Лабораториялық жұмыс. Табақшалы нәрлендіргіштің саның есептеу

Тапсырма - Нәрлендергіштердің негізгі құрылысымен танысу. Тарелкалы нәрлендіргіштің жұмысы мен құрылысын зерттеу.

Жұмысқа түсіндіру

Материалдар шанақтардан өзінен өзі шығуына жол бермеу үшін әртүрлі қондырғылар қолданылады. Оларға нәрлендіргіштер де жатады. Табақшалы (дискалы) нәрлендіргіштер (сурет 49) ары қарай өңдеу машиналарға ұнтақты және майда кесекті материалдарды үздіксіз беруге және оларды көлемді түрде реттеуге арналған.

Нәрлендіргіштің негізгі бөлшектері ол шаққа жалғанған құбыр, редуктор арқылы қозғалысқа келтірілетін айналмалы диск (табақша). Табақшаға келіп түсетін материал пышақпен (қырғыш) науаға түсіріледі. Бір айналым ішінде дискке берілетін материал мөлшері винт 6 және рычаг көмегімен пышақтын орналасу бұрышын өзгерте немесе маховик, винт 8 және вилка көмегімен обойманың орналасуын өзгерте реттеледі. Бірінші жағдайда материал сақинасының көлемі өзгереді. Бұл көлем, обойманың диаметрі мен орналасуымен анықталан цилиндрдің көлемін алып тастағанда, кесілген конустың көлеміне тең. Екінші жағдайда диск үстіндегі материалдың жалпы көлемі өзгереді.

Нәрлендіргіштің өнімділігі (м3/ч) келесі формула бойынша анықталады:

П = 3600[ (R2 + r2 + Rr) – πr2h)n,

мұнда h – материал сақинасының биіктігі, м; R - қырғышпен түсірілетін материалдың сақина табанының сыртқы радиусы, м; r – материал сақинасының үстінгі жағының радиусы, м; n – дисктың айналу жиілігі, айн/с.

Нәрлендіргіштің бірқалыпты істеу үшін ортадан тепкіш күш материалды дисктан лақтырып тастамауы қажет, немесе келесі шарт орындалуға тиіс:

2R < fmg,

мұнда f – материалдың дискке үйкелу коэффициенті;

g – бос құлаудың үдеруі, м/с2.

 

Дисктың бір секундада шекті айналу жиілігі:

n =

Бір айналым ішінде дисктен материалдың белгілі мөлшері түсіріледі. Түсірілген материалдың ауырлық күші (Н):

Р = Пρg/(3600/n),

мұнда П – нәрлендіргіштің көлемдік өнімділігі, м3/ч;

ρ – материалдың көлемдік массасы, кг/м3.

 

Нәрлендіргіштерді пайдалану барысында техника қауіпсіздіктін ережелері мен талаптары орындалу қажет. Нәрлендіргіштердің жұмысы кезінде оларды жұмысшыларға тазалауға, элементтерді (бөлшектерді) реттеуге және де материалдың өтуін қолмен қамтамасыз етуіне үзілді-кесілді түрде жол бермеу қажет. Нәрлендіргіштердің бардық қозгалатын, әсіресе, айналатын бөлшектер қоршауға алыну керек. Профилактикалық жұмыстар барысында нәрлендергіштің жұмыс бөлшектері мұқият қаралып, керек кезде тазалану қажет, әйтпесе нәрлендіргіштің бірқалыпты жұмысына әртүрлі кедергілер пайда болуы мүмкін және де дозалау дәлдігі қиынға соғады. Осындай жұмыстарды жүргізу алдында бірнеше шарттар орындалу қажет:

1 Электрқозғалтқыш өшірілуге тиіс;

2 Жұмыс органдарға механикалық блокировка жасалу тиіс.

Жұмысты орындау

Жұмысты орындау алдында нәрлендергіштердің құрылысымен, жетектері мен танысу керек. Сосын табақшалы нәрлендіргіш үлгісінің эскизы салынып, конструкйияның өлшемдері алынады да барлық қажетті параметрлер анықталады. Нәрлендіргіш үлгісінің өнімділігі есептелінеді. Содан кейін шанаққа ұнтақталған материал төгіледі де, табақшаның бірнеше айналымынан кейін, материалдың табиғи енкіш бұрышы анықталады. Бұдан кейін нәрлендіргіштің жетегі жүргізіліп, пышақпен (қырғышпен) түсірілген материалдың салмағын таразыда өлшеп нәрлендіргіштің нақты өнімділігі анықталады.

Жұмысты рәсімдеу

1. Табақшалы нәрлендіргіштің эскизын салу;.

2. Нәрлендіргіш параметрлерін өлшеу;

3. Есептеу арқылы нәрлендіргіштің өнімділігін анықтау;

4. Пышақтың орналасуына нәрлендіргіштің нақты өнімділігін анықтау;

5. Нәрлендіргіштің пышақтың орналасуына байланысты тәуелділік графигін сызу.

Ұсынылған әдебиет:

2 нег. [9-21], 3 нег. [5-17].

Бақылау сұрақтары

1.Нәрлендіргіштер не үшін қолданылады?

2. Нәрлендіргіштердің құрылысы қандай болады?

3. Табақшалы нәрлендіргіштің өнімділігі неге тәуелді?