Ер, 65 жаста, лимфоаденопатия. Қан анализінде - лейкоцитоз абсолютті лимфоцитозбен, Боткина – Гумпрехта денешіктері.

АПТ

1.Бірінші қатардағы автоматизм орталығы электр импулсін қандай жиілікпен шығарады?

+А) 60-80 рет минутына

B) 40-60 рет минутына

C) 25-40 рет минутына

D) 10-15 рет минутына

E) 70-90 рет минутына

2. Дені сау адамның P-Q интервалының ұзақтығы мынаған тең?

А) 0.06 – 0.08 секунд

B) 0,02 – 0,04 секунд

C) 0,04 – 0,06 секунд

+D) 0,12 – 0,20 секунд

E) 0,08 – 0,1 секунд

3. Синусты брадикардияға тән ЭКГ-лық көрініс:

А) R-R интервалының қысқаруы

+B) R-R интервалының ұзаруы

C) R-R интервалының ауыспалылығы

D) Р-Qинтервалы 0,12 с аз

E) Т тісшесінің инверсиясы

4. Квадригеминияға тән:

А) Бірнеше бірдей экстрасистолалардың қатар келеуі

B) әр синустық импульстан кейін экстросистоланың кезектесуі

C) қалыпты импульстан кейін экстрасистолия

+ D) экстросистолияның 3 қалыпты импульстан кейін пайда болуы

E) экстросистолияның 4 қалыпты импульстан кейін пайда болуы

5. 42 жастағы әйелді өздігінен жойылып кететін, жүрек қағысының жиілеу ұстамалары бірнеше жыл бойы мазалайды. Соңғы уақытта ұстамалар жиілеп, жүрек ауру сезімін тудырып, күнде мазалайтын болған. Қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары бозғылт, еріннің әлсіз цианозы байқалады, шеткі ісінулер жоқ. ЖЖЖ минутына 200 соққы, пульсы 200 соққы минутына, кернелілігі мен толуы әлсіз. АҚ 110/70 мм.с.б. ЭКГ-да ырғағы дұрыс, Р тісшесі табылмайды, QRS комплексі өзгеріссіз.

Науқаста қандай ырғақ бұзылысы?

А) синусты тахикардия

В) жүрекшелердің дірілдеуі

С) синусты аритмия D) жүрекшелердің жыпылықтауы,

+Е)пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия

 

6. I сатылы атриовентрикулярлы бөгетке тән:

А) Ретті түрде жүрек жиырылуының тіркелмеуі

+В) P-Q интервалының тұрақты ұзаруы

С) Самойлов-Венкебах периодының болуы

D) P-Q интервалының біртіндеп ұзаруы

Е) Деформацияланған QRS комплекснің болуы

7. ЭКГ-да синусты ырғақ, ЖЖЖ 46 рет минутына. P, QRS, T реттілігі сақталған. Бұл қандай ырғақ бұзылысы:

А) Қалыпты синусты ырғақ

В) Синусты аритмия

+С)Синусты брадикардия

D) Синус торабының әлсіздік синдромы

Е) Қарыншалық экстросистолия

8. ЭКГ-да қарыншалардың жиырылу ырғағы бұрыс, Р тісшесі жоқ. Бұл мынаны көрсетеді:

А) атриовентрикулярлы блокаданы

В) қарыншалық экстрасистолияны

С) жүрекшелік экстрасистолияны

D) синусты аритмияны

+Е)жыпылықтаушы аритмия

9. Артериальді гипертензияның 1 дәрежесіндегі артериальды қан қысымының көрсеткіштері қандай (БДҰ/АГХАҰ, 1999):

А) 120-129/80-84 ммс. б.

В) 130-139/85-89 ммс. б.

+С) 140-159/90-99 ммс. б.

D) 160-179/100-109 ммс. б.

Е) 180/110 мм с. б. Жоғары

10. Әйел 60 ж, ұзақ уақыт бойы артериальді гипертензия бойынша бақылауда тұр. Бойы -165, дене салмағы 62 кг. Гипотензивті препараттарды күнделікті қабылдамайды. Анамнезінде қант диабеті 2 тип. Жағдайының нашарлауына бір аптадай болған. Перкуторлы – жүректін шекарасы солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары бәсен, ЖСЖ 92 минутына, АҚҚ 160/85 мм.с.б. Эхо КГ - сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқастың диагнозы қандай?

А) Артериальды гипертония I дәрежесі, қауіп қатер тобы 2

B) Артериальды гипертония, I дәрежесі, қауіп қатер тобы 3

С) Артериальды гипертония II дәрежесі, қауіп қатер тобы 4

+D) Артериальды гипертония II дәрежесі, қауіп қатер тобы 3

Е) Артериальды гипертония, III дәрежесі,сатысы, қауіп қатер тобы 4

11. Науқас А., 58 ж, 15 жыл бойы артериальды гипертензиясымен ауырады. Бір жыл бұрын алдыңғы пердеше аймағындағы ірі ошақты миокард инфарктісін алған. Науқастың еңбектік болжамы қандай?

А) еңбекке қалыпты, режим сақтау керек

+В) II топтағы мүгедек

С) физикалық еңбекке байланысты емес жұмысқа ауыстыру

D) түнгі уақытты жұмыс істейтін жұмысқа ауыстыру

Е) 1 топтағы мүгедек

12. ААФ ингибиторлардың арнайы жанама әсерін көрсетіңіз:

А) бетінің қызаруы

В) жүрек қағуы

С) терлік бөртпелер

+D) құрғақ жөтел

Е) АВ - блокадалар

13. Науқас Г., 55 ж, II дәрежелі артериальды гипертониясы бар (АҚҚ 165/100 мм с.б. дейін жоғарылайды) 12 жыл бойы. Науқасқа қандай сүйемелдеуші терапия тиімді?

А) қысқа әсерлі нифедипинмен монотерапия

+В) b-блокаторлар +диуретиктер

С) ААФ ингибиторлары+ диуретиктер

D) ААФ ингибиторлары+ диуретиктер

Е) адельфанмен монотерапия

14. Ер адам 76 ж ІІ дәрежедегі артериальды гипертениясы бар, соңғы бірнеше күндері дәрілер қабылдамаған. Кешеден бастап жағдайы нашарлаған: қатты басының ауруына, жүрек аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Дәрігерлік амбулаторияға келген кезде АҚҚ-170/100 мм.с.б. Госпитализациядан бас тартты. Дәрігер тағайындаған гипотензивті препараттардан кейін ауыз қуысы құрғап, құрғақ жөтел, еріннің аллергиялық ісінуі, күшейген диурез пайда болды. Осы симптомдарды қандай препараттар беруі мүмкін?

A) Верапамил

B) Атенолол

+C) Эналаприл

D) Гипотиазид

E) Физиотенз

15. Ер адам 50 ж медициналық тексеруге келген. Шағымдары жоқ. Объективті:. Жүрек түрткісі күшейген. Басқа физикальді белгілері қалыпты. АҚҚ 160/100 мм. с. б. ЖСЖ 72 минут. Көз түбі тамырларын зерттегенде артериолалар тарылған. ЭКГ-да: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Биохимиялық анализдерде: электролиттер және креатинин қалыпты. Жалпы тәжірибелік дәрігер тактикасы қандай?

A) Терапевтік бөлімге қаралуға жіберу

B) Кенеттен гипотензивті препараттарды енгізу

C) АГ диагнозын қойып және гипотензивті терапияны тағайындау

D) Үйде стационар ұйымдастыру

+E) Терапия тағайындап және симптоматикалық АГ жоққа шығару үшін қосымша тексеру тағайындау

16. Ер адам 49 жаста 15 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады, соңғы 2-жылда АҚҚ 160/95 мм с. б. дейін жоғарылайды. Егер АГ және бронхообструктивті синдромы бірге жүрсе науқасқа қандай препаратты тағайындауға болмайды.

A) диуретиктер

B) имидазалиндік рецепторларының агонистері

+C) β-адреноблокаторлар

D) кальций антагонистері

E) нитраттар

17. Ер адам 48 ж. Шағымдары 600 метр жүргенде және 3 этажға көтерілген кезде пайда болатын төс артындағы қысатын ауру сезіміне, ұзақтығы 5 минут, тоқтаған кезде басылады. Ауру сезім 3 апта бойы мазалып жүр. Объективті: жүрек тондары бәсен, ырғағы дұрыс. Артериальды қан қысымы 120/80 мм с.б.. пульсі 75 минутына. Электрокардиограммада: ритм синусты, дұрыс, ЖСЖ 75 минутына. Жүректің электрлік осі қалыпты.

Төменде айтылған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

+A) Алғаш рет пайда болған стенокардия

B) Жедел миокард инфаркті

C) Күш түсу стенокардиясы ФК III

D) Вазоспастикалық стенокардия

E) Үдемелі стенокардия

18. Ер адам55 ж. Шағымдары 500 метр жүргенде және 2 этажға көтерілген кезде пайда болатын төс артындағы қысатын ауру сезіміне, ұзақтығы5 минутқа дейін. Ауру сезімі 6 ай бойы, кейде нитроглицерин қолданады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Артериальды қан қысымы 130/90 мм с.б. Электрокардиограммада: ритм синусты, дұрыс, ЖСЖ 75 минутына. Жүректің электрлік осі горизонтальді.

Төменде айтылған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

A) Алғаш рет пайда болған күш түсіру стенокардиясы

B) Күш түсіру стенокардиясы ФК I

+C) Күш түсіру стенокардиясы ФК II

D) Күш түсіру стенокардиясы ФК III

E) Күш түсіру стенокардиясы ФК IV

19. Әйел 55 ж. физикалық күштемеге байланысты емес, бірақ нитроглицеринді қабылдағаннан кейін басылатын жүрек аймағында болатын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде төменгі аяқ қолдарының варикозды кеңеюі. Объективті: Артериальді қан қысымы 160/90 мм с.б. Электрокардиограммда: ритм синусты, дұрыс, ЖСЖ 75 минутына. Жүректің электрлік осі горизонтальді.

Төменде айтылған зерттеулкердің қайсысы тиімді?

A) Велоэргометрия

В) Обзиданмен сынама

C) Эхокардиография

D) липидтік спектр көрсеткіштерін анықтау

+E) холтерлік мониторлеу

20. Алғаш рет пайда болған стенокардия кезінде дәрігердің тактикасы қандай?

А) Амбулаторлы жағдайда емдеу

В) Емхананың күндізгі стационарында емдеу

С) Жоспарлы түрде госпитализациялау

+ D) Жедел госпитализация

Е) бақылау

21. Ер адам 65 ж, тұрақсыз стенокардия және созылмалы обструктивты бронхитпен аурады, кенеттен тұншығу ұстамасы, ауа жеткіліксіздігі және төс артындағы қысатын ауру сезімі пайда болды. Нитроглицерин қабылдауы жағдайын жақсартпады. Объективті: өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, жайылған құрғақ сырылдар, жүрек тондары бәсен, галоп тәрізді ырғақ, тахикардия минутына 110рет. АҚҚ 80/50 мм с.б.

Қандай диагноз ТИІМДІ?

A) үдемелі стенокардия

+B) миокард инфарктісі, кардиогенді шокпен асқынған

C) миокард инфарктісінің астмалық формас

D) бронхиальді демікпе ұстамасы

E) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

22. Күш тасымалдайтын күш түсіру ФК2 стенокардиясы бар науқастың еңбекке қабілеттілігі қандай?

А) еңбекке жарамды

+В) еңбек қабілеттілігі шектелген

С) 1 топтағы мүгедек

D) 2 топтағы мүгедек

Е) 3 топтағы мүгедек

23. Ер адам 47 ж, таңертен жүрген кезде периодты түрде қысқа уақыттай болатын төс артындағы қысатын ауру сезімін, қолдарының жансыздануын байқайды.Ол жүрісінің баяулатыуына мәжбүр етеді және нитроглицеринмен басылады. Терен дем алған кезде ауру сезімі күшейе түседі. Алғаш рет осындай жағдайлар 1 ай бұрын болған.

Қандай диагноз ТИІМДІ?

А) Стабильді стенокардия, ФК 2

+В) Алғаш рет пайда болған стенокардия

С) Вариантты стенокардия

D) Көкеттің өнеш тәрізді саңылауы

Е) Омыртқаның кеуде бөлімінің остеохондрозы

24. Ер адам 50 ж, шылым шегеді жиі бронхиті өршіп тұрады. Бүгін түнде бірінші рет төс артында күйдірген ұстамасы болды және мойынға берілді, 30 мин созылды, тыныс алумен байланысты емес, әлсіздік, суық, жабысқақ тер. Қандай диагноз ТИІМДІ болады?

А) Мойын остеохондрозы

В) Спонтанды пневмоторакс

С) Өкпелік жүрек

+D) Миокард инфарктісі

E) Өкпе инфаркті

25. Ер адам 47 ж, екі ай бойы төс артындағы қысатын ауру сезіміне шағымданады, олар орташа темппен 500 м жүргенде немесе баспалдақпен 3-ші этажға көтерілгенде пайда болады. Сирек жағдайда ауру сезімі тыныштық жағдайда болады.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

+A) стабильді күш түсіру стенокардиясы

B) жедел коронарлы синдром

C) стабильді емес стенокардия

D) вариантті стенокардия

E) алғаш рет пайда болған стенокардия

26. Ер адам 63 ж. ЖИА, стенокардиясы бар. Соңғы бір аптада ангинозді ұстамалар жиілеп кетті, ұзарды, ауру сезімін басу үшінбір-шама нитроглицеринтаблеткілерінқабылдауы керек. Осы жағдайда ЖТД тактикасы қандай.

A) ұзақ әсер ететін нитраттарды тағайындау

B) кардиолог кеңесіне бағыттау

C) қабылдайтын препараттар дозасын жоғарлату

+D) кардиологиялық бөлімшесіне стационарлық емге бағыттау

E) үйде стационар ұйымдастыру

27. Метаболикалық синдромның негізгі критерииі болып табылады:

А) Артериальді гипертензия

В) Инсулинорезистентілік

С) Дислипидемия

D) Глюкозаға бұзылған толеранттық

+Е) Абдоминальды семіру.

28. Еркек 45 ж, кәсіпкер, физикалық жүктеме түскен кезде демікпеге, бас ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Тамақтануы жоғары, бойы 182, салмақ 96 кг. Жүрек тондары ырғақ бәсен, дұрыс, ЖСЖ 72 минутына, АҚҚ 140/90 мм.с.б. ЭКГ-да ритм синусты, ЖСЖ 72 минутына, ЭОС қалыпты, сол жақ қарыншаның ұлғаю белгілері бар. Диагноз қою үшін қандай тексеру өткізу қажет?

А) Тредмил - тесті

+В) Глюкозо - толерантты тест

С) Оптикалық тест

D) Велоэргометрия

Е) Диспротеинемиялық тест

29. Метаболикалық синдромның негізгі симптомы және көрінісі:

А) дене салмағының төмендеуі

+В) Инсулинорезистенттілік және гиперинсулинемия

С) Диспротеинемия

D) Артериальды гипотония

Е) гипоурикемия

30. Ер адам 47 жаста, абдоминальды семіздігі, артериальды гипертензиясы және дислипидемиясы бар. Төменде аталған диагностика әдістерінің қайсысы диагноз қоюға көмектеседі?

А) қандағы қантты анықтау

В) қандағы креатининді анықтау

С) қандағы холестеринді анықтау

+D) глюкозотолеранттылық тест

Е) қандағы креатининді анықтау

31. Метаболикалық синдроммен науқасты емдеу мақсатына жатады:

А) физикалық белсенділіктің төмен болуы

В) жоғарф калориялы ем-дәм

+С) абдоминальды-висцеральды май массасын азайту

D) ЖТ ЛП дәрежесін төмендету

Е) тағамда қаныққан майлар құрамының артуы (жалпы энергиялық құндылықтың 10 % нан көп болуы)

32. Әйел 30 жаста, физикалық жүктемеде ентігу, жүрек қағуы, тез шаршағыштық байқайды.Анамнезінде 3 босану. Дене бітімі арық, тері жабындылары мен шырышты қабаттары таза, бозғылт, табандарының ісінуі.Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу, АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Қан анализі : эритроциттер 3,5х 1012/л , гемоглобин 92 г/л, түсті көрсеткіш 0,8, лейкоциттер 5х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағ. ЭКГ ритм синусты, ЖЖС 89 рет минутына,төмен вольтаж, миокардта дистрофиялық өзгерістер. Қандай зерттеу әдсі қажет?

А) Рентгенография

В) Электрокардиография

+С) Эхокардиография

D) Магнитті-резонансты томография

Е) Қандағы электролиттері

33. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің негізгі клиникалық белгісі болып табылады:

+А) ентігу

В) әлсіздік

С) тез шаршағыштық

D) ісіну

Е) полиурия

34. Қай қоздырғышпен шақырылған пневмонияда өкпе тінінің деструкциясы көбірек кездеседі?

A)Chlamydia pneumoniae

B) Candida albicans

+ C)Staphylococcus aureus

D) Legionella pneumophila

E) Mycoplasma pneumoniae

 

35. Науқас И, 38 жаста, жалпы әлсіздікке, бас ауруына, жоғары температураға, селқостық, тежелуге, күшейген ентігуге, қақырық пен жөтелге шағымданып стационарға келіп түсті. 4 күн бұрын ауырған (кондиционер астында отырған): дене температурасының көтерілуі, ентікпе, жөтел. 2 күннен кейін өздігінен Сумамед (азитромицин) 500 мг қабылдаған, өйткені басқа қалада іс сапармен конференцияға қатысқан.Тексергенде: жалпы қан анализінде лейкопениямен байланысты лейкоцитоз. Рентгенограммада –өкпе тінінің тығыздануы. Сіздің болжама диагноз?

A) өкпе туберкулезі

B) микоплазмалық пневмония

+ C) легионеллалық пневмония

D) спонтанды пневмоторакс

Е) өкпе абсцессі

36.Әйел адам И., 35 жас. Шағымдары: шырышты қақырық бөлінетін жөтел, ентікпе, қалтырау, дене қызуының 38.7 0С дейін жоғарылауы, кеуде қуысындағы ауру сезімі. Жедел ауырған, суықтаумен байланыстырады. Өкпе аускультациясында: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде орташа және ұсақ көпіршікті ылғал сырылдар естіледі. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A) жедел плеврит

+ B) Ауруханадан тыс пневмония

C) бронхоэктазиялық ауру

D) өкпе туберкулезі

E) бронхиялды астма

37. Ауруханадан тыс дамыған пневмонияның диагностикасы мен ауырлық дәрежесін тексеру әдістерінің ішіндегі ақпараттысын көрсетіңіз?

A) клиникалық қан анализі

B) электрокардиография

+ C) өкпенің рентгенографиясы

D) Қақырықтың жалпы анализі

E) қақырықтың баксебіндісі

38. 23 жасар ер кісінің шағымары: қатты қалтырау, тыныс алу кезінде кеуде қуысының сол бөлігіндегі ауру сезімі, қызба, тұтқыр, көп мөлшердегі, тот түсі сияқты қақырық, тез шаршағыштық және қозғалғанда ентігу. 4 күн бойы ауырады, бұрын ешқандай аурумен ауырмаған. Кеуде клеткасының рентгенограммасында сол жақ төменгі бөлігінің инфильтрациясы анықталды (гомогенді қараю). Аталғандардың қайсысы болжама диагноз қоюға қолайлырақ:

A) нозокамиальды пневмония

+ B) ауруханадан тыс пневмония

C) бронхэктаз ауруы

D) өкпе рагы

E) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

39. Жүкті әйел У 26 жаста, 32-33 апталық жүктілік мерзімінде, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықты жөтел, температурасының 380С дейін жоғарылауы шағымдарымен қаралды. Анамнезінен суықтаудан кейін жедел ауырған. Жауырын астылық аймағын аускультациясында ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, онда бронхофонияның жоғарылауы және перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы анықталады. Науқасқа пневмония диагнозы қойылған. Сіздің ем жүргізу тактикаңыз?

A) «күндізгі стационарда» антибактериалды терапияны

B) «үйдегі стационар жағдайында» антибактериальды терапия

C) терапевтік стационарға госпитализациялау

+ D) босану үйінің патологиялық бөліміне госпитализациялау

E) «жасанды босануды» шақыру

40. Қандай препарат глюкокортикостероидты ингаляциалық түрде болады?

A) гидрокортизон

B) кеналог, дипроспан

C) дексаметазон

D) преднизолон, флудрокортизон

+E) бекламетазон, дипропионат флютиказон

41. Қыз бала А, 23 жаста, бронх демікпесімен ауырады, аптасына 1-2 рет тұншығу ұстамасы мазалайды, түнгі ұстамалар айына 2-3 рет. Өршулер белсенділігі мен ұйқысын бұзады. Спирометриялық ФТШК1 ≥ 80% - қалыпты жағдайдан. ТШПЖ ≤ 30%. Пациент ингаляциялық глюкокортикостероидтар (ИГКС) қабылдайды.

Ингаляциялық глюкокортикостероидтардың болуы мүмкін жанама әсерлерін көрсетіңіз?

A) остеопороз

B) Артериалды гипертензия

C) Иценко Кушинга синдромы

+D) ауыз қуысының кандидозы

E) қантты диабет

42. Пациент К, 64 ж, диспансерлік есепте өкпенің созылмалы обструктивті ауруы диагнозымен есепте тұр. Ауа өткізгіш жолдарының обструкциясының дәрежесін қандай көрсеткіш көрсетеді?

A)термиялық реакцияның айқындылығы

B) бронхоскопия мәліметтері

+C) спирометрия мәліметтері

D) ЭКГ мәліметтері

E) қанның жедел фазалық көрсеткіштері

43. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) кезінде ауа алмасудың жылдамдығын төмендеуіндегі қайтымсыз компонентін көрсетіңіз?

A) бронхтардың шырышты қабатының қабынуы мен ісінуі

B)қуысында тұтқыр қою секреттің жиналуы

C) бронхтардың тегіс салалы бұлшықеттердің жиырылуы

D) өкпе тінінің эластикасының төмендеуі

+E) бронхтардың фиброздануы мен ремоделденуі.

44. Жас адамдарда созылмалы обструктивті өкпе ауруының (СОӨА)жиі себебі болып табылады:

А) қайталамалы вирусты – бактериальды инфекция

В) өндіріс газдары мен аэрозольдердің әсері

С) темекі тарту

D) үлкен физикалық жүктеме

+Е) альфа-1-антитрипсиннің тапшылығы

45. Науқас Қ., 28 жаста. Шағымдары: тұншығу ұстамалары, құрғақ жөтел, жүрек соғуы. ТЖ= 28 рет/мин. Кеуде торының рентгенографиясында- өкпе алаңы эмфизематозды. Қан талдауында- эозинофилия. Спирографияда- ФТШК1= 43%. Сіздің болжама диагнозыңыз?

+А) Бронхтық демікпе, ТЖ ІІ дәрежелі

Б) Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА)

В) Бронхоэктаздық ауру

Г) Пневмония

Д) Экссудативті плеврит

46. Пациент Н., 45 жаста, шағымдары: физикалық жүктемеде ентігу,тұншығу ұстамалары, олар бронходилататорлармен басылады. 18 жасынан темекі тартады. Әкесінде созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА), туған апайында 20 жылдан бері бронх демікпесі, атасы өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болған. Диагноз верификациясы үшін фибробронхоскопия жүргізілді: бронхтар саңылауында нейтрофильдер, макрофагтар саны артқан, биопсияда - бронхтар қабырғасында және паренхимада CD8 лимфоциттер артқан . МҮМКІН диагноз:

A) бронх демікпесі

+B) СОӨА

C) созылмалы катаральды бронхит

D) бронхоэктаздық ауру

E) өкпенің қатерлі ісігі

47. Пациенттің шағымдары тұрақты түрдегі ентігу: тыныстың сипаты – тыныс алуы терең, ал тыныс шығаруы ұзақ жабылған еріндер арқылы. Арық. Тері жабындысы «қызғылт түсті (розовой окраски)» . Өкпедегі қандай физикальды мәліметтер науқасты тексергенде анықтауға болады?

А) өкпенің төменгі жиегінің қозғалғыштығының жоғарылауы

В) жүрек шекараларының солға ығысуы

С) аускультацияда шулы тыныс естіледі

+D) везикулярлы тыныстың күрт әлсіреуі

Е) ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар

48. 74 жастағы науқас дәрігерге төмендегідей шағымдармен келді: қою, жағымсыз иісті қақырықпен жөтел, екі апта ішінде салмағын жоғалту. Анамнезінде: он жылдан бері эпилептикалық ұстамамен ауырады. Сонғы ұстама екі апта бұрын болды. Рентгенограммада жоғары сегментте, сұйықтықпен толған қуыс. Диагноз қойыңыз?

А) өкпе туберкулезі

В)пневмония

+С) өкпе абсцессі

D) өкпе фиброзы

Е) бронхоэктаздық ауру

49. Дәрігерге 32 жасар науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, терлегіштікке, кеудесінің оң жағындағы демалғанда күшейетін ауру сезіміне, дене қызуының 38-ге көтерілгеніне шағымданып келді. Анамнезінен 2 аптадан бері өзін ауру санайды. Қарап тексергенде: кеуденің оң жақ бөлігі тыныс алу актісінен қалып отырады, дауыс дірілі әлсіреген. Перкуссияда оң жақ жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталған және тыныс жоқ. Тыныс алу жиілігі -26/мин. Жүрек шекаралары солға ығысқан. Пульс-100/мин. Қан талдауында: лейк-13,4х109/л, ЭТЖ-23мм/сағ. Болжама диагнозын анықтаңыз:

А) өкпенің инфильтративті туберкулезі

В) пневмония

+С) экссудативті плеврит

D) ателектаз

Е) спонтанды пневмоторакс

50. Ер адам 48 жаста, телімдік дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: ентігу, қақырықпен жөқтел, кеуде тұсында ауыру сезімі. Объективті: дене температурасы 39,80С, тыныс алу жиілігі 34 рет минутына.Өкпенің оң жағында IV қабырға аралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы байқалады, аускультативті ұсақ көпіршікті сырылдар. Рентгенограммада: оң жақта S6, S9 сегменттерде диаметрі 3 см болатын сұйықтығы бар дөңгелек формалы екі қуыс бар. Қанның жалпы анализі: лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Болжама диагнозы :

А)ауырлығы ауыр дәрежелі нозокомиальды пневмония

+В) ауруханадан тыс пневмония абсцестелумен

С) бронхоэктаздық ауру

D)өкпе гангренасы

Е) өкпенің қатерлі ісігі

51. 32 жасар әйел «ауыз толтырып» шығатын, қақырық көлемі кейде 130 мл тәулікке дейін болатын жөтелге шағымданады. Сонымен қатар әлсіздік, тез шаршағыштық, субфебрильді дене қызуы байқалады. Науқас 10 жыл бойы шылым шегеді. Көп мөлшердегі қақырық бөлінетін, жиі өршулері болатын бронхитпен бала кезінен ауырған. Соңғы жылда үш рет өкпенің бір сегментінде орналасқан пневмонияны басынан өткізген. Мүмкін болатын диагноз?

А) ауруханадан тыс пневмония

+В) бронхоэктаздық ауру

С) туберкулез

D) брохтың аденокарциномасы

Е) өкпенің қатерлі ісігі

52. Учаскелік дәрігер М деген науқасты үйінде қарады, 36 жаста, жұмысшы. Шағымдары: жағымсыз шіріген иісті, қақырықты жөтел (тәулігіне 250-300 мл . ). Науқас оң бүйірге қарап жатқанда жөтелі күшейеді. Қарап тексергенде дұрыс симптомдары: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнектері» тәрізді.

Өкпесіндегі патологиялық процесстің сипаты мен таралуы қандай болуы мүмкін?

A) амбулаторлы жағдайда емдеу

B) күндізгі стационарда емдеу

C) үй стационарда(үйде құрастырған стационарда) емдеу

+D) терапия бөлімшесіне госпитальдау

E) реанимацияға госпитальдау

53. Ер адам 78 ж, шағымдары тұрақты сипаттағы ентігу, жөтел, жүре және сөйлей алмайды. Жөтел «жас кезінен» мазалайды, біртіндап ентігу өршіді. 20 жасынан бастап темекі тартады, күніне 1 пачка тартады.Қарап тексергенде –сұр түсті диффузды цианоз,тыныс шығару фазасының ұзаруымен. ТЖ – 30 минутына. Саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары «сағат әйнектері» тәрізді. Төменгі бөліктерде везикулярлы тыныс әлсіреген, құрғақ сырылдар. Болжама диагноз?

+А) созылмалы обструктивті өкпе ауруы

В) бронх демікпесі

С) экзогенді аллергиялық альвеолит

D) өкпенің кистозды гипоплазиясы

Е) бронхоэктаздық ауру

54. Қайсы нозологияға урограммадағы келесі өзгерістер тән: ассиметриялық зақымдану, тостағаншалардың, шумақшаныңжәне зәрағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің кеңеюі:

A) жедел гломерулонефрит

B) созылмалы гломерулонефрит

+C) созылмалы пиелонефрит

D) зәртас ауруы

E) бүйрек амилоидозы

55. Созылмалы пиелонефриттің рецидивке қарсы негізгі емініне жатады:

A) диуретиктер

B) антиагреганттар

C) СЕҚҚП

+D) антибактериальді препараттар, әр айда ауыстыру арқылы

E) гипотензивті препараттар

56. Науқас А. 35 жаста шаршағыштыққа, бел аймағындағы тұйық ауру сезіміне, жиі ауру сезіммен зәрдің бөлінуіне, зәрдің лайлы болуына шағымданады. Ауырғанына бір жылдай болды, алғаш рет ауру сезімі оң жақ бел аймағында пайда болды.Амбулаторлы емделді, фурагин, спазмолитиктер қабылдады. Зәр анализінде: лейкоцитурия, бактериурия анықталды.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

A) Жедел пиелонефрит

+B) Созылмалы пиелонефрит өршуі

C) Созылмалы гломерулонефрит өршуі

D) Жедел гломерулонефрит

E) Созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит

57. Науқас С., 39 жаста, жиі кіші дәретке отыруға, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, зәрінің лайлануына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанған кейін бел аймағында ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Об-ті: арық. Дене қызуы субфебрильді - 37 гр. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 130/80 мм с.б.б., пульсі -78 мин. Ұрғылау симптомы оң екі жақтада. ЖҚА: НВ-112 г/л, лейк-7,8 мың, ЭТЖ-25 мм/с. Нечипоренко бойынша зәр анализінде: лейк-20 000, эр-ты- 1000.

Диагнозды дәлелдеу үшін қай зерттеуді таңдайсыз:

А) бүйректің пункционды биопсиясы

B) Зимницкий сынамасы

+C) зәрді бактериологиялық зерттеу

D) жалпы зәр анализі

E) Аддис-Каковский сынамасы

58. Науқас К. 29 жаста ентігуге, бас ауруға, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. 4 жылдан көп ауырады. Аурудың өршуі ангинадан кейін басталды. Об-ті: беті ісіңкі, бозарыңқы. Қабақтары ісіңкі. ЖҚА: Нв-110 г/л, лейкоциттер- 7,4 мың х109/л,ЭТЖ -35 мм/с. ЖЗА: уд.салм 1018, белок-4,5 г/л, лейкоциттер -8-10 к/а, дәнді цилиндрлер 2-3 к/а.

Берілген ауруды емдеу үшін қажетті препараттарды таңдаңыз.

+А) глюкокортикостероидтар

В) фитотерапия

С) уросептиктер

D) антибиотиктер

Е) нитрофурандар

59. Бүйрек жеткіліксіздігінің нақты көрсеткіші болып табылады, қанда жоғарлайды:

A) индикан

B) мочевина

+C) креатинин

D) холестерин

E) қант

60. Науқас 45 жаста, бас ауруына, бас айналуға, әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, жиі кіші дәрет сындыруына шағымданады. 7 жыл бойы АҚ жоғарылауы байқалады. Об-ті: тері жабындысы бозарған, өкпеде везикулярлы дыбыс, сырыл жоқ. Жүрек тондары өзгеріссіз. ЖСЖ -72 рет мин. АҚ-165/105 мм с.б.б.. Ұрғылау симптомы оң жақта оң.ЖҚА: эр-4,0млн, лейк-9,5 мың, ЭТЖ -25 мм/с. ЖЗА: лейкоциттер-50-60 к/а, эр.-2-3 к/а. Қандай емдеу әдісін бұл жағдайда тағайындау керек?

A) бета-адреноблокаторлар + спазмолитиктер

B) кальцийантагонисттері + спазмолитиктер

C) антибиотиктер + спазмолитиктер

D) хинолин тобының препараттары + нейролептиктер

+E) антибиотиктер+ бета-адреноблокаторлар

61. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруының (ГЭРА) бірінші қатардағы препарат болып табылады

А)гепатопротекторлар

В) пробиотиктер

С) холеретиктер

+D) прокинетиктер

Е) антибиотиктер

62. Helicobacter pylori жиі орналасатын жері:

+А) асқазанның антральды бөлігі

В) Асқазанның үлкен иілімі

С) Асқазанның кардиальды бөлігі

D) Асқазанның пилорикалық бөлігі

Е) Асқазанның фундальды бөлігі

63. 38 жастағы П, ер адам тамақтан соң және физикалық жүктемеден соң төс артында күйдіру сезімі, кекіру, қышқыл, тітіркендіргіш. 1 жылдан бері ауырады. 3 айдан бері темекі тартпайды. Жалпы қан анализі және биохимиялық анализдер қалыпты жағдайда. «Күйдіру» кезіндегі ЭКГ қалыпты жағдайда. ЭФГДС: өңештің төменгі үштен бірінде катаральды өзгерістер, бірлі-жарым эрозиялар 10%ке дейін. Ем үшін таңдаулы препарат болып табылады:

А) урсофальк

+В) мотилиум

С) панзинорм

D) нифедипин

Е) папаверин

 

64. Ж. 25 жастағы Ж есімді қыз бала тамақтан 1,5 сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, аш қарынға қышқылмен кекіру және ішінің қатуына шағымданады. Жоғардағы шағымдар науқасты 6-7 айдан бері мазалайды. Объективті қарағанда: тілі ылғалды, тіл түбірі ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауру сезімімен. ЖҚА, б/х қан анализі қалыпты. месяцев. ФЭГДСте: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы. Құрсақ қуысының УДЗсі патологиясыз. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

+А) созылмалы В типті гастрит

В) созылмалы дуоденит

С) созылмалы панкреатит

D) асқазанның ойық жарасы

Е) созылмалы холецистит

65. 25 жастағы әйел адам, шағымдары тамақтан соң, эпигастрииде ауыру сезімі, кекіру,көп уақыттан бері іш қатулар.Амбулаторлы созылмалы гастрит бойынша емделген. Об-ті: тілі ылғал, ұшында ақ тұтықпен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрииде ауырсынады. ЖҚА, қанның б/х – қалыпты жағдайда. Құрсақ қуысының УДЗ – патологиясыз. Созылмалы гастритті дәлелдеу үшін және хеликобактерлі инфекцияны анықтау үшін не жүргізу керек:

А) 24-сағаттық асқазан ішілік рН-метрия

+В) ФЭГДС биопсиямен

С) асқазанның контрастты рентгенографиясы

D) жасырын қанға нәжісті тексеру

Е) дуоденальды зондтау

66. 32 жастағы Ч ер адамның шағымдары «аш қарынға» және түнгі мезгілде эпигастрииде ауыру сезімдері, тамақ қабылдағанда басылады, кекіру қышқылмен, іш қатулар. Бұл шағымдар 1,5-2 жылдан бері мазалайды, өздігінен «Рени» қабылдаған, эффектті болған. Об-ті: тілі таза, ылғал.Іші жұмсақ, эпигасриидің оң жағында жергілікті ауырыну байқалады. Жалпы қан және зәр анализдері, бауырлық сынамалар, копрограмма –өзгеріссіз. ФЭГДС: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы. Биопсиялық материалға цитологиялық тексеру және хеликобактерлік инфекцияға эксперсс-уреазалық тест + .

Негізгі терапия қандай:

+А) эрадикациондық терапия

В) гастропротективтік терапия

С) дезинтоксикационды терапия

D) вирусқа қарсы терапия

Е) спазмолитикалық терапия

67. Тітіркенген ішек синдромы бар науқастарды зерттеу әдістерінің ішіндегі ең ақпараттысы қайсысы

?

А) іш қуысы ағзаларының және кіші жамбас астауының УДЗ

B) холецистография

C) ирригоскопия

D) фиброгастродуоденоскопия

E) дуоденальді зондтау

68.Созылмалы панкреатиттің орташа дәрежесімен диспансерлік бақылаудағы науқастарды жылына қарау жиілігі:

А) 1 рет

В) 2 рет

+С) 3 рет

D) 4 рет

Е) 5 рет

69. Ер кісі 39 жаста, жиі майлы, мөлшері көп үлкен дәретке, ішінің кебуіне, дене салмағының азаюына шағымданып келді. Анамнезінен: 10 жылдан бері алкогольді ішімдіктермен әуестенеді. Қарап тексергенде: дене салмағы төмендеген. Денсінің терісінде «рубинді тамшылар», іші кепкен. ЖҚА, зәр диастазасы қалыпта. Копрограммада- тағамдар кесегі, бұлшықет талшықтары. Қандай болжам диагноз болуы МҮМКІН:

А) созылмалы холецистит;

В) созылмалы колит;

С) созылмалы дуоденит

+D) созылмалы панкреатит

Е) созылмалы рефлюкс гастрит

70.Емханаға 33 жастағы әйел келесі шағымдармен қаралды: жиі майлы тағамнан соң оң қабырға астында ауырсынулар, лоқсу, аузында ащы дәм. 5 жыл бойы ауырады. Қарап тексергенде – тілінің ұшы сарғыш тұтықпен жабылған, өт қапшығы проекциясында іші ауырсынады.Диагнозды дәлелдеу үшін қандай инструментальды зерттеулер тағайындау керек?

А) асқазан рентгеноскопиясы;

В) экскреторлы урография;

+С) бауырдың және өт қабының ультрадыбыстық зерттелуі;

D) фиброгастродуоденоскопия

E) бауыр сцинтиграфиясы

71. Науқас Н. 46 жаста, эпигастрий аймағының айналмалы ұстама тәрізді ауру сезімі ем-дәмде өзгерістер болуымен байланысты. Бір жыл шамасында ауырған. Об-ті: іші жұмсақ, (подложечный) аймағы және сол жақ қабырға асты аймағы орташа ауру сезімді. Зәрде диастаза құрамы-260 ед. Вельгемут бойынша, дуоденум ішіндегі заттардың құрамында панкреатикалық фермент күрт төмендеген. Қан және зәр анализі қалыпты. Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?

A) созылмалы холециститтің өршуі,

B) созылмалы дуодениттің өршуі,

+C) созылмалы панкреатит, өршу фазасы

D) В типті созылмалы гастрит, өршу фазасы,

E) асқазанның ойық жара ауруы.

72.Созылмалы гастриттің жеңіл түріндегі өршуі кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі:

+А) 3-4 күн

В) 6-7 күн

С) 16-18 күн

D) 4-5 апта

E) 2 ай

73.Асқазан ойық жарасының жиі орналасатын жері:

А) асқазан түбі

В) кіші иілім

С) асқазан денесі

D) үлкен иілім

+E) пилорус

74. Созылмалы гепатитте цитолиздік синдромның лабораторлы белгілерін көрсетіңіз:

A) жалпы белоктың артуы

B) мочевинаның артуы

+C) трансаминазалардың артуы

D) амилазаның артуы

E) миоглобиннің артуы

75. Созылмалы сирусты С гепатитінің диагностикалық тестін көрсетіңіз:

А) НВsАg

В) НВеАg

С) НВе-IgM

D) НВV-ДНК

+Е) НСV-РНК

76. Созылмалы гепатиттің жоғары (айқын) дәрежесі деп есептеледі:

А) АЛТ, АСТның 1,5 – 2 есе артуы

+В) АЛТ, АСТ ның 10 еседен көп артуы

С) АЛТ, АСТның 5 - 10 есе артуы

D) АЛТ, АСТ ның 2 – 5 есе артуы

Е) АЛТ, АСТның 3 есе артуы

77. 35 л М әйел адам., келесі шағымдармен қаралды: оң қабырға астындағы ауыру сезімі, лоқсу, әлсіздік. Анамнезінен: соңғы 5 лжыл ішінде стоматологта бірнеше рет емделген, екі тісіне экстракция жүргізілген. Об-ті: тері жабындылары мен склерелары сарғайған. Іші кепкен. Бауыр қабырға астынан 3 см шығып тұр, ауыру сезімді. Қанда: лейкоциттер - 4,2 х10 12 /л , ЭТЖ-10 мм/сағ, билирубин-69,78 мкмоль/л. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

+А) вирусты гепатит

В) өт тас ауруы

С) созылмалы панкреатит

D) созылмалы холангит

Е) созылмалы холецистит

78. 46 жастағы әйел адам, келесі шағымдармен қаралды: әлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, арықтау, іші кепкен, буындарында ауыру сезімі. Анамнезінде жол апатынан соң қан құйған. Об-ті: склералары субиктериялық. Буындары – өзгеріссіз. Бауыр қабырға доғасынан 2 смге шығып тұр, ауыру сезімді, қыры дөңгеленген.

Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

А) бауыр циррозы

В) ревматоидты артрит

С) созылмалы панкреатит

+D) вирусты гепатит

Е) аутоиммунды гепатит

79. 55 жастағы Б ер адам, шағымдары оң қабырға астында ауыру сезімі, тері қышуы, терісінің құрғақтығы, әлсіздік. Анамнезінде: көп жылдар бойы алкоголь қабылдайды. Об-ті: беті ісінген, тері жабындысы мен склералары сарғыштанған, қасыған іздері, Дюпюитрен контрактурасы, дене салмағының индексі төмендеген. Бауыр қабырға доғасынан 4 см, шығып тұр, тығыз. Қан анализінде: лейкоцитоз, анемия, ГГТП белсенділігі жоғары. ФЭГДС: өңештің көк тамырлдары варикозды кеңейген. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

А) созылмалы алкогольды гепатит

В) біріншілік билиарлы бауыр циррозы

С) екіншілік билиарлы бауыр циррозы

+D) алкогольды бауыр циррозы

Е) созылмалы вирусты гепатит

80. 56 жастағы С ер адам, шағымдары әлсіздік, тез шаршағыштық, оң қабырға астында ауыру сезімі, қызыл иектен қан кетулер, себепсіз көгерулер пайда болады. Анамнезінде: бауыр циррозы бойынша есепте тұр. Об-ті: склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Денсеінде аяқ, қолдарында бірлі жарым «көгерулер». Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұр,тығыз. Спленомегалия. ЖҚА: Нв-70 г/л, тромб-50 мың., лейкоциттер – 2,1 мың. Науқаста қандай асқыну дамыды:

+А) гиперспленизм синдромы

B) бауырлық энцефалопатия

C) өңеш көк тамырларынан қан кету

D) асқазандық диспепсия

E) гепаторенальды синдром

81. Анемияның қай типіне төмендегі клиникалық белгілер тән: тәбеттің бұрмалануы, койлонихиялар, шаштардың түсуі, терінің құрғақтығы және қабыршақтануы?

+A) темір тапшылықты

B) В12-тапшылықты

C) гемолитикалық

D) гипопластикалық

E) сидероахрестикалық

82.22 жасар студентка, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: ентігу, жүрек қағулары, құлағында шу, тәбетінің бұрмалануы (бор, ұн жегісі келеді), тәбетінің төмендеуі, әлсіздік. 2 жылдан бері ауырады, соңғы 1,5 жылда -гиперполименоррея. Об-ті: науқас дене бітімі арық, тері жабындысы және шырышты қабаттары бозғылт, тырнақтары деформацияланған, иілген. Өкпе және жүрегі – өзгерісі жоқ, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қан анализі: эр-2,9 х10 12 /л , Нв-72 г/л, ТК-0,7, лейк- 4.0 х10 9 /л , ЭТЖ-26мм/сағ, анизоцитоз++, пойкилоцитоз+.

Диагнозды дәлелдеу үшін сай тексеруді таңдаңыз:

A) қан протеинограммасы

+B) қан сарысуындағы темірді анықтау

C)Кумбс сынамасы

D) цитохимиялық реакциялар

E) Хем сынамасы

83.28 жасар ер адам эпигастральды аймақта ауырсыну бойынша дәрігерге қаралды. Анамнезінде –асқазанның ойық жара ауруы. Об-ті: выраженная тері жабындыларының бозаруы. Қан анализінде: эр-тер – 3,5 х 10 12 /л Нв-85 г/л, ТК – 0,7, тр-тер – 180,0 х10 9 /л. Билирубин -12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4.5 мкмоль/л. Грегерсен реакциясы оң.

Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

A) гемолитикалық анемия

B) жедел постгеморрагиялық анемия

+C) созылмалы постгеморрагиялық анемия

D) апластикалық анемия

E) В12-тапшылықты анемия

84.Қандай гематологиялық белгі В12-тапшылықты анемияны көрсетеді:

+A) қан түзілудің мегалобласттық түрі

B) сүйек кемігінде эритрокариоциттердің азаюы

C) түстік көрсеткіштің төмендеуі

D)түстік көрсеткіштің қалыпты

E) миелокариоциттердің санының азаюы

85. Ер, 53 жаста, есептік терапевтке қаралды, шағымы сол жақ қабырға астындағы ауру сезімі. Зерттегенде - айқын спленомегалия. Анализ қанның: эр- 4,1 х10 12 /л, Нв-120 г/л, лейк.- 130х10 9 /л, промиелоциттер – 3%, миелоциттер – 5%, жас жасушалар – 9%. т/я-17%, с/я-48%, эоз.7%, баз.-3%, лимф.-8%, тр-р 350х10*9 /л,, ЭТЖ-28мм/с.Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

A) жедел лейкоз

B) созылмалы миелолейкоз

C) созылмалы лимфолейкоз

D) остеомиелосклероз

E) эритремия

 

Ер, 65 жаста, лимфоаденопатия. Қан анализінде - лейкоцитоз абсолютті лимфоцитозбен, Боткина – Гумпрехта денешіктері.

Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?

A) жедел лейкоз

B) лимфогранулематоз

C) лимфосаркома

D) созылмалы лимфолейкоз

E) созылмалы миелолейкоз

87. Миелодиспластикалық синдромның радикалды емі: