Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо 12 страница

Апта Тапсырма Әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттер
Металлургия өндірісінің даму тарихымен танысу Металлургия жаңалықтары 1 нег. [9-120] 1 қос. [8-28]
Металлургиялық өндірістің қолданылуы Металлургиялық жабдықтардың қолданылуымен танысу 4 қос. [Т1, 6-18]
Машинажасауда металлургияның қолданылуы Металлургия жаңалықтары 1 нег. [9-120] 1 қос. [8-28]
Құрылыста металлургияның қолданылуы   Металлургия жаңалықтары 6 қос. [Т1, 8-15]
Мұнайгаз металлургияның қолданылуы Мұнайгаз және металлургия жаңалықтары 4 қос. [Т3, 87-96]
Қазақстанның дамуындағы инженер– механиктердің қажеттілігі Қазақстандағы кәсіпорындарымен танысу 4 нег. [269-392]
Нақты өндірістің ерекшеліктері Нақты өндіріске байланысты ерекшеліктерін анықтау 1,2,3 нег. 2,3 ,4 қос.
Металлургияның сипаттамаларын анықтау Өндіріске байланысты технологиясын таңдау 3 нег. 4, 5 қос.
Қажетті жабдықтарды таңдау Қажетті жабдықтарды анықтау   3,4,5 қос.
Қажетті жабдықтардың көлемін анықтау Әдебиеттер арқылы қажетті жабдықтардың әр типінің көлемін анықтау 3,4,5 қос.
Қажетті металлургияның материалдарын таңдау Белгілі кәсіпорынға қажетті материалдарды анықтау 3,4,5 қос.
Материалдардың айына қажеттілігін анықтау Материалдардың айлық шығынын анықтау 1,2,3,4 нег. 3,4,5 қос.
Металлургияның материалдардың нақты типтерін таңдау Классификацияға сәйкес материалдардың типтерін жазып алу   3,4,5 қос.
ИСО және Евроодақтың классификациясына сәйкес жабдықтарды таңдау Классификацияға сәйкес басқа материалдардың типтерін жазып алу   1,2,3,4 нег.  
Жүргізілген жұмысты талқылау Топтың әр студенті өз жұмысын баяндау  

2.6 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары

1 Төменде көрсетілген металдардың ішінде қайсысы жер қыртысында ең кең тараған?

а) Темір Fe.

Б) Марганец Mn.

В) Алюминий Al.

Г) Никель Ni.

Д) Вольфрам W.

2. Металлургиялық комбинаттың металлургиялық заводынан айырмашылығы неде?

а) Металлургиялық комбинаттың құрамында кен орындары бар.

б) Металлургилық комбинат тұйық цикл бойынша жұмыс істейді, металды балқытудан оны өңдеуге дейін.

в) Металлургиялық комбинаттың құрамына агломерат өндірісі кіреді.

г) Металлургиялық комбинаттың құрамына коксохимиляқ өндіріс кіреді.

д) Металлургический комбинат бірнеше жеке өндірістерден турады.

3. Пайдалы қазбаларды қандай мақсатпенен байытылады?

а) Балқыту алдында кенді ұсақтау үшін.

б) Бастапқы шикізатпен салыстырғанда бағалы компоненттер мөлшері жоғары болатын концентрат алу үшін.

в) Еңбек өнімділігін арттыру үшін.

г) Кен тасымалдау шығындарын азайту үшін.

д) Кен құрамындағы пайдалы қоспалар алуын жеңілдету үшін.

4. Пайдалы қазбаларды байыту үрдісі қалай жүргізіледі?

а) Кенді химиялық өңдеу арқылы.

б) Кенді ұнтақтау арқылы.

в) Минералдар қасиеттерінің айырмашылықтарына негізделіп, бір минералдарды басқалардан бөліп алу арқылы.

г) Минералдар салмағының айырмашылығы арқылы.

д) Минаралдар қаттылығының айырмашылығы арқылы.

5.Ұсақтау мен ұнтақтау арасындағы айырмашылығы неде?

а) Ұсақтау үшін конусты және жақты үсақтағыштар, ал ұнтақтау үшін шарлы, сырықты диірмендер қолданылады.

б) Ұсақтау құрғақ күйде, ал ұнтақтау сулы ортада жүргізіледі.

в) Ұсақтау кезінде кесектердің өлшемі 5 мм, ұнтақтау кезінде кесектердің өлшемі 5 мм-ден кем болады.

г) Ұнтақтау үрдісі ұнтақтағыш денелермен көмегімен жүргізіледі.

д) Ұсақтау кезінде әсер ететін күштердің шамасы өте жоғары.

6. Классификация үрдісінің мәні неде?

а) Сулы ортада шөгу жылдамдықтарының айырмашылығы негізінде минералды дәндер қоспасының ірілік бойынша бөлінуі.

б) Кеннің ірі кесектерін механикалық қырғыштармен бөлуде.

в) Белгілі тығыздықты пульпа алуда.

г) Кен дәндері мен бос жынысты айыруда.

д) Майда түйіршіктерді бөліп алуда.

7. Флотациялық байытудын әдісі неге негізделген?

а) Су ағынында минеральды түйіршіктердін тығыздық бойынша бөлінуге.

б) Магнит өрісіндегі дәндердің айырмашылығына.

в) Ауа ағынынды түйіршіктердін тығыздық бойынша бөлінуге.

г) Электрлік өрісінде дәндердің айырмашылығына.

д) Минералдардың сулану-суланбау қабілетінің және ауа көпіршіктеріне жабысу-жабыспау айырмашылықтарына.

8. Екшеу үрдісі дегеніміз не?

а) Ұсақталған өнімді территория бойынша тасымалдау.

б) Кеннің ірі кесектерін бөоіп алудағы қосалқы операция.

в) Сусымалы материалдарды бірнеше електерден өткізу арқылы ірілік класстарға бөлу үрдісі.

г) Сулы ортада кенді кесектердің ірілігі бойынша бөлу.