыдыста ерітіндіні қыздырмай және 10-15 минут аралығында аралстырып жүргізеді.

Ұсынылған әдебиет:

Нег. 7[б. 228-253, 389-396], 5 [б. 198-215].

Қос. 8 [б. 17-30].

Бақылау сұрақтары:

1. Күйіндідегі мырыш қандай қосылыстар түрінде болады?

2. Күйіндіні күкірт қышқылының ерітіндісімен сілтілеу жылдамдығы неге байланысты болады?

3. Күйіндіні сілтілеу кезінде алынатын өнімдер?

4. Бейтараптандыру сілтілеуді қандай мақсаттармен жүргізеді?

5. Қышқыл сілтілеуді қандай мақсаттармен жүргізеді?

6. Күйіндіні сілтілеу кезінде мырыш қосылыстарының жүру тәртібі?

7. Күйдіру кезінде күйіндінің құрамында қандай мақсатпен аз мөлшерде сульфатты күкіртті қалдырады?

8. Күйіндіні сілтілеу кезінде темір, мыс, кадмий, мышьяк, сурьма, кобальт, қорғысын қосылыстарының жүру тәртібі?

№6 Лабораториялық жұмыс. Екшеуіштің өнімділігін анықтау

Тапсырма - Екшеу үрдісімен және екшеуіштердің (електердің) жұмысымен танысу

Жұмыс мазмұны

1. Екшеуіштердің түрлерімен танысу;

2. Вибрациялық екшеуіштің эскизын жасау;

3. Екшеуіштің ПӘК анықтау;

4. Екшеуіш торының жұмыс кесіндісін анықтау;

5. Екшеуіш бойынша материалдың қозғалу жылдамдығын анықтау;

6. Екшеуіштің өнімділігін анықтау.

Жұмысқа түсіндіру

Екшеуітің құрылысымен танысқаннан кейін аппараттың эскизы салынады және оның техникалық сипаттамасы құрастырылады. Техникалық сипаттамада екшеуіштің негізгі өлшемдері мен параметрлері көрсетіледі.

B – екшеуіштің ені;

L – екшеуіштің ұзындығы;

d – тор тесіктерінің диаметрі;

p – жұмыс кесіндісі;

s – эксцентриситет;

n – екшеуіштің тербеліс саны;

α – екшеуіш елегінің енкіш бұрышы;

φ – бегілі кен үшін үйкеліс бұрышы.

 

Үйкеліс бұрышы былай анықталады. Екшеуіш торын горизонтальды жазықтыққа орнатады. Тордың үстіне кеннің ірі кесектерін тиейді де тордың бір жағын көтере бастайды. Материал тор бетімен жылжи бастағанда көтеруді тоқтатады. Тордың енкіш бұрышын α өлшеп, торды орнына түсіре бастайды. Материалдың тор бетімен жылжыу тоқтаған кезде түсіруді аяқтайды. Тордың енкіш бұрышын тағыда өлшейді. Сонда, тербеліс бұрышы

φ = (φ1 + φ2)/2.

Үйкеліс коэффициенті f = tg φ тең болады.

Екшеуіштің пайдалы әсер коэффициенті η (ПӘК) келесі формула бойынша анықталады:

η = [(а – θ)/а(100- θ)]104,

мұнда а –бастапқы материалдағы тор астындағы кластың мөлшері, %;

θ – торастындағы өнімдегі сол кластың мөлшері.

 

Екшеуіштің ПӘК анықтау үшін ұсақтау өнімінің салмағы өлшенеді. Ширектеу әдісі бойынша (метод квартования) өнімнің електі талдау үшін кеннен үлгі алынады. Електі талдау нәтижелелері бойынша график сызылады. График негізінде торастындағы материалдың шығу проценты анықталады. Содан кейін материалдың белгілі мөлшеріне бақылау екшеу жүргізіледі де өлшеу арқылы сол кластың торастындағы материалдағы мөлшері анықталады. Алынған мәліметтер бойынша екшеуіштің ПӘК анықталады.

Екшеуіштің жұмыс кесіндісін анықтау (живое сечение). Екшеуіштің жұмыс кесіндісі дегеніміз тесіктер ауданының електің жалпы ауданына қатынасы. Жұмыс кесіндісін анықтау үшін тесіктердің саны мен електің 100х100 мм2 ауданында олардың жалпы ауданын есептейді. Сонда Екшеуіштің жұмыс кесіндісі.

P = (nF/10000)·100,%,

мұнда n –100х100 мм2 електің ауданындағы тесіктердің саны;

F – бір тесіктің ауданы;

P – Екшеуіштің жұмыс кесіндісі, %.

Екшеуіштің өнімділігін анықтау.Екшеуіштің теориялық өнімділігі келесіден анықталады:

Q = q·F·γ·k·n·j,

мұнда γ – кеннің төгілу массасы;

F – екшеуіш елегінің ауданы;

q –1 м2 екшеуіштің орташа меншікті өнімділігі;

k – майда кесектердің әсерін есептейтін коэффициент;

n – өтпеген дәндердің санын есептейтін коэффициент;

j – екшеу әдісін есептейтін коэффициент.

 

Елек ауданының меншікті өнімділігі кестеден анықталады.

Кесте 3.1

Екшеуіштің өнімділік коэффициентінің q елек тесіктерінің өлшемдеріне тәуелділігі

Тесік өлшемдері, мм q Тесік өлшемдері, мм q Тесік өлшемдері, мм q
0,15 1,8 5,5
0,21 2,2 7,0
0,30 2,5 11,0
0,42 2,8 7,5 17,0
0,59 3,2 19,0
0,88 3,7 25,5
1,17 4,4 28,0    

k, n, j түзету коэффициенттері кестелер бойынша анықталады

 

Кесте 3.2

Өлшемі тесіктер өлшемінен ½ төмен дәндер мөлшерінің процентіне тәуелді k коэффициентінің мағынасы

%
k 0,7 0,8 0,9 1,0 1,2 1,4 1,6 1,8 2,0
                   

Кесте 3.3

Өтпеген дәндер мөлшерінің процентіне тәуелді n коэффициентінің мағынасы

%
N 0,94 0,97 1,0 1,03 1,11 1,18 1,24 1,32 1,55
                   

Кесте 3.4

Екшеу тәсіліне тәуелді j коэффициентінің мағынасы

Екшеу тәсілі құрғақ сулы лаборат. тәсіл
j 1,0 1,40 1,0
       

Жұмысты рәсімдеу

1. Вибрациялық екшеуіштің қысқаша жазбасын беру;

2. Берілген екшеуіштің эскизын сызып, оның техникалық сипаттамасын келтіру;

3. Жұмыс барысын қысқаша келтіру;

4. Алынған нәтижелелерді келтіру.

Ұсынылған әдебиет:

1нег. [Т1,9-2], 2 қос. [7-34].

Бақылау сұрақтары

1. Екшеу үрдісінің мәні неде?

2. Екшеуіштің негізгі параметрлері қандай?

3. Екшеу беииеріне қандай талаптар қойылады?

4. Кеннің гранулометриялық құрамы екшеу үрдісіне қалай әсер етеді?

5. Екшеуіштің жұмыс кесіндісі дегеніміз не?