Медициналық экологияның құрылымы.

І. Жалпы медициналық экология.

1. Медициналық экология теориясы мен әдістемесі.

- Медициналық экология пәні, мақсаты және міндеттері, концепциясы, принциптері.

- Медициналық экологияның түсініктік – терминологиялық негізі.

- Медициналық экологияның ғылым жүйесіндегі алатын орны.

- Медико-экологиялық зерттеулердің әдістемелері.

- Медициналық экологияның әлемдік және жергілікті аспектілері.

- Эксперименталды медициналық экология.

2. Медициналық экологияның әдістері.

- Медико-экологиялық бақылау (мониторинг)

- Медико-экологиялық диагностика.

- Медико-экологиялық картографиялау

- Аймақтың медико-экологиялық сипаттамасы.

- Медико-экологиялық аймақтау.

- Медико-экологиялық модельдеу

- Медициналық экологиядағы жаңа ақпараттық технологиялар.

- Медико-экологиялық болжамдар.

3. Медициналық экологияның даму тарихы.

4. Жеке (қолданбалы) медициналық экология

1) Биосфераның табиғи компоненттерінің медициналық экологиясы.

2) Табиғи аймақтардың медициналық экологиясы.

3) Социумдық медициналық экология.

4) Техносфераның медициналық экологиясы.

5) Рекреацияның медициналық экологиясы.

6) Жергілікті медициналық экология және елді тану

- өндірістік елдің медициналық экологиясы.

- дамушы елдің медициналық экологиясы.

- қалалардың медициналық экологиясы.

- ауылдық жердегі медициналық экология.

- өңделмеген жердің медициналық экологиясы.

7) Миграция және саяхаттық медициналық экологиясы.

8) Апаттардың медициналық экологиясы.

9) Әскери – медициналық экологиясы.

 

6.4. Концептуальды-әдістемелік түсініктер.

Медициналық экологияның өзекті мәселелерін және олардың құрамдас бөлішін өңдеу – геоэкологиялық мәселелерді шешу және зерттеумен анықталады. Біріншіден: геоэкологиялық құбылыстың негізі табиғи себепке қарағанда, антропогенді себепке ие.

Екіншіден: экологиялық катастрофалар жиілігі өсуде.

Үшіншіден: ғылыми-техникалық революция дамуда және қоршаған орта мен тұрғындар арасындағы байланыс шегі өсуде.

Төртіншіден: геоэкологиялық құбылыстың кеңістіктік құрамы өзгерді (жекелеген – ұлттыққа, континенттік және жаһандық).

Бесіншіден: тұрғындардың денсаулығы медико-экологиялық оңтайлылықтың интегралыд индикаторы ретінде қолднылады.

Экологиялық жағдайлардың ауыртпашылық дәрежесі бойынша келесі түрлерге жіктеледі:

- апаттар (катастрофалар) - экологиялық күйзеліс аймағы;

- кризистік (төтенше экологиялық жағдай аймағы);

- шекті (критикалық);

- ауыр жағдай;

- салыстырмалы қанағаттанарлық

 

Осы жіктеудің негізгі критериінің бірі ретінде тұрғындардың денсаулық жағдайы мен өмір сүру жағдайы болып табылады.

Қазіргі кездің өзінде ТМД елдерінің 20% экологиялық күйзеліс аймағы, ал 35-40% экологиялық қолайсыз аймақтар болып табылуда.

Медициналық экологиялық мәселеллерді өңдеу кезінде (медициналық экологиялық процестердің кеңістіктік ерекшеліктерін және құбылыстарын анықтайтын) медициналық жалпы заңдылықтарды есепке алмауға болмайды, олардың мәні төменде көрсетілген:

- бұл құбылыстардың кеңістіктерде жинақталуы мен таралуы;

- олардың кеңістікте дамуыныың біркелкі және біртекті болмауы;

- элементтерінің адекваттылығы, құрылымы мен географиялық жағдайлар кешенінің динамикасы (табиғи, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық)

- пайда болған құьылыстың және процестердің аймақталуы және аймақталмауы.

Тұрғындардың денсаулығын қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану критерінілерінің біріне адамның шаруашылық және басқа да мақсатта жүргізетін іс-әрекеттерінің нәтижесінде табиғатқа әсерінің қолайсыз экологиялық салдарын нейтралдау және алдын алу шараларын ұйымдастыру қабылеті кіреді. Осындай іс-әрекет салдарын механизмі, әсер ету уақыты және шоғырлану жағдайы бойынша медициналық экология үш типке бөледі.

1. Медициналық экология салдарының тікелей әсері. Мысалы, жер территориясының сипаты және ареалдардың сырқат түрлері зерттелмеген аудандарда орналасқан әскер сарбаздарының арасында анықталмаған сырқат түрінің жиілеуі; табиғи және техногенді катастрофалардың нәтижесінде туындаған жарақттар мен уланулар және т.б.

2. Медициналық экология салдарының жанама әсері. Мысалы, жерду мелиоризациялау және ауыл шаруашылығының даму нәтижесінде зооантропоноздардың ареалық және құрылымын өзгертуі, урбанизацияның дамуы нәтижесінде су жолымен дамитын аурулардың ролінің өзгеруі, сырқаттрадың дамуына себеп болатындай жаңа жолдардың төселуі және т.б.

3. Медициналық экология салдарының ұзақ уақыттағы немес созылмалы әсері. Инкубациялық кезеңі өте ұзақ уақыттарға созылатын сырқаттарды мысалға алуға болады: лепра, қатерлі ісік аурулары, СПИД, сонымен бірге физикалық және химиялық этиологиясы бар генетикалық сырқаттарды жатқызуға болады. Бұл сырқаттар экожүйе мен табиғи ландшафттарға антропогендік әсер ету нәтижесінде қоздырушылардың циркуляциясын және толеранттылығын өзгертумен туындауда.

Қазіргі кезде тұрғындардың денсаулығына қоршаған орта әсерлерінің әртүрлігі аспектілерін зерттеудің кеңінен тараған түрі – «факторлық себеп», яғни «тірлішік ортасы» деп те аталады.