Азақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік ќатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену ќатынастарымен салыстыру ќажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың наќты ќоғамдыќ әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның наќты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін ќұрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрќайсы жеке танып білу ќажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалыќ ќатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Иемдену – шаруашылыќ өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашќы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балыќ аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылыќ ќалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылыќтар.

Иемденудің ең бастапќы кезеңін, ќоғамның маќсаттарымен және оның ынталарымен байланысты болатын, өндіріс ќұрайды. Халыќтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекелеген жүйелері арќылы, иемденудің наќты формалары арќылы, орындалады: аңшылыќ, балыќ аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арќылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалаќы, зейнетаќы, пайда т.б. түрін алады.

Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұраќты әсер етеді. Ал иемденудің формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоќтап ќалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің наќты түрімен сәйкес келуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік заңдары мен иемдену заңдары әрекет етеді. Санкт-Петербургтың мемлекеттік экономика және ќаржылар Университетінің ғалым-экономистерінің көзќарастары бойынша, меншіктің екі заңы және иемденудің екі заңы болады. Бұлар жұбымен, тығыз байланыста бола отырып әрекет етеді. Өзінің еңбегінің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңыболып табыладыосыған сәйкес келетін иемденудің заңы Еңбек – иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды.меншікті бірінші заңының негізінде натыралдыќ және жабайы тауар өндірісі әрекет етеді. Бұнда иемдену екі жаќты жүріп отырады: тікелей еңбек арќылы және нарыќтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арќылы. Иемденудің осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен туады. Бұл еңбектік (еңбек жасаған) меншік болып табылады.осы замандағы нарыќ шаруашылағының пайда болуы жалдама еңбек пен және капиталдың әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне – бөтен еңбектің өніміне меншік заңына – көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған – екінші заңға – иемденудің басќа, екінші заңы сәйкес келеді: тауар айналымы – ең бастапќы иемдену әдісі. Ірі ќоғамдыќ өндіріс осы заңдарға негізделеді. Бұндағы иемдену екі жаќты жүреді, біраќ ол басќа формалар арќылы – тауар айналымы және табыстарды бөлу арќылы жүреді.

Қоғамның өмірінде меншік туралы қатынастар әрқашанда маңызды рольді атқарған. Меншік қоғамның негізгі бастауына жатады. Сондықтан кез келген үкімет меншік туралы заңдарды жасайды.

Меншіктің заңдылық мағынасы ол заттық (мүліктік) қатынастарды білдіреді. Меншік иесісіне заңмен келісілген мүлік жатады.

Меншіктің экономикалық мағынасы ол пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарын өтетін барлық шаруашылық процесін қамтиды.

Меншік – бұл зат емес, ол заттар туралы қатынастар. Меншікте субъектінің объектімен (затпен) қолдану құқысы көрінеді. Субъектілері болып мемлекет, ұжым жеке тұлға болуы мүмкін. Ал негізгі объектілері ол: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.

Сөйтіп, меншік дегеніміз - бұл өндірістің нәтижесі мен құралдарын иемдену-иелену туралы адамдардың арасын­дағы объктивті қатынастар жүйесі.

Иелену әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің өзекті мәселесі болып саналады. «Меншік» және «иелену» түсініктерін теңдестіруге болмайды. Меншік - тым абстракциялық түсінік, ал иелену - нақты түсінік.

Иелену - бұл затты (билеп) алудың нақты қоғамдық әдісі. Қоғам дамуының әр түрлі кезеңінде затты билеп алу әдістері, яғни иелену ауысып отырған. Өзінің қарапайым формасында иелену, ол адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренгенге дейін, пайда болған. Мысалы адам қоғамының ерте басында адамдар табиғат байлығын оларды өндірмей иеленуді (аң аулау, балық ұстау, жинау. т.б.). Бұдан әрі өндірістің пайда болуымен және дамуымен, иелену объектісі табиғат байлығы ғана емес, сонымен қоса өндіріс өнімдері де болды.

Иелену әрқашан сол немесе басқа субъектілердің мүдделеріне қарай жүргізілді. Егер өндіріс жеке тұлғаның мүддесіне қарай жүргізілсе, онда жеке меншік (жеке иелену) болады. Егер өндіріс топтардың мүддесіне қарай жүргізілсе, онда ұжымдық иелену болады. Егер өндіріс қоғамның мүддесіне қарай жұмыс істесе, онда қоғамдық иелену (қоғамдық меншік) орын алады.

Меншіктің және иеленудің ішкі заңдары болады. Олар екеу: бірінші - өз еңбегінің өніміне меншік заңының болуы. «Еңбек алғашқы иелену әдісі» – оған иелену заңы тиісті болады. Бұл заңдар жай товар өндірісіне тән.

Еңбектік жеке меншіктің капиталистікке өзгеруі немесе қайта құрылуы бірінші меншік заңының екіншіге өту негізінде жүргізіледі. Яғни, бөтен (басқаның) еңбек өніміне меншік заңының болуы керек. Оған басқа иелену заңы қатысты: иеленудің алғашқы әдісі - айналым. Бұл заңның негізінде капиталистік өндіріс әдісі жатыр.

Сөйтіп, меншіктің бірінші заңы мен иеленудің бірінші заңы жеке еңбекпен және өндірілген өнімді жеке иеленумен байланысты. Меншіктің екінші заңы мен иеленудің екінші заңы, айырбас арқылы осы еңбектің нәтижесін иелену мен және жалдамалы еңбекпен байланысты, яғни айналым саласы арқылы жүреді.

Меншік қатынастарында анықтаушы рольді өндіріс құрал жабды­ғына меншікатқарады. Ол жұмыс күшінің өндіріс құрал жабдығымен қосылатын формасын анықтайды. Осы қосылудың жүргізілу сипатына және әдісіне байланысты экономикалық дәуірді айырады (мысалы, еңбекке құлдық, крепостнойлық, еркін жалдамалы жұмысшыны еңбекке қосу әдістері).

Меншіктік қатынастар өзіне меншік объектілері мен пайда­лануды, иелікті (қожалықты) және билеуді (басқаруды) қосады. Мысалы өндіріс құрал-жабдығының иесі өзі, шығарушы қызметпен шұғылданбайды. Ол басқа тұлғаларға, белгілі шартта өзінің затымен иелік етуге мүмкіншілік береді. Сол кезде меншік иесімен кәсіпкер арасында мүлікті қолдану қатынастары пайда болады. Кәсіпкер уақытша бөтен меншікті қожалыққа пайдалануға және басқаруға заңды құқық алады. Мұндай қатынастар үшін мысалға жалға беруді (аренданы) алуға болады. Аренда бұл - меншік иесі мүлкін белгілі төлемге, уақытша басқа тұлғаларға пайдалануға беру. Демек, иелік, пайдалану, басқару - бұл толық меншік емес. Меншік жүйесінде олар екінші, қосымша қатынастарды білдіретін категориялар болады: меншік объектілері мен меншікті пайдаланушылар арасындағы қосымша қатынастар.

Тарихта меншіктің әралуан түрлері белгілі, солардың негізгісі -жалпы және жеке.

Тарихи бірінші жалпы меншік болған. Ол жалпы еңбекке және оның нәтижесін бірігіп иемденуге негізделген. Осыдан кейін жеке меншік пайда болған. Ол екі түрде болады: еңбекті және еңбексіз.

Еңбектік жеке меншіктің субъектілері – жеке тұлғалық шаруалар, қолөнершілер және өздерінің еңбегімен өмір сүретін басқа да тұлғалар.

Жеке меншіктің екінші түріне басқа біреудің еңбегі арқылы баю тән. Өндіріс құрал жабдығының көптеген бөлігі аз тұлғалардың қолына түссе, бұл, осы игіліктерден қоғамның басқа бір бөліктерінің иесізденуін (отчуждение) білдіреді. Осы кезде заттық мүліктік пайда болады және қоғамның бөлінуі басталады.

Иеленудің үшінші түрі де бар. Ол - аралас меншік, мұнда мүліктер, қатысушылардың ақшалай және басқадай жарнасы (взносы) арқылы жиналады.

Қазақстанда заңға байланысты жеке, мемлекеттік және басқа да меншік формалары бар.

Мемлекеттік меншік бұл - меншік объектілерімен басқару, билеу, мемлекет өкіметінің өкілдері арқылы жүргізілетін қатынастар жүйесі. Мемлекеттік меншік барлық халық шаруашылығы деңгейінде болады.

Ұжымдық меншік бұл - өндіріс өнімдерімен, құралдарымен басқару және қолдану еңбек ұжымымен бірігіп қожалық ететін экономикалық қатынастардың жүйесі. Қазақстанда ұжымдық меншік формалары болып кооперативтік, акционерлік, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың және т.б. меншігі саналады.

Иелену туралы экономикалық қатынастар ауыспалы және жылжымалы. Бұл меншік формаларын бірінен басқасына ауысуын білдіреді. Бұл процесс әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Солардың негізгісін қарастырайық.

Мемлекет мүлкіне айналдыру (национализация) бұл – шаруашы­лықтың негізгі объектілерінің (жер, өнеркәсіп, көлік, банктер) жеке меншіктен мемлекетік меншікке өтуі. Мемлекет мүлкіне айналдыруға кері процесс - жекешелендіру (приватизация).

Жекешелендіру бұл – мемлекеттік меншікті төлем арқылы немесе төлеусіз жеке меншікке өткізу. Жекешелендіру жасырын сипатта болуы мүмкін, мысалы мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға немесе компанияларға ұзақ мерзімге жалға (арендаға) беру.

Меншіктің екінші заңы еңбектің меншіктен шектелуіне негізделеді. Осы жағдайда жасалған өнімге меншік мәселесі ќалай шешілмек?

Экономикалыќ бағыттан (әңгіме еңбекке экономикалыќ күштеу туралы) бөтен еңбекті иемдену тек тауар мен аќша ағымдарының айналыс сферасы арќылы мүмкін болады. Сұраныс ұсыныстан артыќ болса, немесе, тауарлар мен ќызметтердің бағасы жасанды түрде жоғары белгіленсе, эквиваленттер еместер айырбасталуы мүмкін. Осы жолмен өсімќорлыќ капиталы пайда болған. Айналым шығындары беталдыжоғарылатылса, алыпсатарлыќ жағдайлар көпес капиталынан орын алады. Жалдама еңбекті өндіріс сферасында ќолдану, ќосымша өнімді, тұнғыш рет экономикалыќ заңдарды бұзбай, осылардың негізінде, иемденуге мүмкіндік берді.

Тауар айналымы заңдарында сәйкес, өнімді жасаған жұмыскердің тауар нарығында болуы міндет емес: нарыќтың субъектері тауарлардың меншік иесі болады. Иемдену шарттары өзгереді.алғашќы кезде өнімге иелік етудің негізін еңбек және өндіріс шарттарына өзіндік меншік болуы ќұрайтын еді. Енді өндіріс шарттарының иемденушісі болудың өзі жеткілікті болады: шеттелген жұмысшы күші капиталға жататын ќұрылымға айналып, жасалған нім соның (капиталдың) туындысы ретінде ќаралатын болады.

Тауар өндірісіндегі айналым иемденудің жалғыз формасы болмасада, негізгісі болып табылады. Бұл индивидуалдыќ және жалпы жеке меншік болуымен белгіленеді. Егер өндірісте жалпы, біріккен капитал пайдаланылған болса, онда айналым арќылы иемденген ќосымша өнім, капиталға меншігі барлардың арасында бөлінеді. Ќажетті өнім, жалаќы түрінде жалдамалы жұмыскерлердің ќарамағына түседі. Бұдан әрі табыстан екінші, үшінші, т.т. бөлінуден өтеді.

Жалпы меншіктің субъектері бір-бірімен иемденушілер болып ќатынасќа түседі. Бұл жағдайда жеке иемденудің негізгі формасы бөлуге көшеді. Біраќ осы процеске меншіктің формасы өзгешелік енгізеді. Егер бұл жеке меншік болса, онда айналым арќылы иемделініп ќойған ќосымша өнім бөлініске түседі. Бөлудің өлшемінің ќызметін капитал атќарады: субъектінің жалп табыстағы үлесі, оның индивидуалдыќ капиталының салымының мөлшері мен белгіленеді.

Ќоғамдыќ меншіктің субъектерінің осы меншікке ќұќыќтары тең болады. Осы жағдай табысты бөлу принціпін белгілейді . Бұнда бөлудің өлщемі ќызметін еңбек атќарады. Бөлудің мына принципі жүзеге асырылады: еңбек адамдар өмірінің негізі, сондыќтан бөлу еңбекке сәйкес жүргізілу керек. Бұнда айналым арќылы жүзеге асырылатын иемдену, иемденудің екінші дәрежелі, туынды формасы болып табылады.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

 

Меншік субъектісі меншік объектісі

Адам, отбасы,әлеу меттік топтар, ұжым, халық, мемлекет, басқару орындары. Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік ақша, асыл заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, бағалы қағаздар.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару

3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.

2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы

8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11.Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.

Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да жүзеге асырылып, оның үлесі меншік түрінің жалпы құрылымында 88,6 % құрады, нарықытық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі көп болмайды. Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келеді.

Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

Еңбек бөлінісінің даму деңгейіне байланысты меншік әр түрлі иемдену формаларына бөлінеді:

1. Жеке иемдену формасы.

2. Ұжымдық иемдену формасы.

3. Қоғамдық иемдену формасы.

Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекет иелігінен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:

а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;

в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоға немесе серіктестік ретінде құру;

г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;

д) мүліктері мемлекеттік меншіккке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға байқаулар және аукцион арқылы сату.

1991 ж. бастап ҚР-ның Конституциясында жеке меншікке деген құқық белгіленіп және жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданыла бастады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты: ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі мен нарықтық экономикаға көшуге жағдайлар жасау болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу кәсіпкерліктің дамуына, бәсекенің пайда болуына жағдай жасап, жекеменшік иелері топтарының қалыптасуына бағытталды.