Психология ғылымына кіріспе

Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары

апта Тақырыптары   Сағат саны Өткізілетін сабақтың түрі Ақпарат көздері әдебиет, ғаламтор
Психология дамуының негізгі кезеңдері Өзара оқыту Н: 3;10;12;13;14 Қ: 1;2;3
Психика және сана Дәстүрлі оқыту Н: 1;5;6;15;18 Қ: 4;5;7
Тұлға теорияларындағы психодинамикалық бағыт Өзара оқыту Н: 18;19 Қ: 1;2;3;4
Тұлғаның индивидуалды теориясы Өзара оқыту Н: 18;19 Қ: 1;2;3;4
Аналитикалық теория Өзара оқыту Н: 18;19 Қ: 1;2;3;4
Тұлғаның эго-теориясы. Гуманистік теория Пікірталас Н: 18;19 Қ: 1;2;3;4
Тұлға диспозициялық теориясы Өзара оқыту Н: 18;19 Қ: 1;2;3;4
Құрылымдық теория. Тұлға типі теориясы Өзара оқыту Н: 18;19 Қ: 1;2;3;4
Оперантты үйрену теориясы. Тұлға теориясындағы когнитивті бағыт Өзара оқыту Н: 18;19 Қ: 1;2;3;4
Тұлға теориясындағы феномендік бағыт. Жеке адамның ішкі позициясы Өзара оқыту Н: 18;19 Қ: 1;2;3;4

Білім алушының өзіндік жұмысы

Апта БАӨЖ-ның тапсырмалары Ұсынылатын әдебиеттер мен өзге де ақпарат көздері Жұмыстың орындалу мерзімі БАӨЖ-дің орындалу түрлері
Психология ғылымының мән мағынасы және басқа ғылымдар В.В.Богословский. Жалпы психология Алматы, 1980ж. 1-апта Конспект
Психика дамуы. Сана.   Гиппенрейтер Ю.Б. Введение общую психологию. Курс лекций. М.1986 (65-95,162-189б). 2-апта   Баяндама
Тән және жан. Вулдридж Д. Механизмы мозга. М.1965 (17-33, 40-56-92). 3-апта Реферат
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар. Ждан А.Н.История психологий. М.1998 (237-239, 239-252,252-265,301-365б) 4-апта Кесте
Іс-әрекет психологиясы. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.1982 (73-123,124-158,159-189б). 5-апта   Баяндама
Адам аралық қатынастар психологиясы. Бодолев А.А. Личность и общение.М. 1983 (85-265б). 6-апта   Кесте
Зейін, оның түрлері Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.1982 7- апта   Реферат
Түйсік және қабылдау- таным табалдырығы Ю.Б. Гиппенрейтер Введение в общую психологию. Москва ИРО,1997 8- апта   Сызба
Ес А.Г. Маклаков Общая психология. М-2002 9- апта Баяндама
Ойлау А.Г. Маклаков Общая психология. М-2002. 10-апта   Кесте
Қиял процесі А.Г. Маклаков Общая психология. М-2002. И.К. Столяренко Общая психология. Москва,2002 г. 10-апта     Білім ағашы
Эмоция А.Г. Маклаков Общая психология. М-2002. И.К. Столяренко Общая психология. Москва,2002 г. 11- апта     Реферат
    Сезім Маклаков Общая психология. М-2002. И.К. Столяренко Общая психология. Москва,2002 г. 11-апта         Баяндама
Ерік сапалары Маклаков Общая психология. М-2002. И.К. Столяренко Общая психология. Москва,2002 г. 12-апта Кесте
Темпераменттің қазіргі теориялары Маклаков Общая психология. М-2002. И.К. Столяренко Общая психология. Москва,2002 12-апта   Баяндама

 

Лекция

Психология ғылымына кіріспе

Қысқаша мазмұны: Психология пәні, мақсаты, міндеттері. Психология ғылымының салалары мен әдістері. Қазіргі кездегі психология. Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы. Психологияның негізгі принциптері.

Талай ғасыр бойы адам көптеген ғылымдардың зертеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал, осы таным жолында психология ғылымының алар орны ереше.

Психология – адамның объективті шындықты сезіну, қабылдау, ойлау , түйсіну және басқа да психикалық құбылыстар формасында белсенді бейнелеу процесін меңгеретін ғылым. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарам-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология ғылымының даму негізіндегі жатқан қызығушылық уақыт озуымен бірге өрестей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмейінше тиімді орындалуы мүмкін емес.

Белгілі кеңес психологы С.Л. Рубинштейн «Основы общей психологии» (1940) атты еңбегінде: «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: олар біздің қабылдауымыз, ықылас- ниеттеріміз т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын қарап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денемізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны»,- деген.

Психология ғылымының ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сыйып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Психология өте ежелгі де, өте жас ғылым.

Психология ғылымы үшін ең маңызды мәселелердің бірі- зерттелуші құбылыстардың мән-мағынасын ашып беру. Сонымен, психологияның зерттейтін пәні- психика. Психика- шын мәнінде ерекше зерттеу пәні.

Қазіргі кездегі психология ғылымының алдында тұрған теориялық және практикалық міндеті- психологиялық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу болып отыр.Соңғы жылдары психологиялық зерттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалалар дүниеге келді. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда.

«Психология» атты алғаш трактат 1590 жылы жарық көрді. Ғылымның аты оның философиядан бөлініп шығуынан 300 жыл бұрын пайда болған.

XIX ғ-дың аяғы XX ғасырдың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология ғылымына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады. Психология пәнін қарастыруда біз төмендегі сызба бойынша талдаймыз:

 

Кезеңдер Психология пәні Сипаттамасы
4-кезең Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін меңгереді. Философияның диалектикалық материализм базасында қалыптасып, бейнелеу теориясы болып табылады
3-кезең Психология- мінез-құлық туралы ғылым XX ғасырда туындады. Психологияның міндеті тікелей мінез-құлық, қылықты бақылау. Мінез-құлықты көрсететін мотивтер ескерілмеді.
2-кезең Психология- сана туралы ғылым XYII ғасырда туындады, жаратылыстану ғылымдарының дамуымен байланысты. Ойлауға, сезінуге, түйсінуге қабілетті таным деп түсіндірді. Меңгерудің негізгі әдісі -өзін өзі бақылау және фактілерді сипаттау деп есептеген.
1-кезең Психология-жан туралы ғылым Адам өміріндегі түсініксіз құбылыстарды жан арқылы түсіндіруге тырысты.

№1. Кесте. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.

«Психология» түсінігінің ғылыми және тұрмыстық мағынасы бар. Біріншісінде қатысты ғылыми пәндерді мазмұндау үшін, екіншісінде, тұлғалардың және адамдар тобының жүріс-тұрысын және психологиялық ерекшеліктерін суреттеу үшін қолданылады. Белгілі кеңес психологы Р.С. Немовтың еңбегінде тұрмыстық және ғылыми психологияны салыстырмалы түрде талдады.

 

Тұрмыстық психологиялық білім Ғылыми психологиялық білім
- білім нақты -білім жалпыланған
- білім интуитивті сипатта - білім рационалды және саналы
- білімді беру күрделі - білім жинақталады және беріледі
- білім қайнары- бақылау - білім қайнары- эксперимент
- білім шектеулі - білім әрқашан кеңейеді.

 

№2 Кесте. Тұрмыстық және ғылыми психологияның салыстырмалы сипаты.

Қазіргі таңда психология өзіндік ғылыми жүйеге ие. Мұнда көптеген салалар бөлінеді, ғылыми зерттеулердің бағыттары өз бетінше дамыған. Осы фактіге сүйене отырып, қазіргі кезде психология ғылымының жүйесі белсенді түрде дамуын жалғастырып келеді.

Психология салаларының туындауы, 1-ден, ғылыми және практикалық әрекеттің барлық сферасында психологияның кеңінен ендірілуіне , 2-ден, жаңа психологиялық білімдердің пайда болуына негізделеді.

Психология ғылымының салалары төмендегідей: жалпы психология, педагогикалық психология, жас ерекшелік психологиясы, даму психологиясы, арнаулы психология, еңбек психологиясы, медициналық психология, әскери психология, әлеуметтік психология, спорт психологиясы, сауда психологиясы, ғылыми-шығармашылық психологиясы, салыстырмалы психология, заң психологиясы, генетикалық психология, нейропсихология, қолданбалы психология.

1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияның міндеті қабылданған болатын. Психология ғылымының негізгі принциптері 30 жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, даму принципі.

Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал, адам санасының дамуы- түпкілікті қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Детерминизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні, яғни, адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі тұжырымға негіз болды.

Детерминизм – психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды. Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарастырылмаған еді. 50 жылдары С.Л. Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып, психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзара байланыста қарастырды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана мен іс-әрекет – психология ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғаш рет сана мен іс-әрекет бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан С.Л. Рубигштейн болды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал, сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтындығын негіздейді.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт берді. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.

Даму принципі. Даму идеясы Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің тәсілі ретінде қабылдайды.

Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебіоның зерттейтін объектісі психика- өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді (Б.Ф. Ломов).

Әдіснама- гр.т. methodos- зерттеу жолы,теория, ілім- 1) ғылыми танам әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер; 3) әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы.

Әдіс- көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.

Әдістеме- 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім.

Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін.

Психикалық құбылыстарды зерттеудің объективтілік принципі- бұл принцип кез-келген психикалық құбылысты олар қандай болса, сол күйінде қараудың қажеттілігін білдіреді. Олар адам өмірінің сыртқы жағдайлары және қызметімен өзара байланыста ғана зерттелуі мүмкін.

Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу- егер объетивті дүние ұдайы қозғалыста және өзгерісте болса, онда осыған орай, оны белсендірудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес. Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу адам бойында қалыптасып болған психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар, жаңа ғана пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді де зерттеуді талап етеді.

Жеке адамды анализдік –синтездік зерттеу- әртүрлі жағдайларда, әртүрлі қызмет бабында, басқа адамдармен қарым-қатынасында жеке адамның сан-салалы психикалық ерекшеліктері, тұлға ретінде бет бейнесі ашылады. Дегенмен де, ақиқат өмірдің алуан салалығына қарамастан, әр адам өз күйінде қалады, тек өзіне тән даралық психикалық қасиеттерін сақтайды.

Анализдік зерттеу психиканың элементтерін жеке адамның өмірі мен қызметінің әртүрлі жағдайында тануға мүмкіндік береді, ал, синтездік зерттеу барлық жеке психикалық көріністердің өзара байланысын анықтауға және белгілі бір адамды толық сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.

Психологиялық зерттеу әдістерінде қазіргі таңда 4 тобы қолданылады:

 

Әдіс түрі Сипаттамасы
Ұйымдастыру әдістері Салыстыру әдісі, лонгитюд әдісі, комплексті әдіс;
Эмпирикалық әдістер Бақылау және өзіндік бақылау, эксперимент; психологиялық болжау: тест, анкета, сауалнама, социометрия,әңгімелесу, шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаян әдісі.
Деректерді өңдеу әдістері Санды (статикалық) және сапалық (топқа жіктеу, талдау).
Реттеу- түзету әдістері Аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.

 

№3. Кесте. Зерттеу әдістерін топтау

 

Лекция

Психика және сана

Қысқаша мазмұны: Психика мен сананың дамуы.Психика жайлы түсініктер,психиканың байқалуының формалары.Психиканың құрылымы.Ми және психика.Психика және денсаулық.Сана сезімінің теориялары.Қазіргі кездегі жастардың сана сезімінің ерекшелігі туралы кеңес психологтарының пікірлері.Оқу барысындағы психиканың дамуы.

Психика - бұл субъектінің объективті әлемді белсенді бейнелеуінде қорытылатын, бұл дүниенің ажыратылмайтын картинасын құрып және осы негізде әрекет-қылық пен іс-әрекетін реттейтін жоғары ұйымдастырылған тірі материя қасиеті.

1. Психика- бұл тек тірі материя қасиеті. Әдетте қарапайым тірі материя емес, жоғары ұйымдастырылған материя. Мұнан кез-келген тірі материя бұл қасиетке ие емес, тек ғана, психиканың бар болуына себепші болатын арнайы мүшелеріне ғана тән.

2. Психиканың негізгі ерекшелігі объективті дүниені бейнелей алу қабілетінде қорытылады. Яғни, психикасы бар жоғары ұйымдастырылған материя қоршаған дүние туралы мәліметтерді алуға қабілетті.

3. Тіршілік иесінің қоршаған дүние жөнінде алған мәліметтері тірі ағзаның ішкі ортасын реттеуі және оның әрекетқылығы қалыптасуының негізі болып табылады.

Тітіркену- бұл тірі ағзаның мәжбүрлі белсенділігінде көрінеді. Тітіркенудің алғашқы формалары өсімдіктерде де табылады, олар «тропизм»- мәжбүрлі қозғалыс деп аталады.

Психиканың шығу тегінде әртүрлі көзқарастар бар:

Идеалистік – психикалық (жан) өз шығу тегі бойынша денемен байланыспайды..

Дуалистік- адамда екі бастама бар: психикалық (идеалды) және биологиялық (материалды). Бұл екі шарт қатар дамиды және белгілі бір мөлшерде бір-бірімен байланысты.

Материалистік- психика феномені тірі табиғат эволюциясына негізделеді және оның бар болуы өте жоғары дамыған материя қасиеті ретінде қарастырылады.

 

Бағыттар Сипаттамасы
1. Антропопсихизм (Декарт) Психика тек адамға ғана тән
2. Панпсихизм (француз материалистері) Табиғаттың түгелдей жандануы, психика барлық әлемге тән (сонымен тастарға да)
3. Биопсихизм Психика тірі табиғат құрылымы (өсімдіктер)
4. Нейропсихизм (Дарвин) Жүйке жүйесі барларға тән
5. Мипсихизм (Платонов) Бас миы барларға тән (жәндіктерде белгісіз)
6. Сезімталдықтың болуы (А.Н. Леонтьев) Қоршаған ортадан берілетін тітіркендіргіштерге әсерлену қабілетінің болуы.

№7 Кесте. Психиканың табиғатын түсіндіруші негізгі бағыттар

Психиканың қарапайым түрі – нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші обьектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті.Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады.Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, өрмекші өрмек пен тамақтың (өрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейнелендіреді, бақа жейтін қоректік заттың түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мен иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т.б.

Тіршілік иесінің, әсіресе нерв жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделіленіп әр түрлі органдардың атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ организмдердің интеграциясы (организмдер қызметінің бірігуі) белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделілене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді.Бұл, әсіресе нерв жүйесінің жоғарғы бөлігінің қалыптасуы кезінде анық байқалады.Осыдан психикалық іс-әрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады.

Барлық сүт қоректілердің әрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сипатталады, олардың бәрінің де миы жақсы дамыған. Бұл саты үшін, бір обьектінің кей кездері тіпті күрделі обьектінің де әр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тән.Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады.Мәселен,ит өз иесінің дауысы,киімі,иісі тағы басқа көптеген белгілері арқылы тани алады.Алайда,арнайы жүргізілген зерттеулердің көрсеткеніндей обьектілерге қайсы бір қасиеттері жануар үшін өте маңызды болса,(сигнал ретінде),ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін.Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы,оны дұрыс ажырата алуы,ал екінші бір белгілерді ажырата алма,қателесуі,қайтерін білмей,тайқақтауы-міне,осыдан.

Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілерге қарапайым тұрғыда ойлау қаситі тән.

Бұлардың ішінен,әсіресе маймылдар,бәріненбұрын антропоидтарнемесе адам тәріздес маймылдарды айту керек.Олардың миы мейлінше дамыған,өзінің құрылысы жағынан адам миына өте ұқсас,әрі басқа жануарларға қарағанда,олардың психикалық іс-әрекеті анағұрлым бай және күрделі.Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды.

 

Танымдық іс-әрекет түрі. Сипаттамасы
1. Сенсорлық (лат.т. sensus- түйсіну) Заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелейтін танымдық процестер. Оның психикалық нәтижесі түйсіну деп аталады.
2. Перцептивті (лат.т percipere- қабылдау) Заттар мен құбылыстардың тұтастай бейнесін құру. Психикалық бейнесі қабылдау деп аталады.
3. Интеллектік (лат.т. intellectus- ақыл) Құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды бенелейтін ойлау операциялары.

 

Тірі ағзаның психикасы дамуының 4 негізгі деңгейін бөледі:

- қозғыштық (әсерленгіштік);

- сезгіштік (түйсіну);

- жоғары дамыған жануарлар әрекеті (сырттай негізделген әрекет-қылық);

- адам санасы.

Адамзаттың жануарлардан ерекшелігі талдай алу қабілеті және абстрактілі ойлай алуы, өз өткенін сыни бағалап, болашақты ойластыру, жоспар және бағдарлама жасай алуы болып табылады. Мұның барлығы адамзат санасы сферасымен байланысты.

Сана- бұл адамның қоршаған шындықты жоғары деңгейде бейнелей алуы болып табылады. Философиялық бағыттың қайсысын ұстануға тәуелсіз сананы зерттеушілер, сананың басқа психологиялық құбылыстарды және өзін-өзі тануға дайын тұратын рефлексивті қабілетпен байланыстырды.

Адамда мұндай қабілеттің болуы психология ғылымының болуы мен дамуына негіз болып табылады. Адам санасының 1-ші психологиялық сипаттамасы- танылатын субъект арқылы өзін түсінуді, бар және қиялдағы шындықты ойша елестете алу қабілетін, өзінің психологиялық және әрекет- қылық қалпын қадағалауды, оны басқаруды, қоршаған шындықты бейне ретінде көру және қабылдау қабілетін енгізеді.

Сананың маңызды 2-ші сипаттамасы- шындықты ойша елестету және қиялдау. Ол ерікпен тығыз байланысты. Елестетулер және қиялды саналы басқару адам еркі арқылы туындайтыны және өзгеретіндігі анықталған.

Адам санасының 3-ші сипаттамасы- бұл коммуникацияға қабілеттілігі болып табылады.Тіл және басқа да белгілік жүйелер көмегімен сол адам сезінулерін басқа адамдарға бере алуы. Коммуникативті мүмкіндіктер жоғары дамыған жануарлардың көбісінде бар, бірақ, адамзат бір ғана жағдай арқылы ерекшеленеді: тіл көмегімен ішкі қалып туралы жеткізіп ғана қоймай, сондай-ақ, қоршаған орта туралы не білетінін, түсінетінін, елестететінін объективті мәліметтерді береді.

Адамзат санасының тағы бір ерекшелігі интеллектік схеманың болуы болып табылады. Схема белгілі бір ақыл құрылымы болып табылады. Схемалар адамдар мәліметтерді белгілі бір ретке келтіру үшін қолданылатын ереже, ұғым, логикалық

операцияларды енгізеді.

Тілсіз және сөзсіз адам санасы болуы мүмкін емес. Сана сөздік ғана емес, бейнелік формада болады. Бұл жағдайда екніші сигналдық жүйені пайдаланады.

Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде,ең алдымен,жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшелінеді.Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді,істі біліп әрекет жасауына,өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді.Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады.Заңдылықтарды біле отырып,белгігі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай аласыз.Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда,болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғарғы бағдарлылықты қалыптастырады.Ғылым,өнер,мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте-болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды,сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтежесі болып табылады.Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана обьективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес,сондай-ақсол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. «Бір жерде орын алып отырған қандай да болсын қатынас,-деп жазды.К.Маркс пен Ф.Энгельс-мен үшін болып жатады;хайуандар ешнәрсеге де «қатыспайды» және жалпы «қатынас» емес;оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас болмайды.»

Демек,адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады,белгілі дәрежеде бағалай отырып,оқиғаларға байқастап жанасады.Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы)және эмоционалды (сүю,ұнату,өшпенділік,жек көру,жирену түрінде көрінеді) сипаттаболуы мүмкін.Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта,екуі аралас келеді.

Сана адамның творчестволық қабілеттілігімен көрінеді. «Адамның санасы обьективті дүниені бейнелеп қана қоймайды,сонымен қатар оны жасайды.»

Хайуан еш нәрсені де орната алмайды.Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді,оның тіршілік етуі соған жеткізеді.Мәселен,ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып,соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф.Энгельс.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады,оны өз қажетіне бейімдегісі келеді,тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды.Творчество адамның бүкіл жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қаситі оның есеп беруі болып табылады.Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді,демек,сана тек қана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады.Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады,өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады.Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді,ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай лтырып,неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады.Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Адамзат санасының туындауы және дамуының басты жағдайы тілмен жанамаланған бірлескен продуктивті қаруланған адамзат іс-әрекеті болып табылады.

Сана қалыптасуы үшін бірлескен іс-әрекет және ересектермен белсене араласып, өзара әрекеттесу мақсатын ажырату қажет. Сана –адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Адамның жануарлардан түпкі ерекшелігі – ол құрал қолданып ғана қоймай, оны дайындау қабілетіне ие.

Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болатын тағы бір шарт- бұл тілдің туындауы. Тіл – қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, қасиеттерін және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз.

Ғылыми түрде тілдің шығу негізі адамның қоғамдық еңбек қатынастары жатыр. Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды.

Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:

қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді;

тілдегі сөздер белгілі заттарды атап ғана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қолданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді;

тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден бір құралы.

Сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана- бұл қоғамдық болмыс.

Адам өзінің ішкі дүниесін құрайтын көптеген білім-біліктерді , қатынас –толғаныстарды әрдайым сезе бермейді. Содан бейсана әр адамның психикалық болмысының ажыралмас құрам бөлігі.

Сана- психика дамуының жоғары сатысы, ең алдымен, жалпы және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Сананың дамуы тілмен байланысты.

ТІЛ- сананың материалдық көрінісі, негізі. Тілсіз сана жоқ, ал, санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның субъективті әсерленушілігі. Сана-сезім бір жағынан танымдық, екінші жағынан әлеуметтік- рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өз ісіне баға береді, мінез-құлқын реттейді, тәрбиелейді.

Адам санасы әлеуметтік түрткілер ықпалынан- еңбек іс-әрекеті мен қатынастардан қалыптасады.

ЕҢБЕК- адамның іс-әрекетінің дамуы барысында табиғатқа әсер ете отырып, оны басқара отырып, тарих субъектісіне айналдырып, өзін табиғаттан бөлуі. Еңбек әректінде белгілі табысқа бағытталған алдын-ала болжауды қажет етеді.

ІС-ӘРЕКЕТ- сана негізі болып табылады. Сананың пайда болуы іс-әрекет қозғалысындағы шынддық кез. Адам іс-әрекеті процесс ретінде қалыптастырылады. Алғашқы сана психика образының формасы ретінде өмір сүреді, іс-әрекет практикалық болып қала береді.

СӨЙЛЕУ- сананың туындауы мен дамуының субъективті тасушысы. Ол араласу, жалпылау. Қоғамдасып еңбек ету нәтижесінде адамдар бір-біріне ойларын айтады. Ойлау сөзбен байланысты. Түсінік те сана түрі. Адам санасы филогенезде өзгеріске ұшырайды. Қазір де адам санасы даму үстінде.

Ал, санаға қарсы процесс- бейсаналылық. Бейсаналылық ұғымының негізін салушы Зигмунд Фрейд (1856-1939). Зигмунд Фрейд 1896-1900 жылдар аралығында өз түстерін анализдейді. Сол кездегі негізгі еңбегі «Толкование сноведении» деп аталды. 1901-1905 жылдары оның көптеген еңбектері шықты: «Психология обыденной жизни», «Три эссе о сексуальной жизни», «Три эссе о сексуальности». Ол психоанализ мектебінің негізін салушы.

«Психоанализ» термині 3 түрлі мағына береді:

Жеке тұлға теориясы және психологиясы;

Жеке тұлға бұзылуының терапиялық әдісі;

Түсініксіз ойды қарастыру әдісі және индивид сезімі.

Фрейд бойынша осы 3 түсініктің қосылуы адам мінез-құлқын анықтайды. Фрейд ұзақ мерзімде дамитын психоанализге жеке тұлғаны ұйымдастыратын топографиялық модельді қолданды. Осы модельге сүйене отырып, Фрейд психологиялық өмірде 3 сфераға бөлді.

САНА;

САНАҒА ДЕЙІНГІ СФЕРА;

БЕЙСАНАЛЫЛЫҚ.

САНА СФЕРАСЫ

Сана құрылуы тұрмыс, өмір формасымен байланысты. Сана- психикалық іс-әрекеттің жаңа қасиеті. Сана арқылы адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Сана ол ішкі және сыртқы дүние шекарасында жатқан жан қабаты. Бұл жерде сезім мүшелері арқылы өтетін сыртқы әсерлерден басқа, мидың төменгі бөліктерінен келетін ішкі импульстер де синтезделеді. Сана топологиялық жағынан ғана емес, функционалдық жағынан сыртқы қабат болып табылады, Фрейд: «Сана мида болады. Ол сыртқы ортадан ми сауытымен шектеледі және онымен тек ғана сезім мүшелері арқылы (есту, көру т.б.) байланысты болғандықтан, ішкі тітіркендіргіштер сыртқыларға қарағанда санадан бөлінбеген, сондықтан да олардың санаға әсері көбірек болады».

З. Фрейд адам санасын 9/10 бөлікке бейсаналылық теңізіне батқан «айсберг» ретінде көрсетеді. Осы «айсбергті» қоршаған сулар әркелкі де әртүрлі болады. Айсбергтің бізге көрінетін су бетіндегі ұшы – біздің санамыз.

САНАҒА ДЕЙІНГІ СФЕРА.

Санаға дейінгі сфераға жасырын (латентті) белгілер жатады. Олар әрқашан адам санасында тұрады, бірақ, нақ осы кезде білінбейді. Пифагор теоремасы бойынша да сіз оны білесіз, бірақ, оны ойыңызда сақтамайсыз.

Бұл латентті білімдер психикалық бейнелерге жатады, бірақ олар сананың қатысуынсыз жүреді.

Санаға дейінгі сферасы сана сферасымен біріге алады. Өйткені қажет кезде саналандырыла алады. Бұдан көретініміз – психика санадан әлдеқайда кем.

БЕЙСАНАЛЫЛЫҚ СФЕРАСЫ

Бейсаналылық- сана пайда болғанға дейінгі, санаға тәуелсіз психика деңгейі.

Бейсаналылық- санаға кері процесс. Ол біздің әрекеттерімізге , ішкі жағдайларымызға үлкен әсерін тигізеді.

З.Фрейд бейсаналылықты реалды түрде көрсеткен және оның екі ерекшелігін анықтаған:

- әрекеттілігі;

- санаға қиын ауысатындығы.

Бұл екі механизм жұмысымен айқындалады- ығыстыру (вытеснение) және қарсылық (сопротивление). Мысалы: адамның психикалық өмірі қажеттіліктерімен анықталады. Соның ең бастысы- сексуалды қажеттілік (либидо). Ол кішкентай балада пайда болып, көптеген сатылардан өтеді, бірақ көптеген әлеуметтік тиым салулары арқасында санадан шығарылып, бейсаналылық сферасында өмір сүреді. Олардың энергетикалық күші көп, бірақ, сана оларға қарсылық көрсетіп, өз сферасына жібермейді. Энергиясы көп болғандықтан сана сферасында символикалық формада көрінеді.

Сонымен, бейсаналылық процестер саналандырылмайды (санаға ауыса алмайды). Бірақ, олар басқа символикалық формада санада көрінеді: түстерде, фантазияларда, ойындарда, жұмыста, т.б.

Бейсаналылық сферасына: жабайы қажеттілік инстинктері, эмоциялар, естегі оқиғалар, т.б. жатады.

Бейсаналылық психикалық процестердің барлығында ұсынылады. Фрейдтің түсінігі бойынша, әрбір адамның өзінің бейсаналылығы бар. Ол психикалық өмірдің жетіспеушіліктерін толықтыруға мүмкіндік береді.

Фрейд үшін бейсаналылық:

Фактіні бейнелеу әдісі;

Тікелей әрекетке әкелетін процесс.

Барлық психикалық процестерде бейсаналылық практика түрінде адам санасында жүреді. Ол мінез-құлықпен байланысты болады және оның функционалдық рөлі әртүрлі

Адамның жануарларлардан айырмашылығы-ол өзін танитын және білетін,өзін түзетін және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.

Өзіндік сана-сезім-сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі.Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды.Ол ойыншықты қозғап та,аяғының башайларын қимылдатып та-бірінен-бірін айырмай ойнай береді.Бірте-бірте ол өзін,өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап,ажырата бастайды.Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейде(өз органдарының қалыпты жайы мен қимыл-қозғалысынсезіну) өтеді. «Баланың өзін-өзі аңғаруынан кейін,-деп жазды И.М.Сеченов,-есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға,яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға(салыстыруға)-бір сөзбен айтқпнда,өз санасының актінзерттеуге мүмкіндік беретін сана-сезім туады»Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестеріндеөтеді.К.Маркс былай деп көрсетті: «адам алдымен айнаға қараған сияқты,басқа адамға қарайды.Павел дейтін адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды.»

Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп,біріне-бірі баға береді.Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.

Адамның өзін-өзі тануында,оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше.Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса,онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.

Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады.Өзін-өзі тану адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп- білуі.Адам өзін тікелей де,жанама түрде де танып біледі.Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.

Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы.Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады.Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып,жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып,өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады.Қоғамдағы өз мінез-құлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып,біледі.Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың,қызметтес жолдастардың обьективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.

Өө басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасынсалыстыру да маңызды.Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын,өзін-өзі не артық,не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.

Бұдан шығатын қорытынды,басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге көмектеседі екен.

Өзін-өзі байқау арқылы өзін-өзі тану.Тікелей өзін-өзі тану,өзін-өзі байқау формасында көрінеді.Қабылдау,елестету,ойлану және мазасыздану процестерінде адам белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс-әрекет обьектісінен жеке басының жағдайына аударады және оны бағалайды.Өзін-өзі бақылау осыған негізделген.Адамның өзін-өзі байқауы үшін байсалды,қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады.Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы өзін-өзі тану мен өзін-өзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді.Жүрек алып-ұшып,тым өрепкіген сәтте,бір нәрсемен құштарлана әуестену немесе бір нәрсені шоғырландыра көру кезінде өзін-өзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі.Мұндай жағдайда адамның өзінің көңіл күйі туралы өзіне-өзі есеп беруі қанды болмайды,оны айтасыз ақиқат психикалық процеске сәйкес келмейді.Сондықтан өзін-өзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады.

Көп ретте,өзін-өзі байқауға есте қалғандар бойынша өзіне-өзі есеп беруді,яғни есте сақталған іздерді немесе есте қалған образдарды талдауды жатқызады.Адам есінде қалған оқиғаның барлық мән-жайын:сыртқы жағдайды,өз көңіл күйін,қылықтарын қаз қалпында елестетуге тырысады.Бұл ретте ол құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды қалпына келтіруге және оқиғаны жүйелей жаңғыртуға күш жұмсайды.Психологияда мұндай құбылысты ретроспекция (өткенді қалпына келтіру) деп атайды.Көптеген психологтардың ойынша,инстроспекция,немесе өзін-өзі байқау әрқашанда тек ретроспекция болып табылады.Бұл,әлбетте,тіпті де бұлай емес.Ретроспекция туралы сол кездегі көңіл,яғни сондағы күйзеліс қайта жаңғырған жағдайда ғана айтуға болады.Мұндайда зейін психикалық іс-әрекет обьектісінен субьектіге,сол адамның,яғни сондағы күйзелісіне ауысады.Алайда санада психикалық іс-әрекеттің басқа да түрі болуы-күйзелу мен сол күйзелуді талқылаудың бір мезгілде көрініс табуы мүмкін.

Үлкен ми жарты шарының қыртысында,бір мезгілде және қосарлана,жоғарғы нерв қызметінің екі түрлі ағысы жүріп өтеді деуге негіз бар:оның бірі әсер етуші обьектіні ой образы немесе күйзеліс түрінде бейнелеумен,ал екіншісі-алғашқы ағысты талдау,бағалау және түзетумен байланысты.Нерв қызметінің екінші ағысы шындығында да И.П.Павлов «күзетші орталық» деп атаған,ұйқының да,сергек күйдің де тыныштығын қорғайтын процесс болса керек.Психологиялық,субъективтік тұрғыдан қарағанда бұл біздің «мен» деп жүргеніміз болып шығады. «Мен» деп аталатын бұл жүйеде белгілі біршапшаңдық пен ми қыртысының барлық басқа да учаскелерінде болып жататын процестер тұрақты түрде бейнеленеді.Басқа сөзбен айтқанда, «мен»-мидың психикалық қызметін бақылаушы әрі бір мезгілде оған бұйрық беруші қондырғы.

Тіпті санадан тыс өтіп жатқан сияқты болып көрінетін шегіне жете жетілдірілген,әбден автоматтандырылған-әрекеттің өзі,шынында,тұрақты түрде байқалатыны баршаға белгілі.Оны аяқ астынан жіберілген қателіктердің дереу түзетілу фактілері дәлелдейді.Қолы қолына жұқпай қимылдайтын тәжірибелі деген тоқымашының өзі төмен түсіп тұзақты көтеру үшін бір сәтке тоқуды тоқтата қояды.

Индивидтер іскерлігі мен дағдылануларына қарай өз психикасын әр түрлі деңгейде байқай алады.

Өзін-өзі тану адамды өз басының жақсы жақтары мен кемшіліктеріне белгілі бір көзқараста болуына әкеліп жеткізеді.Қайсыбір адамдар өз мінезінің дұрыс жақтарын білумен қатар өзінің басындағы кемшіліктерін батыл сынай да алады.басқалар өзі жіберген кемшіліктер мен қателіктерін көре-біле тұра,оларды жөндегісі келмейді,өз басының кейбір қадір-қасиетін арқа тұтып,тоқмейілсінуге салынады.Ақырында,өз бойындағы өнегелі іс-қылығын байқамай,тек жаңсақ басуларын жіпке тізіп,өзін не қабілетсіз,не жігерсіз санайтын адамдар да кездеседі.

Тек әр адамның өзі жайындағы біз бірінші келтірген көзқарас қана өзіңді түзету ісінде көмектеседі және өзіңді-өзің тәрбиелеуге жақсы нәтижелерге жеккізеді.

Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу.Өзін-өзі тану адамға өз басын жетілдіру үшін,сондай-ақ өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс-әрекетін жолға қойып отыру үшін қажет.Адам өз күшін біле отырып,оны еңбекке барынша тиімді пайдалануға ұмтылады.Бұл үшін ол өзінің қимылы мен әрекетін,қылығы мен мінез-құлқын бақылап және талдап отырады.Адам өзін-өзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды,еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады.Өзін-өзі бақылау жедел сипатта болады және сол сәтте өтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Демек ,ол өз бойындағы жаман мен жақсыны аңғаруға,сол арқылы болашақ өмір жолыңды құруыңа көмектеседі.Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта алмаса,онда адам өз бойындағы белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.

Өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.Өзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес,сонымен бірге субъектісіне де айналады,яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана қоймайды,ол өзі күш жұмсап та тәрбиеленеді.

 

Лекция