Негізгі түсініктер мен терминдер

Айырбас

Альтернатива

Бөлу

Интенсивті өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Материалдық өндіріс

Өндіріс

Өндіріс факторлары

Ресурс

Таңдау

Тұтыну

Экстенсивті өндіріс

 

Бақылау сұрақтары

1. Қоғамдық өндірістің сатылары.

2. Экономикалық ресурстар және олардың түрлері.

3. Өндіргіш күштерге сипаттама.

4. Өндіріс құралдары және оларлың түрлері.

5. Қоғамдық өндірістің түрлері.

6. Ұдайы өндіріс және оның типтері.

7. Қоғамның экономикалық таңдауы.

8. Тиімділік проблемасына сипаттама.

9. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы.

 

Тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Экономикалық жүйе және оның элементтері.

Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.

Аралас экономикалық жүйе.

 

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.

Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.

Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.

1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

4. Кім үшін өндіру керек?

5. Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).

Экономикалық өсуді зерттеуде екі бағытты бөледі. Бірінші бағытты жақтаушылардың ойынша, (Макконнел, Брю) экономикалық өсуді екі әдіспен есептеп шығаруға болады:

3) не ЖҰӨ (немесе ТҰО) жалпы өсуін санап;

4) не осы көрсеткіштердің кісі басына өсуі;

Екінші бағыттағылардың ойынша, экономикалық өсу бұл сан жағынан ғана емес, сонымен қоса өнімдердің және өндіріс факторларының сапасы жағынан жетілдірілуі деп санайды.

Экономикалық өсудің үш типін ажыратады: экстенсивтік, интенсивтік, аралас (нақтылы) экономикалық өсу.

Экстенсивтік өсу - қосымша өндіріс факторларын қатыстыру арқылы ұлттық өнімді өсіру.

Мысалы, 1950-ші жылдардың аяғында астық өндірудің көлемін көбейту үшін Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы жүргізілді.

Интенсивтік өсу - технологияны және техниканы жетілдіру арқылы ұлттық өнімді өсіру.

Нақты өмірде экстенсивтік және интенсивтік типте болмайды. Олар аралас болып келеді.

Аралас (нақты) өсу – технология мен техниканы жетіл­діру арқылы және қолданатын өндіріс факторлары­ның санын өсіру нәтижесінде өндірсітің қуаттылығын (күшін) өсіру.

Экономикалық өсу пайызда алынған жылдық өсу қарқынымен өлшенеді.

 

ҰЖО өсу қарқыны = ҰЖО1 х100 %
ҰЖО0

 

Мұнда ҰЖО1 – есеп беретін жылдағы ұлттық өнім

ҰЖО0 - базистік жылдағы ұлттық өнім

Қандай қарқын қолайлы екені әлі айтыста және талқылануда. Бірақ мүмкін болатын варианттар: а) жоғары қарқынды; б) нольдік қарқыны; в) жағымсыз қарқыны (қайшы); г) үйлесімді қарқыны (қолайлы).

Алғашқы көзқарасқа жоғары қарқыны болғаны пайдалы сияқты.

Бірақ, біріншіден, өнімнің сапасын ескеру керек: сөйтіп жарылатын телевизорларды өндірудің жоғары қарқыны бұл - қауіпті.

Екіншіден, өнімнің өсуінің құрылымы маңызды: соғыс өнімінің үлес салмағының (удельный весь) жөнсіз көбеюі (өсуі) және тұтыну заттарының төмендігі халықтың өмірлік жағдайын төмендетеді, бұл да жаман.

Өз кезегінде экономикалық өсудің нольдік қарқыны да көбінесе теріс сипатта болмайды. Мысалы, егер олар материал сиымдылығын (материалоемкость) төмендетсе, осыменен өндіріс факторларына шығынды үнемдейді. Бұл да жаман емес. Нөлдік өсу милитаризация шығындарына да пайдалы, егер оған объективті себеп болмаса.

Жағымсыз қарқыны - бұл ұлттық экономиканың дағдарысына дәлел. Олар 80-90 жылдарға тән. Ол кездегі дағдарыс бірнеше себептермен түсіндіріледі: соғыс өнімдерінен және өндіріс құрал- жабдығынан үлкен мол үлес салмағы бар экономиканың орынсыз, ұтымсыз құрылымы.

Бұрынғы кеңес үкіметіндегі республикалардың арасындағы шаруашылық байланысының бұзылуы, күйреуі, нарықты экономикаға көшудің қиындығымен түсіндіріледі.

Үйлесімді (оптимальный) қарқыны. Олар тым жоғары не тым төмен болмайды. Олар макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай болуы керек.

Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, солардың маңыздысы: ұсыным факторлары, сұраным факторлары, бөлу факторлары.

Ұсыным факторына жататындар:

1. Табиғат ресурстарының саны және сапасы (жер), пайдалы қазбалылар, климат (ауа райы және т.б.): табиғат жағдайлары жақсы болған сайын, экономикалық өсуге елдің мүмкіншілігі көп болады;

2. Еңбекке қабілеті бар халықтың саны және сапасы: бұл жағдайдағы байланыстылық тура;

1. Негізгі капиталдың болуы;

2. Өнімді өндіруге қолданатын технологияның деңгейі;

Сұраным факторына жататындар: өндірілген өнімдерге қоғам­ның жиынтық сұранымын көтеріп, сонымен оның өсуін ынталан­дыратындар.

1. Жалақы жоғары болса, сұраным да жоғары.

2. Мемлекеттің фискалдық саясаты, салық жоғары болса, жалақы төмен, яғни сұраным да төмен, экономикалық өсу де төмен.

3. Халықтың сақтық қор жинауға (сбережения) бейімділігі де нақты сұранымды төмендетеді, яғни, экономикалық өсуді де төмендетеді.

Бөлу. Ресурстарды бөлу өнімдердің өсуі үшін ең жақсы ұйымдастырылуы керек. Өсудің факторларына байланысты экономикалық өсудің модельдері құрылады. Олар екеу: көп факторлық және екі факторлық.

Көп факторлы модель өсуге, аталған барлық факторлардың әсерін болжайды. Осы факторлардың барлығының өзара әрекеті туралы жалпы түсінікті өндірістік мүмкіншіліктер қисығы береді. Ол өндірілген өнімдердің варианттар санына факторлардың әр түрлі қосындысы қалай әсер ететінін көрсетеді. Кез келген ұсыным факторларының күшеюі (санының көбеюі мен ресурстар сапасының жақсаруы және техникалық прогресс) өндірістік мүмкіншіліктер қисығын оңға жылжытады.

Екі факторлы модель өзіне еңбек пен капиталды ғана қосады. Американдық экономист Денисонның мәліметі бойынша, өнім өсуінің 2/3 еңбек (капитал) өнімділігінің өсуі арқылы, 1/3 – еңбек шығынын (еңбекті) өсіру арқылы іске асырылады.

Екі факторлы модельдің екі вариантын құруға болады: біріншісінде ҒТП ескерілмейді; екіншісінде ескеріледі.

Егер ҒТП қатыспаса, онда капиталдың қорлануы бірте-бірте соңғы өнімділікті төмендетуге әкеледі және экономикалық өсуді тежейді. ҒТП қолданған кезде капитал мен еңбекті өнімділікті болып - ҒТП инвестицияның өсуін әкеледі.

 
 

 

 

14-сурет.

 

Инвестициялар экономикалық өсуге әр түрлі әсер етеді. Олардың біреуі еңбек шығынын үнемдеуге және капитал шығынын өсіруге әкеледі. Оларды еңбек сақтағыш (трудосберегающий) деп атайды. Басқа инвестициялар еңбекке қарағанда, капиталды салуды айтарлықтай қысқартады. Оларды капитал сақтағыш (капитало­сберегающими) деп атайды. Еңбекті және капиталды тең үнемдегендегі инвестицияларды нейтралды деп атайды.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдердің экономикалық дамуы циклмен сипатталады: басылу, көтерілу, күйреу, жандану, қайтадан басылу, тағы да жандану, және т.с.с. Бірақ бұл қайталану шеңбер емес, шиыршықты серіппе (спираль) түрінде жүреді. Сондықтан циклдылық - бір орында тұру емес ол прогрессивтік даму формасы.

Цикл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын білдіреді.

Ауытқудың үш түрі бар.

1) Нарықтық сұранымның тауарлар мен қызметтердің ұсынысынан ауытқуы. Бұл қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болуы мүмкін. Біріншісі тез ауытқып кету, екіншісінде тепе-теңдік үш-төрт жылдан соң қайта кәсіптендіру арқылы қалпына келтіріледі.

2) Сұранымның жабдықтарға, құрылыстарға және т.б. өзгеруімен байланысты ауытқулар 8-12 жылда капиталдың қайта жиналуымен жеңіп шығады. Бұл Маркспен, Энгельспен зерттелген өнеркәсіптік циклдар деп аталады. Олардың ұзақтығы орташа цикл деуге де болады. 10-15 жылға мерзімінің созылуы негізгі капиталдың жұмыс істеу мезгілімен түсіндіріледі. Негізгі капиталды жаппай жаңарту экономиканы жандандыруға әкеледі, ол көтерілуге көшеді және жұмыс істейтін техниканың ескіруі дағдарысқа соғады.

3) Бір технологиялық өндіріс әдісінен екіншіге өтумен байланысты ауытқу, оның аралары (шегі) адамзат өркениетінің ірі кезеңдерімен шектеледі. Бұл өтулер өндірістің барлық құрамдас элементтерінің ауысуына әкеледі, бір жұмысшылар ұрпағы басқамен ауысады немесе олар түбімен басқа мамандыққа көшеді. Технологиялық өндіріс әдісі - материалдармен, технологиямен, ақпаратпен және өндірісті ұйымдастыру мен, еңбек құралының бірлігі, тұтастығы.

Мерзімі 40-60 жылғы ұзақ циклдар Кондратьев деген ғалымның атымен байланысты және «Кондратьевтің ұзақ толқындары» деп аталды. Кондратьевқа даңқтылықты 1928 ж. КСРО-да Экономика Институтында жасаған «Большие циклы конъюнктуры» деген баяндамасы әкелді. Бұл теорияны ХХ ғ. Шумпетер, Кларк, Митчел және т.б. дамытты.

Тепе-теңдіктен екінші мен үшінші арасындағы ауытқудың жалпысы, олардың технологиялық өндіріс әдісінің мәнімен байланысты болуы, яғни қоғамдық өндірістің белгілі ғылыми принциптерін қолданумен.

Айырмашылығы: орташа циклдың ұзақтығы машинаның жұмыс істеу мерзімімен байланысты. Технологиялық өндіріс әдісінің бір кезеңінде, техниканың бірнеше ұрпағы ауысуы мүмкін және оларға өздерінің циклдары сәйкес келеді. Бірақ та, соңында бар технологиялық өндіріс әдісі кезеңінде жетілдірудің уақыты таусылады, жаңа технологиялық өндіріс әдісінің уақыты келеді, жаңа ұзақ толқындар болады.

Экономикалық теорияларда циклдың себебін әр түрлі түсіндіреді:

· неоклассикалық бағыт дағдарысты тез өтетін, кездейсоқ көрініс ретінде қарастырады;

· толық тұтынбау концепциясы артық өндірудің экономикалық дағдарысын, көп еңбекшілердің кедейлігімен түсіндірді;

· ХІХ ғ. аяғында циклдың несие-ақша концепциясы пайда болды. Осы бойынша дағдарыс - ақшаға сұраным мен ұсыныс облысындағы бұзылудың нәтижесі;

· Маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылығынан, негізінен өндірістің қоғамдық сипаты мен жеке капиталистік иемдену арасындағы қайшылықтан көреді;

· Кейнстік теория тепе-теңдіктен жүйенің ауытқу себебін нарықты механизмнің әлсіздігімен түсіндірді және өндірісті реттеуде мемлекеттің араласуының жолдарын ұсынды.

Қазіргі кездегі экономистерде циклдың себебін анықтауда үш жол бар:

Бірінші жол циклды сыртқы (экзогендік) факторлармен түсіндіреді.

Екінші жол - ішкі (эндогендік) факторлармен.

Үшінші жол - бірінші және екіншінің қосындысымен (синтез).

Бірінші жолда негізгісі - сыртқы факторларды зерттеу. Сыртқы факторлар - экономикалық жүйеден тыс болатын көріністер.

Оған жататындар: тұрғындар санының өзгеруі, ойлап табу - инновациялар, соғыстар және басқа да саяси жағдайлар. Тұрғындардың өсуі өндіріспен жұмысбастылық деңгейін өсіреді, ол көтерілу шыңына әкеледі. Тұрғындар санының төмендеуі кері нәтиже береді. Технологияның түбімен өзгеруі (автомобиль, самолет, компьютер) іскерлік белсенділіктің жоғарлауына және кең инвестицияға әкеледі. Осыдан - жаңа жұмыс орындары ашылады экономиканың өсуі басталады. Саяси жағдайлар іскерлік белсенділікке әр түрлі әсерін тигізеді. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс АҚШ-ты қайта қаруландыруға итермеледі, нәтижесінде 30-жылдардағы ұлы депрессия соғыстан кейінгі көтерілумен ауысты. Керісінше, Жапония үшін соғыстан кейінгі қарулы күшінің болуына тыйым салу, экономиканы инвестициялауға мүмкіндік ашып, «жапондық таңқаларлыққа» әкелді.

Екінші жолдың негізгісі - ішкі факторларды оқу. Ішкі факторлар бұл жүйенің ішінде болатын көріністер. Оған жататындар: тұтыну, инвестициялау және үкіметтің әрекеті.

Тұтынудың әсері: фирма, сатып алушы нені қалайды, соның бәрімен қамтамасыз етуге ұмтылады; нәтижесінде тұтынушы шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сөйтіп өнімдерді өндіру, жұмысбастылық және сату көлемі өседі, экономика көтерілу фазасына кіреді. Ал тұтынушы шығындары қысқарғанда, кері жағдай пайда болады және сондықтан басылу кезеңі басталады.

Инвестициялаудың әсері: негізгі қорларға салу, жаңа жұмыс орындарын құрады, ол тұтынушының сатып алу қабілеттілігін өсіреді - осының бәрі көтерілуге мүмкіндік туғызады. Ал инвестициялаудың деңгейі төмендегенде, кері көрініс жүреді және басылу кезеңі басталады.

Үкімет әрекетінің әсері: екі әдіспен жүргізіледі - фискалдық саясатпен, яғни салықтарды жинау мен оларды жұмсау және монетарлы саясатпен, яғни ақша айналымын реттеумен.

Үшінші жолда циклдың себебін анықтауда ішкі және сыртқы факторларды синтездейді. Осы концепцияның авторларының ойынша сыртқы (экзогендік) фактор циклға алғашқы түрткіні (қозғауды) береді, ал ішкі (эндогендік) фазааралық ауытқуларға әкеледі. Осы бағыт өнімділеу.

Қазіргі теория Самуэльсонның, Хикстің іскерлік циклы моделімен байланысты. Онда цикл ұлттық табыстың (немесе ҰЖӨ), тұтынудың және капитал қорлануының өзара әрекеттерінің нәтижесі ретінде қарастырылады.

Осы байланыс тұрақты мультипликатормен акселератормен сипатталады.

Мультипликатор капитал салудың өсуінен ұлттық табыстың (ҰТӨ) өсу байланыстылығын көрсетеді.

Акселератор - ұлттық кірістің (немесе ҰЖӨ) өсуінен салымдардың өсуі байланыстылығы.

Самуэльсон мен Хакстің айтуларынша, акселератор мен мультипликатор принциптерін қосу, нақты өмірдегідей де осындай циклды жасауы мүмкін.

Айталық экономика толық жұмысбастылықта делік: ҰЖӨ көбейді, өнімдерді өткізу жоғары қарқында жүріп жатыр. Осы кезде акселератор принципі бойынша өнімдерді өткізудің өсуі инвестицияның жоғары деңгейіне әкеледі. Ал мультипликатор бойынша инвестиция деңгейінің көтерілуі ҰЖО әрі қарай өсуіне мүмкіншілік жасайды. Экономика бұл жағдайда көтерілу фазасында болады. Кері жағдай болуы да мүмкін.

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

1.1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

1.2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

1.3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

1.4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

2.1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

2.2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

2.3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.

 

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

3. Техникалық прогресс шектеулі.

4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

 

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:

Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.

Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.

Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

4. Орталықталынған ресурстар қоры.

5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

 

Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.

Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.

Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:

1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.

2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген

нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.

Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.