Салықтық міндеттемелердің түсінігі және элементтері

Салықгық міндеттеменің мәнжайын заң шығарушы былайша айкындаған:

1) тиісті салық зандарына сәйкес салық төлеушінін, мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салықтык міндеттеме бо-лыптанылады;

2) салыктық міндеттеме талаптарына сай салык төлеуші: салық органында тіркеу есебіне тұруға; салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектіні айқындауға; салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдерді есептеп шығаруға, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдерді төлеуге міндетті;

3) мемлекет өзінің салық органдары аркылы салық төлеушіден оған тиесілі салықтық міндеттемелерді толық көлемде орындауын талап етуге кұқылы;

4) салықтық міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда мемлекет салық кодексінің тиісті баптарында көзделген тәртіп негізінде салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.

Міне, салық төлеушінің өзіне (тиісті салық заңына сәйкес) жүктелген салық төлеу жөніндегі біржақты міндеттемені саналы түрде, сондай-ақ салыктық-құқықтық мәдениеттілік пен белсенділік таныта отырып, белгіленген тәртіп негізінде уақтылы және толығымен орындауы, мемлекеттің салық төлеушілерден белгіленген салықтарды өзіне төлеуін талап ету қүқығымен ұштаса отырып салықтық құқықтык катынастардың басты материалдық мәніне айналады.

Өзінің экономикалық және құқыклық табиғатына сай салықтық міндеттеме:

— тек мемлекеттін еркіне және әмірлі талабына сай туындайды;

— әрдайым мерзімді сипатта болады;

— өзінің сипаты бойынша мемлекеттік (қоғамдық)-құкықтық тұрғыдан ерекшеленеді;

— салықтық төлемдердің сомасына байланысты көбінесе ақшалай көрініс табады;

— өзінің мән-жайына қарай біржақты міндеттеме болып табылады;

— онын, айтарлықтай дәрежеде (тиісінше) орындалуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен камтамасыз етіледі;

— міндетгеме бойынша салыктық төлемдердің ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне аударуға байланысты салык телеуші тұлғанын белсенді іс-кимылдарымен сипатталады;

— кұрылымында салықтың заңи құрамының мұқият белгіленген элементтерінің болуы оның тиісінше орындалуының негізі болып табылады;

- әрбір жекелеген салыктарға тән салык салу объектілерімен, салық салуға байланысты объектілермен, салык базасымен, салык ставкасымен және салық кезенділігімен мазмұндалады.

Салықтық міндеттеменің объектісіне міндетті тұлға салық төлеушінің салықтық төлемінің сомасын мемлекетке тапсыру кезіндегі іс-қимылдары жатады. Ал салықтық міндеттеменің нысаны мемлекет (мемлекеттің салық органдары) пен салық төлеушілер — заңды және жеке тұлғалардың арасындағы байланыстың сыртқы көрінісі болып табылады.

Салықтық міндеттеменің құрамы:

— салыктык міндеттеменің субъктісінен;

— салықтық міндетгеменің объектісінен;

- салықтық міндеттеменің мәнжайынан тұрады.

Осы орайда айта кететін бір жәйт: салыктөлеуші; салықсалу объектісі; салықтың заты; салыктың масштабы; салық базасын есепке алу әдісі; салык кезеңі; салык салу бірлігі; салык ставкасы; салыкты есептеу тәртібі; есепті кезең; салықты төлеу мерзімі; салықты төлеу тәсілі мен тәртібі сиякты элементтер Қазақстан Республикасының салық заңдарындағы бастаушы ережелер болып табылады, сондай-ақ оларсыз ешбір салықты есептеп шығарудың, телеудің және олардың төленуін талап етудің мүмкіндігі болмайды.

Салықтық заңи құрамының элементің, яғни салық элементің белгілеу салықтық міндеттеменің туындауына септігін тигізеді немесе оны орындау тәсілінің негізі болып табылады.

Салық кодексінде салықтық міндеттеменің субъектілік кұрамында салық төлеуші және мемлекет көрсетілген.

Салық салу объектілері мен салык салуға байланысты объектілер ретінде мүліктер және іс-әрекеттер белгіленген. Осы мүліктер мен іс-әрекеттердің болуы салық төлеушіге қатысты салықтық міндеттеменің туындауына негіз болады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер Салык кодексінің ерекше белімінің тиісті баптарында жан-жақты айқындалған.